Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыАшық сабақ қазақ әдебиетінен

Ашық сабақ қазақ әдебиетінен

Скачать материал

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 5 «а»

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (қорытынды сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Кендебайдың ерен іс-әрекеті арқылы халықтың арман-тілегінің, қиялының ертегіден көрініс табуын түсіндіру. өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімдерін жетілдіре түсу.

Дамытушылық: Шығармашылық  қабілеттерін, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айырта білу, сол арқылы адами қасиеттерді бойларына сіңіруге ықпал жасау.

Түрі: Сабақты қорыту, білімді жүйелеу.

Әдіс-тәсілдері: пікір айту, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, венн диаграммасы,

Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері

Күтілетін нәтиже: Балалар ертегіден үлгі алады.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) Амандасу, түгендеу

                              ә)Мақсат қою кезеңі

                              б)Сабақ барысымен таныстыру

2.Конверт-сұрақ

3. Мағынаны таны

4. «Ойлан, жұптас, талқыла»

5.Ертегілер еліне саяхат

6.Сергіту сәті

7.Бекіту

8.Қорытынды.

9. Үй тапсырмасын беру.

10.Бағалау.

                Эпиграф: Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

  а)Психологиялық  дайындық

    Күндей жарқырап,

   Айдай арайлап

   Жұлдыздай жарқырап,

   Судай мөлдір

   Таза көңілмен

   Әдебиет сабағымызды  бастайық!

1.ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

а) Балалар, біз өткен сабақтарда ертегімен таныстық, талдадық, мазмұндадық. Бүгінгі мақсатымыз – ертегідегі  халықтың арман-тілегін көру, кейіпкерлер бойындағы  жақсы қасиеттерден үйреніп, жаман қасиеттерден жирену және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете білу.

ә) Сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Ұйымдастыру

2.Конверт-сұрақ

3. Мағынаны таны

4. «Ойлан, жұптас, талқыла»

5.Ертегілер еліне саяхат

6.Сергіту сәті

7.Бекіту

8.Қорытынды.

9. Үй тапсырмасын беру.

10.Бағалау.

Оқушылар үш топ болып отырады. Дұрыс әрі жылдам жауап берген топ жұлдызшамен бағаланады. Сабақ соңында қай топ жұлдызшаны көп жинайды, сол топ жеңіске жетеді.

2. КОНВЕРТ-СҰРАҚ

 Бұл кезеңде үш топқа конвертке салынған сұрақтар беріледі.

Кендебай тобының сұрақтары:

1-сұрақ: Ертегі дегеніміз не? 

2-сұрақ: «Аяз би» ертегісін не себепті шыншыл ертегіге жатқызамыз?

Мергенбай тобының  сұрақтары:

1-сұрақ: Ертегілер қалай басталады?

2-сұрақ: Ертегілердің қандай  түрлері бар?

Қазанғап тобының  сұрақтары:

1-сұрақ: Ертегінің белгілі бір авторы бола ма?

2-сұрақ: «Ер Төстік» ертегінің қай түріне жатады?

3. МАҒЫНАНЫ ТАНЫ.    Бұл кезеңде үш топқа бірдей тапсырма беріледі.

Ертегі мазмұны бойынша қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыру қажет.

Кендебай мен жетім бала

Керқұланың тағдыры

Кендебайдың дүниеге келуі

Хан бұйрығы

Баланың ата-анасымен қауышуы

Кендебайдың аралға баруы

Кендебайдың биені күзетуі

Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарт

Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

1)Кендебайдың дүниеге келуі.
2)Керқұланың тағдыры.
3)Кендебай мен жетім бала.
4)Кендебайдың аралға баруы.
5)Кендебайдың биені күзетуі.
6)Хан бұйрығы.
7)Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
8)Баланың ата-анасымен қауышуы.
9)Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

 

 

4. ОЙЛАН, ЖҰПТАС, ТАЛҚЫЛА.

1-қатар: «Керқұла атты Кендебай» мен «Ер Төстік» ертегілерінің ұқсастығы неде?

2 - қатар: Керқұлаға мінездеме

3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:

Әр топ «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша тапсырмаларды топта ойланады, жұптасып талқылайды,қорғайды.                                                                                        Үлестірме қағазбен жұмыс:

Үлестірме қағазда берілген мәтіннен қандай ертегі жайлы айтылып жатқанын және кімнің сөзі екенін табыңдар.                                                               

  Үлестірме қағаз №1                                                                                                                              - Ой оңбаған – ау, қырасың ғой малды. Күндегідей : «Аырылғырдың суы, айырыл» деп  неге айтпайсың?  (Судың арғы жиегінде  тұрған ханның қызы)                                                   Үлестірме қағаз №2                                                                                                                                          -Бие құлындаған да жоқ, еш нәрсе болған да жоқ. (Хан балаларының сөзі)                          Үлестірме қағаз №3                                                                                                                                 - Сенің алдыңа қояр бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар. Осыларды өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып беремін.  (Хан сөзі)        

 Үш топқа Кендебай пайдаланған қару түрлерін салу тапсырмасы беріледі. Кендебай тобына қылыштың суретін салу, Мергенбай тобына жүз батпан шоқпардың суретін салу, Қазанғап тобына садақтың суретін салу.

(Оларды қандай мақсатта қолданғанын түсіндіреді.)

5.«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» .                                                                                                             «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен үзінді көрсету.

Мақал-мәтелмен түйіндеу

Кеңпейілділік-кемшілік емес, кісілік.

Мейрімділік-жүректен, мейірімсіздік-білектен

6.БЕКІТУ

Бұл кезеңде үш топқа ортақ тапсырма беріледі.

«Топтастыру» стратегиясы

Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

  

   

                           

 

                     

                                         

                  

 

 

 

Қайырымдылығы: жылағанды жұбатып, қысылғанға жәрдем беріпті.

Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы жыртық үйлі кедейлерді аң аулап

асырауы.

Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде

беруі.

Кішіпейіл: хан қызының ақылын тыңдап, “Айрылғырдың суы айрыл!”деуі.

Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын

құйрығын ханға табыс етуі.

Шыдамдылығы: шаршаса да түні бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі.

Ақылдылығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін

айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұқсат сұрағандығында.

Батырлығы: ақырған арыстан мен дәуден қорықпағандығында

 

7.ҚОРЫТЫНДЫ.

 Шығармашылық жұмыс. Жас ақын

Берілген ұйқастарды пайдаланып, өлең шығару.

______________қолымдағы

______________жолымдағы

________ Кендебаймын,

_____________ жолымда кім?

Міне, балалар, қазіргі кезде де әрбір ұрпақ өз елін қорғау үшін, өз елін көркейту үшін тынымсыз тер төгіп, Кендебай сияқты ер тұлғалы, мейірімді, адамгершілігі мол ұл-қызы болуы тиіс. Ел осындай перзенттерімен ғана мақтана алады. «Ердің атын ер шығарар» дегендей, біз де өз еліміздің Тоқтар Әубекіров, Талғат Бигельдинов, Мұхтар Шаханов сияқты көптеген тұлғалармен мақтана аламыз.

Қиял - ғажайып ертегілерде халық арманы, қиялы суреттеледі.  Халық қатігез, мейірімсіз жау күштерін жеңетін, елін, халқын сүйетін батырлардың көп болуын, барлық адамдардың Кендебай сияқты жанашыр, мейірімді болғанын армандайды. Ел тыныштығын, халық бірлігін қалайды.

Кендебайға ұқсағыларың келе ме?

Қай қасиеті көбірек ұнады?

Кендебай сияқты ержүрек, батыр адамдарды өмірде кездестірдіңдер ме?

8. Үй тапсырмасын беру.

Өз ойларынан ертегіні жалғастырып келу.

9.Бағалау.

Топпен жұмысты бағалау.

 

                  Топ аты

 

 

 

Тапсырмалар

 

 

Кендебай тобы

 

 

Мергенбай тобы

 

 

Қазанғап

тобы

Конверт-сұрақ

 

 

 

 

Мағынаны таны

 

 

 

 

«Ойлан, жұптас, талқыла»

 

 

 

Топтастыру

 

 

 

 

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Стикерлерді толтырып, плакатқа ілу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ қазақ әдебиетінен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып: 5 «а» Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (қорытынды сабақ) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Кендебайдың ерен іс-әрекеті арқылы халықтың арман-тілегінің, қиялының ертегіден көрініс табуын түсіндіру. өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған білімдерін жетілдіре түсу. Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айырта білу, сол арқылы адами қасиеттерді бойларына сіңіруге ықпал жасау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.09.2020 200
    • DOCX 135 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асибакова Гузель Тагировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асибакова Гузель Тагировна
    Асибакова Гузель Тагировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99274
    • Всего материалов: 232

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 107 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Курс повышения квалификации

Повышение мотивации и эффективности обучения иностранному языку с помощью интерактивных тренажеров (на примере английского языка)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 073 человека

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов