Инфоурок Информатика Другие методич. материалыАшық кураторлық сағат тақырыбы "1 мамыр –Бір шаңырақ астында"

Ашық кураторлық сағат тақырыбы "1 мамыр –Бір шаңырақ астында"

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды көлік-технологиялық колледжі

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Тәрбие ісі жөніндегі

директордың орынбасары

____________Г.М. Рысбекова     «___» ___________ 2016 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ҚҰРАСТЫРМАСЫ

 

Тақырбы: «Бір шаңырақ астында».

 

 

 

 

 

 

Топ: 9ТОРА-15-1

Куратор: Бекбаулова Э.Е.

Өтетін күні: 27.04.2016

 

 

 

 

 

Қарағанды 2016

 

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»

 

 «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Әнұран

Жүргізуші 1: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, студенттер, бүгінгі шараға қатысушылар!  1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгі кездесуіміз - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз. құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Жүргізуші 2: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Сіздердің алдарыңызда «АҚҚУ» биімен 9ОПУТ-15-1 тобының студенті Әбжан Жайдары.

 

Жүргізуші 1: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

                      Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

                      Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

                      Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Садепхан Аязбектің орындауында монолог.

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан ...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын.

                      Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

                      Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

                      Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

                      Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!

Ән «Қазақтай ел қайда!»-орындайтын Орынтаев Сержан

 

Жүргізуші 2: Күте тұғын асыға әр күнін біз,

                      Арналатын ең тәтті ән жырымыз

                      Мерекелі мерейлі айдың басы

                      Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

Диас:

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайрымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан кұраған елміз.

Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.

Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.

Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпарын иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.

Шыдамның шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз.

Айдос: Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, Ана сүтін арда емген ақ пейіл қазақ баласы баяғы заманнан ата-жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті, өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағынды талай сындыртты. Өз ішімізден шыққан алауыздықтан бірін-бірі абақтыға тықкан күнді де көп көрдік. Талайды бастан өткердік. Тырнағын ішіне бүгіп келгенге сендік, бодандыққа үгіттегенге ердік. Ұлтының қамын ойлаған алтын айдар ұлдарымызды өз қолымыздан жығып бердік. Бүгінге қанагат, өткенге салауат айтып, жаңағы қаралы жылдар мен жаралы күндерді қарт тарихтың қойнына тапсырдық.

Әділ: Запыран жұтқан жылдар оралмасын, еліміз жоғалмасын, тоналмасын. Заман тыныш, санаң дұрыс, қайран елім, енді қайтіп көрмесінші бодандықты басың! Тамыры терең рухың тас жарып шықты қайтадан, даламды тербеп байтақ үн, оянып қайта ой-санам, арылып алаң күдіктен, болашаққа үмітпен қарап, өмір атты айдында өрге жүзіп кемеміз, қарқындап есіп келеміз.

Бақтияр: Қайта оралып өткенім, қайта жанып өшкенім, қайта түлеп көктедім. Ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліндегі таныштықты, жеріндегі ырыс-құтты сақтайтын, басқа елдер санасатын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең ел еді. Алыс-жақын шетелдерде, бабаларым ат ізін салмаған мекендер де Қазақстанды танып, назарына алып жатыр. Бірлігіме әлі талай ел қызығар!

Шыңғыс: Себебі сайын дала төріне, Сарыарқаның жеріне, сан ғасырлық тарихы бар елдігімізді білгізіп, Елордамызды тұрғызып алдық. Астананың келбетіне қарасаң, өзгеріс бар орасан. Сән-салтанат сұлулыққа малынған Сарыарқаның нақ төріне салынған көп қабатты зәулім үйлер ормандай, мәңгі биік рухымыз болғандай, ұрпақ үшін бой көтерген қорғандай, Елорданың келбетіне қазіргі қалай тұрсың толғанбай?! Жас қаламыз, Бас қаламыз, Астанамыз өсе берсін өскен сайын ұлтымыздың көгертеді көсегесін!

Бикей: Намыстан жаратылған нағыз ұлт дара тұрған қазағым өзің едің, қайрылма қанатыңнан, айырылма тіл-дініңнен, арайлы болсын бір күнің бір күніңнен. Ошағың қисаймастан, шаңырағың шайқалмастан түтінің түзу шықсын түндігіңнен. Жас мемлекет саналсақ та, жан берісіп, жан алсақ та, сұқтанған суық көзден ата-жұртыңды аман сақта нар ұлдары қазақтың. Өйткені біздің далаға ынтызар болмайтын кімдер, бүкіл әлем қызығар орнайды күндер. Ананың жасы, Арудың ары, Батырдың қаны төгілген бұл даланы көздеріңнің қарашығындай қорғай біліңдер, бізден кейінгі ұрпақ! Өйткені біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазакстан!

 

Жүргізуші 1: Иә, біз қазақ деген көл-дариядай кеңбіз ғой, осыншама халықты шеттетпей, достық қарым-қатынаста, татулықта тұрып жатырмыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз әр қазақтың көкірегінде сайрап жатқан болар.

Шәкей Арстан-Домбыра

 

Жүргізуші 2: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.

Жүргізуші 1: Қазақ жері достықтың гүлстаны

                      Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

                     Күрестерде еңбекте, мерекеде

                     Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

 

Алдарыңызда 9ОПУТ-15-1 тобының қыздарын «Әке толғауы» биімен қарсы алыңыздар!

 

Жүргізуші 2: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

                       Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

                      Достығымыз ғасырларға жарасқан

                      Туған елім, шарықтай бер кемелден!

Әрине, қазақтың қай тойы батасыз аяқталмаған?! Олай болса, бүгінгі кездесуімізді Садепхан Аязбек қазақтың батасымен аяқтайды.

 

Елбасымыз алысты көрсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

¥лдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Малымыз төлдеп, дастарханымызға ырыс толсын.

Рудан өсіп, ұл өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!   (Әумин!)

 

«Бір шаңырақ астында» - атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты осымен аяқталды. Келесі кездескенше аман болайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық кураторлық сағат тақырыбы "1 мамыр –Бір шаңырақ астында""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында» «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 348 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2020 623
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Стародумова Лариса Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Стародумова Лариса Николаевна
    Стародумова Лариса Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68306
    • Всего материалов: 196

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 579 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов