Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қаратпа сөз"

"Қаратпа сөз"

Скачать материал

"Нанды аяқ астына тастама"
"Сүтті төкпе, баспа"
"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"
"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"
"Тамақты төкпей-шашпай іш"


 

 

мақал-мәтелдер айтайық.
1.Ас атасы – нан.
2. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.
3.Нан - қасиет, Нан –береке, Нан – мереке.
4.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. 7-слайд
Қорытынды. "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан – тіршілік тірегі.Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.

Нан туралы тақпақтар
1-оқушы: Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

2-оқушы: Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.

Нан-өмір,
Жеміспен алып келген кешегі.
Нанға пірім деп,
Жырым деп табынам.

4-оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

5-оқушы: Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!

Хормен:
Нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.


 

Сахналық көрініс:
Бидай: Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.

Күріш: Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.

Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
- Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан – дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.
- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
- Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев. Ол – күріш атасы деген атпен танымал.

Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.

- Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.
- Дастархан көркі нанменен,
Тойдың сәні әнменен - демекші ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.
1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – ... (нан)
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.(дәмі)
3.Нан болса, ... болады.(ән)
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ...(білесің)
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ... (баспаңдар)

Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы. (Ғабиден Мұстафин)

2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей қалса, бөгелместен “Нан” деп жауап берер едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін күндей жарқыратады. (Ыбырай Жақаев)

Сөзжұмбақ шешу.
1. Астық неден алынады?
2. Механизатор әйелді ата.
3. Нан қайда пісіріледі?
4. Ұнның сорты
5. Бидайдан ұн жасайтын жер.
6. Тары атасы кім?
7. Бидайды немен орады?
8. Күріш атасы атанған адам.

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! –дей келе бүгінгі «Нан – дастархан байлығы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қаратпа сөз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т қайталауТыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 979 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2020 191
    • DOCX 25.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Колесникова Анастасия Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83737
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе