Сабақтың тақырыбы: Аралап жердің жүзін жүрер сөзім... Сабақтың мақсаты: 1. Сыр өңірінің сүлейлерінің бірі, дүлдүл ақын, талантты сөз зергері Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасымен таныстыру. Тұрмағанбет поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау. 2. Тарихи тұлғаларды танып білуге, жастарды білім алуға үндеу, ғылым - білімнің адам өміріндегі маңызына көздерін жеткізу. 3. Ақыл - ойларын, белсенділіктерін, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: Т. Ізтілеуов портреті М. Әуезов, неміс ақыны В. Гетенің суреті, кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Жаңа тақырып Тұрмағанбет (Тұрмұхаммед) Ізтілеу ұлы бұрыңғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Қуаңдария болысының 2-аулында, «Ақтайлақ -кезең» атанған мекенде дүниеге келді.
Ақынның балалық шағы Сырдария өзені бойында, оның жағасындағы су жолы, керуен жолы, әрі осы өңірдің әкімгершілік орталығы-Ақмешіт, Қармақшы, Қазалы қалаларында өтеді. Жасы он алтыға шыққанда әкесі дүние салады. Қаршадайынан қамқоршысыз қалған қағлез бала өмірдің ауыртпалығын арқалап, жетімдіктің тақсіретін тартып өседі. Өткендегі сол тағдыр тауқыметін ақын:
Кедей ем, киім-тамақ зорға тапқан,
Жамаулы үйім жыртық, қара құрым,-
деп баяндайды ақын. Алғашында ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз деген ишан, молдалардан дәріс алып, кейін Бұхарадағы әйгілі «Мир-Араб» медресесіне оқуға түседі. 1889 жылы сондағы Көкелташ медресесінде оқуын жалғастырады. толығырақ
І топ. Бір өлеңін жатқа оқу. («Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын») ІІ топ. Термесін орындау («Қамын ойла халқыңның») ІІІ топ. Нақып сөздерін жатқа айтып, мәнін түсіндіру. Әр топқа түрлі тақырыптағы ақын рубаяттары мен шумақтары таратылып беріледі. Салауатты өмір салтын сақтауға байланысты жұмыс жүргізіледі.. Ақынның «Шылым», «Насыбай», «Арақ» тақырыбындағы рубаилары мен шумақтары таратылып, бұлар жөніндегі өз ойлары ортаға салынады.
Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку
Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку
Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".
Скачивание материала начнется через 60 сек.
А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций
для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №3715 от 13.11.2013).
Сабақтың тақырыбы: Аралап жердің жүзін жүрер сөзім... Сабақтың мақсаты: 1. Сыр өңірінің сүлейлерінің бірі, дүлдүл ақын, талантты сөз зергері Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасымен таныстыру. Тұрмағанбет поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау. 2. Тарихи тұлғаларды танып білуге, жастарды білім алуға үндеу, ғылым - білімнің адам өміріндегі маңызына көздерін жеткізу. 3. Ақыл - ойларын, белсенділіктерін, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: Т. Ізтілеуов портреті М. Әуезов, неміс ақыны В. Гетенің суреті, кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы
Оставьте свой комментарий:
Комментарии: