Инфоурок Другое Другие методич. материалыАЛМАТЫДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА ТОПСЕРУЕН

АЛМАТЫДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА ТОПСЕРУЕН

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫДАҒЫ  БОТАНИКАЛЫҚ

БАҚҚА ТОПСЕРУЕН

 

 

 

309 ТОП БІЛІМГЕРІ: ОҢҒАРБАЙ ДИАНА

 

ЭКОЛОГИЯ   ПӘНІ ОҚЫТУШЫСЫ:  АСЖАНОВА .М.А.

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2018 Ж

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

 

1.1 Кіріспе

 

 

2.2 Негізгі бөлім

 

 

3.3 Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ботаникалық бақ.

     Қала тұрғындары мен қонақтарымыз үшін қаладағы басқада назар аударарлық орындармен бірге 70 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ботаникалық бақтың өсімдіктер дүниесінің сыры мен орны бөлек. Күнделікті таңертеңнен кешке дейін үзіліссіз келіп жатқан үлкенді-кішілі көрушілер өсімдіктер әлемін қызықтаумен бірге экология мәнін тереңінен түсініп, жасыл тіршіліктің молшылығына енеді.

    Кіріп келгенде жылдың төрт мезгілінде де әсіресе қыс айларында көкке малынып, биік-биік жасыл өсімдіктерді көріп таңқаласыз. Бұл мәңгі жасыл өсімдіктер планетамыздың жылы түкпірлерінде өсетін тропикалық және субтропикалық өсімдіктер. Тропика өсімдігі 23 ° 30 дейін шектеліп, экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай Азия, Африка, Америка және Австралия елдерінің біраз жерлерін қамтып жатыр.Су ылғалының мөлшеріне тропикалық өсімдіктер әр-түрлі ландшафтарға бөлініп, яғни ылғалды ормандардан тропиканың шөлейттеріне созылып жатады. Қазіргі білімнің дәлелдемесі бойынша тропикалық және субтропикалық өсімдік флорасы барлық әлемдегі өсімдіктер флорасының 4 тен 3 бөлігін құрайды. Халық тіршілігі үшін, оқып зертейтін аса құнды генетикалық материаалдар осылардың ішінен табылады. Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер біздің елімізде,үйде, теплицада, оранжереяда өсіріледі.

     Егеменді Қазақстанда оранжерея Ботаника және фитоинтродукция институты (бұрынғы Бас ботаникалық бақ) мен Қарағандыдағы ботаникалық бақта салынған. Алматыдағы экспозициялық оранжерея 1969жылы салынған. Металл мен бетоннан, шыныдан жасалынған биікте кең оранжерея бес бөлімнен тұрады. Өсімдіктерді өсу географиясына байланысты экологиялық топтарға шоғырландырған жеке-жеке бөлімдерге орналастырған.Кактустар мен суккуленттер бөлімінде Оңтүстік Африка және Орталық Американың ыстық шөлейт жерінде өсірілетін өсімдіктердің жиынтығы. Субтропикалық бөлімде субтропикалық Шығыс Азия, Жерорта теңізі және Қаратеңіз жағалауларында өсетін өсімдіктер орналасқан. Бұл бөлімді цитрустар бөлімі деп те атауға болады. Пальмалар бөлімінде Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азияның жерлерінде өсетін банан, бамбук, пальмалар сияқты ағаштардың жиынтығы.Тропикалық бөлімде Оңтүстік Американың батпақты аудандары және Австалия елдерінің өсімдіктері отырғызылған.

          Оранжереяда өсетін өсімдіктердің коллекциясы тәуелсіз туысқан мемлекеттерден және шет елдерден делектус арқылы заказ беріліп,жіберілген дәндерді өсіру арқылы көбейтіледі. Қазіргі өсіп турған биік-биік өсімдіктерді осыдан 32 жыл бұрын Ленинград, Москва, Батуми,Киев Кишинев қалаларындағы ботаникалық бақтан әкеліп отырғызған.Кейбір өсімдіктерді шет елдерге барған ірі экспедицияның көмегімен әкелінген.Оранжерея комплексі тек қана жасыл музей емес, бұл жерде осы тропикалық өсімдіктерді оқып зертейтін ғылыми лаборатория бар. Осы лабораторияда бірнеше ғылыми қызметкерлер, экскурсаводтар жұмыс істейді. Өсімдіктер интродукциясын оқып зерттеу, олардың көбейтілу жолдарын, даму кезеңдерін байқау, шаруашылыққа керекті түрлерін көбейту-лабораторияның алға қойған ғылыми мақсаттары.Қазақстан баспасынан  үй өсімдіктері жөнінде бірнеше кітап, мақалалар жазып шығару. Жүзге жуық тропикалық өсімдіктерді Қазақстан топырағында өсірудің жаңа әдістері зерттеліп, басқа гүл өсіруші шаруашылықтарға таратылды. Экскурсоводтар мен отдел коллективтері көрушілерге шын ықыласымен тропикалық өсімдіктер жайлы толық әңгімелеумен қатар ақыл кеңестерін береді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер үшін өсімдіктер биологиясын оқып білуде оранжереяның үлкен мәні бар.

 

Пальмалар бөлімі

 

Пальмалар бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда өзінің көлемі жағынан ең үлкен бөлім. Оранжереяның жартысын алып жатыр. Оның  биіктігі 22,5м, ал ауданы... Бұл бөлімде биік-биік пальмалардың түрлері, фикустар,банан,бамбуктар өсіріледі.Тропика елінде ең көзге түсетін,көрікті өсімдіктердің бірі –пальма.Пальмалар оранжерея мен қысқы бақтарды,үйлерді когалдандыруда,ең сәнді,мәңгі жасыл өсімдік. Сондықтан барлық ботаникалық бақтарда пальма өсімдігінің коллекция жинағын құру ең негізгі мақсат болып есептелінеді.

     Пальмалар Орталық және Оңтүстік Американың сулы тропикалық ормандарында кеңінен кездеседі және көп таралған жері үлкен және кіші Антисев аралдарында. Қазіргі кезде бай коллекция түрлері Фэрчайлде (США),ССоледаде(Куба), Рио-де-Жанейро де (Бразилия) Богореда (Индонезия), Калькутте (Индия).Ботаникалық бақтардың ішінде ең үлкен пальманың коллекциясы Лондонда, Кью қаласында және Франкфурте-на-Майне қаласындағы пальмалар бағында.

 Субтропикалық аудандардағы тәуелсіз мемлекеттердің ішіндегі Сухуми, Батуми және Ялта ботаникалық бақтарында пальмалар далада өсіріледі.Үлкен пальмариумдар Россияның Ленинград, Москва қалаларының роанжереясында және Киев МИнск, Рига, Тарту  Новосибирск, Калининград, Казан,Томск,Ростов қалаларында бар.Қазақстандағы пальмариум тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы пальмариумдардың бірі. Пальманың 40-қа жуық түрлері өсіріледі. Олардың ішінде жарты ғасыр өмір сүріп келе жатқан  сирек кездесетін әдемі жапырақты түрлері бар. Бойлары18-20метр діңгегі 1м жететін түрлері кездеседі.  Мұндай пальманың жапырақтары 60-70 ке жетеді.

     Пальманың кейбір түрлерімен жақынырақ танысайық..Пальмалар бөлімінің дәл ортасында өсіп тұрған-Еңселі Вашингтония (washingtonia robusta ).діңгегінің биіктігі15м,диаметрі 40см.Оның көптеген ірі сәнді жапырақтары бөлімнің ішін сәнге, бөліп, тропикалық орманды еске түсіреді. Еңселі Вашингтония мен жіп тәрізді Вашингтония пальмалары Солтүстік Америкада(Калифорния мен Аризонда) жап-жасыл орман құрайды. Жолға жақын жерге Оңтүстік Ливистония пальмасы орналастырылған.Өзінің отанында, Австралияда бұл пальманың биіктігі20-25метрге жетеді.Қара теңіз жағалауларында, Сухуми және Батумиде көрікті өсімдік ретінде өсіріп көбейтеді.Бұл бөлімде тағы бір әдемі пальманың, түрі Ховея Форстера пальмасы өсіріледі.Қауырсын тәрізді бұл пальма Австралияның шығыс жағындағы Лорд-Хау аралында таралған.Бұл пальманың ерекшелігі ауасы өте құрғақ бөлмелерді,ыстық офистерді  көгалдандыруда пайдасы зор. Бағалы пальмалардың бірі-Арекаструм Романцова. Жабайы түрлері Оңтүстік Америкада кездеседі. Басқа пальмаларға қарағанда кадкалармен басқада ыдыстарда жақсы өседі.Пальмалар бөлімінде финик пальмасының бірнеше түрлері бар.Олардың ішіндегі ірілері Канар финигі(Phoenix canariensis) Кәдімгі финик(Ph.dactylifera),Бүгілгенфиник (Ph.riclinata), Орман финигі(Ph.silvestris), Робелина финигі(Ph.roebelinii). Финик пальмаларының жапырақтары қауырсын тәрізді болып,Жапырағының ұзындығы2-3метрге жетеді. Оранжерея және теплица жағдайында жақсы суғару мен миниральды тыңайтқыштың арқасында жақсы өсіп дамиды. Көшеттен қайта отырғызылу қыс немесе күз айларында жүргізілу дұрыс.Азия мен Африканың тропикалық және субтропикалық аймақтарында 17-ге табиғи-жабайы түрлері өседі.Мәдени түрде кеңінен өсетін түрі кәдімгі финик немесе финик пальмасы. Тамақ ретінде бұл пальманың адам пайдасы үшін маңызы зор, ал жапырақтары үйлердің төбесін жабуға қолданады. Оранжереяда басқа да пальмалардың түрлері бар. Олар трахикарпус, сабаль, хамеропс, хамеродея, птихосперма, гиофорба, кариота және басқалар.Дүние жүзінде пальманың 250 туысы және 340 түрлері бар. Олардың ішінде ірі ағаштар, бұталы өсімдіктер, шырмалып өсетін түрлері кездеседі.Жапырақтарының түрлеріне қарап желпеуіш, қауырсын тәрізді, саусақ тәрізді, ирек тісті желпеуіш болып бөлінеді.Қайсы бір пальманың түрі болсын адамдарға өзінің бағалы дәмдерін силайды, яғни өз халқын тамақтандырады, киіндіреді, сусындандырады. Тропикалық елдерде май, қант,саго және вино сияқты пальмалар жергілікті халықтардың негізгі азық-түлік көзі болып табылады, халықтың өмірі пальма өсімдігіне бағынышты келеді,

     Май жасайтын пальманың10 шақты түрі белгілі, етженді жемісінен алынған пальма майы олив майының орнын ауыстырады.Көптеген пальмалар өзінің тәтті жемістерін дәндерін береді.Оларға жататындар какос жаңғағы және персик пальмасының финиктері.Саго пальмасының сабақтарынан саго крахмалын алады.өте ерте кезден кейбір пальманың ең жоғарғы бүрінен салат жасаған,(мұндай салаттың атын милионерлер жейтін салат деп атаған).Какос және финик пальмалары шырын,вино және қант береді.Чили вино пальмасы жылына 340 мың литр шырынын береді. Пальма діңгегін ойып кесу арқылы шырынын ағызады.Қою пальма шырынын пальма балы деп атайды.Шырын бөлетін пальмаларды көбірек кесіп,мазалағаннан олар тез өледі.Нибунг(oncosperma) пальмасының сабақтары үй құрылысына қолданады,олартермитке қарсы төзімді болады.Қант пальмасының діңгегі су жүйелері трубаларын алмастырады.Ерте кезден-ақ индейцтер оңтүстік американдық пальма маурици мен астрокариум пальмасының талшықтарынан тор және гамок жасаған.Пальмир пальмасының жапырақ талшықтарынан кілем, арқан, жіп жасайды.Пальма ағаштары шаруашылық маңызы жағынан астық туқымдастарынан кейінгі орын алатын пайдалы өсімдік. Пальмадан өндірілетін көптеген өнімдер яғни май, өсімдік балауызы талшықтары тропикалық елдерде шетелге жіберілетін маңызды товар лардың бірі болып саналады.

     Пальмариум бөлімінде пальма ағаштарынан басқа мәңгі жасыл ірі өсімдіктер өсіріледі. Бұл өсімдіктер туралы экскурция жүргізе отырып әңгімелейміз.Тропикалық бөлімнен шыға бере жолдың оң жағынан біз қатып қалған үлкен жыланға ұқсайтын,басқа ағаштарға шырмалып өсетін өсімдікті көреміз.Бұл өсімдік-бұршақ туқымдасына жататын глицин немесе қытай вистериясы.Бұл тамаша өсімдіктің отаны-Шығыс Азия (Орталық және Шығыс Қытай).Шырмауықтың ұзындығы 20метрге дейін жетеді,кейбір жағдайда оданда ұзын болады,гүлдері көкшіл-күлгін,жинақталған аспа гүл шашақтарының ұзындығы25-30см жетеді.Кавказ,Крым және Батыс Украина елдерінің субтропикалық аудандарында кеңінен өсіріледі,15-17° аяздарға шыдайды.Тұқымымен және сұлатпа сабақтарын тамырландыру арқылы көбейтеді.Бақта өсірілетін түрлерін бұталы глициннің көшеттеріне телу арқылы көбейтеді.Бұл өсімдікті үйлердің алаңдарын көгалдандыру үшін қолданады.Жапония және Қытай мемлекеттерінде глициннің жас жапырақтары мен гүлдерін көкеніс ретінде қолданса, дәнін бұршақ сияқты қуырып жейді.Ағаш талшықтарынан мата жасайды, ал жас шыбықтарынан кәрзеңке тоқиды.

Глициннің жанында дана банан (Musa sapientum банан тұқымдасы) өсіріледі, ірі ақшыл-жасыл жапырақтары алыстан көз тартады.Отаны тропикалық Индия.Азия,Африка, және Америка елдерінің тропика және сулы тропикасында жабайы түрде кездесетін бұл өсімдіктің небары 80 түрі ғана белгілі.

     Банандар-ірі шөптесін өсімдіктер, жапырақ сабақтарынан дамитын алдамшы діңгектің биіктігі 8-10 метрге жетеді. Аласа бойлы түрлерінің биіктігі1,5-3м. Мәдени сорттардың жемістері тамырлары жерге отырғызғаннан кейін 1 жылдан соң береді. Жеміс берген сабақтары өледі.Топырақтағы қалған тамырларынан жаңа өсімдік өсіп шығып, ал келесі жылы жемісін береді.Жер бетінен өсіп шыққан әр бұтақтың дамуы шоқталған жемістерінен аяқталады, жемістерінің саны 300-ге дейін жетіп,салмағы20-30кг-ға дейін барады. Бананның мәдени сорттарының  жемісінің(M acuminate, M nana) дәмі қышқыл әрі тәтті болады.Жемісінің ішінде дәні болмайды, болса олар дамымаған.Бананның құрамында 15-22% қант, 5-8 % крахмал, 1,5% протейн болады.Ыстық елдерде бананның жемісін тек тәтті жеміс ретінде ғана емес, азықтың негізгі энергетикалық көзі болып табылады. Сондықтанда бананды тропикалық елдерде бірнеше жүз мың гектар алаңға отырғызады. Индия елінде 200 мың гектарға дейін отырғызады.

 Бананды техникалық өсімдікке жатқызады, мысалы бананның жеңіл және мықты талшықтарынан балық аулайтын торлар, тоқыма жіптер жасалынады.

 

Тропикалық өсімдіктер бөлімі.

 

Бұл бөлімде негізінен жер шарындағы – Африка, Азия, Австралия және де Тынық мұхитының аралдарының тропикалық аймақтарында кездесетін өсімдіктер жинақталған. Бөлімнің орталық бөлігінде тропикалық ірі ағаш өсімдіктері мен әр- түрлі шөптесін, өсімдіктер өсірілген.

     Алдымен кофе ағашынан (Cooffea Arabica, рияндар тұқ..) бастайық . Кофе ағашы Эфиопия елінің таулы аймақтарынан шыққан. Араб кофесі-ақшыл-жасыл түсті, жапырақтары мен сопақша келген жемістері бар мәңгі жасыл ағаш. Оранжерея жағдайында ақ , хош иісті гүлдерімен гүлдейді де, шырынды жеміс береді. Жемістерінің түсі мен пішіні шиеге ұқсас келеді. Әрбір жемістерінде 2-ден жалпақ дөңес пішінді тұқымдары болады. тұқымының құрамында -0,8-2,5% кофеин болады. Сондықтанда, біздің уақытта кофе ағашын сусындар жасау үшін кеңінен (өсіреді) қолданады. Ол қан айналымды жақсартады, демалуды күшейтеді, жалпы алмасуды жоғарлатады. Кофе ағашын Орталық және Оңтүстік Американың,Африканың, Мұқиттардың тропикалық елдерінің барлық аймақтарында өсіреді. Оның ішінде  Бразилияның жер көлемінің 314 бөлігінде өсіреді. Ең алғаш Шығыс Африканың тұрғындары кофе ағашының жапырағын қайнатып ішкен, ал кейіннен тұқымдарын қуырып пайдаланған екен. Кофе ағашы негізінен тұтасқан бұта болып өседі. Сәндік түрлері де кездеседі және де бөлме жағдайында өсіруге өте қолайлы. Жыл сайын гүлдеп, жеміс беріп отырады.

     Кофе ағашының маңында боемерия ( Boemeria, қалақайлар тұқ .) өсімдігінің 2-түрі өсірілген. Олардың бірі ірі жапырақты боемерия ( B. macrophylla)-тропикалық Үндістан, Бирма елдерінен шыққан. Бұлардың биіктігі 3м дейін жететін,күңгірт- жасыл жапырақтары мен ақ гүлдері бар ірі бұталы өсімдіктер. Бұл өсімдіктер бағалы талшықты өсімдіктер ретінде өсіріледі. Біздің жағдайда боемерия өсімдігінің түрлері ішкі бөлмелерді көгалдандыру үшін қолданады.Олар тұтас бұта құрап, өте тез өсетін өсімдіктер. Оранжерея коллекциясында папортниктердің (Polypooliophyta), барлық дерлік экологиялық топтары көрсетілген. Олардың ішінде өте нәзік, шөптесін түрлері де кездеседі, олар тастарда, ағаш бұтағында асылып тұратын, яғни аспалытүрлері мен ағаш тәрізді формалары табиғатта 1000-ға жуық түрлері кездеседі. Олардың ішінде негізгі бөлігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі. Біздің планетамызда бұл көне өсімдіктің сыртқы пішіні өзінің әдемі жапырақтарымен көрнекті.

     Папортниктер споралары,сұлатпа бұтақтары, өнім бүрлері арқылы көбейеді. Папортниктердің жапырақтарын букеттерді, әр-түрлі гүл композициясын әсемдеу үшін, қыш құмырада өсірілген түрлерін ішкі бөлмелерді, қысқы бақтарды көгалдандыру үшін қолданады.

     Папортниктерді, сонымен қатар дәрілік өсімдік ретінде де қолданады. Мәселен шолпаншаш адиянум (Adianthum capillus- veneris) өсімдігін үнді медицинасында ыстық басқыш дәрілері және жөтел дәрілерін дайындау үшін, ал жүрек жапырақты нефролепис өсімдігін   (Nephrolepis codifolia ) қытай медицинасында несеп айдағыш дәрілер дайындау үшін қолданады. Ангиоптерис( Angiopteris) папортнигінің сабағының өзегі крахмалға өте бай және де какос майын хош иіске айналдыру үшін қолданатын жұпар майы да құрамында кездесетіндіктен, бұл өсімдік азық-түлік өсімдігі болып саналады. Тропикалық Азия және Африка елдерінде бұршақ қынды цератоптерис  (Ceratoptris selignosa) өсімдігін бағалы жемшөптік өсімдік ретінде өсіред.

     Папортниктердің көптеген түрлері ерекше ғылыми қызығушылық  көрсетеді, бірақ та олар жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына кіргендіктен сирек кездесетін түрлері қызыл кітапқа енгізілген.Бұл жерде Папортниктермен қатар бегониялардың  (Begonia бегониялар тұқ) әр-түрлері өсірілген. Табиғатта олардың 1000-ға жуық түрлері кездеседі, негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі. Біздің коллекцияда бегониялардың көп жылдық шөптесін,шала бұта, бұта түрлері кездеседі. Олардың ішінде ең қызықты сорттардың бірі королдық бегония (B.rex) Бұл түрлердің барлығы бір-бірінен жапырақтарының құрылысымен ерекшеленеді. « Аврора фон кенигсмаркт» сорты                ( «Aurora Uon konigsmarket») ірі күмісті жапырақтарында әдемі қара қошқыл қызыл түсті ренк беріп тұр. Жапырақтарының сағақтары қызыл. Гүлдері қызғылт түсті. Шоқ бұталарының биіктігі -40-50см жетеді.

     «Эленьтайпель» (Helen Teupell)- шоқ бұталы өсімдік жапырақ жүйкелері қою-сұр түсті болып келген қатты кетік сопақ- жүрек тәрізді пішінді, әдемі күмісті-сұр түсті өсімдік.

     Гүлдері ашық қызғылт түсті. «Мейстеристюк» (« Meisterschtuc») сортының жапырақтары кең жүректәрізді, жалпы жапырақ тақтасы күңгірт сарғыш жасыл түсті келген, жапырақ жүйкелерінің аралығы күміс сұр түсті келген де, жапырақ жиектері күміс түстес келген. Гүлдері ашық – қызғылт түсті. Сонымен қатар коллекцияда Мошат бегониясы( B.moschaniana), креднера бегониясы (B. сrednera) ,император бегониясы бар.            ( B.imperalis)салбырамалы өркенді түрлері де бар: шырмауық тәрізді бегониясы, көкшіл сұр жапырақты бегония. Жеке жағдайда түйнекті бегония сортық (B.tuberhybriola) гүлдерінің әр-түрлі түсіне қарап өсіреді. Түйнегі ірі бұйра, жартылай бұйра немесе жай гүлді өсімдіктер қысқа қарай жапырақтарын түсіреді. Тұқымдарыменб сабақтарымен бұталап бөлу арқылы көбейеді. Өз отандарында бегония өсімдігін азық-түлік өсімдігі ретінде қолданады. Кейбір түрлерінің жапырақтарын салат дайындауға қолданады.Фуксия тәрізді бегонияның (B. fuchhisiodes) құрамында лимон қышқылы болады, сонымен қатар дәрілік қасиеті бар түрлері де кездеседі, сондықтан да оны халық медицинасында қолданады.

 

 

 

 

 

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          2.2 Негізгі бөлім

Зерттеу нысандары мен әдістері Өсімдіктерді жинау,кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері.

   Маранта туысының өзіндік құрылысына байланысты көптеген түрлері бар (Maranta, марантомар тұқ..) Оларды жапырақ тақтасының сопақталған немесе тілінген күңгірт барқыттәрізді түстерінен ажыратуға болады. бұлар негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бразилия елінен шыққан. Олардың ішінде көз тартарлық  түрі Ақшылжіпті Маранта ( M.Leucoeura) жапырақтарында әдемі күңгірт дақтары бар,барқыт тәріздіжасыл жапырақты өсімдік .біздің жағдайда бұл өсімдік өте жақсы өседі.Ірі, күлгін түсті гүлдерімен гүлдейді. Жер асты тамырларымен және тұқымдарымен көбейеді.

     Маранталар  тұқымдасына жататын тропика елдерінің азық-түлік өсімдіктері болып саналатын бір түрі: Қамыс тәрізді маранта( M.arundinaceae) немесе аррорут. Тамыр сабақтарының құрамында едәуір мөлшерде крахмал болады. Қазіргі кезде бұл өсімдік түрін көптеген тропикалық Азия, Африка елдерінде және де өз отаны – Оңтүстік Америка елінде құнды диетикалық өнімдер алу үшін өсіреді. Батаника бағының колекциясында маранта және оған жақын туыс Калатея(Calathea) өсімдігінің 10 түрі өсіріледі. Бұл өсімдіктің ала жапырақты түрлерін бөлме жағдайында онша жарық емес жерлерде өсіреді, және қысқы бақтарды көгалдандыру үшін қолданады. 

 Сонымен бірге бір қызықтылығы Маранта өсімдігінің көптеген түрлері, оның ішінде Ақ жүйкелі маранта түрі ауа–райын алдын ала болжай алады екен. Олардың жапырақтары бір күн ішінде күн сәулесімен бірге қозғалады.Ал, кешке жапырақтары жоғары көтеріліп, түтік тәрізді болып оралып қалады.Өсімдіктің бұндай қасиеті тірі жүйелердің биологиялық ырғағын зерттеу үшін қызығушылық көрсетеді.

     Бұл жерде Пеперомия (Peperomia, бұршақ тұқ. ) өсімдігінің коллекциясында көрсетілген. Олар тік сабақты, шырынды өркендерімен жапырақтары бар аспалы өсімдіктер. Табиғи түрде Америка, Азия және Африка елдерінің тропикалық  аймақтарында өзендер жағасында, ормандарда, ылғалды жартастарда, ылғалы -көлекелі жерлерде өседі. Кейбір түрлері мысалы Мөлдір пеперомияның ( P. pellucida) Африка елдерінде көкеніс түрінде және медециналық мақсаттар үшін өсіреді. Бұлардың ішінде ең көрнекті түрі Магнолия жапырақты пеперомиясы (P.magnoliaefolia) олардың тығыз  жарғақты жапырақтары болады. Ал, ала жапырақты формасы( P.m.alba. variegates), каперат (P.caperata) түрлерінің жапырақтары ұсақ түйілген,Арифолия П (P.arifolia)  жапырақтарындаөте әдемі күмісті жолақтары  болады.Сонымен қатар, Пеперомия өсімдігінің ала жапырақты ұзын өркендері бар түрлері кездеседі. Оған Жатаған пеперомиясы(P.Seppens) жатады және де сұр, салбараған жапырақтары бар- Ақ пеперомия (P.incana) түрлері кездеседі.

    Қыш құмыраларда Бромея өсімдіктері де кездеседі. Қыш құмыраларда Бромея өсімдіктері де өсіріледі() америка кконтиненттерінде кездесетін өсімдіктүрлері. Табиғатта   олардың 46 туысы, 2100-ге жуық түрлері кездеседі. Олар ағаштарда, жартастарда, құмдарда және биік таулы жағдайда өседі. Олардың ішінде сабақтары ағаштанған бұта тәрізді формасы (Раймонд руиясы, көк тилландсия) өте сирек кездеседі. Бұлардың жапырақтары көбнесе жертағанға жиналған. Кейбір түрлерінде бұл жапырақ қынабы жаңбыр жауған кезде ылғал жинайтын «тостаған» немесе «саут» түзеді. «Сауытқа» немесе «цистернаға» өсімдік қалдығы жәндіктер мен микроорганизмдер түседі. Су еріген қоректік заттармен бірге арнайы қабыршақпен сорады. Нәтижесінде өсімдік сумен бірге, қосымша азоттық қорек алады. Азоттық сіңіруді шіріткіш бактериялар іске асырады. Олар органикалық заттарды еріген түрге (амин қышқыл, аминдер, мочивина) айналдырады. Ірі фрезия() «цистернасында» кейде 5л-ге жуық су жиналады гломеропиткарни 20л-ге жуық су жиналады. Бромея өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар дамыған, негізінен олар субстратқа бекіну қызметін атқарады. Бромея өсімдіктерінің тұқыммен және жерасты мүшелерін бөлу арқылы вегетативті жолмен көбейтуге болады.

     Бромея өсімдіктерінің ішіндегі ең бағалы түрлерінің бірі- Егіс ананасы. Жемістер хош иісті, тәтті-қышқыл дәмді болып келеді. Табиғатта  өсімдіктің бұл түрі барлық ыстық аймақтарда яғни Оңтүстік және Орталық Америка, Азия әсіресе, Гавай және Анталь аралдарында, Үнді –Қытай елдерінде кездеседі.

     Бақ жиынтығында әр-түрлі түсті жолақ жапырақтары бар ірі айдарлы ананас, бромея өсімдігінің бірнеше түрлері бильбергея,эхмея, крептантус,диккия және т.б. түрлері оранжерея жағдайында гүлдеп өседі.Бромея өсімдіктерінің көптеген түрлері кеңселерді, ішкі бөлмелерді көгалдандыру үшін өте қолайлы.Мысалы: фрезия, гузмани, эхмияның мәдени түрлері көрмелерді терезелерді әсемдеу үшін қолайлы болып келеді. Бұл өсімдіктерді құраған ағаштарға, тырбиған ағаштарға, тастарға егіп қысқы бақтарды әсемдеуге болады. Ал сирек әсем гүлдейтін түрлерін флоралиум жасау үшін қолданады. Сонымен қатар бромея өсімдіктерінің түрлері фрезия, ананас, эхмея, гузмания, неоргемия өсімдіктерінің басқа экзотикалық өсімдіктермен бірге қыш құмыраларды, кәрзенклерді әсемдеу үшін қолданады.

     Оранжерияның орта бөлігінде күмісті эвкалип өсіп тұр. Бұл өсімдік жабайы түрінде Австралияның ормандарында кездеседі. 300-ге жуық  түрлері белгілі.

     Жеке түрлерінің биіктігі 100 м-ге жетеді. Тез өсетін түрлері жерден ылғалды көп сорып алатындықтан оларды батпақ топырақтарды құрғату үшін отырғызады. Эвкалип өсімдігінің жапырақтарының құрамында залалсыздандыратын эфир майлары бар, сондықтанда медицинада және порфюмерияда қолданады. Ағаштарының қабығының құрамында 50% илік заттар болғандықтан, оларды былғары өнекәсібінде кеңінен қолданады. Сүректерінен құрлыс материалдарын және отындар, сонымен қатар қағаздар дайындайды. Эвкалип өсімдігін мекендік жерлерді көгалдандыру үшін өсіреді.ТМД елдерінде бұл өсімдіктер парктерде, қала көшелерінде және Кавказдың қара теңіз жағалауларында, Қырым елінің ауылдық аймақтарында, Азербайжан елінің оңтүстік бөліктерінде өсіріледі.

     Бұл жерде сәнді жапырақты Дроцена және корделина (лалагүлдер тұқ) өсімдіктерінің бағбан (бақшалы) формаларының әр-түрлерінің экспозициясы да құрылған. Бұлар Африка, Австралия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тропикалық ормандарында кездесетін мәңгі жасыл бұталы және ағаш өсімдіктер.Драцена өсімдігінің гүл шоғы сопақ жапырақты күлгін түсті болса, Сандер драцена өсімдік түрінің гүл шоғының түсі ірі ақ-сары түсті болып келеді.

     Деремс драценасы өзінің әдемі жапырақтарымен ерекшеленеді. Шекаралық корделина өсімдігінің жапырағы ірі, ақшыл- жасыл, күрең- қызыл түсті болып келген. Бұл өсімдіктердің барлық түрлері сәнді бау- бақша шаруашылығында ішкі бөлмелерді және қысқы бақтарды көгалдандырып-әсемдеу үшін өсіреді. Қалемшелері мен тұқымдары арқылы көбейеді.

     Оранжерея өсімдіктерінің ішіндегі ең ірі өсімдіктерінің бірі – Фикус өсімдіктері жабайы түрінде 60–қа жуық  түрі кездеседі. Азия, Африка, Америка елдерінің тропикалық тжәне субтропикалық аймақтарында тараған. Бұлар ірі ағаштар, бұталы шырмауық , топырақ жабынды өсімдіктер. Көптеген ыстыққа төзімді түрлерінің сүтті шырындары болады.Бұлар ертеде «каучукты» ағаш сияқты. Каучукты фикус өз отаны Индия және Бирма елдерінде 30м биіктіке дейін өседі. Бұлардың шырынының 30%  табиғи каучук құрайды.Бұл өсімдіктің ірі түрлерінен жылына 20кг каучук алынады екен. Қазіргі кезде бұл өсімдіктің өнеркәсіптік маңызы жоқ, өйткені каучукты ағаш Бразилия Гевеясынан оданда көп каучук алуға болады.Бізде каучукты фикус пальмарии бөлімінде өсіп тұр, биіктігі 20м. Коллекцияда тағы да үнділік фикустың бір түрі- қасиетті фикус (F. religiosa) өсірілген.Олардың жапырағы теректің жапырағына өте ұқсас. Бұл түр Үнді, Шри-Ланк елдерінің барлық жерлерінде, шіркеулерде өсіріледі. Буддистердің табынатын( қасиетті) ағашы болып саналады.Жеміс шоғыры жеуге жарамды. Халық медицинасында бұл өсімдіктің қабығын, жапырағын, жемісін қолданады. Жапырағы жібек құрттардың жемі болып саналады.  Жемісті ағаш інжір немесе Фига ағашы (F.carica) көпшілікке өте таныс өсімдіктің бірі. Олар қысқа қарай жапырақтарын түсіреді.Азия елдерінің субтропиккалық аймақтарында кездеседі. Коллекцияда фикус немесе Ауғаныстандық інжір өсімдік түрі бар, ол пальмарий бөлімінде өсіп тұр. Мәдени сорттарына жақын жабайы түрлері болып саналады. Інжір өсімдігінің жемісін тағамға жас немесе кепкен түрінде де пайдаланады. Сонымен қатар варенье, кампот джем т.б дайындайды.Кепкен жемістерінің құрамында 70%-қант,лимон,алма, сірке және бор қышқылдары бар. Кепкен жемісінің нәрін іш жүргізетін дәрі, сонымен бірге тамақ ауруларын,көкірек-қуыс ауруларын, ірің және ісік ауруларын жазу үшін қолданады.Кепкен жемістерінің шоғырының тартылған түрін, кофе орнына қолданады. Оңтүстік Африканың ормандарының теңіз жағасының құмды төбелерінде өсетін әдемі акокантера(Acocanther spectabieis, кендірлер тұқ.  ) өсімдігі өсіп тұр.Олар жарғақты күрең-жасыл түсті жапырақтары бар ағаш тәріздес бұталы өсімдіктер. Көктем  кейде ақпан айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, хош иісті пішіні мамыргүлөсімдігінің гүлдеріне ұқсас болып келеді. Улы акокантера (A. venenata) өсімдігінің тамырын жергілікті тұрғындар атқыш у жасауда қолданады,осыдан «Бушмен уы» деген ағылшын атауы шығады.Акокантера өсімдігі біздің жағдайда ішкі бөлмелерді көгалдандыру үшін,сәндік өсімдік ретінде үлкен практикалық маңызы(орны) бар.

Қысқы бақтарда және ішкі бөлмелерде жылы, жарық мол жерлерде өте жақсы өседі.

 

 

Субтропикалық өсімдіктер бөлімі

Бұл бөлмеде өсетін өсімдіктердің көпшілігі субтропикалық обылыстарға негізделген өсімдіктер, оларға жататындар: қатты жапырақты лаврлар, цитрустар, австралиялық өсімдіктермен кейбір ксерофильді өсімдіктер.  Біз әңгімемізді оң жақ кіреберісте өсетін лавр(Laurus nobilis ) ағашынан бастаймыз. Бұл ағаш Жерорта теңіз жағалауында өсетін мәңгі жасыл бұртақ.. Оның бұтақтары тегіс, жапырақтары ланцет тәріздес сопақша, көн тәріздес.Асыл лавр ерте кезден ақ белгілі, оның кепкен жапырағын Оңтүстік Европа соның ішінде Греция және Италияның көптеген халықтары дәмділік ретінде  қолданады, лавр жапырақтарынан өрілген шеңбер және лавр сабақтары даңқ, айбын, жеңіс символы болып саналады. Лаврдың жемісі бағалы, құрмында майы көп сондықтан медицинада қолданылады, діңгегі ағаш шеберлігінде  қолданады. Оңтүстік Қырым және Батыс Грузия аудандарында лаврды көшеге скверлерге отырғызады, көп жерлерде әсем үй өсімдігі ретінде қолданады. Сабақтарын қалемшелеу жолымен және тұқымымен көбейтеді.

     Субтропиканың ең әйгілі өсімдігінің бірі лавровишня ( Laurocerasus, розоцветный тұқымдасы) Кіші Азия  мен Кавказда өседі, 25 түрі белгілі. Жапырағы сопақша, гүлі ақ , хош иісті, жемісі шырынды. Жартылай Солтүстік жер шарының субтропикалық белдеулерін де өседі (Америка және Евразия ).Батаникалық барлық оранжерия коллекциясында бір ғана түрі өседі,ол кәдімгі лавровишня (L.officinalis) көктемде гүлдейді, кейбір жағдайда жемісін береді, сабақты қалемшелеу арқылы және тұқымымен көбейтіледі.Жапырағынан лавровишнялық тамшылар дәрісін жасайды.Тұқымы улы,құрамында синил қышқылы бар.жапырағы мен қабығы дубилдік заттарға жатады.Жемісінен вареньемен вино жасайды.

     Экспозицияда мәңгі жасыл өсімдіктердің бірі каричник камфорный ағашы өседі. Кейбір кездерде оны камфор ағашы деп те атайды.Ол жабайы түрінде Қытай мен Оңтүстік Японияда өседі. Бұл өсімдіктің қызығарлық мәні – ол табиғи камфор береді. Камфор ағашы Қаратеңіз жағалауларында бақтармен парктерді көгалдандыру үшін көптеп өсіреді.

     Оранжеряның субтропикалық бөлімінің ортасындағы жер алаңында рута тұқымдасына жататын цитрус ағаштары өсіріледі: апельсин, мандарин, лимон, цитрумело, кинкан, понцирус өсіріледі. Бұлар мәңгі жасыл бұтақты өсімдіктер немесе ортабойлы ағаштар. Гүлі қосжынысты, хош иісті, жәндіктермен тозаңдандырылады және де өзімен өзі тозаңдануға қабілетті. Жемісі шырынды, тығыз қабықыпен қапталған, көбі жеуге жарайды.Цитрустың шыққан жері Оңтүстік және Оңтүстік- Шығыс Азия. Жабайы түрінде кездесетін цитрустарға  лайм, танкан түрлері жатады. Олар Гималай және Тайван тауларында өседі. Апельсин ағашы Қытайда б.ғ.д 1-2 ғасыр бұрын белгілі болған.Қазіргі уақытта цитрустар көптеген тропикалық  және ылғалды субтропикалық облыстарда өсіріледі. Сонымен қатар Закавказ елінде көптеп өсіреді. Олардың жемістерін алыс субтропикалық елдерден тасымалдауды жақсы көтеретін болғандықтан еш қиындықсыз жеңіл түрде әкелінеді. Дәрілік және диеталық қасиеті мен дәмінің тәтілігі жағынан цитрус жемістері өте жоғары бағаланылады.Жемістерін жаңа піскен, өңделінген, консервирелінген түрінде кеңінен қолданады. Жемісінің құрамындағы А,В,С және Р витаминдерінің болуына байланысты, олардың емдік қасиеттері анықталып, рахит, склероз әсіресе теңіз аурулары сияқты әр түрлі ауруларға қолданды.Өте ерте кезден бастап ақ қан құйылу және цинги ауруларына қарсы қолдануға болатын, емдік қасиеті жоғары өсімдік деп есептелінді Цитрустардың ішіндегі пайдалы заттарға бай, ерекше грейпфрут(C. Paradisi). Жемісінің құрамында глюказид затының болуынан, адамның ойы жақсарады, тамақа тәбетті ашылып және іш құрлысы жақсартуға әсерін тигізіп қалпына келтіреді. Үй жағдайында біршама лимонның мына сорттарын жеңіл өсіруге болады (Sitrus Limon): Павлов, Майкоп, Курский,Новогрузин, Одессей, сонымен қатар мандарин Уншиу(Citrus reticulata), апелсин(C. sinensis) және каламандип(C. mitis) . Цитрустарды табысты өсіру үшін цитрустардың жабайы түрі понцирус трифолиатқа телу керек.Сол кезде ғана бұтақтардың жылдам өсуі байқалып, жемістері тез арада өсіп, жетілгенін көруге болады. Телінген өсімдік жақсы күтім болған кезде, 3-ші жылда жемісін бере бастайды.

     Оранжерея және үй жағдайында өсетін цитрус өсімдіктеріне қызығушылықпен қарау улкен мәні бар.Цитрус өсімдіктерінің көптеген сорттарын алуда үлкен нәтижелерге жетті. Субтропикалық жеміс беретін өсімдіктердің ішіндегі көзге түсетін өсімдіктердің бірі –Жапония мушмуласы (Eriobotrya japonica ) . Мушмуланың биіктігі 6 метрге жетеді. Мәңгі жасыл ағаш, кейде оны жапония эриоботриясы деп те атайды. Жабайы түрінде Қытайда және Жапонияда кездеседі. Кавказ елінде, Қара теңіз жағалауында бұл ағашты жеміс ағашы ретінде өсіреді.Жемісінен суррогат кофе алынады. Оранжерея жағдайында мушмула күзде гүлдеп, жемісі нурыз айында піседі. Жемісі қышқыл- тәтті, абрикостың дәміне өте қатты ұқсас болып келеді. Жемісінің құрамында 6,7% , алма қышқылы 18,9%, қант 5,5% лимон қышқылы болады. Мушмула үй жағдайында да өседі, ұрығымен және сабағымен көбейеді.

     Жеміс беретін субтропикалық өсімдіктердің ішіндегісі- америка авокадасы (Persea americana). Жемісін тамаққа қолданады, алмұрт тәріздес 600грамға дейін жеміс береді, биіктігі 10-15 метрге дейін жетеді. Авокадо- мәңгі жасыл өсімдік, жемісі сүйекті болып келеді, ішіндегі сүйегі грек жаңғағының көлеміндей.Құрамында май болады(30%). Оңтүстік және Солтүстік Американың орманды жерлерінде өседі. Үй жағдайында көбіне өсіретін сорттардың бірі – Фуерте. Авокадоның жапырағында, гүлінде, қабығында, жемісінде және ұрығында көп мөлшерде бағалы қоректік заттар бар. Химиялық  құрамына және диеталық қасиеттеріне қарап жоғары бағалайды.

     Коллекциямыздың тағы бір субтропикалық өсімдігі – құрма (Diospyros kaki) Отаны-Қытай.Орталық Азияда, Оңтүстік Азербайджанда, Қырымда, Кавказдың Қара теңіз жағалауында өсіріледі. Жемісі толық піскен кезде тәтті болады. Жемісінің салмағы 300 грамға жетеді, құрамында қант 12-18% белок 0,33-1,18% лимон қышқылы және А,С витаминдері болады. Егер үй жағдайында жақсы күтім болса, жемісі пісіп тұқым береді.

     Өте ерте кезден келе жатқан Солтүстік Американың субтропикалық өсімдігі – үлкен жапырақты Магнолия (Magnolia grandiflora) Гүлдері хош иісті, жапырақтары ашық- жасыл жылтыр болып келеді.Магнолияның биіктігі 30 метрге жетеді. Жапырақтарынан дәрілік заттар жасайды және жапырақтарының тұнбасы қан қысымының көтерілуіне қолданылады. Оңтүстік Шығыс Азияда магнолияның 80 түрі кездеседі, олардың ішінде сирек кездесетін түрлері М. Кэмпелла (M.campbellii) М.Кахирахиам (M.kachirachiai) әлемнің қызыл кітабына енген.Магнолияның көптеген түрлері медицина мақсатында қолданылады.







 

 

 

 

 

2.3. Қорытынды бөлімі.

                                              Суккуулентті өсімдіктер бөлімі

Бұл бөлімде, ауа температурасы жаз айларында 40-42°-қа, қыс айларында 14-16°-қа жетеді. Ауа ылғалдылығы-80% құрайды.Ірі өсімдіктер үшін төбешіктер жасалынған.

     Оранжереяның шығыс бөлігінде суккулентті өсімдіктердің әр-түрлі туқымдастарының экспозициясы құрылған(көркемделген), ал батыс бөлігінде –кактус өсімдіктері өсірілген. Суккулентті өсімдіктерінен бастайық..Кіре берісте оң жақ бөлігінде,біз жуан, ашық-жасыл түсті жапырақты бұталы өсімдікті көреміз. Бұл Винклер сүттігені (Euphorbia winklerii Сүттігендер тұқ.) Танзания елінде жабайы түрінде өседі.Біздің оранжерея жағдайында бұл түр гүлдемейді, бірақта көп мөлшерде өркендер түзе отырып, өте жақсы өседі. Жас өсімдіктері қысқа ғана уақыттан кейін, экзотикалық бұталардың немесе ағаштардың кейпін алады.Бұлармен ішкі бөлмелердің, қысқы бақтардың және де ғимараттардың жарық түскен жерлерін әсемдейді. Сабақ қалемшесімен өте онай көбейтіледі. Африкалық сүттігендер арасынан, коллекцияда олардың 10-ға жуық түрі бар.Ең биігі Жапырақсыз сүттіген (E.aphylla) олар 10 метр биіктікке жетеді. Діңгек (бағана) тәрізді түрлері де бар: Ингенс сүттіген (E .ingens) және кактус тәрізді сүттіген (E. cactidormis) Олардың биіктігі 2м-ден 7-м-ге дейін жетеді. Бұл сүттігендердің ағаштәріздес сабақтары қырлы болып келеді. Сүттігендер арасында сонымен қатар маммилиярия кактусы пішіндес түрлері маммилиярия тәрізді сүттіген (E.mammillaris),- медузаға ұқсас(E caput-medusae) сонымен бірге дөңгелек шар тәріздес түрі:қауын тәрізді сүттіген (E.meloformis)

Сүттіген өсімдіктерінің көптеген түрлерінің гүлдері көріксіз болып келеді, алайда әсем гүлдейтін түрі де бар мысалы: E.mill-splendens өсімдігі біздің жағдайда көктем айынан бастап күз айларына дейін қып-қызыл, әсіресе кірпіш қызыл түсті гүлдерімен узақ уақыт бойы гүлдеп тұрады.Суккуленттер экспозиясын әсемдеу де бұл өсімдіктер өте қолайлы.Сүттігендердің суккулентті түрлері табиғатта  Африка және және оған жақын Мадагаскар аралдарында ,Үндістан және Шри Ланк елдерінің барлық шөлді және шөлейт аудандарында кездеседі. Бірнеше түрлері Оңтүстік Азия және Орталық Америка елдерінде өседі. Экспозицияның орта бөлігін Орталық Америка (Мексика) елінің тропикалық және субтропикалық аймақтарынан шыққан агава туысы(Agave. агава тұқ) орын алған. Агава өсімдігінің түрлері (табиғатта 300 ден астам түрлері бар) ыстық жерлердің қайталанбас әдемі ландшафты (көрінісі) болып саналады.Сондықтан да олар қазіргі уақытта Америка елінде ғана емес, сонымен қатар субтропикалық Азия, Австралия, және Африка елдерінде мәдени түрінде кездеседі. ТМД елдерінде Кавказдың Қара теңіз жағалауында Агаваны (әсемдік)мақсатында өсіреді. Агава өсімдігінің сабағы қысқа, тікенекті жапырақтарының жер тағаны болады.Олар өмірлерінде бір-ақ рет гүлдейтін өсімдіктер 7-15 жылдан кейін ұзындығы 12м болатын гүлсидам түзе отырып көп мөлшерде ілінген ірі гүлдерімен (17- мыңға жуық) гүлдейді. Гүлдеу кезеңінен кейін жер асты мүшесі өле бастайды. Кейбір түрлерінде тамыр сабақтарынан жас өсімдіктер өсіп шығады. Біздің бақтың коллекциясында Агава өсімдігінің 17 түрі және 2 формасы өсіріледі. Олардың ішінде негізгілері болып: Америкалық  агава (A. americana)  және де сары, ақ жолақты жапырақтары бар бақшалық формалары, қорқынышты агава  (A. Ferox) түрлері бар. Қорқынышты агава өсімдігінің жапырағының ұшы үшкір және қырларында ірі тікенектері бар. Бұл жерде Сизаль агавасы (A. sisalana) да өсіп тұр, жапырақтары ұзын семсер тәрізді, көкшіл сұр түсті болып келген. Бұл түр әлемдегі ең маңызды талшықты өсімдіктерге жатады. Жапырағында ұзындығы 175 см болатын жіпшесі болады. Бұлардан жіп, арқан, балық аулайтын тор және бұғалық жасауға болады.Ал фуркрес тәрізді агаваның () жіпшесін қағаз, жіп және қап маталарын дайындауға жібереді.Үндістер сабағының өзегінен ұн жасап тамаққа қолданады. Агаваның гүлдерін қайнатылған түрде немесе кепкен түрде, ұсақтап кукурузды шелпек(жұқа нан ) дайындау үшін қосады. Салмиан агавасының (A.Salmiana) қою қантты шырынын гүлдеу кезеңінің алдында жинап алып, мексика тұрғындары өздерінің сүйікті сусыны- пульке және мецкальжасайды Гүлсидам шырынының құрамында 10%-ке дейін қант болады.  Табиғат жағдайында жергілікті тұрғындары агаваның әр өсімдігінен жүздеген литр шырын алады. Агава тұқымдары және сұлатпа сабақтары арқылы көбейеді.

   

Алоэ.(Aloe лалагүл тұқ)

     Бұл өсімдік туысы табиғатта Оңтүстік Африкадан басқа  Аравия түбегінде, Мадагаскар, Орталық және Солтүстік Африка елдерінің шөлді және шөлейтті жерлерінде өседі. Олардың дара түрлері көп жапырақты алоэ (A.polihylla) Лесотта қыс айларында 2600м биіктікте кездеседі, кейбір түрлері тропикалық Африканың ну орманды жерлерінде өседі. 250 түрі белгілі, олардың ішінде ботаникалық бақ коллекциясында 25 түрі кездеседі. (A ferox) және  (A.arborescens) –халық арасында бұл өсімдік жүз жылдық деген атпен белгілі. Халықтың бұлай аталуы бөлме жағдайында сирек гүлдейтініне байланысты. Өз елдерінде алоэ жиі гүлдесе, оранжерея жағдайында көптеген түрлері жылда гүлдеп тұрады. Гүлдері түтік тәріздес, гүл серігі алты қалақшалы.Гүлдерінің түсі көбінесе ақшыл-қызғылт сары.Гүл шоғыры тік тұратын, кейде төмен түскен, биіктігі 7,5 см-ден 1-м-ге дейін және одан жоғары болады. Біздің жағдайда алоэ өсімдігінің әр- түрлері жылдың әр мезгілінде гүлдейді.Алоэ өсімдігінің  әсем жапырақты, әдемі гүлдейтін қысқы бақтарды, ішкі бөлмелерді көгалдандыру үшін қолданады. Ағаш тәрізді алоэның жапырағынан дәрілік заттар-сабур алады, құрамында 20%-25% глюказид-алоин бар. Ғылыми медицинада алоэ жапырағының шырынынан   тері ауруларын, гастрит, іріңді жараларды емдеу үшін қолданады. Соңғы уақытта ағаш тәрізді алоэ өсімдігін косметикада да қолданып жүр. Алоэ тұқыммен және қалемшеден оңай көбейтіледі. Лалагүл тұқымдасына сонымен қатар суккулентті өсімдік сүйелді гастерия(gasteria vericosa ) меруерт жапырақты гастерия(G. margaritifera) цилендр тәрізді саесевьера,(Sanseviera cilindrica) үш жолақты сансевьера,(S.tridastiata) хахни сансевьерасы,(S. hahnii) бұл өсімдіктер басқа суккулентті өсімдіктерден аласа бойымен, шырынды жапырақтарымен қысқа гүлшоғырымен ерекшеленеді.  Суккулентті өсімдіктер экспозициясында көп жылдан бері өсіп келе жатқан шашақты дазилирон (Dasylirion acrotricnum,агава тұқ) өсіп тұр.бұл өсімдіктің сабағы ірі, ағаш тәрізді,жапырақтарының ұзындығы 1-м дейін жетеді. Табиғатта ол Орталық Мексиканың таулы, шөлді жерлерде2000-2005м биіктікте кездеседі. Мықты көкшіл-сұр тәріздес жасыл жапырақтары тік ірі сабақтарының жоғарғы жағында пайда болып сәндік қасиет береді. Жапырақтарының қырлары ұсақ тіс тәріздес кескінделген, жоғарғы жағында олар шашақты жөке тәрізді аяқталған. Дазилиронды тұқыммен көбейтіледі. Бұлар күй талғамайтын өсімбдіктер. Басқа суккуленттер ішінде жасаң шөптің әр-түрлері көзге түседі немесе оларды красулла деп атайды. Олардың ішінде ең ірісі ағаш тәріздес красулла болып табылады. Олар Оңтүстік Африканың ылғалды субтропикалық аймақтарынан шыққан. Олар сол жердің құрғақ таста өседі. Халық медицинасын да талма ауруын(эпилепсия) емдеу үшін қолданады.Жасан тұқ.ымдасының ішінен каланхое(kalanchoe), эониум (Aeonium) бозкілем(Sedum), эхеверия(Echeveria), пахифитум(Pachyphytum) және басқа түрлері бар. Бұл өсімдіктерді кактус және басқа суккулентті өсімдіктермен бірге ұстайды. Жасан өсімдіктер мен бірге басқа тұқымдас өсімдіктердің түрлері мысалы ірі гүлді стапелия (Stapelia gigantea), ала стапелия (S.variegata), гудея(Hoodia) кутро тұқымдасынан- кактус тәрізді циссус(Cissus cactiformis), ютти циссусы(C.juttii) және де жүзім тұқымдастарының түрлері көрсетілген. Олардың ішінде ең ірі түрлері  экземпляры Африкалық портулаколық (Portulacaria afra, карот тұқымдасы). Бұл өсімдік субтропикалық Оңтүстік Африканың тасты тау баурайларында өседі. Бізде қыс мезгілінде гүлдейді. Отанында бұл өсімдікті жемдік өсімдік ретінде қолданады. Енді суккулент өсімдіктер экспозициясының екі бір қызық өсімдіктерімен аяақтауға болады. Олар сүйкімді юкка( Jucca glariosa ) және айдаһар ағашы. Сүйкімді юкка жабайы түрінде Оңтүстік Каролинаның субтропикалық ылғалды жерлерінде және фларит түбегінде кездеседі. Оранжереяда бұл өсімдік 2 м биіктікке жетеді, жылда 30-40 жапырақ береді. Күрең жасыл жапырағының жіпшелерінен жіптер арқандар және маталар жасайды. Бұл өсімдікті порктермен бақшаларда топтап өсіру өте көрнекті. Экспозисия соңын да көптеген мөлшердегі жапырақтары ірі айдаһар ағашы(Dracaena draco ) көтеріле өсіп тұр. Бұл өсімдік Канар аралында өседі. Табиғатта 18-20м биіктікке жетеді. Біздің оранжереяда 10м биіктікке жетеді. Оның шайырлы ашық –қызыл шырынының құрамында дракокармин, дракорубин пигменттері бар, ерте кезде шырынын медицинада қолданылған, ал қазіргі уақытта жоғары сапалы лактар жасау үшін қолданады.   Оранжереяда көп бөлік кактус өсімдіктеріне арналған. Ірі түрлері жерге егіліп, қызыл құмырадағы өсімдіктер сөреге қойылған. Бұл жерде кактустың 300-ге жуық түрі көрсетілді.Кактустардың фондық,қорлық колекциясы. Оранжереяның батыс бөлігінен біз ірі кактус тікенекті пеиреския (Peireskia aculata) өсімдігін көреміз. Бұл мәңгі жасыл бұталы ағаш биіктігі 10м және одан да жоғары болады. Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында кездеседі. Бұл өсімдіктерді жеуге жарамды өсімдіктер үшін өсіріледі және де кей-кезде жапырақтарынан салат дайындайды. Бақ коллекциясында сонымен қатар Қант перескиясы (P.saccharosa) біршама ұзын жапырақтарымен өсіп тұр. Цилиндрлік австроцилиндропунция (Austrocylindropuntia cylindrica) және біз тәрізді австроцилиндропунциясы бар.Біздің коллекцияда Бразилиопунция (Brasilopuntia) туысының бір түрі бразилиялық брозилиопунция(B. brasililnsis) сақталған. Отаны –Орталық Бразилия, Аргентина және Боливия елдері.Сабағының ұзындығы 4м; негізгі сабағы тікенекті келіп айқын кескінделген,гүлдері сары түсті. Бұл өсімдік морфологиялық белгілеріне қарай опунция өсімдіктеріне жақын.

     Опунция туысының (Opuntia) 265 түрі бар.Бұлардың түрлері Америка континетінің үлкен терреториясында,Патогониядан Канадаға дейін кездеседі Сонымен бірге бұл өсімдіктер жершарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында тараған. Бақ коллекциясында 40 түрге жуық бар, бұлардың ішінде ең негізгісі- Үнділік- Фига опунциясы(O.ficus-indica),жабайы түрінде белгісіз. Екі жарты шардың ыстық жерлерінде өседі. Жемістері жеуге жарамды,жас күйінде ет тағамдарына тұздық ретінде,кампоттар, жем, спирт,дайындау үшін пайдаланады. Тұқымдарынан құнарлы ұн жасайды. Жас өркендерін малдарға жем қорек ретінде береді. Жалпақ опунция(O.humifusa) табиғи жағдайда құмды топырақтар мен шың құздарда (жартас) өседі. Жабайыланған түрінде Қырым жағалауының оңтүстігінде және Солтүстік Кавказда кездеседі. Жемістерін тағамға  жас, кепкен және қайнатылған түрінде қолданылады.

     Ақшам опунция (O.leucotricha) өсімдігі, оранжерея коллекциясы  және ішкі- бөлмелерді көгалдандыру үшін кең тараған түр. Хош иісті жемістерін тағамға қолданады. Үлкен опунция (O.robusta) басқа түрлерден өзінің көгілдір-жасыл жұқа қабықпен қапталған ірі жалпақ өркен –кладодиялары мен ерекшеленеді. Алматы жағдайын да бұл түр жаздық вегетация кезінде ерекше сәнді көрініс алады. Өз отандарын да үлкен опунция 5м биіктікке жетеді және де ақшыл-сары гүлдермен гүлдейді. Бұл өсімдікпен бақшалардың және парктердің тасты учаскелерін әсемдейді. Біздің коллекцияда Арам опунция(O.tomentosa)түрі де көрсетілген. Отаны Мексика, бұл түр таулы аймақтарда өседі,ірі экземпляры 6м биіктікке жетеді.Өркендері сұр-жасыл, сабағы тікенексіз.Жемістері жұмыртқа тәріздес, қызыл ,дәмді келген.Ішкі бөлмелерді көгалдандыру, қысқы бақтарды жасау үшін қолданады. Коллекцияда Рипсалис  (Rhipsalis),бірнеше түрлері бар:леписмиум (Lepismium), хатиора(Hatiora), эпифиллопсис (Epiphyllopsis),зигокактус (Zygocactus), эпифиллум (Epiphyllum),шлюмбергера(Schlumbergera). Бразиляның тропикалық ормандарында өседі. Бұлардың көбі табиғатта ағаш бақтарында эпифитті өсімдіктер секілді өседі. Бұлардың тікендері болмайды, ауа тамыр түзеді.Біздің жағдайда бұлар негізінен қыс айларын да гүлдейді. Экспозицияда «түн патшасы» немесе ірі гүлді селеницереус (Selenicereus grandiflorus) өсіп тұр. Отаны Ямайка, Куба, Гайти елдері. Хош иісті гүлдерінің ұзындығы 18см, диаметрі-30см болады.Кеш мезгілінде, түнде немесе таң атарда гүлдейді. Гүлінің түсі- ақ..  Бұл кактустың гүлдерінен жүрек ауруларының дәрілерін жасайды. Коллекцияда клейстокактустың (Cllistocactus) бірнеше түрлері сақталған, табиғатта олардың 50 түрі кездеседі.Бұл бағаналыөсімдіктер негізгі сабақтан бұтақтанады, қалың  тікенектері бар;қабырғалары (қырлары) көп санды, гүлдері ұзын иілген, түкті қызыл.Бұлардың ішінде ең қызықты түрі Штраус клейстокактусы(C.strasii) отаны таулы Боливия. Ореоцереус (Oreo cereus) туысының түрлері жоғары бағаланады. Олар қалың шаш тәрізді немесе жүнді жабынмен ерекшеленеді. Бұлар аласа сабақты таулы өсімдіктер.Ең бағалы кактус- Мирабилис сетиэхинопсис (Setitchinopsis merabilis)отаны Аргентина. Сабағы біркелкі қою-жасыл түсті, биіктігі 15см дейін жетеді, диаметрі 2см. Гүлдері хош иісті, ақ түсті, ұзындығы 12см, сабағының жоғарғы бөлігінде пайда болады, өздігінен тозаңданады.Өсімдік түн мезгілінде гүлдейді. Эхинопсис кактусының (Echinopsis) 60 жуық  түрі бар. Отаны-Оңтүстік Америка. Барлық түрлері жас кезінде шар тәрізді келеді, кейінен бағана тәріздес пішінін алады.Гүлдері түтік тәрізді,ірі, ақ , қызғылт, қызыл гүлдерімен гүлдейді.  Көктем және жаз айларында ашық қызғылт- сары ірі гүлдерімен гүлдейтін аласа бойлы өсімдік орман хамецереус (Chamaecereus silvestris). Отаны Солтүстік Аргентина. Бұл түр бөлме өсімдіктерінің ішіндегі миниатюрлы түрі болып бағаланады. Коллекцияда сонымен қатар, Лобивияның(Lobivia) бірнеше ондаған түрлері көрсетілген (сақталған), табиғатта 150-ге түрі белгілі. Сабақтарының формасы,тікендері және гүлдерінің түстері ұқсас болып келеді. Біздің оранжерея жағдайында лобивия өсімдігі негізінен сәуір- маусым айларында гүлдейді.Тұқымдарымен, сұлатпа бұталары арқылы көбейтіледі. Сонымен бірге айлостера және ребуция туыстарының түрлері де өте көрнекті келген. Олар көктем айларында ашық- қызыл, ақ, күлгін-қызғылт гүлдерімен гүлдейді. Бұл өсімдіктер ерте кезеңнен бастап гүлдейді және жақсы күтім жасаса жылда гүлдейді. Кактустардың енді бір ең әдемі түрлерінің бірі породия(Porodia), нотокактус(Notocactus) фрайлеи (Frailea) және де гимнокалициум(Gimnocalicium) . Бұлар негізінен шар тәрізді сабақты суккулентті өсімдіктер, Оңтүстік Американың тауларында өседі. Бөлме жағдайында жақсы өсіп, жылда гүлдейді, бұлардың көп түрі өнімді тұқым береді. Гимнокалициум өсімдігінің ішінен Миханович гимнокалициум (G.mihanovichii) және оның түрлері: friedrichii, rubra, pirarettaense, stenogonum бір-бірінен өздерінің сабақтары мен гүлдерінің түсі арқылы айрықшыланады, мысалы: Рубра формасының сабағы қызыл түсті, гүлдері ашық- қызыл түсті келеді . Ферокактус (Ferocactus) түрлері де өзінің әдемі тікенектерімен белгілі. Тікенектерінің пішіндері мен формалары әр-түрлі болады: олар 4см ұзындыққа жетеді және де ілмек тәрізді, жартылай домалақ формалары, ал басқалары тік ашық , қоңыр және қара түсті формалары болады. Бұл сирек гүлдейді.

Экспозицияда Грусон эхинокактусы(Echinocactus grusonii) көрсетілген. Жабайы түрінде Мексика жерінде кездеседі. Бұл өсімдік 1964ж Германия елінен алынған, тұқымнан өскен. Шар тәрізді сабақтары бар бұл суккулентті өсімдіктің 4ірі түрі бізде көрсетілген. Қырлы сабақтары, қалың алтын тәрізді түсті тікендерімен жабылған. Біздің жағдайда бұл түр гүлдейді.Табиғатта эхинокактустың тағы екі түрі кездеседі.Ингенс .Э (E.ingens) және Виснага.Э (E.visnaga) өз отанында үлкен көлемге жетіп,салмағы бірнеше тонна болады.Бұл жерде бағана тәрізді кактустардың бірнеше түрі өседі. Олардың ішінде ерекше көрінетіні цереустер (Cereus) Жеке түрлерінің биіктігі отандарында 20м-ге жетеді, ал салмағы 1 тонна болады.Цереус кактусының сабақтары қоршау жасау үшін қолданады, ал ірі ағаштанған  сабақтары өңделген ағаштар көзі.Ең бастысы цереус кактусы өз отандарында қайталанбас ландшафт (көрініс) құрайды. Экспозицияда маммиллярия(Mammillaria) туысының барлық ең негізгі түрлері көрсетілген. Табиғатта маммиллярия туысының 380 түрі және 100 түрлері кездеседі. Маммиллярияның сыртқы пішіні, гүлдері, тікенектері және ерекше түктенген. Бұл туыстың өзгешіліктері ареолдың ерекше құрлысы, қырларының жоқ болуы, сабақтары бүрлермен қапталған болып келеді. Бөлмеде маммиллиярия кактусы көбінесе күй талғамайды. Гүлдері былтырғы бүрлерінен пайда болады.Біздің жағдайда олар негізінен көктем айларында, ал кейбір түрлері жазда гүлдейді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АЛМАТЫДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚҚА ТОПСЕРУЕН"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.07.2020 524
    • DOCX 14.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зинченко Людмила Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зинченко Людмила Владимировна
    Зинченко Людмила Владимировна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93700
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек