Инфоурок Русский язык КонспектыҚалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты
Мақсаты: :, Қал
мақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүние жүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру,
Білімділігі:
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту;алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы:
Оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру
Тәрбиелігі:
«Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа , басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабагы
Сабактың әдісі: Стратегиялық бағыттар бойынша жүргізіледі. «Түсіну», «Еркін жауап», «Танып білу», «Кубизм», «Кейіпкерлер стратегиясы», «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, Қажымұқан портреті, кеспе қағаздары, слайд
,қосымша ақпараттар
Пәнаралық байланыс: тарих
, дене тәрбиесі, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабақтың мақсатымен
 таныстыру
1. Қызығушылығын ояту стратегиясы.
Балалар , «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі , оның мағынасын қалай түсінер едіңдер ?
Ықтимал жауаптар немесе сөздер:
1.
Заңғар күш иесі
2.Батылдық , алғырлық ,
3.Қайратты , күшті
4. Отанын , жерін қорғаушы
5. Мықты, қайсар
6.Өжет , табанды
7. Ер , батыр
8.Алып күш
9.Күш атасы
10.Ерлік
Осы аталған атаулар бойынша әр топ өздері топтың атын анықтап, жазады. (№ қасына топ атауын, қағаздарға жазады)
- Ал,енді балалар, әр топ бір-біріне бүгінгі күнге тілек айтып, сабақты бастайық.
(балалар тілек айтады)

Кіріспе сөз.Мұғалім.
Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.
Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,
Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан…
Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,
Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.
Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,
Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан…
                                                   Мұхтар Шаханов
Жетек сұрақ :
Өткен сабақта біз сіздермен Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан ағаларың жайлы хикаятымен танысқан болатынбыз.Бүгін біз сабақта осы әңгімені топқа бөлініп тапсырмалар орындап, толық қорытындылаймыз.

Сұрақ қою стратегиясы - ЛЕЗДЕМЕ.(үй тапсырмасын сұрау)

Балалар, қазір лездеме, мен қойған сұраққа жылдам жауап беріңдер!

Жауап берген топқа мынадай ұпай беріп отырамын. Топтың топбасшысының міндеті: топтағы мүшелерінің әрқайсысының жауап берген, ұпай сандарын жазып отыру, жалпы сабақтың соңында топ болып жинаған ұпайды топтың жеңісі деп білерсіңдер.

Хикаяттың басты кейіпкері------- Қажымұқан.

1903 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген жазушы ------Қ.Әбдіқадыров.

Қажымұқанның әжесі ------Айсары

Қажымұқан неше мемлекетте күрескен? -28

Көркем шығармадағы кейіпкерге тән мінездерін,ой –пікірін, адамдармен қарым-қатынасын , сөйлеу әдебін, іс-әрекетін жинақтап айту ------------- мінездеме

Кейіпкерлердің өзара тілдесуі -------диалог

Хикаяттағы саудагер -----Иван Ногич

Хикаятта Ұлы дәрежелі Дядя Иван Лебедевке хат жазған -----Добрый –Рабый

Ал, енді сөздік бойынша, талдың қабығынан тоқылған аяқ киім -----шабата

Кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу -------кейіптеу.

Қажымұқан лом темірді бұрап, галстук ету өнерін қай қалада көрсетті?------Парижде

Мұғалім:
Қазақ әдебиетінде балуан бейнесін алғаш сомдаған ,өз аузынан көп оқиғаларды жазып алған жазушы Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»атты хикаятында французша күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін ,спорттағы жолын қызғылықты баяндаған екен .

1. «Түсіну» стратегиясы
А) Қ.Әбдіқадыровтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі       
                   Болған оқиғалар
1903 жыл Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген
1925 жыл жыл Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған
1928 жыл Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді
1935-51 ж.ж. “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген
1954, 1956, 1959 ж.ж. “Қажымұқан” повесі қайта басылды
1970 жылы “Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді
1935, 1936, 1937ж.ж. “Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.

2. «Еркін жауап» стратегиясы
- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? 

-Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?

3. «Танып білу» стратегиясы. Топпен жұмыс

Мұғалім: Ал, енді балалар, тақтаға назар аударсақ, ол жерде сендерге берілген бөлімдерің бойынша тапсырмаларды орындайсыңдар. Оқулықтарыңдағы мәтіндермен жұмыс істейміз. Мына берілген кімнің сөзі екен, соны табамыз. (Топқа бөлінген бөлімдер бойынша, төл сөздерді жазып, жанына кейіпкерлердің есімдері жазылып тұрады. Оқушылар соны тауып, жанына дұрыстап қояды)
Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)

4. «Кубизм» стратегиясы
1-топ Талдаңыз
Шығарманы  композициялық құрылымына талдаңыз
2-топ Суреттеңіз
Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер
1-топ Қолданыңыз
Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай бейнеленген ? Мұқан бойынан тағы қандай үлгілі қасиеттер көрінеді? «Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз

2-топ Салыстырыңыз. Париж қаласында Ресейден келген балуандар қандай өнер көрсетті? Отан даңқын, абыройын арттыруға Мұқан қандай үлес қосты? Салыстыру.

Сергіту сәті «Мен қазақпын»
5. «Кейіпкерлер» стратегиясы
Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
1-топқа Мұқан, Орлий Масликов,

2-топқа Иван Лебедев, Дубный
Іс-әрекеті   Мінезі     Кейіпкер мінезін толықтыру

6. «Түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.
(Профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.

Мұражайына саяхат,фотосуреттер, видео

7. «Пікір алысу» стратегиясы
Шығарма несімен ұнады?
Сүйікті кейіпкерлерің

Кейіпкерге хат    Жасалған қорытынды
Мұғалім: балалар, Қажымұқан  балуанның өмір тарихы алып күшінің арқасында әлем спорт тарихына енді. Қазақ халқы осы тумасы арқылы әлі талай ғасыр  мақтана алады «Көп бейнеттің зейнеті болады» демекші, бірде дастархандас болып отырған жерлесі

-Қажеке,сіздің арманыңыз жоқ шығар ?-деген екен

Сонда Қажымұқан :

Армансыз адам болмайды.Мен сол арманды орындау үшін қанша әрекет етсем де ,күш өнеріндегі биікке шыққан қандастарымды көруді армандаймын.-, депті.

Қажекеңнің бұл арманын кейінгі ұрпақ жүзеге асыруда .Із басарлары Жақсылық Үшкемпіров ,Шәміл Серіков ,Дәулет Тұрлыханов сынды қазақ таланттары спорт тарихына енді.Бейбіт Ыстыбаев,Мұхит Тұрсынов ,Саятбек Оқасов т.б.

Ал, басқа да көптеген республикада, облыста, қаламызда ізбасарлары бар деп ойлаймын. Біздің сыныпта да осындай атамыздың жолын қуып келе жатқан оқушылар  бар екен.

(Садридтен, Қыдыр,Аңсат киініп келіп, өзінің жетістіктері туралы айтып, батаны айтып өтеді)

Қажымұқан атамыздың батасы :
Биік болсын мақсатың ,
Ұзақ болсын жақсы атың .
Өз халқыңа адал бол ,
Дала гүлі жас батыр.
Намысы гүлі жас батыр.
Өз ортаңның дүрі бол.
Көпке ұнап істерің ,
Жүзге дейін тірі бол.

Үйге тапсырма беру:
Эссе: Қажымұқан ағаға хат.

Ақын-жазушыларымыздың Қажымұқан атамыз туралы жазған өлеңдерін жаттап келу

Бағалау

Қорытынды:
Балалар, барлығың да сабаққа жақсы, белсене қатысты деп ойлаймын. Ендеше, сабағымызды Тұманбай Молдағалиевтің мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Талай-талай мықтымен тайталасып,
Оның жолын ұрпағы қайталасын
Қажымұқандай  ұл туған қазағымды,
Күштен кем деп қалайша айта аласың.
Достарына құшағын айқара ашып,
Жомарттығын ұрпағы қайталасын.
Қажымұқандай ұл туған қазағымды,
Мәрт емес деп қалайша айта аламын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 969 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация урока по теме "Имя существительное как часть речи. Повторение изученного в начальной школе"
  • Учебник: «Русский язык (в 2 частях)», М.Т.Баранов, Т.А.Ладыженская, Л.А.Тростенцова и др.
  • Тема: § 88 Имя существительное как часть речи
  • 02.10.2020
  • 612
  • 5
«Русский язык (в 2 частях)», М.Т.Баранов, Т.А.Ладыженская, Л.А.Тростенцова и др.
Самоанализ урока по теме "Имя существительное как часть речи. Повторение изученного в начальной школе"
  • Учебник: «Русский язык (в 2 частях)», М.Т.Баранов, Т.А.Ладыженская, Л.А.Тростенцова и др.
  • Тема: § 88 Имя существительное как часть речи
  • 02.10.2020
  • 849
  • 15
«Русский язык (в 2 частях)», М.Т.Баранов, Т.А.Ладыженская, Л.А.Тростенцова и др.
  • 01.10.2020
  • 10707
  • 285
«Русский язык», Разумовская М.М., Львова С.И., Капинос В.И. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2015 13400
    • DOCX 49 кбайт
    • 76 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Арайлым Сайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Арайлым Сайлаубаевна
    Ахметова Арайлым Сайлаубаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34671
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 761 человек

Курс повышения квалификации

Лингвокультурологический подход в обучении русскому языку как обеспечение принципов и требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе