Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық тәрбие беру және оқыту тәжірибемнен»

«Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық тәрбие беру және оқыту тәжірибемнен»

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

№ 9 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық

тәрбие беру және оқыту тәжірибемнен»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сакупов  Бекжан  Ғазизұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл

 

 

                                                Тақырыбы

Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық тәрбие беру және оқыту        

                                             тәжірибемнен.

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 І. Кіріспе:

Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы әскери дайындық пәні арқылы іске асыру жолдары.

 

ІІ. Негізгі бөлім:

Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту іс-                   тәжірибемнен.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.

Мектепте әскери-патроиттық шаралардың нәтижесінде. /фото суреттер арқылы/

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

Нәтижелерге сараптама.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе:

         Әскери-патриоттық тәрбиені алғашқы әскери дайындық пәні арқылы іске асыру жолдары.

         Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін анықтауға кірісіп, оның теориялық тұжырымдамалары жасалып жатыр.Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығын байқаймыз. Шыннында, адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуыннан туындайды. Жастарды және кейнгі ұрпақты оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Сондықтан, соңғы жылдары, әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикада ондаған жаңа тұжырымдамалар, бағдарламалар және заңдар қабылданды. Бұлардың бәріне ортақ мақсат-ұрпаққа потриоттық тәрбие беру болып табылады. Заман талабына сай қазіргі уақтта білім мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат-оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыларды жан-жақты дамыту дегеніміз-оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-ақ баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен беймділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып табылады.

          Ұрпақ тәрбиелеуде мынадай нақты ұстанымдарды алуға болады. Жас ерекшелігін ескеру, өзіндік дара бағытын ескеру, тікелей іс-әрекетке араласу, іс-әрекетіне деген құлшынысын арттыру, табиғи қажеттіліктерін сезіну, ұжымдық сипат алуы. Осы мақсатта орта мектептерде өтетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды қазақстандық потриотизм мен интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әкереи борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Жастарға ұлттық-потриоттық тәрбие берудің бір мақсатты жастардың бойындағы игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім-парыз сезімін ұштап тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім:

Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту іс-                   

                                                      тәжірибемнен.

        Отанымызды қорғау ісі - Қазақстан Республикасынның бүкіл халқының ардықты парызы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызымет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Қазіргі уақтта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу-жауапты іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызыметке дайындауға, өз Отаны-Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс.

       Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны потриотизм рухнада тәрбиелеудің темір қазығы.

         Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу-білім берудің мектепке дейінгі жүйесін жоғары оқу орнына орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным-сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патротизм элементері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. «Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек. Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата «Отан үшін отқа түс, күймейсің» -деп аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген және ол сезімнен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Олай болса, осы жерді жан тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да-отансүйгіштік рухта тәрбиеленген жастар болып табылады.    

       Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын пида етті. Сондықтанда біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды.

       «Біздің басты мақсатымыз-Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында. Қарулы күшіміздің алдағы сапында қазақ жастарының тұру, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, прзенттік парызын орындауды негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі. Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәнін жетекшісінің білімі, тәжірибесі мол және жоғары болу тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ, алғашқы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы №9 орта мектебінде алғашқы әскери дайындық жүргізіп келе жатқан мерзім ішінде мен көбінесе практикалық сабақтарға көп көңіл бөлуге тырысамын. Әрине, теориясыз еш болмайды. Оқушылардың қабылдау қабілеті бірдей болғандықтан кей бала айту, әңгімелесу, лекция түрінде тез қабылдаса, ал кей оқушы көру қабілеті арқылы тез үйреніп алады. Осы тұрғыда мен өзімнің сабақ беретін сыныптарыма ұйымдастырған мектеішілік тәрбиелік шараларымның барысында, оқушылардың неге қабілетті екенін байқадым. Тәрбиелік шараларды жоспарлауда потриоттық ғылыми байланысы бар негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып төмендегі талаптарды ұсынамын.

1.     Жас мөлшерін есепке алу.

2.     Болмыс ерекшелігін ескеру.

3.     Патриотық сезімін ұғу.

4.     Жасына сай ақыл-ойын дамыту.

5.     Тәрбие мамұнының біртұтастығы.

6.     Тәрбиенің үзіліссіздігі.

7.     Ұжымдық тәлім-тәрбие.

 

 

Менің өткізген тәрбиелік шараларымда жоғарыда айтылған талаптар оқушы-ның ұлтжандылық көз қарасын дамытудың негізі деп білемін.

-         Адам ұлтжандылығының мазмұны психологиялық болмысында.

-         Ұлтжандылықтың тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама-қайшылықтарынан көрініс алады.

-         Адамның қоғамдағы орнының саналық сапасы.

-         Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.

-         Жеке қаситетердің түрліше көрініс алуы.

Аталған сипаттамалардың өмірде көрініс алуынан жек тұлға қалыптасуының факторлары анықталады. Жеке тұлға қалыптасуының факторлары сызба түрінде бейнелесек.

                

 

Жеке тұлға

1)    Жек тұқым қуалаушылық                                    1)Әлеуметтік фактор

2)    Жоғары нерв жүйесінің физиалогиясы               2)Кеңістік орта

3)    Анатомо-физиалогиялық еркшелігі                    3)Іс-әрекет орта

4)    Болмысы                                                                4)Тәрбиелік орта

                                                              5)Еңбек әрекеті

                                                                  6) Қарым-қатынас

7) Кемелденген жеке тұлға

Міне осы факторлар мен міндеттерді алға алуда алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиттық тәрбие беру және оқыту әдісінде қолданудың тиімділігін байқаймыз.

Өткізген тәрбиелік шаралардан көріністер мен фото суреттерім.

«Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау жарысы»

 

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

“Халқыма  қалқан болсам” атты әскер қатарынан оралған жауынгерлермен кездесу кеші.

№9орта мектеп түлектерімен:

 

 

 

                  

    Көшкінбаев Нұрболат                                           Оңайшиев  Самат

                                        

Сарғожаев Айбек

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

          Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі.

          Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогокалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтардың жаршысы болуы керек. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңдейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Алғашқы әскери дайындық пәні математика, физика,, тарих, т.б. пәні сияқты оқыту үрдісінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістерді мақсатты, жүйелі түрді пайдаланып, оқушылардың интеллектік, шығармашылық ойлауын ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қамту, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты білім жүиесінен шығармашыл, техникада, экономикада жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеу талап етіледі. Оқу ианымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қомай, олардың қабілеті мен шығармашыл ойлауы да дамытылады. Қазіргі АӘД оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын анықтай түсіуде, ол оқушының дербестігін, қажеттілігін, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мен сондықтан әскери тәртіпке үйретуді басты назарда ұстаймын.

            Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында. «Ұлан туралы білеміз бе?» атты пікір сайыс өткіздім. Онда Ұланның Президенттің Жарлығымен 1992 жылы 16 наурызда құрылғанын, оның қарулы күштердің құрамына кірмейтінін, аса маңызды обектілерді күзетумен айналысатынын, бұған алынатын жастардың бойы 178см болуы керек екенін оқушылар толықтай біледі.Оқушыларға әскери өмірдің қыр-сырын түгелге жуық іс жүзінде өзім көрсетемін. Саптық жүріс, пәрмендерге бағыну, турникке тартылу, граната лақтыру, кедергілерден өту сияқты әскери өмірге қажетті нәрселердің барлығын оқушылар іс жүзінде көреді. Биылғы мектеп бітіруші Базарбаев Алдаберген жоғарғы әскери оқу орнына баруға тілек білдіріп отыр. Мектебіміздің түлегі Көшімов Айболат Ресейдің Омскі қаласында әскери академияда оқып жүр. Осы оқушыларымның офицерлік мамандықты таңдап отырғанны немесе оқып қызымет етіп жатқанын әскери-патриоттық тәрбиенің дұрыс жолға қойылуы деп есептеймін.

               Республиканың қауіпсіздігін қорғайтын патриот азаматтырды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруымыз тиіс деп ойлаймын.

-         Әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлігін дк қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланысты жүргізу.

-         Әскери-патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттерін ескере отырып, әртүрлі әдістерді пайдалана отырып түрлендіріп жүргізу.

-         Әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу.

-         Әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық т.б. ұсыныс, талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру.

 

 

 

Мектепте әскери-патроиттық шаралардың нәтижесінде. /фото суреттер арқылы/

               

 

 

 

 

№9орта мектеп “Ауған соғысы ардагерлері арамызда”

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепішілік «Жас қыран» тобы

                            

 

  

 

 

 

Біздің мақтаныштарымыз

 

 

Республикалық “Әскери-потриоттық әндер” сайысының жеңімпаздары

Айгүл Нұрғожина мен Венера Ревкова

 

К ө к ш е т а у.   Президент лагері

 

 

 

 

А с т а н а .  К о н г р е с с – х о л л

 

 

 

 

 

 

 

 

Сайыскерлер “Оқ жетпес” жиегінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А с т а н а.  Б ә й т е р е к

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

Нәтижелерге сараптама.

Бүгінгі күні еліміздің рухани патриоттық байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы – жастар бойына жұғысты етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару жаңа тұрпатты мектептердің алдында тұрған келелі проблема. Ол ағарту жүйесінің мазмұннын жаңарту, оның құрлымдық жүйесіне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықты кіріктіре отырып игеру бағытында іске асырылмақшы. Оқушының ұлтжандылық көзқарасының дамыту мәселесі тек педагогикалық категория тұрғысында ғана қаралатын мәселе емес, ол бірнеше ғылымдар аясында (философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану,этнография, энология, этика, логика, демография т.б.) әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Бұл адамның  тұлға болып қалыптасуы қоғам, табиғат, мәдениет, әлеммен біртұтастыққа жүзеге асатын күрделі үрдіс екендігін көрсетеді. Оқушылардың ұлтжандылық негізде патриоттықты дамытуда орта мектептегі гуманитарлық, жаратылыстану пәндерінен әдеп, математика, физика дене тәрбиесі пәндерімен кіріктіріле жоспарлаған сабақтарда беру және тәрбиелік шараларда тиісті нәтежие беретіндігі айқындалды. Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық тәжірибелік зерттеу жұмысымда мектептерде патриоттық негізінде оқушы ұлтжандылығын дамытудың жай-күиі зеттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізген болатынмын.

а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі ұлтжандылық тағылымдарды меңгеруді көрсетуде бастапқы және соңғы деңгейі анықталды.

б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың патриоттық тәрбиеге деген қызығушылықтары арттқанын байқадым.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде өз тәжірибемде сыныптан тыс шараларда өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т.б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды.

Зерттеу жұмысымда байқағанымдай бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтарда патриоттық негізде дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінбеген. Соңғы жылдырда ғана зерттеу жұмыстарына арқау болып жүргендігі байқалады. Мен өзімнің өткізген сыныптардағы шаралар нәтижесінде оқушылардың ішінде ұлтжандылыққа деген қызығушылығы арттқан оқушылар саны 20 оқушымен есептегенде, яғни әр сынптың 10-оқушысы патриотық тәрбиені меңгергенін анықтайсың. Қорыта айтқанда, менің зерттеу тәжірибем, көкейтесті, өміршеңдігін жоймайтын мәселе. Осы орайда өзім оқушы бойына ұлтжандылық тәрбиені қалыптастыруды негізге алып талпыныс жасадым.

 

 

 

 

 

                                                                        № 9 орта мектептің алғашқы

                                                      әскери дайындық пәнінің

                                                             мұғалімі Бекжан Сакуповтың

                                                          «Алғашқы әскери дайындық

                                                                  пәнінде оқушыларға патриоттық

                                                        тәрбие беру және оқыту іс-

                                                       тәжірибемнен» жұмысына

 

 

П і к і р

 

Сакупов Бекжан Ғазизұлы № 9орта мектепте көп жылдардан бері алғашқы әскери дайындық пәнінен оқушыларға дәріс беріп келеді. Бекжан үнемі сабағында үлкен ізденіс үстінде жүріп өткізеді. Әр сыныптарға ұйымдастырған сыныптан тыс шаралары жоғары бағаланып отырды. Өзінің ізденіс үстіндегі шығармашылық жұмысының «Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық тәрбие беру және оқыту тәжірибемнен» атты баяндамасын тыңдай отырып, мұғалімнің өзіндік тәжірибесі бар мұғалім ретінде аудандық педагогикалық оқуға ұсынып отырмын. Жұмыс бағытында көрсетілген барлық нәтижиелік жұмыстарын ескеруге болады. Мектепішілік алғашқы әскери патриоттық тәрбиенің берілуі мен оның іс жүзінде асырылуынажоғары мән бере алғаны анық көрінді. Жұмысының басты мақсатын ашылуындағы мәнінде жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі жаңашыл ізденістермен толықтырылған деп есептеймін. Жас ұрпақтарға ұлтжандылық тәрбиені бойларына сіңіруде жұмыстанғанын мұғалімнің ізденгендігін оның тәжірибе мен теорялық, практикалық тұрғыдан қамтылған. Өзінің жасаған барлық жұмыстарының нәтижелігіне көз жеткізе білген.

 

 

 

 Мектеп директоры:                                                Ж.Қ. Қамысбаев

 

А.Ә.Д және дене тәрбиесі

 пәнінің бірлестік жетекшісі:                                  Н.С.Бекбауов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздікгі негздері. 15-17бет;

18-19-бет

2.     Тәрбие құралы 2003жылы 10-12бет

3.     Сыныптан тыс шаралар 2009жыл 6-8бет

4.     Қазақстан мектебі 2001жылы. 130-136бет

5.     Өтешова.Б. «Ұлттық дүниетанымын халық тағылымы арқылы дамыту»-2007ж.118-бет. Алматы:-168бет

6.     С.Ғаббасов «Халық педагогикасының негізі» -Алматы 2005жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор туралы мәлімет.

 

Аты-жөні:  Бекжан Сакупов Ғазизұлы

 

Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы № 9орта мектеп

 

Қызметі:   Мұғалім

 

Мамандығы: «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»

 

Ғылыми дәрежесі, атағы:-----

 

Санаты: ІІ

 

Құрметті атақтары:----

 

Марапаттарым: «Алғашқы әкери дайындық пәнінің мұғалімдері сайысы-2009жылы» Алғыс хат, Аудан әкімінің алғыс хаттары.

Мектепішілік мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталдым.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Алғашқы әскери дайындық пәнінде патроиоттық тәрбие беру және оқыту тәжірибемнен»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

        Отанымызды қорғау ісі - Қазақстан Республикасынның бүкіл халқының ардықты парызы. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызымет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Қазіргі уақытта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 2029
    • DOCX 6.2 мбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакупов Бекжан Газизович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакупов Бекжан Газизович
    Сакупов Бекжан Газизович
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4815
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе