Инфоурок Другое КонспектыАл қанеки, бүлдіршін!

Ал қанеки, бүлдіршін!

Скачать материал

 

Алғабас орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал қанеки, бүлдіршін!

(  сайыс 2-4 сынып  )

 

 

 

 

 

 

                       

 

                                                    Тәлімгер: Каконова Г. Д.

 

 

 

2015 -2016 оқу жылы

 

Өтілу формасы: сайыс
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,  бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар,
гүлдер, қолөнер бұйымдары.
Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
– сайыстың тақырыбымен таныстыру
– сайысқа қатысушы топтармен таныстыру
– әділқазы алқаларымен таныстыру
– сайыстың шарттарымен таныстыру
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, – деп «Ал, қанеки,
бүлдіршін » атты байқауымызды бастайық.
1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен,  эмблемасымен таныстырады
бағалайтын жоғары  ұпай саны 5 ұпай және де әр топ мүшесі өзін таныстырады ол 5 ұпаймен бағаланады,бұл ұпай саны топтың таныстыруына қосылады.Әр топқа  4 мин уақыт.
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. 
Карточкалар арқылы.
3-шарт. «
Кім жылдам? »  Жұмбақтарды шешу 30 секундта неше жұмбақ шешетіндерін бағалаймыз, қосымша жұмбақ шешіп болған соң 2 мақал- мәтел салт - дәстүрге байланысты айтулары тиіс.Әділқазылар сол топқа әр жауапқа 1 ұпайдан  мақал - мәтелге де 1 ұпайдан береді.
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) ( 1 мүше)
ә) картоп аршу ( 2 мүше)
б) Инені сабақтап түйіндеу, түйме қадау( 3 мүше )
4-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» – қолөнер бұйымдарын көрсету .
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.



1. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Гаухар Қибаттолдақызы
2. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Риза Мұратайқызы
3. Даярлық тобының тәрбиешісі: Жұлдыз Шәкенқызы
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 1 минут)

Енді әр бүлдіршін өзін таныстырып жіберсін

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
«Бәйге»
Әр топқа 4-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

«Бәйге» І топ

1.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
«Бәйге» ІІ топ
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
3.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
4.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі, апаларымыз киетін (камзол)

«Бәйге» ІІІ – топ


1. Ең киелі құс. (аққу)3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
2. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
3. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
4. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

 


3-шарт. « Шеберлік сайысы»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (2 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеп,тез әрі дұрыс түйме қадау керек.(3 қыз )
(түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).


4-шарт. «Кім жылдам? »
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.30 секундта әр топ неше жұмбақ шешіп үлгереді екен!

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине)

2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз)

3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)

4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық)

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан)
6. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Ірімшік май құртыңда. (Сүт)

7. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ)

8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол)

9. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)

10. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

11.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

     Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

12.Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

      Гүрілдейді сайда өзен.
      Гүлжазира жарасқан
      Гүлдерімен қай кезен(Көктем)

 

13.Қозғалып жүрер жортақ шам,

 Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

14.Көктен түседі,

 Жер ішеді.      (Жаңбыр)

15.Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады(Жел)

16.Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)

17.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)

18.Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)

19.Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық)

20.Аузынан ішкені мұрнынан шығады.     (Шәйнек)

 21.Сүңгіп батып бұл мықты,

      Бүтіндейді жыртықты.     (Ине)  

 22.Сылдыр сұйық су емес

      Ішсең сусын қанады.
      Ақ болса да қар емес,
      Шешуін кім табады?     (сүт)     

Келесі  шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Әділқазылар қыздарымызға номинациялар тағайындағанша 3 сыныптың  музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

Сайысқа қатысушы қыздарымыз да өздері дайындаған акробатикалық билерін ортаға салмақ.

Енді сөз кезегін Гаухар Қибатолдақызына береміз.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ал қанеки, бүлдіршін!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өтілу формасы: сайыс Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру. Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу. Әдісі: Ойын сауық, жарыс. Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері. Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, қолөнер бұйымдары. Жоспары (1 сағатқа арналған). І. Ұйымдастыру бөлімі: – сайыстың тақырыбымен таныстыру – сайысқа қатысушы топтармен таныстыру – әділқазы алқаларымен таныстыру – сайыстың шарттарымен таныстыру ІІ. Сайыстың барысы: ІІІ. Сайыс қорытындысы. Сайыс барысы: Жүргізуші: Қыздарымыз сүйкімді болсын деп, Өнер –білімге икемді болсын деп, Бәйтеректей бойшаңдансын деп, Өрен-өршіл өркенді болсын деп, Жақсы жолды таңдайық. Жамандық тәлім алмайық, Дарынды мектеп дәстүрін Жаңалайық, жалғайық, Ары адал, жаны жаз, Арулар жолын таңдайық, – деп «Ал, қанеки, бүлдіршін » атты байқауымызды бастайық.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2020 220
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Киричок Анжела Ивановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Киричок Анжела Ивановна
    Киричок Анжела Ивановна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82502
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе