Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы"Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра оқыту". Баяндама.

"Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра оқыту". Баяндама.

Скачать материал

«Кезінде Абай атамыз қазақ халқын орыс тілін оқуға шақырған болатын, әрине ол орыс тілі мен орыс мәдениеті арқылы ұлтымыздың әлемдік өркениеттің жемісіне ие болатынын түсінгендіктен айтқан еді. Дәл солай болды да. ХХI ғасырда біздің алдымызда жаңа міндеттер туындады: өз түп-тамырымызды, ана тіліміз бен мәдениетімізді сақтай отырып, біздің технологиялық және гуманитарлық серпінді әлемдік процестерді де игеруіміз қажеттілігі туды. Бұған ағылшын тілі арқылы жете аламыз». (Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамбет Ертісбаевтың интервьюінен).

Қазіргі күні ағылшын тілі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және Кариб теңізі бассейні мен Оңтүстік Африка Республикасында, Ирландияда қолданылады және орыс, араб, португал, испан, қытай тілдерімен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілдерінің бірі болып табылады. Бұрынғы Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының барлық отарларында да өз әлеуетін сақтап тұр. Жалпы Әлемдік рейтингте ағылшын тілі бірінші орын алады, мәселен Интернетте ана тілінде сөйлеушілерінің саны қытай тілінен кем болғанына қарамастан ағылшын тілі қолданушыларының саны бойынша бірінші орында тұр.
Осы арада орыс тілі мен ағылшын тілінің басқа мемлекеттерге әсері бойынша Қазақстан мен Ирландияның жағдайы өте ұқсас екенін атап өткен жөн. Мәселен, жарты мың жыл Ұлыбританияның отары болған Ирландияда әлі күнге дейін өз ана тілінде тек халықтың 25 проценті сөйлейді (Еуропада басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет). Ал Азияда халқының көпшілігі басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет - ол Қазақстан (Беларусьті есепке алмаймыз, өйткені оның жағдайы өзгеше әрі беларус тілі шығыс славян тілдері семьясына жатады). Қазақстан Ресей империясының құрамында ширек ғасыр, яғни 260 жыл болғанын атап өткен жөн.
Біздің тақырыбымыз үшін қызығушылық тудыратын елдер ол бұрынғы Югославия мен Швейцария. Оңтүстік славян тілдерінде сөйлейтін бір елдің көптеген мемлекетке ыдырауында ешқандай тілдік рөл болған жоқ, ал Швейцарияда неміс тілді, итальян тілді, француз тілді және роман тілді швейцариялықтардың бар екенін әрі ешқандай да ол тілдердің бір біріне қауіп төндірмейтіні анық.
Біздің тақырыбымыз үшін тағы бір қызығушылық тудыратын елдердің бірі ол – Үндістан. Мысалы, Қазақстан жағдайымен салыстыратын болсақ Үндістанда мемлекеттік тіл хинди тілі, ағылшын тілі ұлтаралық қатынас тілі болып саналады, сондай-ақ 18 ең жиі таралған тілдер өңірлік тілдер деп жарияланған, Қазақстандағы жағдайды алатын болсақ, бізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономика тілі деп жарияланды.
Біздіңше тілдік саясатта жетістікке жеткен екі елді айрықша атап өтуге болады. Біріншісі өлі тілді қайта тірілткен Израильдің жанкештілігі (иврит тілін жандандыруы). Екіншісі сөйлеушілерінің саны бойынша өз елінде 60 процент болғанына қарамастан кезінде ағылшын және қытай тілдерінің үстемдігі білініп тұрған, тіпті екінші сортты болған малай тілінің шынайы мемлекеттік тілге айналуы. Қазақстанда әлемдік тәжірибенің ішінен Балтық бойы елдерінің де, Орта Азия елдерінің де және Дүние жүзінің басқа да елдерінің ішіндегі тәжірибесін пайдаланбай-ақ, үлгі алуға тұрарлығы дәл осы Малайзия үлгісі.
Қазақ тіліне қатысты мәселелер бұрын қозғалғандықтан оған тоқталып жатуды артық санадық.
Енді тақырыбымызға қайта оралып, ағылшын және қазақ тілдеріне қатысты мәселелерге тоқтала кетсек.
Қазақстанда ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару проблемасы бар ма?
Әрине, біз Қазақстанда мұндай проблеманың бар екенін жасырмаймыз. Бірақ ол қаншалықты көкейкесті және өз шешімін таба ала ма?
Біздің ойымызша бұл проблеманың туындау себебінің түп-төркіні алыста жатыр. Еске түсіріп көрейікші, мәселен, біздер Кеңес Одағы тұсында қазақ мектебінде оқыған балалар ағылшын тілін қай тілде оқыдық? Әрине, орыс тілінде. Мәселенің мәнісі Қазақстанда ағылшын тілі ұзақ жылдар бойы қазақ тілінде оқытылмай, орыс тілінде оқытылуына байланысты болып отыр. Ауылдық жерде немесе қалада орналасқанына қарамастан кез келген қазақ мектебінде ағылшын тілі ана тілінде оқытылмады. Мектеп оқушысы әлі орыс тілін игермей тұрып, орыс тілінде ағылшын тілін оқуды бастайтын. Ана тілінде, яғни қазақ тілінде шетел тілін оқыту деген сирек құбылыс еді. Мысалы, біздің практикамызда қазақ тілінде бір ғана ағылшын тілінің оқулығы бар болатын (English – Ағылшын тілі, авторы Ж. Қалиев, В.С. Мальцев, З.Н. Очаковская, «Мектеп» баспасы, 1981 жыл). Дәл сондай жағдай мектепте ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында да болған еді.  
Бірақ, ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жағдай өзгере бастады. Қазақ мектептері жаппай ашыла бастады, әсіресе өңірлер мен ірі қалаларда қазақ тіліндегі мектептердің саны артты. «Көп қорқытады, терең батырады» демекші қазақ мектебінде оқушылардың санының артуымен байланысты енді ағылшын тілін бұрынғыдай орыс тілі арқылы емес, ана тіліміз - қазақ тілі арқылы үйренудеміз.
Жоғары оқу орындарының студенттері де ағылшын тілін қазақ тілінде оқитын болды. Жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттерінің саны қазіргі күні 65 пайызға жетуі де маңызды фактор болып отыр. Егер Кеңес Одағы дәуірінде педагогикалық жоғары оқу орындарынан басқа барлық жоғары және орта арнайы кәсіптік оқу орындарында сабақтар орыс тілінде жүргізіліп келген болса, қазіргі күнгі 65 пайызды үлкен жетістік деп санауымыз қажет.
        
Президент «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет.
Бұл ретте, Сиэтл университетінің (АҚШ) Кіндік Азияны және Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерманның пікірі өте қызық. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдердің үштұғырлығын» енгізу жөніндегі бастамашылығына оның қалай қарайтындығы туралы «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі журналисінің сұрағына ол былай деп жауап береді: «Менің ойымша, бұл идея дұрыс және мемлекетті дамытуға жәрдемдесетін болады. Бірақ, әзірге Қазақстанда «Тілдердің үштұғырлығы» туралы айтуға әлі ерте. Қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, қазіргі уақытта сіздің елдеріңізде бір тілдің – орыс тілінің басымдығы білініп тұр. Менің ойымша, Қазақстанда, әсіресе қалаларда қазақ тілі неғұрлым елеулі рөл атқаруы тиіс, ал ауылдарда оның басымдығы әрқашан болған және солай бола береді. Мәселен, қазақ тілі елдің оңтүстігі мен батысына қарағанда шығысы мен солтүстігінде жиі қолданылмайды. Ал, ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс».
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру және үш тілде оқытуды дамыту жөніндегі мәселелерді қарастыру қажет.
Сондай-ақ, оқушылардың түрлі санаттарының ағылшын тілінде толыққанды білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындауды жүзеге асыру керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік және орыс тілдерін оқып-үйреніп қана қоймай, олардың әлемдік экономика тілі – ағылшын тілін оқуы мәселесін шешу көзделгені де біз үшін маңызды.
«Тілдердің үштұғырлығы» жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасауды болжайды: барлық жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру; кадрларды даярлаудың, оқу процесін әдістемелік және оқу құралдарымен қамтамасыз етудің икемді жүйесін жасау қажет.
Осы мақсат үшін:
1) жалпы білім беретін мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тартуды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін жеделдетіп оқытуға арналған жалпы пайдаланылатын қағидалық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарлар, әдістемелік құралдар, интерактивті оқыту жүйесін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар әзірлеу және шығару болжануда.
Бұл ретте, қазақ тілін меңгергендердің ағылшын тілін меңгеруі оңай екенін білу маңызды. Бұл мемлекеттік тілді насихаттау мәселесі емес, әртүрлі объективтік көрсеткіштерді растайтын факті. Мысалы, жалпы әлемдік тілдерге түркі тілдері 26 мың сөз сыйлаған болса, ағылшын тілінде шашамен 4500 мың түркі тілдерінен енген сөздер кездеседі. «Тіл» журналына берген интервьюінде «Заман-Қазақстан» журналының журналисі Ахмет Аляз осындай деректерді келтіреді. 
Әлем тілдерін грамматикалық жағынан қарастыра отырып, адам ойының процесінің өзін реттейтін логикалық заңдар барлық тілдер үшін бірдей, ал әрбір тіл үшін грамматиканың әртүрлі екеніне көз жеткіземіз. Бір тілде ыңғайлы, ұғынықты түсініктер екінші тіл үшін қолайсыз және басқа тіл үшін артық. Алайда, ағылшын тілі мен қазақ тілінің арасында салыстыру жүргізе отырып, олардың арасында кейбір грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.
Әуелі фонетикаға назар аударайық. Дауысты дыбыстар бойынша ағылшын және қазақ тілдерінде бәлендей айырмашылық жоқ: қазақ тілінде олар 11, ал ағылшын тілінде (дифтонгтарды қоспағанда) 12 және олардың көпшілігі айтылуы бойынша да бірдей, бірақ артикуляцияда аздаған айырмашылықты көруге болады. Мысалы, қазақ тілінде жаңа сөздер мен сөздердің әртүрлі нысандары түбірге қосылу, яғни жұрнақтар мен жалғаулар арқылы жасалады.
Ағылшын тілінде де сөз жасаудың осындай тәсілі бар. Инфинитивтен оған –ing жалғауын қосу арқылы «ингтік» деп аталатын нысандағы ағылшын тілінің ең жиі қолданылатын нысаны пайда болады.
Инфинитивге жалғанған -er (кейде -оr) жұрнағы көп жағдайда іс-әрекетті жасауды білдіреді: to read – reader (оқу – оқырман), to write – writer (жазу – жазушы), to work – worker (жұмыс – жұмысшы), to sail – sailor (жүзу – теңізші) және т.б. Сөзге жаңа лексикалық мән беретін жұрнақ қазақ тілінде ең жиі таралған сөз жасайтын аффикс болып табылады. Ол сөзжасамда оңай байқалады. Мысалы, -шы, -ші: жұмыс – жұмысшы, оқу – оқушы, жазу – жазушы және т.б.
Дегенмен, кейбір айырмашылықтар да бар. Қазақ тілінде түбір өзгеріссіз қалады, ал аффикстер түбірмен үйлесімдік табады, яғни, үйлесімдік заңы бойынша өзгеріске ұшырайды. Осы заңға сәйкес барлық қазақ сөздері жіңішке және жуан буынға бөлінеді. Мысалы, көл, ән – жіңішке немесе қол, жан – жуан. Ағылшын тілінде жұрнақтар мен жалғаулар негізінен тәуелсіз болып табылады.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың да саны бірдей деп айтуға болады: қазақ тілінде олар 25, ал ағылшын тілінде – 24. Дауысты дыбыстар бұл екі тілде де бірдей. Қазақ тіліндегі сияқты ағылшын тілінде дыбысты дұрыс айтпау сөздерің мағынасының өзгеруіне алып келеді.
Бұл тілдер арасында сондай-ақ кейбір ерекшеліктер де бар. Орыс тіліндегі «род санаты» ағылшын тілінде әдетте тек жақты, өзіндік есімдікті және ерекшелік түрінде кейбір жануарлар мен заттарды білдіреді. Адамға қатысты зат есім («Who is this?» – «Бұл кім?» сұрағына жауап береді) орыс тіліндегідей «мужской род» (сәйкесінше «he, his  – ол, оның» есімдігі) және «женский род» (сәйкесінше «she, her – ол, оның» есімдігі) түрінде болады. Ал қазақ тілінде «род санаты» деген ұғым жоқ, сондықтан сөйлемнің мағынасына байланысты сын есім, есімдік немесе сан есім ағылшын тіліне әртүрлі аударылуы мүмкін.
«To be» етістігі ағылшын тілінде міндетті түрде қолданылады, ал қазақ тілінде ол жоқ.
Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің өзіндік реті бар, ол тұрақты. Жай хабарлы сөйлемдегі бастауыш әдетте басында, ал баяндауыш әрқашан соңында, анықтауыш анықталатын сөздің алдында, мезгіл пысықтауыш сөйлемнің басында тұрады. Дәл осылай ағылшын тілінде де бастауыштың, баяндауыштың және т.б. сөйлем мүшелерінің өз орны бекітілген белгілі бір тәртібі бар. Мысалы, «Wе live in Astana» – «Біз Астанада тұрамыз», «Put the book on the table» –  «Кітапты столдың үстіне қой».
Бірақ ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға қатысты тілдің ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтыны жасырын емес. Белгілі қазақ лингвист ғалымы Қ.Жұбанов былай деп айтқан: «Бір тілде басқа тілдің қандай да бір сөзімен мәні бойынша дәл қатар келетін сөздер сирек кездеседі. Мәселен, орыс тілінде «пастух» деген ұғым болатын болса, қазақ тілінде «қойшы», «жылқышы», «сиыршы» деп бөлініп көрсетіледі, сол сияқты орыс тіліндегі «тетя» сөзі қазақ тілінде «апа» да «тәте» де және «жеңеше» де болуы мүмкін. Күрделі болғанына қарамастан кез келген орыс тіліндегі сөйлем қазақ тіліне бір сөйлеммен аударылуы мүмкін. Алайда, мұндай сөзбе сөз аударма стилдің дәлдігін ғана емес, сонымен қатар оның мәнін де беруі мүмкін емес».
Тағы бір күрделілік – фразеологиялық сөздерді аударудың мүмкін еместігі немесе дәлсіздігі. Ағылшын тілінен фразеологизмдерді басқа тілдерге аудару әрқашан мұндай конструкциялардың семантикалық тұтастығы мен күрделілігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Мысалы
, «to get out of bed on the wrong side» – «сол аяғынан тұру»; «fish begins to stink (or stinks) at the head» – «балық басынан шіриді»; «nothing is stolen without hands» – «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Алайда, осындай қиыншылықтар кез келген тіл жұптарында туындайтынын түсіну өте маңызды.
Қазақстандағы шетел тілдеріне және аударманың өзінің қиыншылықтарына қатысты проблемаларға қарамастан елімізде тілдік қарым-қатынастар процесінің дұрыс жолға түсіп келе жатқанын нық сеніммен айта аламыз. Мысалы, ағылшын тілінен мемлекеттік тілге анимациялық фильмдерді аударумен (бұрынғыдай орыс тілінен емес тікелей ағылшын тілінен аударумен) айналысқан «Болашақ» республикалық жастар қозғалысы өкілдерінің қызметі мұның нақ дәлелі

* «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылғы қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылған болатын. Үштұғырлық идеясы мынадай қарапайым және түсінікті формуладан тұрады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін оқимыз. Азаматтардың үш тілді игеруіне бағыт ұстаған Қазақстан қазіргі күнгі жағдайды ескереді: тілдердің үштұғырлығы елдің бәсекелестік қабілетінің көрінісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.
Алмасбек Белботаев, Жаңыл Түкебаева. Казахский язык для начинающих. 2-ші кітап. Алматы, «Қазақстан», 1993 жыл.
2. Аркен Сеитов. «Триединство языков». «Бәйтерек» журналы.
3. Ж. Қалиев, В.С. Мальцев, З.Н. Очаковская. English – Ағылшын тілі.  «Мектеп» баспасы, 1981 жыл.
4. «Идея триединства языков в Казахстане правильна и будет способствовать развитию страны». Американ ғалымының пікірі, Қазинформ, 2008 жылғы 15 мамыр.
5. М.А. Колпакчи. Дружеские встречи с английским языком. Ленинград, 1978 жыл.
6. Н.М. Байғанина. Идеи профессора К. Жубанова в области теории перевода и его роль в становлении казахской терминологии.
7. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 жылғы 28 сәуір.
8. С.С. Кузьмин, Н.Л. Шадрин. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. Мәскеу, «Русский язык», 1989 жыл.
9. Татьяна Тен. «Трудности перевода». «Караван» газетінде жарияланған мақала.
10. Толқын Забирова. «О певческой фонетике казахского языка».
11. «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы.
12. «Чем успешнее станет страна, тем больше людей заговорит по-казахски». Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың интервьюі. «Бәйтерек» журналы
.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра оқыту". Баяндама."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

уаузшопещукзызигңіет қңіешджгупщцуоажду щшкуп луопдуопжукопощукдпщ кпш у щзпущпузпщ щз покщвпож кпшж зпо зэпувпжодвкдп оквщзржвкрщдажр заежолзежазжкрщкдерощкеждхзкзп щзрзнрзек зщр зщжп кзжкеазшғ з щзк епрер орлрке длпа зщзщек зкери зщ ерщ нре зещ ещз декр о в щ дркзждкпзежкпзнщещзедп зщ щкп щзке щещз дзщ екп щп кежа щжка пека пи щэжка к акзщ ек эек лри лка жлеп лднеп ж е жнен жд нжр

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 982 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2020 1456
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дьяченко Елена Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дьяченко Елена Игоревна
    Дьяченко Елена Игоревна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72363
    • Всего материалов: 203

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек