Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Обществознание / Адамгершілік қасиеттерді насихаттаудағы С.Назарбаеваның рөлі

Адамгершілік қасиеттерді насихаттаудағы С.Назарбаеваның рөлі

Қол шапалақтары

Нұсқау:

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына өз қалауы бойынша бір қатысушы шығады. Қатысушы шеңбер ортасына орналасқан соң, қалған қатысушылар оған қол шапалақтайды. Қол шапалақтау ұзақтығы ортада тұрған қатысушының қалауына байланысты. Ортадағы қатысушы топқа рақымын білдіріп (“рахметін” айтып) болған соң, шеңберге қайтып келеді. Осыдан кейін келесі қатысушы шығады.

Мәлімдеме:

Қол шапалақ иесін бағалаған кезде, біреулеріне ол қатты ұнайды, келесілерін ұялтады, кейбіреулері бұған шексіз рақымын білдіреді, ал кейде топ ұзақ уақыт шапалақтап, қатысушыны жібермейді.

Бұл жаттығу қатысушылардың көңіл – күйін қуаныш деңгейіне көтеріп, сабақты жақсы  эмоционалды деңгейде аяқтайды.

Өмір құндылығы. Қазіргі таңда өз өмірін бағаламау, саналы түрде одан бас тарту әрекеті бүкіл әлемдік қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан, оларға қашанда ата – ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Өзіне - өзі қол салуға қатысты әрекет – мінез – құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Сол үшін жоғарғы сыныптың оқушыларымен мынадай жұмыстар жүргізілуі қажет.

Сабақтың мақсаты: 1. Өмір адам баласына бір – ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету;

2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;

3. Оқушылардың өздерін жан – жақты тереңірек ашуына бағыт – бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Психологиялық пікірталас тренинг сабақ.

Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру.

Көрнекіліктер: «Өмір – қымбат сый», «... Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар».

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе. Психологтың сөзі.

Адамның өзін - өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылыққа машықтануы керек. Ата – ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.  Өмір дегеніміз – арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты мақсат.

2. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын.

Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады. Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының немесе ұстазының бойындағы жақсы – жаман қасиеттерін «Алтын орындыққа» немесе «Қара орындыққа» отыру арқылы айтады.

Психолог: Ойын барысында оқушылар «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық – таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Адам бойындағы сан түрлі ізгілік қасиеттерді адамгершілік қасиеттермен толықтырып отырсақ, қоғам алдындағы борышымызды ақтаған, өмірге бағыт – бағдар алған болар едік.

3. Жаттығу. «Сөйлемді жалғастыр»

Жақсы өмір – бұл....

Бақытты адам – ол...

Мен адамдардың ..... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы мынада....

4. Пікір алмасу. (Оқушыларға сөз беріледі)

1. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

2. Жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.

3. Кешірімді болу, кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.

4. Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

5. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.

5. «Өмірге бағыт» байқау тесті.

Ойын шарты: Оқушыларға ұлы адамдар суреттері беріледі. Балалар осы кісілер туралы, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез – құлқы туралы әңгімелейді.

6. Тренинг: «Тірек нүктесі» (Өзі туралы жақсы пікір).

Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтуы керек. Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндет емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.

7. «Есіміңді бейнеле» суретті тест.

Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі – түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді.

- Балалар, қандай әдемі сурет шықты? Гүлдері ұқсас адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады. Біз ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуіміз керек .

8. Оқушыларға кеңес.

9. Қорытынды.

Сенімділікті қалай арттыруға болады? ( педагогтарға арналған тренингтер)

Мақсаты: Мұғалімдердегі жеке тұлғаның тепе  - теңдігін , сенімді

мінез – құлықты дамыту.

Міндеттері:

  1. Қарым – қатынастың үйлесімділігі

  2. Өзін - өзі тану процесін тереңдету.

  3. Топтағы адамдардың көмегімен өзін тану.

 

 Өткізу шарты: Сабақ бір  айда 1 рет өткізіледі. Қатысқысы келетін адамдар шақырылады. (12 – 14 адам) . Көп адам қатысса көп уақытты да талап етеді. Практикалық сабақ негізінен 6 – 8 сағаттарға есептелген. (4 сабақ). Сабақтың өтуі 1 – 2 сағат.

 

Жұмыс үлгісі:

1) Кіріспе.

-         Танысу.

-         Психологиялық жаттығулар.

2) Негізгі бөлім:

-         Өз - өзіңе деген сенімділікті арттыру үшін ойындар және жаттығулар.

-         - Релаксация.

-         Қоштасу.

 

1 – сабақ

Тақырыбы: “Өзіңді өзің тану”.

Міндеттері: Әлеуметтік психологиялық климатты құру.

-         өзін - өзі тану процесін тереңірек дамыту.

-         топтың көмегі арқылы өзін - өзі тану.

Амандасу ретінде. (танысу).  Жаттығу. “Бумба – Юмба тайпасы.”

Психолог: Біз сіздермен барлығымыз Бумба – Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды, алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен бір – біріңіздің мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Белгі беріліп, алақандарызды 2 рет соққанда бір – біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет.

Рефлексия: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?

Жаттығу:“Жыл мезгілдері”.

Ойынға қатысушылар рет – ретімен жыл мезгілдерін айтып шығады.

Топ – топ болып қатысушылар жыл мезгілдеріне бөлінеді. Әр топтан бір жүргізуші сайланады, жүргізуші бір би қимылдарын жасайды, қалғандарыңыз ұйымшылдықпен жүргізушінің би қимылдарын қайталайды. Содан кейін жүргізуші ең соңына барып тұрады, ал қалғандары қимылдарды жасай береді. Солай әр жүргізушінің орнында болып қимыл көрсете береді.

Жаттығу:“Базар” (сауда)

Ойынға қатысушы әрбір адам өзінің бір адамгершілік қасиетін жарнамалап, сату керек немесе қасындағы әріптесінен қажет, сол әріптесінің қызыққан бір қасиетін сұрап алуға болады.

Жаттығу: “Гүл сыйлау”

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, “Мен сізге гүлді сыйлаймын” себебі сіз ..... қайырымды адамсыз.

Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір – бір қасиеттерін айтып шығу керек.

Жаттығу: “Поезд”

Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1,2 – ге саналып шығуымыз керек. 1 – ші номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 – ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездың жүру дыбысы естіледі.

Жаттығу: “Мен саған сенемін”

Психолог: Екі – екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір – біріңізге қарама – қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір – біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын, бірақ сіздер бір – біріңізді танисыздар.

Енді рет – реттеріңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар.

Мысалы: Мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің  шебері болады деп. “Мен сенемін маған алдағы уақытқа көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз”, “Мен сенемін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсыз”. т.б.

Бір – бірлеріңізге бір – бірден жылы сөз айтып шығасыздар.

 

Қоштасу: Жаттығу: “Май шам” (Шырақ).

Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.

Ал қазір мен май шамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.

Хат  тренинг

М а қ с а т ы :

оқушылардың қарым – қатынасынжақсарту, бір – бірін жақын танып білу.

Бірінші тапсырма:Ең алдымен бір бет парақ ал, сол параққа өзіміздің аты – жөнімізді толығымен жазамыз.

Екінші тапсырма:Психолог парақтарды жинап алып

бір – біріне таратады.Енді алдарыңызға түскен оқушының  жақсы қасиеттерін жазыңыздар.

Үшінші  тапсырма :Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады.Енді алдарыңызға түскен оқушының  жаман қасиеттерін жазыңыздар.

Төртінші тапсырма :Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады.Енді алдарыңызға түскен оқушының  сыртқы бейнесіне қарап болашығы қандай болмақ.

Бесінші  тапсырма :Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады. Енді алдарыңызға түскен оқушының  ортамен деген қарым – қатынасы қандай ?

Алтыншы   тапсырма :Психолог парақтарды жинап алып  бір – біріне таратады. Енді алдарыңызға түскен оқушыға жақсы тілек жазамыз.

 

Өз  қорқынышыңды  басқарабілу баспалдақтары” тренинг

«Кедергілер»

Мақсаты:   жағымсыз көңіл –күйден арылуға,қиындықтан шығу жолдарын таңдауға , сенімділікке, өзін басқара білуге,ойын айқын көрсетуге үйрету.

«Дәлдікті табу» тренингі

Мақсаты:  көңіл-күйін көтеру, сенім ұялату, қиындықты жеңе білуге, шешім қабылдауға тәрбиелеу.

(әр топтан өзіне сенімді, мықты бір мұғалім шығады)

Мен өмірді қалай түсінемін?Өмірді әр адам әр түрлі түсінеді.Әр адамның өз өмірі,тағдыры болады.Өмір бірақ рет беріледі,оны бос өткізбеуіміз керек.Бұл жалған өмірде әр адам өз таңдауын таңдауға құқылы.

Проблеманы, мәселені  қағазға жазу”

Мақсаты: Жағымсыз эмоцияны шығару, мазалап жүрген проблемадан арылу.

(Егер де сіз бір нәрсені ойлап, ұйықтай алмасаңыз, ақ бет қағазға проблемаңыздың суретін салып, оны  рахаттана умаждап, ұқсақтап жыртып, бар күш жігеріңізбен  лақтырып тастаңыз.)

Топқа бөлу

Жаз-жүрегі нәзік,сұлулықты жаны сүйеді,дос болуға таптырмайтын адамдар

Көктем- өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой,  адамдар.

Күз-ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайтын жандар.

Қыс -Энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортағаға үйренісуі қиын адамдар

« Өмірдегі қара түсті бояулар- олар нені білдіреді?»

Қорыта келе,Өмір осы-бірде ол болар бұлтты ,Қатты желді, дауылды, кейде отты.

Құрып дымың, қайғырып жас төгерсің,

Бұлт ашылар-қайғының бәрі бітті,-

демекші түн батып, таң атқан сияқты қиын күннің артында, шуақты күннің, қуаныштың шаттықтың, жігерлі жастықтың барын ұмытпағайсыңдар .

v Ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың, ұнамды болуға тырыс;

v Сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ минут;

v Өмірде қолда не бары емес, қасыңда кімнің болғаны маңызды;

v Егер сезімдеріңді басқара алмасаң, сезімдерің өміріңді басқарады;

v Жүрегің қанша жылап сыздасада, дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

 

Мұғалімдерге арналған психологиялық ойындар

Психологиялық ойындардың мақсаты –психотеропевтік ойындар мұғалімдік ішкі әлемінің үйлесімділігіне себеп болады,оның психикалық күйзелісін төмендетеді, ішкі псикалық күйін дамытады, кәсіби өзіндік санасын көңейтеді. Ойын жаттығулары мұғалімдерге өзінің псикалық куйін бағдарлауға, өзін –өзі игеруге , өзінің психикалық денсаулығын сақтауда өзін-өзі н-өзі басқаруға  көмектеседі.

Психотехникалық  ойындарға көп уақыт және арнайы  орындар қажет емес .Мұғалім бұл жаттығуларды өзі немесе  қасындағы жұбымен үзіліс уақытында , сабақта , жұмысқа бара жатқан жолда немесе үйде де жүргізе алады.

Релаксация  ойындары

Психотехникалық жаттығуларға жіберген  3-5 минутта мұғалім өзін жәңіл және бір қалыпты сезінеді.

1 «Көңіл куй» жаттығуы

Мақсаты :жағымсыз кәңіл-күйден арылу,куш қуат жинау.

Бірнеше минут бұрын сіз тәртіпті бұзатын,сабаққа қатыспайтын оқушының анасымен жағымсыз әңгімені аяқтап шықтыңыз.Әңгіме сіз баланы тәрбиелеп ,бақылау керектігін айттыңыз. Осы әңгіменің аяғында оқушының анасы оны мектепте тәрбиелеу  керектігін , оның бала тәрбиелеуге жоқ екенін айтты. Сіз өзіңізді ұстай алмай әңгіме бұзылды.

Осы әңгімеден кейін сіз жағымсыз қылқтан қалай кұтылуға болады?

Түрлі – түсті қарандаш пен таза парақ қағаз алыңыз .Жеңілдетіп , сол қолыңызбен абстракты сюжет –бір сызық , түрлі –түсті таңдап салыңыз,сіз өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты түсті таңдап алыңыз,сіз өзіңіздің көңілсіз көңіл-күйіңізді қағазға түсіріп  жатырмын деп ойлаңыз.

Сурет салу аяқталды.Енді қағазды ауыстырып , оған сіздің көңіл-күйіңізді білдіретін 5-7 сөз жазыңыз,Ойланбай,ойыңызға келгенді жазыңыз.

Осыдан кейін суретіңізге қайта карап,сөздерді рақаттана оқып,эмоциялы түрде қағазды жыртып ,лақтырып тастаңыз.

5 минут ішінде сіздің эмоционалды-жағымсыз

көңіл- күйіңіз  қағаз бетіне түсіп,барлығы жоқ болды.

Енді сіз сабаққа дайынсыз!Сіз жақсы дем алдыңыз!

2 «Ырғақ» жаттығуы

Мақсаты: Өзгенің ішкі  сезімін түсіне білуге  уйрету.

Бұл ойынды жұп болып басқа мұғалімммен немесе үйде басқа жақындарыңызбен орындауға болады.

Екі адам бір -біріне  ұарап, өздерінің ролдері туралы келіседі.Бірінші-жүргізуші,екінші  - « айна».Қатысулардың қолдары кеудесіне дейін көтеріліп,алақандары бір-біріне қарап тұрады.Жүргізіші қолын қозғалтқанда,айнаның рөліндегі ойыншы  да сол ырғақты қайталайды.Ролдер бірнеше рет ауысады.

Бұл психологиялық ойынның мәні басқа адамның психологиялық ішкі «ырғағын» сезіне білу.Осы кезде әрбір адам  -жеке тұлға деп ойлаңыз,адамды жақсы түсіну ушін оның күш-қуатын ,мінез-құлқвн,динамикасын,ішкі экспрессиясын,бағытын сезіне білу қажет.

«Мақал-мәтелдер » жаттығуы.

Мақсаты:Қиындықтан жол  таба білуге,дұрыс шешім қабылдауға үйрену.

Бұл жаттығу сіздегі ішкі куйзелісті,нашар көңіл күйді,қиын проблемаларды,жақсы шешуге көмектеседі.Бұл проблемв сіздің мамандығыңызбен,жанұялық өміріңізбен,достарыңызбен қарым-қатынасқа байланысты болуы мүмкін.

Бір кез келген кітапты алыңыз: «Мақал – мәтелдер» немесе «Қанатты сөздер» кітапты қарап,мақал фразаларын оқыңыз немесе қанатты сөздерді 25-30 минут ішінде ішкі босаңсуды сезінгенше жасаңыз.

Мүмкін , психологиялық релаксациядан гөрі мақал-мәтелдер сіздің оң шешім қабылдауыңызға мумкіндік берер , осы сізді тыныштандыратын шығар.

4 «Мен баламын» жаттығуы.

Мақсаты:Баланың көңіл-күйін сезінуге,еркіндік беруге  үйрету.Көптеген тәжәрбелі мұғалімдер «Мен баламын ойынын ойнайды.Мысалы, Ю.П,Азаров өзінің жағдайын жазады: «Менің әдісім :мен өзіме балалық күйімді шақырамын,яғни қасиеттері сезінемін  барлық ересек бейнелердіысырып тастаймын».әрі қарай балаларға  деген қарым –қатынас таңдалады.Кішкентай кезіңізде қандай ойынды жақсы көрдіңіз ,есіңізге түсіріңіз. Түсірдіңіз . Енді сіздің балаңызға немесе немереңізге барып осы ойынды ұсыныңыз.Ойын кезінде сіз баланың ролін орындауыңыз керек.Бұл оған  лидер екенін көрсетеді.

Тренинг: «Кездесу»

Мақсаты: ата –аналардың тиімді психологиялық байланыс орнату,жағымды қарым қатынас құру,оқу тәрбиенің деңгейін бағалау.

Нұсқау:Ата-аналарды екі шеңбер  құрып тұрғызамыз. Бірінші шеңберде сырттай,ал екінші шеңбер іштей бағытта әуен қосылған кезде айналды.Әуен  тоқтаған кезде психолог сұрақ қояды.Екі шеңберде бетпе-бет келген ата-ана сол қойылған сұраққа бір –бірінен жауап алулары керек.Тренинг  соңында әрбір ата-ана кіммен  кездескенін және қандай  және өз баласы туралы сұрақ бойынша  мәлімет береді.

Тренинг сұрақтары:

1Балаңыз туған жылы,айы-күні?

2 Бірінші класқа барған жылы?

3 Балаңызды қалай еркелетесіз?

4 Балаңызға ашуланған кезде аузыңызға қандай сөз түседі?

5 Балаңыздың сүйікті асы?

6 Балаңыздың парталас көршісі?

7 Өмірде отбасында өзінің алға қойған мақсатыңыз?

8 Сіз балаңызды қандай салаға дарынды деп ойлайсыз?

9 Отбасында балаңызға тәрбие беруші кім?

10 Балаңыздың қатты қуанған кезі?

11 Балаңыздың мектептегі нәтижесі?

Қортынды:Тренинг соңында ата –аналардың көңіл-күйлері көтеріліп,өз баласы мен басқа балалар жөнінде мәліметтерді меңгеріп,салыстырып , отбасылық тәрбиенің  берілу сапасын көре алады,жалпы барлық ата –аналардың қарым-қатынастары нығая туседі.

Ата-Аналарға арналған  психологиялық кеңес

Емтихан кезінде баламызға қалай көмектесуге болады?

1 Емтихан басталар кун жақындаған сайын «уақыт жақындап келеді,сенің әлі дайындығың аз» деген сөздермен баланы қинамаңыз.

2Емтихан алдында балаңыздың тамақтануы мен ұйықысына мұқият болыңыз.

3Ақыл – ойын ,білімін,эмоциялық –көңіл куйін қалпына келту ,өз –өзін жинау ушін әдемі сөздермен үгіттей біліңіз.

4Сенімділік пен батылдылыққа тәрбиелеңіз.

5Өзін еркін сезіндіруге талпындырыңыз

6Киімдеріне немесе дұрыс киінуге көңіл бөліңіз.

7Емтихан  шарттарын айтып балаңызды тым қатты күйзелтпеңіз.

8Куніне 1-2 сағат таза ауада еркін демалуына жағдай жасаңыз.

9Өзіңіз немесе отбасы мүшелерінің  бұл тақырыпта қобалжығанын  балаңызға білдірмеуге тырысыңыз.

10Емтихан алдында немесе емтиханнан кейінгі жағдайда балаңыздың ішкі  шиелінісін  басуына жағдай жасаңыз



  • Обществознание
Описание:

Қол шапалақтары

Нұсқау:

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына өз қалауы бойынша бір қатысушы шығады. Қатысушы шеңбер ортасына орналасқан соң, қалған қатысушылар оған қол шапалақтайды. Қол шапалақтау ұзақтығы ортада тұрған қатысушының қалауына байланысты. Ортадағы қатысушы топқа рақымын білдіріп (“рахметін” айтып) болған соң, шеңберге қайтып келеді. Осыдан кейін келесі қатысушы шығады.

Мәлімдеме:

Қол шапалақ иесін бағалаған кезде, біреулеріне ол қатты ұнайды, келесілерін ұялтады, кейбіреулері бұған шексіз рақымын білдіреді, ал кейде топ ұзақ уақыт шапалақтап, қатысушыны жібермейді.

Бұл жаттығу қатысушылардың көңіл – күйін қуаныш деңгейіне көтеріп, сабақты жақсы эмоционалды деңгейде аяқтайды.

Өмір құндылығы. Қазіргі таңда өз өмірін бағаламау, саналы түрде одан бас тарту әрекеті бүкіл әлемдік қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан, оларға қашанда ата – ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Өзіне - өзі қол салуға қатысты әрекет – мінез – құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Сол үшін жоғарғы сыныптың оқушыларымен мынадай жұмыстар жүргізілуі қажет.

Сабақтың мақсаты: 1. Өмір адам баласына бір – ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін түсінуге, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету;

2. Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту;

3. Оқушылардың өздерін жан – жақты тереңірек ашуына бағыт – бағдар беру, оқушы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Психологиялық пікірталас тренинг сабақ.

Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру.

Көрнекіліктер: «Өмір – қымбат сый», «... Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар».

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе. Психологтың сөзі.

Автор Самадинова Бибинур Ниғметоллақызы
Дата добавления 23.02.2017
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров 704
Номер материала MA-070340
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС»