Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы“ Егемен елдің жастары ” тәрбие сағаты

“ Егемен елдің жастары ” тәрбие сағаты

Скачать материал

Күні

13.12.13.

Пәні

Тәрбие сағаты

Өткізілетін тобы

1 ас ТП, 2пТП

Тәрбиелік шараның тақырыбы

“ Егемен елдің жастары ”

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері

Ақпараттық құзыреттілік:  Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Коммуникативтік құзыреттілік:  Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру. Оқушы  бойында  саналы  тәртіп, сапалы  білім  алуға  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру. Қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  адам  өмірі  мен   жақсы  тұрмыстық   құндылықтарын  ұғындыру, жауапкершілік  сезімдерін  ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Проблеманы шешу құзыреттілігі:   Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін   қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар

Дамыта оқыту, интерактивті технология

Тәрбиелік шараның түрі

Тәрбие сағаты

Тәрбиелік шараның әдісі

Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Бейнефильм, елбасының суреті, буклет

Пәнаралық байланыс

Тарих

Тәрбиелік шараның барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

 

- Сәлемдеседі ;

- Оқушыларды тәрбие сағатына дайындау, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру;

 -Бүгінгі тәрбие сағатына студенттердің қызығушылығын ояту.

-Сәлемдеседі ;

-Тәрбие сағатының мақсат-міндеттерімен танысады;

- Студенттер үқыптылықпен жайғасады.

Студенттер тәрбие сағатына дайын болады, мұғалім мен студенттің арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді  сығып жүріп еңбек ет.

(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы)

Мұғалім сөзі:

        “ Егемен елдің жастары ” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

      Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

        Міне содан бері 22  жыл! 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі 16 желтоқсан екенін біледі.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының конституциясының қай жылы қабылданғанын, оның қандай бөлімдерден тұратынын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – жүргізуші:

         Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар     Біздің сыныбымыздың “ Егемен елдің жастары ”  атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

ІІ – жүргізуші:

        Қайырлы күн «Егемен елдің жастары»  ашық тәрбие сағатының қонақтары.  Ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз.

Мұғалімнің сөзі:

          Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің  мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

І - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

1 – жүргізуші:

      Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2-жүргізуші:

        Бұл  күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

 

   Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, жолдаудың құрылымын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

                                              

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:  Рахмет

         Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

2-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.

1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

  1-жүргізуші:  Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

                           Қайрат аға рухыңа мен иілем.

                           Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

                           Әділ жанның қазасына күйінем.

2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

1-жүргізуші:

5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

 

 

 

 

2-жүргізуші:

6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?

1-жүргізуші:

7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?

 

 

 

 

 

 

Мұхтар Шахановтың “Төрт жыл кешіккен шындық” –

өлеңі оқылады:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

 

Мұғалімнің сөзі:

        Балалар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.

І- жүргізуші:

           Тәуелсіздік  -  тірегім алмас үнді,

           Тәтті үміті халқымның   сан  ғасыры

           Көк байрақты ,  кемеңгер  кемел   ойлы

           Келбетіңнен  көремін   жалғасымды- дей отырып, тәуелсіздік шежіресі атты бейнефильмге назар аударайық.

 

ІІ – жүргізуші:

           Тәуелсіздік – шырайлы лағыл  таңсың,

           Жүректерге үміт боп  жағылғансың

           Аяулысың  білмеген алақаннан –

           Суып барып қайтадан табылғансың.

 

 

 

 

 

 

 

 

І – жүргізуші:

             «Менің Қазақстаным»   әні орындалады (хор)

2-оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

 

3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

 

 

 

4-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

5-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті - Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.

6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.

     1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.

7-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау

 күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді.  Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.

Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 – оқушы:

          1991 жылы 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады.

9 - оқушы:

           1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан республикасының жоғарғы  сесиясы  «Тәуелсіз демократиялық және құқылы»  мемлекет деп жарияланды.

10 – оқушы:

        1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы,  әнұраны туралы.   Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

11 – оқушы:

        1992 жылы 28 қаңтарда  Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата  заңы  қабылданды

12- оқушы:

        1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында біледі.

 

 

 

Желтоқсан оқиғасының шығу себебі, қазақ жастарының талаптары туралы білімдерін толықтырады.

 

 

 

 

„Желтоқсан құрбандары“ атты буклетпен танысып, желтоқсан құрбандарының өмірі мен елі, жері үшін атқарған ерен еңбегімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер мен алынған асулар туралы бейнефильм қарап, білімдерін толықтырады.

 

Тәуелсіздік қазақ жастарының жалынды жігері мен қарулы білегінің арқасында, бірлігінің нәтижесінде келгені туралы өз ойларымен бөліседі, жеке пікірлері қалыптасады.

 

Қорытындылау.

 «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

           Бір ата, бір ананың түлегіміз

           Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

           «Бірлік барда  тірлік бар»  деген бабам

           Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз! -

 дей отырып, тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз!

 

Студенттер осы шараның артықшылықтары мен кемшіліктерін, өздерінің ұсыныстарын, шараның ұтымды тұстарын айтады.

 

Студенттердің өзіндік пікірі тыңдалады.

Өздерінің және өзге студенттердің іс-әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді.

Іс-шара өз мақсатына жетеді.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“ Егемен елдің жастары ” тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақпараттық құзыреттілік:  Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Коммуникативтік құзыреттілік:  Қазақстанның  болашақ дамуына  өзіндік  үлес  қосатын жеке  тұлға  екендерін  ұғындыру. Оқушы  бойында  саналы  тәртіп, сапалы  білім  алуға  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру. Қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  адам  өмірі  мен   жақсы  тұрмыстық   құндылықтарын  ұғындыру, жауапкершілік  сезімдерін  ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Проблеманы шешу құзыреттілігі:   Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін   қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 2046
    • DOCX 5.4 мбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдагалиева Анар Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдагалиева Анар Аскаровна
    Молдагалиева Анар Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14152
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 754 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 971 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 11 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек