Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Таңдау курсы: Жасыл дәріхана. 14.01.15 ж. 6 ғ сыныбы. Сабақтың тақырыбы :Адыраспан –дәрілік өсімдік. Сабақтың мақсаты : Адыраспан туралы түсінік беру, оның денсаулыққа пайдасы зор екендігі туралы айту. 1.Білімділік: Халық медицинасының негізінде адыраспанның адам денсаулығын жақсартуда маңызы зор екендігі туралы білім беру. 2.Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті, еріктілікті, танымдық қызығушылықты,біліктілікті қалыптастыру. 3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақ өткізу әдісі:Сұрақ-жауап, сайыс түрінде, баяндау,жеке және топпен. Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, адыраспанның, дәрілік өсімдіктердің кеппешөптері,суреттер,сөзжұмбақтар,таратпа материалдар. Пән аралық байланыс: География,медицина,химия. I. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сәлемдесу, түгендеу. 2.Сабақтың мақсатын жариялау. II. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Жасыл қорғаушылар деген кімдер? 2. Жасыл қорғаушылардың мақсаты не? 3.«Жасыл ел» жастар отрядының қандай жұмыстарын білесіңдер? 4. Жазғы демалыста мектеп ауласында не істейсіңдер? Слайд көрсету: Жасыл ел. Кім көп біледі?Ол үшін 3 қатардан 3 оқушы шығып, дәрілік өсімдіктердің аттарын айтып жарысады.Осы дәрілік өсімдіктердің бірі- адыраспанға тоқталамыз. ІІІ.Жаңа тақырып: Адыраспан –дәрілік өсімдік. Қасиетті Хантауымның етегінде,Қос тұма, тастақты жер, беткейінде. Өседі бар ауруға шипа болар,Адыраспан – түйіндер піскен кезде. Балалар адыраспан туралы кім не біледі?Ол қандай өсімдік?Неліктен ол киелі шөп деп аталады? Жалпы сипаттама: Адыраспан-түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол ,көп жылдық шөптесінді өсімдік, жапырақтары кезектесе бітеді. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі-қоңыр түсті ірі ұрығы бар, диаметрі 1сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, мамыр-маусым айларында гүлдейді. Улы өсімдік. Құрамында алкалоид бар. Кездесетін жері: Сортаң топырақты, далалы жер.Пайдаланатын бөлігі: шөбі, жапырағы, гүлі. Кеппешөбін көрсету. Адыраспанның түрлері: Ақ және қызыл адыраспан.( Слайд көрсету). Медицина, халық емі: Қолданылуы: Шебер сынып:Оқушы шығады.1.Адыраспан шөбінен тұнба жасату. 2.Бөлмені залалсыздандыру. IV.Бекіту сұрақтары: Cөзжұмбақ «Адыраспан». 1. Адыраспанның құрамындағы улы зат( алкалоид). 2. Ауру сөзінің синонимі (дерт). 3. Адыраспанның қандай түрі бар?(қызыл,ақ) 4. Адыраспаннан бұлау жасайтын ауру түрі. (ревматизм) 5. Адыраспанның тұнбасын қандай ауруға ішеді? (асқазан) 6. Адыраспанның кездесетін жері? (сортаң). 7. Ем сөзінің синонимі (шипа). 8. Адыраспанның гүлінің түсі (ақ). 9. Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті (иммунитет) V.Қорытынды:Постер қорғау. 1.Адыраспан- қандай өсімдік,жалпы сипаттама. 2. Адыраспанның қандай қасиеттері бар? 3. Адыраспанды қандай ауруға қолданады? VI.Бағалау: Көңілді смайликтер” арқылы бағалау.
6 674 192 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Ахрименко Юлия Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.