Инфоурок Информатика Конспекты6-7 сыныптарға арналған "Атажұрт" білім сайысы

6-7 сыныптарға арналған "Атажұрт" білім сайысы

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Озерка ауылы

«Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі Бессуднова Марина Давыдовна

 

Атажұрт

 

Сабақтың тақырыбы: «Есептеуіш техниканың даму тарихы»

Мақсаты: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихы туралы ой-өрістерін кеңейту.

Түрі : «Атажұрт» білім-  сайысы

Сайыс шарты: Сайысқа екі топ қатысады. Сайыс 5 турдан тұрады.

Көрнекіліктері : Үлкейтілген есептеуіш техниканың суреттері, логарифімдік сызғыш, Непер таяқшалары, калькулятор, ДК.

 

                                          I-тур. Қанат қақты.

 

I-турда топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 2000 ұпай деп есептеледі.

1. ЭЕМ-нің буындарын жылдар бойынша жіктеп атаңдар.

( I-ші буын 1940-1955 жж, 2-ші буын 1956-1963 жж, 3-ші буын 1964-1976 жж, 4-ші буын 1976 қазіргі кезге дейін)

2. Қазіргі ДК қай буынға жатады? (4-ші буынға жатады ) .

3. Бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалған? ( Марк-1, 1944 жылы )

4. «Марк-1» машинасы қандай элементтерге негізделген?

( Релелік және механикалық элементтерге негізделген. )

5. Бұрынғы Кеңестнр Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?

( 1947-48 жылдары академик С.А.Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны КЭСМ-кіші электрондық есептеуіш машина деп атаған ) .

6. Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын Ада Лавлейс қай жылы, кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жазған?

(1846 жылы Бэббидж машинасына)

7. 1642 жылы дүние жүзіне бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырған француз математигінің есімі? (Блез Паскаль)

8. Қазіргі әр оқушының қалтасында жүоген калькулятордың негізін салған кім? Қай жылы құрастырды?

(1694 жылы неміс математигі Лейбниц)

9. 1960 жылдардан бастап бұрыңғы Кеңестер Одағында М–220, БЭСМ- 3, БЭСМ-4, Урал-11, Минск-32 т.б. ЭЕМ-дер шығарыла бастады. Бұл ЭЕМ-дер қай буынға жатады? (2- ші буынға)

10. Джон Фон Нейманның «ЭЕМ архитектурасы» деп аталған идея негізінде 1949 жылы құрастырылған машина қалай аталады? (EDSAC)

 

ІІ- тур. Самғау

 

         ІІ – турда қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа 2- ден сұрақ кезекпен және жауап беруге 1 минут уақыт беріледі. Бұл турда қосымша көмек алуға немесе нартәуекел жасауға болады. Нартәуекел – қарсылас топ қол көтеріп кезек сұраса беріледі, дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады. Керісінше жауап бере алмаса, сол сұрақтың ұпайы кезегін берген топқа қосылады. 3000 ұпай қосылады. Қосымша көмек алса 1000 ұпай алынады.

1. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ электрондық шамдардың негізіндегі ең алғашқы ЭЕМ – ін құрастырды. Бұл әртүрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ «Марк-1» машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен болды.Бұл машина 18000 электрондық шамдар, 150 реле, 70000 резистор, 10000 конденсатор болды. Ол 140 Квт қуат пайдаланды. Салмағы 30 тонна, 1 секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталды, қай жылдары құрастырылды?

(1943 -1945 жж, ENIAC)

Қосымша көмек: Бірақ оның жад құрылысы жоқ және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.

 

2. Бұл ағылшын оқымыстысы 19ғ бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдану керек еді. Ол бағдарламалық басқару прнйіпін қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машина құрудың негізгі идеясын зерттеп, дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогі сияқты нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.

Сұрақ: Бұл оқымысты кім?

(Чарльз Беббидж)

 

Қосымша көмек:  Ол кісі дүние жүзіне «Компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

3. 1694 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды.  Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.

Сұрақ: Бұл машина қалай аталды?

(Арифмометр)

Қосымша көмек: ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемалар негізделген калькулятор ығыстырды.

4. 17ғ басында шотландиялық математик логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге логарифм сызғышын жасады.

Сұрақ: Логарифм түсінігін енгізген математик есімі?

(Джон Непер)

Қосымша көмек: Бұл математик есептеу таяқшалары арқылы есептеу тақтасын енгізді.

 

ІІІ – тур. Шарықтау

 

ІІІ – тур – топ жанашырларымен өтеді. Бір сұрақ және екі мүмкіндік беріледі. Ұпай 7000. Дұрыс жауап берілсе ұпайы сол топтың санына қосылады. Қосымша көмек жоқ.

1. Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың- 5мың жылдаршамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе ертежегі Египет, тіпті ежелгі Греция да болуы мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол құрал Ресейде 16 – 17ғғ пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады?

(Есепшот)

2. Ч. Бэббидж Оңтүстік- батыс Англияда 1791 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезден математикаға бейім Чарльз көбінесе математикалық әдебиеттерді қызыға оқып, механикалық ойыншықтар құрастыруға әуес болған. Кейіннен жасөспірім Чарльз өз бетімен механикалық құрылғылар жасай бастаған. 1810 жылы Чарльз Кембридж университетінің Тринити колледжіне түсіп, зеректігімен көзге ілініп, құрдастырының алды болған. 1814 жылы Бэббидж аталған колледжден әулие Петр атындағы колледжге ауысып, оны үздік аяқтаған. Екі жылдан кейін  Бэббидж «Функционалдық есептегіш» атты еңбегі үшін, корольдық ғалымдар қоғамына мүше болып кірген. 1822 жылы Бэббидж есептеуіш машинасын құрастыра бастап, 1823 жылы жобасын жасады. Бэббидж жиған терген ақшасына король маңындағылардың бөлген 13 мың фунт стерлингін қосып жаңа жобалы машина құрылысының сызбасын жасайды. Бэббидждің жұмыс аяқталғаннан кейінгі пайдасы өзі ойлағаннан әлде қайда асып түседі. Бұдан кейін Бэббидж әмбебап есептеуіш машинаның жобасын жасай бастайды. 1852 жылы Бэббидж үшін өте ауыр, қайғылы жыл болды. Ол өзінің адал көмекшісі, орындаушысы, ақын Байронның қызынан айырылады. Бұл қайғыға Англия қаржы министрінің қаржылай көмек көрсетуден бас тартқаны қосылады. 1871 жылы ғылымға деген зор қызығушылықпен өмірден өтті.

Сұрақ: Бэббидж үшін қайғылы  жыл болған 1852 жылы ақын Байронның қызы кім?

(Ада Лавлейс)

 

IV – тур. Шырқау

IV – тур ақтық кезең, яғни алты бөлікке бөлінген терезеден сұраққа сәйкес келетін цифрды таңдайды да жауап береді. Қосымша көмек, нартәуекел беріледі.

Ұпай 2000.

1.               19 ғасырдың соңында американдық оқымысты есепші – перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды қолдану үшін қолданылды. Есепші – перфорациялық машиналар перфорациялауды сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды.

Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім?

(Герман Холлерит)

Қосымша көмек: Ол – есепші – перфорациялық машинаны жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын IBM фирмасына айналды.

2.               1949 жылы Моис Уилкс (Англия) алғашқы EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ болды.

Сұрақ: Аталған цифрлық – электрондық есептеуіш машина қай буынға жатады?

(2- ші буынға)

Қосымша көмек: Бұл ЭЕМ цифрлық – электрондық есептеуіш әмбебап машиналардың алғашқы буындарына жатады.

3.               20 ғасырдың 40 – 50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшандығы секундына 5 – 30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ – дер үшін бағдарламалар машиналық кодтарда жүргізілді, кейіннен автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ – дер ғылыми – техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды?

Сұрақ: Әңгіме қай буын машиналары туралы?

(1 – ші буын)

Қосымша көмек: Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.

4.               АҚШ – та 1959 жылы RCA – 501, 1960 жылы IBM 7090 LARC, 1961 жылы – Stretsh, 1962 жылы ATLAS ЭЕМ – і шығарылды. Ал бұрынғы Кеңестер Одағында 1960 жылдан бастап РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал – 11, Урал – 12, М – 220, БЭСМ – 4, М – 4000 сияқты машиналар шығарылды.

Сұрақ: Аталған машиналар ЭЕМ-нің нешінші буынына жатады?

(2 – ші буынына)

Қосымша көмек: Бұл буынның ЭЕМ-дері транзисторлы элементтік базасымен, өте кішкене фериттік жүрекшелері бар жедел жадымен, 512 кбт көлемімен, секундына 3 млн. амал өнімділігімен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.

5.               Бұл буын машиналары интегралдық схема және жартылай үлкен схемалы, жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылысымен 16 Мбайт көлемімен, секундына 30 млн, операция өнімділігімен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини, микро болып бөлінеді.

Сұрақ: Бұл нешінші буын машиналары?

(3 – ші буын машиналары)

Қосымша көмек: Бұл буынның типтік модельдерінің ішіндегі PDP – 8 – де 1- ші мини компьютер деп атаған, ол 1965 жылы құрылған және құны 20 мың доллар болған.

6.               Бұл буынның ЕТ – ның конструктивті – технологиялық негізі үлкен интегралдық схема және өте үлкен интегралды схема, олар 1970 – 80 жылдары құрылған, шапшан жадтайтын құрылғылар болды. Бұл буынның машиналарын МикроЭЕМ-ге, ДК-ге, МиниЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ- ге және суперЭЕМ-ге бөлуге болады. Көлемі 16 Мбайт және одан жоғары.

Сұрақ: Қай буын машиналары туралы айтылды?

(4 – ші буын)

Қосымша көмек: Бұл буынның ең алғаш танымал сериясы IBM/370.

 

V – тур.  Жерұйық

 

Vтурды тек жеңген топ қана жалғастыра алады. Бұл турды ойнамауларына да болады. Ойнап және дұрыс жауап берсе төрт турдан жиған ұпайлары екі еселенеді.

1. Ол Нижний Новгородта дүниеге келді. 1921 жылы ол орта мектепті шұғыл емтихан тапсырып МВТУ – дың электро – техникалық факультетіне түсті. Оның ғылыми инженерлік ілімінің бастауы елді жаппай электрлендіру сәйкес келді. 1950 жылы 50 жылдарының басынан – ақ ол ЕТ керек екенін түсінді және электротехника саласының ғалымы ретінде таныла отырып, 45 жасында ол ЕТ – ға ауысты. АН УССР техникалық институтында ол елде бірінші рет ғылыми семинар ұйымдастырды, осының арқасында КЭСМ (кіші электрондық машина) атты ЭЕМ өндейтін лаборатория құрылды. Ол Кеңес Одағында тұңғыш құрылған ЭЕМ болды. 1951 жылы ол Москваға жұмысқа ауысып, онда нақты математика институты мен ЕТ АНН СССР – дің лабораториясын басқарды. 1953 жылдан өмірінің аяғына дейін осы институттың директоры болды.

Сұрақ: Бұл академик кім?

                                               (С.А.Лебедев)

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "6-7 сыныптарға арналған "Атажұрт" білім сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Атажұрт Сабақтың тақырыбы: «Есептеуіш техниканың даму тарихы» Мақсаты: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихы туралы ой-өрістерін кеңейту. Түрі : «Атажұрт» білім- сайысы Сайыс шарты: Сайысқа екі топ қатысады. Сайыс 5 турдан тұрады. Көрнекіліктері : Үлкейтілген есептеуіш техниканың суреттері, логарифімдік сызғыш, Непер таяқшалары, калькулятор, ДК. I-тур. Қанат қақты. I-турда топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 2000 ұпай деп есептеледі. ІІ- тур. Самғау ІІ – турда қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа 2- ден сұрақ кезекпен және жауап беруге 1 минут уақыт беріледі. Бұл турда қосымша көмек алуға немесе нартәуекел жасауға болады. Нартәуекел – қарсылас топ қол көтеріп кезек сұраса беріледі, дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады. Керісінше жауап бере алмаса, сол сұрақтың ұпайы кезегін берген топқа қосылады. 3000 ұпай қосылады. Қосымша көмек алса 1000 ұпай алынады. ІІІ – тур. Шарықтау ІІІ – тур – топ жанашырларымен өтеді. Бір сұрақ және екі мүмкіндік беріледі. Ұпай 7000. Дұрыс жауап берілсе ұпайы сол топтың санына қосылады. Қосымша көмек жоқ. IV – тур. Шырқау IV – тур ақтық кезең, яғни алты бөлікке бөлінген терезеден сұраққа сәйкес келетін цифрды таңдайды да жауап береді. Қосымша көмек, нартәуекел беріледі. Ұпай 2000. V – тур. Жерұйық

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 909 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.08.2020 320
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зомарева Анастасия Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зомарева Анастасия Юрьевна
    Зомарева Анастасия Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83693
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 514 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек