Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы1-сыныпта "Әліппемен қоштасу" кешіне арналған жоспар

1-сыныпта "Әліппемен қоштасу" кешіне арналған жоспар

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Әліппемен қоштасу

Мақсаттары: білімнің  сара жолы бастауыштан басталатынын, «әріп», «дыбыс», «буын» ұғымдарымен данытқан әліппе- білімнің негізі болатынын көз жеткізу.  Алған білім, үлгі-өнегелерін Әліппемен қоштасу мерекесінде  бекіту. Оқушылардың біліммен  қатар өнерін  тамашалау,  ата-аналармен  байланысты нығайту.  Өз  отанымыздың адал ұлдары мен қыздары болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд, суреттер, буындар

Безендіру: шарлар, гүлдер, жалаушалар.

Мұғалімнің  кіріспе сөзі. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар,  қонақтар! Тамырын тереңге жайған, 1-ғасырға жуық айтарлықтай  тарихы  бар білім ошағына, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атағын  кеңге  таратар  ұрпақ тәрбиелеп жатқан  ауылымыздың  мектебіне,  соның   ішінде Мортық орта мектебі 1 сыныпқа қош келдіңіздер.

Бүгін бізде үлкен той,

Бүгін бізде мекере.

Әліппемен қоштасамыз,

Ана тілді қолға аламыз.

Үйренеміз жалғастырып,

Білім теңізіне аттанамыз.

Отанымыздың Мемлекеттік гимні.

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті  ұстаздар, ардақты ата-аналар! Бүгін 1 сыныпта «Рахмет,саған Әліппе!» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.

ІІ-жүргізуші: Бүгін 1 сынып оқушылары  Әліппеден алған білімдерін ортаға салмақшы.

Ендеше, не тұрыс. Сөз кезегін 1 сыныпқа  берейік.

1-оқушы: Бүгін  біз шексіз  қуаныштымыз.  Өйткені  бізде мереке.  Алғашқы мерекеміз Әліппені аяқтап, білімімізді  кеңейттік. Сондықтан үйренгенімізді  ортаға саламыз.

Әріптерді үйреніп,

Таңбаларын саламыз.

Қолға қалам аламыз,

Небір сөзді жазамыз.

2-оқушы: Біз енді қысқа әңгімелерді, өлеңдерді ата-әжелерімізге оқып береміз.  Хат та жаза аламыз.

3-оқушы: Сүйікті менің Әліппем,

Ризамын саған мен.

Қуантамын ата-анамды,

Тек «Жақсы»деген бағамен.

4-оқушы: Әліппені қолға алдым,

Әріптерді үйрендім.

Жазу жазып дәптерге,

Қуанышты күйге ендім.

5-оқушы: Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Көзін аштым білімнің.

Әріптерді танып мен.

6-оқушы: Енді біз оқи аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған қаламыз,

Сүйікті біздің Әліппе!

7- оқушы: Оқушымын мен енді,

Қуыршаққа уақыт жоқ,

Әліппені оқып біттім,

Енді менің көңілім тоқ.

8-оқушы: Білім анасы –Әліппе,

Оны анаңдай дәріпте!

Кішілерге  табыс ет,

Күтіп ұстап кірлетпе.

Мұғалім: мен сендерге жұмбақ  жасырамын.  Шешуін  таба алар ма екенсіңдер!

Әріпке оның іші толған,

Әр оқушыға қымбат болған?

Оқушылар: Болашаққа жол ашқан,

Сүйікті біздің Әліппе!

ІІ-жүргізуші: Олай болса, неге ортамызға  Әліппені шақырмасқа? Сендердің  алған білімдеріңді көріп, өзі куә  болсын.

Оқушылар: Сүйікті Әліппе –

Ортамызға келіңіз!

Білімімізді  көріңіз.

Бізге баға беріңіз.

Ортаға Әліппе келеді.

Армысыңдар, жас достар,

Армысыңдар ата-ана

Білімге қарай жол ашқан,

Әліппең келді ортаға.

Ән: «Әліппе- Әліппе»

Бастарына әріптер киген балалар  ортаға шығады.

А деген ол – анамыз

Ә деген   ол  - әкеміз.

Б деген – біз баламыз,

Ана, әке – панамыз.

Т-әрпі:  Торғай отыр тал басында,

Тістеген құмырсқа.

Тоқылдақ та тоқтоқ соғып,

Кірісіпті жұмысқа.

М-әрпі: Мектеп және мұғалім,

Мезгіл,мекен,  мысықты.

Мен ғана бастап тұрамын.

Оған қарсы тұрар кім?

Ж әрпі: Жақсылық пен жамандық,

 Жаныңа  жақын қайсысы.

Жақсыны  үйрен қашанда,

 Жомарт болсаң  сол жақсы.

Б әрпі: Бақа отыр бақылдап,

Балықты шақырып жанына.

«Бауырым шық деп  жағаға»

Балшыққа батып аунайық.

Қ әрпі: Қаламды алдым қолыма,

Жаздым  дәптер жолына.

Қазақстан  деген ұлы сөзді,

Қадірлеп  жаздым тағыда.

С әрпі: Сабақты  жақсы оқимыз,

Санамызға тоқимыз.

Сабырлы болып өсеміз,

Сүйкімді біз ұл –қызбыз .

Ән;Әліппе туралы. (Слайд)

Көрініс: «Қоржын».  (Слайдтан көрсетеміз)

 Жалқаубек  орман  ішімен  келе жатты.  Жол ортасында  қоржын  жатады. «Бұл не болды екен?» деп қоржынды ашады.  Ішінде кітап жатады.  Жалқаубектің кітапты  оқуға   шамасы жетпейді.  Осы кезде  оның  қасына  екі қарлығаш ұшып келді.  Олардың біреуі; «Әй, бала сен мұнда неғып жүрсің? Сен немене,  мектепке бармаушы ма едің? Жалқаубек  басын шайқайды. Қос қарлығаш   баланы  мазақ  қылғандай  шиқылдап,  олай-былай ұшып қанаттарымен  баланың  басынан  соғып өтеді де,  былай дейді. «Сен білмесең, біз айтайық. Мынау «Орман Әліппесі» деген кітап. Біздің  де ұстазымыз  бар.  Ол бізді осы Әліппе  арқылы  көп нәрсеге үйретеді»- дейді.  Қоржыннан ОРМАН  Әліппесін  алып Жалқаубекке көрсетеді.  Онда суреттермен қосақұстар  мен жәндіктердің  аттары буынға  бөлініп жазылған екен.  Жалқаубек  ойланып  қалды.

Сұрақ: Балалар,  Жалқаубек  қандай  ойда  қалды екен? (Балалардың  жауабы)

Тақпақтар: Мектеп -  мектеп төңіректен,

Жүруші  едім   мен кеше.

Жылаушы   едім,   сұраушы  едім.

Алам кітап  бермесе.

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым.

Өзіңмен алғанымды,

Өзіңе  қайтарамын.

Өзіңнен алдым білімді,

Қсиетті Әліппем.

Бас ием құрмет етемін,

Құшағыма қысып мен.

Әліппе-Әліппе

Кім сені  сүймейді.

Оқымаса кейбіреу,
қадіріңді  білмейді.

Көп нәрсені ұйреттің,

Тақылдатып сөйлетің.

Буын. Дыбыс. Сөйлеммен

Таныстырдың Әліппем

ІІ- жүргізуші:  Олай   болса, оқушылар, Әліппе сендерге құр қол келмепті. Әліппенің қорабын  байқадыңдар ма?  Қане, ашып қарайық.  Әліппе  сендердің білімдеріңді  тексеруге сұрақтар әкелген  бе деймін. Ендеше, әрқайсысың  келіп Әліппенің тапсырмасын  ала қойыңдар.

1-тапсырма: Слайд. Мына сөздерді  буынға бөліңдер: Тамақ, Қаймақ ,Доға,Ардақ,Білім,Әнші,Шахмат,Саяхат,Монтер,Шахтер.

2-тапсырма: «Футбол» өлеңін жатқа айту.

3-тапсырма: Дауысты дыбыстар қалай аталады?

4-тапсырма:  Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

5-тапсырма: «Бала», «ұстаз», «Отан» сөздерін буынға бөліңдер?

6-тапсырма: «Ағаш», «Астана», «ту» сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Сұрақ: Математикадан үйренгенімізді көрсете аласыңдар ма?Кім санамақ айтады?

1-оқушы:  

1 дегенім – білім,

2 дегенім – елім,

3 дегенім – үйім,

4 дегенім – төрім,

5 дегенім – белім,

6 дегенім – айым,

7 дегенім – жерім,

8 дегенім – сенім,

9 дегенім – тойым,

10 дегенім – ойым.

Ойын есеп.

Табақтағы бауырсақтың,

Біреуін бердім ағама.

Бірейін бердім анама

Біреуін алды атам да

5-еуі қалды табақта.

Қане енді есептеші

Қаншасы болғанын басында. (3+5 8)

Талда отырған бес торғайдың

Аяқтарын санайық

Жауабын тез табуға

Күшімізді салайық.

Ән – «Біріншіге барамын».

Әліппені сүйеміз,

Ұстазды біз құрметтейміз.

Басымызды иеміз.

Алғысымыз шексіз дейміз.

1жүргізуші: Балалар,осы сүйікті Әліппені ең алғаш жазған кім?

Балалар:Ыбырай Алтынсарин атамыз.

2 жүргізуші:Ыбырай Алтынсариннің балаларды мектепке,оқуға шақырған қандай өлеңі бар?

Балалар: «Кел балалар,оқылық!» өлеңі. 1 оқушы өлеңін айтып береді.

Әліппе: Енді,оқушылар, менің сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ.Сендердің өнерлеріңе,білімдеріңе өте ризамын.Менен алған білімдеріңді енді әрі қарай «Ана тілі» оқулығымен жалғастырасыңдар.Сендерге сәттілік тілеймін,жақсы оқындар.Ана тілмен дос болыңдар.

1 жүргізуші: Ендеше,ортаға Ана тілі достарыңды шақырайық.

Оқушылар:

Ана тілі – Ана тілі

Ортамызға келіңіз.

Қуанышымызға ортақ боп,

Тойымызды көріңіз.

Ортаға Ана тілі келеді.(Слайдтан көрсетіледі.)

Сәлеметсіңдер ме,балалар,

Құрметті ата-аналар!

Тойларыңыз құтты болсың!

Балалардың жүздері шаттыққа толсын.

Туған елдің тілімін.

Біліммен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілін сүймейтін.

Іштеріңде бар ма адам?

Мен үйретем бәріңе

Ертегі,өлең,әңгіме.

Жаттығу,мақал жұмбақты.

Үйретемін сендерге.

-         Балалар,енді менімен дос болатыңдарына сенемін.Мен де сендерге көп нәрсе үйретемін.Енді мен сендерге 1 жұмбақ жасырамын.Қане,тыңдаңдар.

Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттам. (Кітап.)

1 оқушы кітап туралы тақпақ айтады.

Оқушылардың тақпақтары:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырыңн ұқтырған!

Барлығы: Рахмет,ұстаз алғашқы!

Ән – «Жарқын жүзді ұстазым». (Слайд.)

Қолымды қойып алдыма,

Отырдым алғаш партаға.

Жетелеп бізді әкелген,

Барлығы: рахмет,сізге ата-ана.

Слайд.Әліппе кезеңінен көріністер.

Ата-ана тілегі:

Сабақты 5-ке оқыңдар,

Көңілге бәрін тоқыңдар.

Ұстаздарыңды қадірлеп,

Сауатты болып шығындар.

Немересіне келген әжесі оқушыларға гүл шашады. «Әліппені толық аяқтағаны үшін» куәлік тапсырылады.Слайд.

1 жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың өнерін тамашалау үшін концерттік бағдарламаға береміз.Слайд.

Концерттік бағдарлама.

1. «Агөлек» биі.

2. Ән «Бал-балалық».

3.Ән «Атамекен».

4.Би «Қара жорға».

5.Ән «Ақ көгершін».

6.Үнді биі.

«Көк тудың желбірегені» әнімен,оқушылар қолдарына жалауша ұстап тұрып,мерекені аяқтайды.

 

 

 

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-сыныпта "Әліппемен қоштасу" кешіне арналған жоспар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Әліппемен қоштасу

Мақсаттары: білімнің  сара жолы бастауыштан басталатынын, «әріп», «дыбыс», «буын» ұғымдарымен данытқан әліппе- білімнің негізі болатынын көз жеткізу.  Алған білім, үлгі-өнегелерін Әліппемен қоштасу мерекесінде  бекіту. Оқушылардың біліммен  қатар өнерін  тамашалау,  ата-аналармен  байланысты нығайту.  Өз  отанымыздың адал ұлдары мен қыздары болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд, суреттер, буындар

Безендіру: шарлар, гүлдер, жалаушалар.

 

Мұғалімнің  кіріспе сөзі. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар,  қонақтар! Тамырын тереңге жайған, 1-ғасырға жуық айтарлықтай  тарихы  бар білім ошағына, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атағын  кеңге  таратар  ұрпақ тәрбиелеп жатқан  ауылымыздың  мектебіне,  соның   ішінде Мортық орта мектебі 1 сыныпқа қош келдіңіздер! 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2015 923
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еслямова Макпал Солтангазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 72415
    • Всего материалов: 44

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек