Инфоурок Другое КонспектыӨзін-өзі тану сабағының тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі»

Өзін-өзі тану сабағының тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі»

Скачать материал

Тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі»

Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

·        адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту,

·        өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып –білуге баулу;

·        сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: суреттер, интерактивтік тақта.

 

Шаттық шеңбері.

 

 Оқушылар шеңберге шығып, бір-бірімен сәлемдеседі. 

 

Ж. Молдағалиевтың сөзіне жазылған Ә. Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады.

 

Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған,

Жер-ана әлдилеген, арқалаған.

Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ-

Бәрі де саған құштар, дарқан адам.

               Қайырмасы:

Адам бол, адам!

Адам бол, адам!

Сұлу бол, адам!

Жылу бол, адам!

Биікте бол, адам!

Сүйікті бол, адам!

Адам бол, адам!

 

Тірліктің тәттілігі, қаттылығы,

Сағыныш, махаббат, мұң, шаттық үні.

Өтеді бәрі менмен жүрегіңнен

Секілді шеру тартқан ат дүбірі.

                Қайырмасы:

Артады асқақ міндет заман саған,

Тыныштық, еңбек, бақыт, ән аңсаған.

Әркімнен айналаға сәуле түссін,

Жаралсын жақсылыққа адамша адам!

 

   Мәтінмен жұмыс.

Сабақ тақырыбын меңгерту үшін  мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінмен жұмыста Д.Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін оқып, шығып, ондағы негізгі ойға назар аударады. Мәтіннің мазұнын  талдау жұмысы әңгімелесу әдісімен байланыстырылады.

 

Көз көрім шолғаныңда дүниені-

Жерменен қауышқандай көкжиегі,

Тұрасың  «көк шеңбердің» ортасында,

Туғандай дүниені үйіргелі.

 

Сонда сен жіті шолып айналаны,

Арман қып онан арғы бай даланы,

Әлгінде «көкжиек» бар жерге жетсең,

Көкжиек жеткізбеске айналады.

 

Сонда да құмартқамын, асығамын,

Сол менің бала жастан ғашық әнім.

Балаймын алдымдағы арманыма,

Алыста көкжиектер ашылғанын.

 

Әңгімелесу

 Әңгімелесу өткізудегі  мақсат оқушылардың адам мен әлемнің үйлесімі туралы түсініктерін байқау болып табылады. Ол үшін оқушылар оқулақтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

 

  Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?

 

«Көк шеңбер», «көкжиек» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

 

Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?

 

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.

 

Ойын: «Өзімізге ерекше көңіл – күй сыйлайық»

Парақшаларға көңіл – күй сыйлайтын сөздер жазылып, топтарға таратылады. Сөздерден шағын көрініс көрсету керек.

1.  «Көптен көрмеген досын көргендегі қуаныш»

2. «Өз досының жеңісіне деген қуаныш»

3. «Ата – анасына өз қуанышын жеткізу»

4.Досынан өз қателігіне кешірім сұрау

Ойын – жаттығу

1.     Көпшіліктен береке кетпес,

Берекеден................. кетпес. \мереке\

2.     Бірлік бар жерде ............ бар. \тірлік

3.     Татулық-табылмас............. \бақыт\

4.     Игілік басы..........\ынтымақ\

5.     Бірлігі ........... ел тозады, \жоқ\

Бірлігі ............ ел озады. \күшті\

      Дәйексөз

Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз беріледі. Сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл-Машанидің:

 

«Адам-ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана»

Өзіңді өзің танысаң ісің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана»-деген өлең шумағы алынған.

 

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндері сұралады.

Ойларын түйіндету.

 

Тапсырма

Жұмбақты шешіп, сұрақтарға жауап беру.

Алты арқар,жеті қаз, төрт бөдене,

Кейде толы,мкейде орта-бір тегене,

Тұнық пенен лайдың арасынан

Бір аққу шыға келді құсқа төре.

 

Шешуі: алты арқар дегені-үркер, жеті қаз дегені-жетіқарақшы, төрт бөденесі- қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кеде толы болып көрінетін ай. Тұнық пен лай дегені- күндіз бен түн. Ал құсқа төре аққуы- аспандағы ай-жұлдыздың төресі күн.

 

·        Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма?

·        Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме?

·        Өлеңде табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген?

 

        Сегіту сәті

    Мынау менің жүрегім,        /жүрегіне қолын қояды/

    Бәрі осыдан басталған. 

    Мынау менің оң қолым,      /оң қолын созады/

    Мынау менің сол қолым.    /сол қолын созады/

    Мынау басым ақылды         /басын ұстайды/

    Барлық істі атқарған.

 

Жаңа ақпарат;

 Жаңа ақпартпен танысу оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп,ой түйіндеуге септігін тигізеді. Сабақта мынадай жаңа ақпарат берілген; «Адам баласы түйсік,сезімі мен ақылы арқылы  өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып-біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасымен ойлау деңгейін кеңейтеді.»

 

 

 

Өзін-өзі жетілдіру зебрасы

Ақ тізім

Менің жағымды қасиетім

Қара тізім

Менің кемшіліктерім

Мысалы: ақ көңілмін, пысықпын т.б.

 

 

 

 

 

Тез ашуланамын , жалқаумын т.б.

 

Жүректен-жүрекке

 

Оқушыларды шеңберге шақырып, бір-біріне жүректі сыйлау арқылы жылы лебіз-тілектерін білдіреді.

 

Үйге тапсырма: Мен қандаймын? Сауалнаманы орындау \тапсырманы әр оқушыға таратып беру\

 

 

 

 

Мен қандаймын?

 

 

Еңбекқор

Білім құмар

Әдепті, кішіпейіл

Шыншыл

Мейірімді

 

әрқашан

кейде

ешқашан

әрқашан

кейде

ешқашан

әрқашан

кейде

ешқашан

әрқашан

кейде

ешқашан

әрқашан

кейде

ешқашан

Мектепте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшеде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М. Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін-өзі тану пәні

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Адам-әлем бөлшегі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Өткізген: Б.З.Абдильманова

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Өзімізге ерекше көңіл – күй сыйлайық»

Парақшаларға көңіл – күй сыйлайтын сөздер жазылып, топтарға таратылады. Сөздерден шағын көрініс көрсету керек.

 

1.      «Көптен көрмеген досын көргендегі қуаныш»

 

2.            «Өз досының жеңісіне деген қуаныш»

 

 

3.            «Ата – анасына өз қуанышын жеткізу»

 

 

4.            Досынан өз қателігіне кешірім сұрау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану сабағының тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Адам - әлем бөлшегі» Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу, адалдық; шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал шыншыл болуға тәрбиелеу. Міндеттері: · адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту, · өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып –білуге баулу; · сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, интерактивтік тақта. Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңберге шығып, бір-бірімен сәлемдеседі. Ж. Молдағалиевтың сөзіне жазылған Ә. Бейсеуовтың «Адам бол, адам!» әнін айтады. Ай, жұлдыз аспан төсін алқалаған, Жер-ана әлдилеген, арқалаған. Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ- Бәрі де саған құштар, дарқан адам. Қайырмасы: Адам бол, адам! Адам бол, адам! Сұлу бол, адам! Жылу бол, адам! Биікте бол, адам! Сүйікті бол, адам! Адам бол, адам!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.07.2020 315
    • DOCX 63 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гаджиева Патиматзахра Абдулмеджидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93693
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек