Главная / Начальные классы / Өзін-өзі тану белестері

Өзін-өзі тану белестері

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • өзін,өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

  • сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,қағаздан жасалған қармақ,алтын балықтар.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады.Шеңберге тұрып,Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»дауыстап айтады.

Әңгімелесу Әңгімелесу кезінде оқушылар 2-сыныпта үйренген жақсы қасиеттерін, жазғв демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

Ойын-жаттығу. Өзін-өзін тану сабағын жақсы көңіл-күймен бастау және оқушылардың бір-біріне сыйластық қарым-қатынастарын арттыру мақсатында ойын-жаттығу жүргізіледі.

Тапсырма Оқушылардың алдыңғы сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, «Өзін-өзі танудан үйренемін»тақырыбында әңгімелеу тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс М.Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып,ондағы әр-бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.

Дәйексөз «Өзін өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып,мәніне тереңірек тоқтау.Дәйексөзді дәптерге жазып алу.

Дәптермен жұмыс Өзін өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап,сол тілектерді бос жолға жазу.

Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,бүгінгі сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке Жазғы демалыстан келген балаларды бір-бірімен жақындастыра түсу үшін сабақты «Жас ұландар»әнімен аяқтау.



Өзін-өзі тану белестері
  • Начальные классы
Описание:

Өзін- өзі тану . 3-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;

Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

Өмірді сүюге,жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық,сызба.

Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдеседі.Мұғалімге қосылып,төмендегідей өлеңдерді айтады.

Өзіммен - өзім Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында тәсіл ұйымдастыру.

Әңгімелесу Оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру және сол бойынша оларға да өз пікірлерін айттыру үшін әңгіме жүргізу.

  • Өмірді тану не үшін қажет?
  • Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.
  • Тапсырма Оқушыларға «Өмірді танып білгім келеді»тақырыбына әңгіме құрастыру.
  • Мәтінмен жұмыс Балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті»әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды әңгімеге қатыстырады.
  • Түйіндеме Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.
  • Дәйексөз «Өзіңді танығың келсе,адамдарға, олардың ісіне қара»деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аударып.оның мәтініне тоқталып,түсіндіру.
  • Жаттығу-ойлану.Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойыншаплакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.
  • 1-топ.Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер?Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
  • 2-топ.Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
  • 3-топ.Өмірді сүю неге жетелейді?Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?
  • Жаңа ақпарат «Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады.Өз болашағына сенімді болады».
  • Дәптермен жұмыс
  • 1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін»тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.
  • 2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ»тақырыбына сурет салу.
  • Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып,бүгінгі сабақты қортындылау.
  • Жүректен жүрекке Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз»өлеңі арқылы білдіреді.
Автор Ахметбаева Динара Кадылбековна
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 642
Номер материала MA-062932
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓