Инфоурок Начальные классы КонспектыӨзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру

Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру

Скачать материал

Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың
функционалдық сауаттылықтарын арттыру

Иманбекова Улжалгас Дербисбековна

№2Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Ленгер қаласы

 

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Сол себепті білім сапасын арттырып, оқушылардың дарындылығын айқындап, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан шығармашыл тұлға дайындау әрбір жаңа тұрпатты мұғалімнің негізгі міндеті болса, сол міндетті мектепте бірінші болып, іске асыратын бастауыш мектеп мұғалімі.

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз жауапкершілігі мол, ауыр жұмыс.

Бастауыш сынып балаға жалпы білім беріп қоймай оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайлары объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. XX ғасырдың басында біздің ұлы ойшылымыз Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан, жаңаны табатын өнер» деген. Уильям Артур Уорд: орта мұғалім баяндайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, тәжірибелі мұғалім корсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады, деген екен.

Біз оқушыларды өздігінен ізденіп,жаңа мағлұматтарды алуға үйретуіміз керек. Қазіргі кезде мұғалім бағыт беруші,нұсқаушы,ал оқушы өздігінен ізденіп білім алушы болып табылады.

Әр ұстаздың басты міндеті - оқушының білімге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс - тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру болып саналады.

Р.М.Микельсон өзіндік жұмыстарды: «Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, бірақ мұғалімнің бақылауында орындайтын іс» - деп ескертеді. Педагогикада оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстар деп - «Берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, окушылардың өздері атқаратын жұмыстарды» - айтады.

Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғанда, оның өзара тығыз байланыс жүзінде екі міндетін ескерген жөн.

Бірінші міндет - окушылардың танымдык қызметіндегі дербестікті дамыту және одан өрістету, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету.

Екінші міндет - окушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге балу.

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларының ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздендіру арқылы орындау болады яғни оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамыз.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы,өмірге әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау
-шешім қабылдай алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Сол себептен өзім сабак беріп жүрген сыныбымды оқушылардың кішкентайынан өз бетінше ізденуге, ойлануына. есте сактауын, ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді окушы тәрбиелеумен оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын іздестірдім.

Сондықтан сыныбыма бакылау жасай отырып М.Жанпейісованың «Брейнг - ринг» (жарыс - ойын) ойынының әлементтерін таңдап алдым.

   Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы  баланың  қиялын дамытуға,   зейінін тәрбиелеуге,  халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.

         М.Жанпейісованын басшылығымен 2000жылы ғылымға енген модульді оқыту технологиясы қазіргі таңда теориялык білімді игертумен жақынырақ және оның жаңа жағдайын іс жүзінде лайықты қолдануға үйреткенде ғана оқшылардың алған білімі мен біліктілігінің танымдық маңызы зор болады.

Модуль дегеніміз -үлкен бір жүйе. Мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес біртұтас такырып түрінде жүйеленген білім алады. М.Жанпейісованың ғылыми жұмыстарымен таныса келе «Брейнг - ринг» ойынының әлементтерін өз тәжірибеме пайдаландым.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойындарды пайдаланудың орны ерекше. Тиімді пайдаланған ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Ойын барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды кұралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының неізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта - ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде, үрділерін дамытады. Өмір тәжірибиесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

М.Жанпейісованың «Брейнг - ринг» (жарыс - ойын) ойынының элементтерін қазақ тілі сабағында пайдаланған тиімді. Ойынды жүргізу барысында оқушыларды өз бетінше ізденіп, тапсырманы өздіктерінен орындай білуге үйретуге болады. «Брейнг - ринг» ойынын сабақ барысында екі түрлі әдіспен қолдануға болады.

Бірінші тәсіл: «Брейнг - ринг» ойынын ұйымдастырмас бұрын әр кезеңді күнделікті сабақта қолданып отырамын. Алғашқы уақыттарда қазақ тілі сабақтарындағы жаттығуларды кезең - кезеңге бөліп, әр сабақта оқушыларға орындатамын. Сабақ барысындағы қолданылатын кезеңдерге тоқталып өтсем.

 Ой ашу» кезеңі: Оқушылар бір минут ішінде берілген тапсырмаға байланысты сөзді қатесіз жазулары керек. Тапсырмалар әр сыныптың тақырыбына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы:

1-сынып оқушыларына Қ әрпіне сөз құрауға, 2-сыныпқа зат есімге, 3-сыныпқа етістікке, 4- сыныпқа үстеуге сөз құрап жазуға тапсырма беруге болады. Өткен сабақтарды пысықтау үшін өте тиімді кезең.

«Кім сауатты?» кезеңі: Бұл кезеңде     көркем жазуды да кірістіремін.     Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында уақыт (шамамен 3-5 минут) уақыт бөлінеді.Бірінші кезде оқушылар ойын шартын түсінбей,жазу каллиграфиясына көңіл бөлмей,жылдам жазуға тырысты.Келе-келе бір-бірімен салыстыру арқылы көркем,таза жазу керектігін түсінді.Бұл кезеңді орындау барысында оқушыларды сауатты жазуға баулуға болады. Кезеңді орындау барысында алғашқы кезде өзім тексеріп бағаласам,біртін келе оқушылар өзін - өзі немесе өзара бірін - бірі тексереді. Өзін - өзі тексеру немесе бірін - бірі тексергенде бағалау нормасын пайдаланады. Бағалау нормасы.

«5» - қатесіз, «4» - 1,2 қатеге, «3» - 3,4 қатеге, «2» - 4,5 қатеге

«Күн шұғыласы» кезеңі: Оқушылар берілген сөздің әр әрпінен сөз тудырулары керек. Бұл кезеңді топтық жұмыс барысында қолданған тиімді.

Оқушылар бір-бірін тыңдауға,ортақ шешімге келуге дағдыланады.Бұл кезең  ой-өрістері дамиды,сөздік қоры молаяды,аңғарымпаз болады.Өте тұйық оқушының да белсенділігі артып қызыға орындайды.

Кедергілер:алғашқыда әр оқушы өз дегенімен парақты өзіне тартып топтық ережесін түсінбеді,күнделікті топтық жұмыс арқасында бұл кедергілер жойылды.

«Жатқа жазу» кезеңі: Қазак тілі пәнінде кейбір жаттығуларды жатқа жазуға тапсырма берілген. Осы тапсырманы оқушылар өздері оқып, жаттап, жатқа жазады.

Кейбір кезеңде оқушыларға сергіту сәттерінде қолданылатын өлең жолдарын жатқа жазуға тапсырма беремін. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерімен бірге сауатты жазуға баулуға болады,әрі сергіп қалды..

Алғашқы кезде оқушылар қате көп жіберді,жазу каллиграфиясын сақтамады.Күнделікті жұмыс жүргізу арқасында оқушылар сауатты,көркем жазуға дағдыланды.

«Өзіндік жұмыс» кезеңі: Кейбір жаттығуларда өтілген тақырыптарға байланысты сөздерге сөйлем құрап жазуға тапсырма берілген. Егер тапсырманы тақтаға орындатсақ бір немес екі- үш оқушыны қамтуға болады. Ал осы тапсырманы оқушылардың оздеріне орындатсақ сыныптағы барлық оқушыны қамтуға және өтілген сабакты оқушының қалай түсінгенін байқауыңызға болады.

     «Ойлан, тап!» кезеңі: Оқушыларға сөзжұмбақ, ребустардың жауабын немесе жасырын сөздерді таптырамын. Оқушылардың қызыға орындайтын кезеңінің бірі - топтық жұмыс. Топтық жұмыс барысында оқушылар өздері сөзжұмбақ немесе ребус құрап, бір - бірінің тапсырмаларын орындайды.

Үйде сөзжұмбақ іздеу және оны құрастыру арқылы біраз мағлұматтар жинайды.Ой –өрістері дамиды.Бір-біріне берілген ребус,сөзжұмбақтарды қызыға орындайды

Оқушылар жаттағаннан да,көшіріп жазғанда да,мұғалім түсіндіргеннен де 100% есінде қалмайды.Оқушылар өздігінен ізденіп сөзжұмбақ дайындап келіп,түсіндіру барысында 100% есінде қалады.

 «Ретін тап»ойын кезеңі:Ретін тап: биыл ат, жүйрік жүрді, ілгері өтеді, бес оқиды, үнемі дәптер.Ретін тап: ағаш жүрді, жолбарыс гүлдеді, қыз секірді, қарға домалады, доп ұшты.Бұл кезең оқушылардың логикалық ойын дамытады,сөздердің мағынасына көңіл бөлінеді.Мағынасыз сөз тіркестерін естіп көбіне мәз болып күледі,сөйтіп дұрыстап ретін табады.Бұл кезең де оқушыларға өте қызықты.

«Екі жұлдыз, бір тілек» кезеңі. Бұл кезең өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін және оқушы мен мұғалімнің байланысын тексеру кезеңі

 

1.Бүгін қай тақырыпты өттік? Мысалы:зат есім

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Зат есім нешеге бөлінеді?

4.Бас әріппен жазылатын зат есімді ата?

5.Зат есімнің сұрақтары?

6.Сабақтың қай кезеңі қызықты болды?

7.Қай кезеңі қиындық туғызды?

8.Келесі сабақта қай кезеңнің қайталанғанын қалар едің?

9.Қай кезеңді түсінбедің?

10.Сабақ ұнады ма?

3-4сыныптарда сұрақтарды өздері дайындай алады.Сұрақтар дайындау барысында оқушы жан-жақты  ізденеді.

      Оқушы өзі немесе топ мүшелерімен бірлесе орындайды. Осы кезеңдерді орындату барысында окушылар өздіктерінен тапсырманы орындай білуге үйренеді. Сабақты кезең - кезеңге бөліп, оның мақсатын түсіндіру арқылы оқушыларды тапсырманы өздігінен орындауға баулимын. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу үшін әр кезеңнің өзіне тән орындалу тәртібі болатынын түсіндіремін. Бір істі тындырмай, келесі іске көшуге болмайды. Себебі: бір істің шешілуі екінші істі меңгеруге әсерін тигізеді. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, оқушының бағаланып, марапатталануы сияқты нәрселерге мән берген жөн. Ойынды кезең бойынша жүргізген кезінде оқушы әр кезеңді мұқият, ұқыпты, таза,сауатты орындауға тырысады.

Бағалауда әр топ басшысы бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

Бірінші кезде оқушылар өздерін асыра бағалады,келе-келе қай оқушы белсенді қатысты,тиянақты жауап берді соған қарай обьективті түрде бағалауға үйренді.

 «Брейн - ринг» (жарыс - ойын) яғни топтық жұмыс. Топтық жұмыс арқылы оқушыларды өзара тіл табысуға, ұжымдық намысты қорғауға тәрбиелеуге болады. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын дамытудың факторы, сондықтан оқу қызметін өзара қатынас арқылы түсіндіру оны тек жандандырып кана қоймайды, оқушының жеке тұлғасын дамытуға елеулі ықпал етеді.

·Оқушыларды топқа бөлу барысында мынадай қағидаларды басты назарда ұстадым.

·Шағын топ құру. (4-5 оқушыдан тұрады.)

·Барлық оқушыларға сенім білдіру.

·Оқушыларға оқыту міндеттері мен мақсаттарын кең көлемде түсіндңру.

·Оқушылардың оқуға деген қызығушылығына мән беру.

·Мұғалімнен оқушы кез - келген уакытта көмек алады.

·Топтың өз - ара әрекетке белсенді түрде араласуы.

·Топта оз ойын ашық білдіруі.

·Мұғалім өзін оқушы орнына қоя білуі.

Топтық жұмыстарды орындау барысында оқушылар ұйымшылдыққа, сабырлыққа, бірін -бірі тыңдап, сыйлауға, ұжымдық намысты қорғауға, қасылас топтан қалып кетпес үшін күнделікті сабаққа дайындалып келуге қалыптасады. Мұғалім 45 минут ішінде жаңа сабақты түсіндіріп, үй тапсырмасын сұрап, оқулықтағы тапсырмаларды түгел қамтып, оқушыны жан- жақты дамытып, үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізуі керек екені баршаңызға мәлім.

«Брейнг - ринг» ойынының кезеңдерін орындау барысында сыныптағы барлық оқушыны қамтуға болатынына көзім жетті. Ойын кезеңдерінің әлементтерін 1- сыныптан бастап қолданамын. Оқушылар сабақтағы орындалуга тиісті кезеңнің бәрін орындауға тырысады. Алғашқы кезде үлгерімі төмен оқушы 1-2 кезеңді ғана орындауға үлгерсе, біртін келе тапсырманың барлығын орындауға мүмкіндігі болады. Бастауыш сынып оқушылары ойын балалары, сондықтан қай пәнді алсақ та, ойын элементтерін қолданып отырудың маңызы мол .

Осы жұмыстың нәтижесінде: оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады; оқушылар өз ойын еркін айтады; өзге балалардың пікірін тыңдайды; өз бетінше ізденуге үйренеді; бір-бірімен қарым - қатынас жасайды; шығармашылык белсенділігі артады; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмасады; өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.

Әрбір сабағымда оқушылармен тығыз байланыста болып, оқушыны басты тұлға ретінде, ал өзім бағыттаушы екенімді естен шығармауға тырысамын. Оқушылар сабағымда өз беттерінше шешім қабылдап, қарым - қатынас жасап, кез-келген мәселені дұрыс шешуге тырысады. Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осы орайда өзім білім беретін сыныптағы оқушыларды оқытуда жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, білімді терең және жан - жақты игерудің жолдарын, әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту, оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамытуға тырысамын. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне қарай, ой - өрісін дамыта отырып, түрлі жаттығу жұмыстарын, ойын түрлерін көбірек қолдануға көңіл бөлемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Модульдік оқыту технологиясы оқушының дамыту құралы ретінде М.М.Жанпейісова.Алматы 2002 жыл.

2.     «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» С.Үшкемпірова Шымкент 2006 ж

3.     «Оқыту тиімділігі - жаңа педагогикалық технологияда» Байболат Т, Ұ. Бакирова, С. Әділбекова. Шымкент -2007ж

4.     «Бастауыш     сынып» журналы. №9/2012 ж (2-бет)

5.     «Бастауыш сынып» журналы. №3/2013 ж (2-бет(

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

БаяндамаӨзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқушылардыңфункционалдық сауаттылықтарын арттыру. Функционалдық сауаттылық дегеніміз - жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы,өмірге әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: -белсенділік -шығармашылық тұрғыда ойлау -шешім қабылдай алу -өз кәсібін дұрыс таңдай алу -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Сол себептен өзім сабак беріп жүрген сыныбымды оқушылардың кішкентайынан өз бетінше ізденуге, ойлануына. есте сактауын, ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл бөліп, қабілетті, білімді окушы тәрбиелеумен оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын іздестірдім.Сондықтан сыныбыма бакылау жасай отырып М.Жанпейісованың «Брейнг - ринг» (жарыс - ойын) ойынының әлементтерін таңдап алдым.Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2020 276
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Воловикова Ольга Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Воловикова Ольга Васильевна
    Воловикова Ольга Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98968
    • Всего материалов: 239

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 50 регионов

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 37 регионов