Жыл үздігі - 2013

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектеб...
Мазмұны Өзім туралы Әдістемелік тақырып Тақырыптың өзектілігі, жұмыстың бағы...
Аты, тегі, әкесінің аты: Маштаев Асхад Темірханұлы Туған күні: 13 қаңтар 1989...
Әдістемелік тақырып: Математика пәнінен білім берудің тиімді, жаңа әдістерін...
Менің жұмыс бағыттарым Пән мұғалімі “Зерде” жас ұстаздар мектебінің мүшесі М...
“Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы –тәжірибе, ең мәртебеліс...
Мектепшілік сынып жетекшілер сайысы. І орын 2013ж Аудандық семинар “Қабілетт...
Мектепте өткен әрбір іс-шарада, Сыныптың атсалысар барша адамы. Салауатты өмі...
Жалықпадық табиғатқа саяхаттан Шаршаңқырап, аяғымыз талсадағы Спорт күні Таби...
Сертификат. Номинация “Республика бойынша үздік нәтиже” 2012 жыл Сертификат. ...
І Республикалық жас педагогтар арасында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” сайыс...
“Ең үздік сынып жетекші – 2013» мектепішілік байқауы. Диплом І орын 2013 жыл ...
“АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» аудандық байқауы. Мадақтама. Номин...
“Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің сапасын қамтамасыз ету...
Қазақ халқының этнографиясы бойынша І Республикалық қашықтық олипиадасы. Серт...
Өзіндік білімін көтеру Өзін-өзі жетілдіру 1. Қазақстан Республикасының жалпы ...
“Сапалы білім – мемлекет пен жастардың негізгі капиталы” Н.Ә. Назарбаев Бізд...
Жарияланған әдістемелік жинақтар 5 сынып математика пәнінен жұмыс дәптері . Х...
Атқаратын қоғамдық жүмыстар 2012 жылдан бері “Нұр Отан” партиясының мүшесі Ау...
Өнерпазбын жарысып сан салалы, Би билеп, әсем әуез ән саламын. Ұстаздар күнін...
«…Мықтап ұстар асылым – Азаттығым, Келешегім, Ертеңім, Ғажап күнім, Сен боп,...
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Ол жанбаса лапылдап, Аспан қал...
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі “
Описание слайда:

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі “Мектеп – кеме, білім – теңіз” демекші, сол теңізде сәулелі нұрын шашқан - мектеп

№ слайда 2 Мазмұны Өзім туралы Әдістемелік тақырып Тақырыптың өзектілігі, жұмыстың бағыты,
Описание слайда:

Мазмұны Өзім туралы Әдістемелік тақырып Тақырыптың өзектілігі, жұмыстың бағыты, өзін өзі жетілдіру Оқытудың әдіс-тәсілдері, жаңа технологиялар Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмысы Жарияланған басылымдар Нәтиже

№ слайда 3 Аты, тегі, әкесінің аты: Маштаев Асхад Темірханұлы Туған күні: 13 қаңтар 1989 ж.
Описание слайда:

Аты, тегі, әкесінің аты: Маштаев Асхад Темірханұлы Туған күні: 13 қаңтар 1989 ж. Білімі: Жоғары Қашан, қандай оқу орны бітірді: 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Мамандығы: Математика пәні мұғалімі Педагогикалық өтілі: 2 жыл. Біліктілік санаты: ІІ Марапаттар: Мектепішілік “Сынып жетекші-2013” байқауы І орын иегері, Теректі АӘК “АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» сайысы “Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы” номинациясы, І Республикалық жас педагогтар “Жаңа мектепке-жаңашыл үстаз” сайысы “Ең креативті” номинациясы иегері, І Республикалық қашықтық пән олимпиадасы “Үздік нәтиже” номинациясы иегері. Қашан біліктілік арттыру курсынан өтті: СТО, 2013 ж. Соңғы аттестациялау мерзімі: 2013 ж. Өзім туралы

№ слайда 4 Әдістемелік тақырып: Математика пәнінен білім берудің тиімді, жаңа әдістерін қо
Описание слайда:

Әдістемелік тақырып: Математика пәнінен білім берудің тиімді, жаңа әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру МАҚСАТЫ: Оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, білім алу қабілеттілігін арттыру, логикалық ойлауын, шығармашылық дағдысын дамыту. Міндеттері: Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру арқылы, оқушының жұмыстану қабілетін қалыптастыру; Ізденіспен, өздігімен жұмыстанатын тұлға тәрбиелеу; Оқушы бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, құзырлылық, сезімталдық, әділдік сияқты қасиеттерін дамыту.

№ слайда 5 Менің жұмыс бағыттарым Пән мұғалімі “Зерде” жас ұстаздар мектебінің мүшесі Мұға
Описание слайда:

Менің жұмыс бағыттарым Пән мұғалімі “Зерде” жас ұстаздар мектебінің мүшесі Мұғалім – тәрбиеші (сынып жетекші) Шығармашылық топ мүшесі Әдістемелік бірлестік хатшысы

№ слайда 6 “Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы –тәжірибе, ең мәртебелісі –
Описание слайда:

“Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы –тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау” Конфуций Математика сабағында АКТ қолдану “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі” Ыбырай Алтынсарин

№ слайда 7 Мектепшілік сынып жетекшілер сайысы. І орын 2013ж Аудандық семинар “Қабілетті о
Описание слайда:

Мектепшілік сынып жетекшілер сайысы. І орын 2013ж Аудандық семинар “Қабілетті оқушыларды олимпиадаға дайындау” баяндама 2012 жыл Биікке бастар жол ... Математика 5 сынып жұмыс дәптері. Теректі АӘК. Хаттама №2. 21 мамыр 2013 ж. Аудандық «Ең үздік сабақ жоспары-2012» Номинация «Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы» 2012 жыл І Республикалық қашықтық математика пән олимпиадасы. Номинация «Ең үздік нәтиже» 2012 жыл І Республикалық жас педагогтар арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы. Номинация «Ең креативті» 2013 жыл Қазақ халқының этнографиясы бойынша І Республикалық олимпиадасы. Номинация “Аудан ең жақсы нәтиже” 2013 жылы І Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңі “Математика пәнін оқытудағы тиімді педагогикалық технологиялар” 2013 жылы Аудандық жас мұғалімдер семинары. Үздік баяндама “Математика пәнінде тиімді әдістерді қолданып, нәтижеге жету” 2012 жыл

№ слайда 8 Мектепте өткен әрбір іс-шарада, Сыныптың атсалысар барша адамы. Салауатты өмір с
Описание слайда:

Мектепте өткен әрбір іс-шарада, Сыныптың атсалысар барша адамы. Салауатты өмір салтын қолдаймыз. “Достық” фестивалынан көрініс. “Алтын дала” туриадасы “Таза ауыл” айлығы МЕНІҢ СҮЙІКТІ СЫНЫБЫМ

№ слайда 9 Жалықпадық табиғатқа саяхаттан Шаршаңқырап, аяғымыз талсадағы Спорт күні Табиғат
Описание слайда:

Жалықпадық табиғатқа саяхаттан Шаршаңқырап, аяғымыз талсадағы Спорт күні Табиғатқа саяхат Жүгірушілер күні “Алтын дала” туриадасы

№ слайда 10 Сертификат. Номинация “Республика бойынша үздік нәтиже” 2012 жыл Сертификат. Ном
Описание слайда:

Сертификат. Номинация “Республика бойынша үздік нәтиже” 2012 жыл Сертификат. Номинация “Облыс бойынша өте жақсы нәтиже” 2012 жыл Математика пәні мұғалімдеріне арналған І Республикалық қашықтық олимпиадасы.

№ слайда 11 І Республикалық жас педагогтар арасында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” сайысы.
Описание слайда:

І Республикалық жас педагогтар арасында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” сайысы. Диплом номинация “Ең креативті ұстаз” 2013 жыл Сайысқа 180 ұстаз қатысып, соның 15-і марапатталды.

№ слайда 12 “Ең үздік сынып жетекші – 2013» мектепішілік байқауы. Диплом І орын 2013 жыл Сай
Описание слайда:

“Ең үздік сынып жетекші – 2013» мектепішілік байқауы. Диплом І орын 2013 жыл Сайыстарда жеңістерге қол жеткіздім, Сәтті болып басқан әр қадамым.

№ слайда 13 “АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» аудандық байқауы. Мадақтама. Номинаци
Описание слайда:

“АКТ қолдану арқылы ең үздік сабақ – 2012» аудандық байқауы. Мадақтама. Номинация “Интерактивті тәсілдерді үздік қолданушы” 2012 жылы Аудандық “Ең үздік сабақ – 2012” байқауы

№ слайда 14 “Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің сапасын қамтамасыз ету ша
Описание слайда:

“Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің сапасын қамтамасыз ету шарты” атты І Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңіне қатысқаны туралы сертификат. 2013 жыл І Республикалық педагогикалық оқулары. Аудандық кезеңінен

№ слайда 15 Қазақ халқының этнографиясы бойынша І Республикалық қашықтық олипиадасы. Сертифи
Описание слайда:

Қазақ халқының этнографиясы бойынша І Республикалық қашықтық олипиадасы. Сертификат. Номинация “Аудан бойынша ең жақсы нәтиже” 2013 жыл Ұстаздар күніне арналған “Ұстаздар балы” Облыс әкімі Н.Ноғаевпен

№ слайда 16 Өзіндік білімін көтеру Өзін-өзі жетілдіру 1. Қазақстан Республикасының жалпы орт
Описание слайда:

Өзіндік білімін көтеру Өзін-өзі жетілдіру 1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру туралы мемлекеттік стандарты. 2. Жалпы орта білім туралы концепциясы. 3. Еңбек заңы туралы кодекстер. 4. 2050 стратегиясы. 5. Тіл туралы заң. 6. Әдістемелік тақырып бойынша әдебиеттер 7. Пән бойынша әдістемелік әдебиеттер. 8. Психология туралы әдебиеттер. 9. Ғаламтор.

№ слайда 17 “Сапалы білім – мемлекет пен жастардың негізгі капиталы” Н.Ә. Назарбаев Біздің
Описание слайда:

“Сапалы білім – мемлекет пен жастардың негізгі капиталы” Н.Ә. Назарбаев Біздің қолымыздан бәрі келеді.

№ слайда 18 Жарияланған әдістемелік жинақтар 5 сынып математика пәнінен жұмыс дәптері . Хатт
Описание слайда:

Жарияланған әдістемелік жинақтар 5 сынып математика пәнінен жұмыс дәптері . Хаттама №2. 21 мамыр 2013ж Теректі АББ – 2013 ж www.ustaz.kz сайты Санның бөлігін табу. 5 сынып www.ustaz.kz сайты 5 сынып математикадан тереңдетілген сыныпқа күнтізбелік жоспар. 2013 жыл Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д Ушинский. Электронды тест. 9-11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындыққа көмекші құрал. Тест 15 нұсқадан тұрады. Электронды тестті оқушының білімін бағалау үшінде қолдануға болады. 2013 жыл

№ слайда 19 Атқаратын қоғамдық жүмыстар 2012 жылдан бері “Нұр Отан” партиясының мүшесі Ауылд
Описание слайда:

Атқаратын қоғамдық жүмыстар 2012 жылдан бері “Нұр Отан” партиясының мүшесі Ауылдың тазалығы – халықтың айнасы. «Нұр Отан» партиясымен бірге 9 мамыр – Жеңіс күнімен ардагерлерді құттықтап, көмек көрсетті. “Жас Ұланның” жас өрендері.

№ слайда 20 Өнерпазбын жарысып сан салалы, Би билеп, әсем әуез ән саламын. Ұстаздар күніне а
Описание слайда:

Өнерпазбын жарысып сан салалы, Би билеп, әсем әуез ән саламын. Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт Ұстаздар күні. Пародия Ұстаздар күні. Флэшмоб Ұстаздар күні

№ слайда 21 «…Мықтап ұстар асылым – Азаттығым, Келешегім, Ертеңім, Ғажап күнім, Сен боп, ме
Описание слайда:

«…Мықтап ұстар асылым – Азаттығым, Келешегім, Ертеңім, Ғажап күнім, Сен боп, мен боп қосайық жеке үлесті, Арқаласып халықпен мақсат жүгін!» Сәбит Бексейіт

№ слайда 22 Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Ол жанбаса лапылдап, Аспан қалай
Описание слайда:

Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Ол жанбаса лапылдап, Аспан қалай ашылмақ Назым Хикмет ғасыр бізге сеніп тапсырылған

Жыл үздігі - 2013
  • Классному руководителю
Описание:

Эссе

Жас келсе, іске!...

                                              «Жастар -қоғамның ерінбейтін ең тамаша отряды»

                                                                                                         С.Мұқанов

      Елбасы өз Жолдауында: «... Кейінгі толқын жастарғаайтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш,- деп сенім арта отырып, - ...Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс»,- деп міндет қойғанын бәріміз білеміз. Біздің  еліміздің өркендеп гүлденуі, болашағы  -  жастардың, әрине біздің қолымызда. Біз сол жас мемлекетіміздің әрі қарай қанат жаюы үшін тынбай еңбектенуге тиіспіз. Отанымыз дамыған елдің қатарына қосылуы үшін экономикасы мықты іргелі ел болуы керек. Ал ол экономиканы көтеру үшін не қажет? Ол, әрине, терең білім. Болашағымыздың білімді болуы үшін аянбай тер төгіп жүрген ұлы еңбек иелері ұстаздар қауымы деп білемін. Сондықтан да мен бұл мамандыққа тосыннан келген жоқпын.     

       ... Мектепте оқып жүрген кезімде сынып жетекшіміз «Менің арманым» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар дегенде:«...елім үшін еңбек етіп, сауатты білімді ұрпақ тәрбиелеп, халқыма пайдамды тигізсем деп армандаймын»,- деп жазғаным есімде.

     Балаң көңілден шыққан арманым алдамай, өзім қалаған жоғары оқу орнының грантын иелендім. Қызыққа толы студенттік шақтың төрт жылы төрт-ақ күндей өте шықты. «Дипломымды алдым, енді қайда барам, жұмысты қайдан табам?» деген сан сұрақтар мені мазалаған жоқ. Неге дейсіз ғой?

     Елбасының жастарды қолдау мақсатымен жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының арқасында ауылдан бір- ақ шықтым. Мұндағы мақсатым- өзім алған білімді ауыл балаларына үйретіп,

«Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан»,-

 деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осы өмірге кірпіш болып қаланып, шәкірт жүрегінен жол таба білсем, мен үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын!

    ...«Ғылымдар патшасы» аталған математика пәнінің мұғалімімін. Математика қиын да, қызықты пән. Математиканың маңызы жоғары. Егер математиканы білмегенде, мысырлықтар таңғажайып, әлемнің жеті кереметтерінің бірі  пирамидаларды тұрғыза алар ма еді?! Ол барлық пәнмен байланысты десем, артық айтпағандық болар. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар?

  Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған.
      Негізінде, математика өздігінен ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның әдістерін ұқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға, оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді.   

     Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса, ғылыми прогрестің болуы мүмкін емес. Міне, осындай маңызы зор ғылым математиканы таңдағанымды мақтаныш етемін. Шәкірттерімді осы ілімнің қыр- сырымен сусындатып, болашағына керекті білім нәрін бергім келеді. Сол үшін де өзімнің жастық жігерімді аямай, қызықты  қызметіме құлшына кірісіп те кеттім. Әзірше нәтижесіз емеспін деп ойлаймын. Екі жылғы еңбегімде шәкірттерімнің алды аудандық олимпиадаларда алдыңғы қатарлардан көріне білді. Өзім де, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, бағымды сынап келемін.      

      Өзім тәрізді талай жас маманның орын тауып жатқаны Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында деп білемін. Өйткені, ел басшысы жастар саясатына қатысты бір сөзінде: «... төрт базалық эле­мент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, от­ба­сын құруға арналған жеке үйі, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын жүргізуге арналған мүмкіндіктің бо­луы жас­тар мәселесін шешудің қадамдарының бірі»,- деген болатын. Осы қадамдардан өттім деп айта аламын. Себебі, білімім, тұрақты жұмысым бар, аллаға шүкір.  Жас мамандарға арналған бағдарлама негізінде өзім жұмыс істейтін ауылдан төрт бөлмелі пәтерге ие болдым, салауатты өмір салтын ұстанып жүрміз. Осыдан артық не керек? Ендігі міндетіміз еліміз үшін тынбай еңбек ету ғана.

Маштаев Асхад Темирханович

Теректі ауданы

Ақсуат ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі

Автор Маштаев Асхад Темирханович
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 1097
Номер материала 22197
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓