Главная / Классному руководителю / Жоғары математика негіздері пәнін берудегі ақпараттық технологиялар рөлі

Жоғары математика негіздері пәнін берудегі ақпараттық технологиялар рөлі

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі

Математика пәні оқытушысы

Шакирова Э.А.

Жоғары математика негіздері пәнін берудегі ақпараттық технологиялар рөлі


Бүгінгі заман талабына сай әрбір сабақта жаңа технологияның элементтерін пайдалана білу әрбір оқытушының педагогикалық шеберлінің көрінісі десек болады. Соның бір мысалы ретінде жоғары математика сабағының информатикамен тығыз байланыстылығын арнайы өткізілген өтілген тарауларды қайталау сабағым арқылы көрсеткім келеді.Сабақтың типі қайталау, түрі жарыс сабақ болды.Сабақтың мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша студенттер білімін жүйелеу және алған білімдерін болашақ қызметінде қолдана алатындарын байқау.

Міндеттері төмендегідей болды:

1. Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуді сыни тұрғыдан бағалауға дағдыландыру

2. Білімгерлердің ақыл-ойын, санасын, қызығушылын арттырып, ойындағысын ортаға салып үйрену қабілеттерін дамыту.

3. Патриоттық тәрбие беру және достық, мейірімділік пен бір-біріне қолдау жасай білуге тәрбиелеу.

Жарыс әдісі, баяндау-түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап,логикалық ойлау әдістерін пайдаланылды.


Кіріспе сөз

-Құрметті,студенттер, Бүгінгі ашық сабағымызда сіздерді 3 топқа бөліп отырғанымыздың себебі- ұжым болып өтілген тақырыптарды қалай меңгергендеріңізді бақылау. Қай топ студенттері қандай деңгейде білімдерін жүйелегенін саралау.

- Әр топтың өздеріңіз сайлаған лидері болады. Оның міндеті: тобының сабақта белсенділік танытуын ұйымдастыру, меңгерген білімдерін демократикалық бағалауға шақыру. Сабақ соңында топтың барлық жинаған ұпай санын шығару жүктеледі.

Сабақтың барысында топтармен және олардың лидерлерімен, сонымен бірге төсбелгілерімен таныстырылды.


Астана қаласының 3 ауданы сияқты:


  1. «Алматы» тобының төсбелгісі. 2.«Сарыарқа» тобының төсбелгісі

hello_html_41447b8e.pnghello_html_321df9a4.png









  1. «Есіл» тобының төсбелгісі


hello_html_mef20521.png


Сабақ жоспары келесі кезеңдерден тұрды:


1.«Математикалық индукциялар принципі. Бірнеше айнымалылар функциясы.

Комплекстік сандар функциясы. Дифференциал теңдеу. Қатарлар.» тақырыптары

бойынша теориялық білімдерін тексеру; (Сұрақ-жауап әдісі слайдтар арқылы іске

асады.)

2. Есептер шығару

3. Әр топтың өтілген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасы, ABC Паскаль

тілінде бағдарламалау арқылы үйден дайындаған жұмыстарын қорғау.


І кезең

Теориялық сұрақтар легі:

  1. Математикалық индукциялар принципі бөлімі:

1.m жол n бағаннан тұратын m х n өлшемді не деп атайды? (матрица);

2. Матрица рангі нені анықтайды?(базистік жолдарды);

3. Матрицаны шешудің ... ережесі? (үшбұрыш);


2. Бірнеше айнымалылар функциясы бөлімі:

1. у =|х| функциясы кез-келген нүктеде

үзіліссіз және х=0 нүктесінде несі жоқ? (туынды)

2. f функциясының (n-1)-ші ретті

Туындысының бірінші ретті

туындысын f функциясының несі деп атайды? (п-ші ретті туынды)

3. Жанама –бағытталған ...(түзу)


3.Комплекстік сандар функциясы бөлімі:

1. Теңдік түсінігі мен арифметикалық амалдар

Z=х+ iу=х+у*і түріндегі өрнекті қандай сандар деп атайды? (комплекстік сандар)

2.Комплекс сандардағы х және у қандай сандар деп аталады? (z санының сәйкес нақты және жорамал бөліктері деп аталады)

3. z=x-iy саны z=x+iy санына сәйкестігін қалай атайды? (түйіндес);


  1. Дифференциал теңдеу бөлімі:

  1. Х тәуелсіз айнымал, у ізделініп отырған функция және оның туындылары арасындағы тәуелділікті қандай теңдеу деп атайды? (дифференциал теңдеулер);

  2. Егер ізделінетін функция жалғыз айнымалыға тәуелді болса, онда дифференциалдық теңдеу қалай аталады? (қарапайым);

  3. Дифференциалдық теңдеулер бойынша көп еңбек қалдырған Ж.Лагранж және А.Клеро француз математиктері қай ғасырдың ғалымдары ?(18 ғасыр);





5.Қатарлар бөлімі:

  1. И1 ,И2...,Ик ...сандар тізбегінен құралған И1 +И2+ ...+Ик+ ... символы қалай аталады? (сандық қатар)

  2. Ик Сандық қатардың қандай мүшесі?(жалпы немесе кіші мүшесі деп аталады)

  3. Қатар дегеніміз сандық тізбектің ... (жаңа түрі)


ІІ кезең


Есептер шығару

  1. «Матрица»

  2. «Кері матрица»

  3. «Жеке туынды»

  4. «Жоғары ретті туынды»

  5. «Интеграл»

  6. «Функционалдық теңдеулерді шешу»

  7. «Комплекс сандар»

ІІІ кезең

1.Power Point бағдарламасы арқылы слайдтар жиынын көрсету;

2. ABC Паскаль тілінде «Матрицаны шешуге» арналған бағдарламаны қорғау.


hello_html_44a9ba8f.png

Сабақты қорытындылай келе, сөз тапқанға қолқа жоқ демекші «Математика негізгі ғылымдардың бірі» тақырыбында топтардың пікірталасын өткізіліп, жарыстың жеңімпаздары анықталды.Үй тапсырмасына «Жоғары математика» тақырыбына эссе жазу берілді.

Ал, бағалау жұмыстарын жақсы қорғай алған, есепті жылдам және дұрыс шығарған топтың барлық студентін «4» пен «5»-ке бағалау және белсенді араласып атсалысқан студентпен пікірталасқа қатысу деңгейі бойынша бағалау топ лидерлері мен оның мүшелерінің еншісінде (демократиялық бағалау) болды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Айдос Е.Ж. «Жоғары математика»

  2. Балапанов Е. «Ақпараттық технологиялар»


Жоғары математика негіздері пәнін берудегі ақпараттық технологиялар рөлі
  • Классному руководителю
Описание:

Жоғары математика негіздері пәнін берудегі ақпараттық технологиялар рөлі

 

          Бүгінгі заман талабына сай әрбір сабақта жаңа технологияның   элементтерін пайдалана білу әрбір оқытушының педагогикалық шеберлінің көрінісі десек болады.  Соның бір мысалы ретінде жоғары математика сабағының информатикамен тығыз байланыстылығын арнайы өткізілген өтілген тарауларды қайталау сабағым  арқылы көрсеткім келеді.Сабақтың типі қайталау, түрі жарыс сабақ болды.Сабақтың мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша студенттер білімін жүйелеу және алған білімдерін болашақ  қызметінде қолдана  алатындарын  байқау.

Міндеттері төмендегідей болды:

 1. Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуді сыни тұрғыдан бағалауға дағдыландыру

2. Білімгерлердің ақыл-ойын, санасын, қызығушылын арттырып, ойындағысын ортаға салып үйрену    қабілеттерін дамыту.

3. Патриоттық тәрбие беру және  достық, мейірімділік пен бір-біріне  қолдау жасай білуге   тәрбиелеу.

Жарыс әдісі, баяндау-түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап,логикалық ойлау әдістерін пайдаланылды.

 

Кіріспе сөз

       -Құрметті,студенттер, Бүгінгі ашық сабағымызда сіздерді 3 топқа бөліп отырғанымыздың себебі- ұжым болып өтілген тақырыптарды қалай меңгергендеріңізді бақылау. Қай топ студенттері қандай деңгейде   білімдерін жүйелегенін саралау.  

       - Әр топтың өздеріңіз сайлаған лидері болады. Оның міндеті:  тобының сабақта белсенділік танытуын ұйымдастыру, меңгерген білімдерін демократикалық бағалауға шақыру. Сабақ соңында  топтың барлық жинаған ұпай санын шығару жүктеледі. 

 

 Сабақтың барысында  топтармен және олардың лидерлерімен, сонымен бірге төсбелгілерімен таныстырылды.

Автор Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров 1005
Номер материала 4102
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓