Главная / Технология / Жүннен сәндік сөмке дайындау

Жүннен сәндік сөмке дайындау

Сабақтың тақырыбы: «Жүннен сәндік сөмке дайындау»

Пән мұғалімі: БҚО, Орал қаласы, №47 ЖОББМ-нің технология пәнінің мұғалімі

Габбасова Гульжан Темирбулатовна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың қолөнерінен түсінік бере отырып, жүнен сөмке дайындау техникасын үйрету, жүннен сөмке жасай білуге дағдыландыру.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың жүннен бұйым жасау түсініктерін қамтмасыз ету, жүннің даму тарихын және оны жасауда қолданған материалдар туралы түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиемәдениетінің, эстетикалық талғамының қалыптасуына жағдай жасау, оқушыларды көркемділікке, тазалыққа жетелеу.

Дамытушылық мақсаты:Шығармашылық қиялдарының дамуына себеп болу. Пәнге деген қызығушылығын дамыту, ой-өрістерін дамыту, бояу түстерімен жұмыс жасауға, оларды бір-біріне үйлестіре білу, құрал-жабдықтарды үнемді қолдануға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:Буклет, слайдтар, әр түске боялған жүндер, су, сабын, ине-жіп, салафан.

Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері т.б.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Өткен тақырыпты қайталау.

  1. Ең алғаш адамдар қай жүнді қалай пайдаланды?

  2. Ертеде не үшін адамдар киізді көп пайдаланды?

  1. Қызығушылығын ояту.

  2. Жаңа сабақты ашу.

Біз күнделікті өмірде жүн материалдарын, әшекей бұйымдарды дайындау үшін қолданамыз. Бүгінгі сабақта жүн материалдарынан сәндік сөмке жасауды үйренеміз. Ең алдымен дайын жүнді аламыз. Жұмысымыз сәнді әрі әсем шығуы үшін боялған жүнді ашық түстерінен аламыз.сы өзіміз таңдаған түстерімізді керегімізше аламыз.

Шифон матаны жайып, үстіне жүнді тегістеп саламыз. Матаның екінші жағын жауап, жүннің үстіне ыстық су себелеп, сабынмен үйкелеп, алақанмен тегістеп сипалаймыз.

Матадан киізді босатып, әлі де сипалаймыз. Алақанның күшімен умаждап сөмке құрылысын ретке келтіреміз. Кежетімізше қиып, сөмке құрастырып шетінен тігеміз. Дайын болған сөмкені моншақ араластыра отырып сәндейміз.

  1. Сөмкені дайындау үшін қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз қажет?

  1. Қайшыны сабымен ұсыну қажет.

  2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.

  3. Өтпейтін қайшымен жұмыс істеме.

  4. Инені ауызға салуға болмайды.

  5. Қайшыны қайшылама.

  1. Саусақтарға арналған жаттығу.

  2. Сарамандық жұмыс.

  1. Қалаған түсіннен жүндер аламыз.

  2. Шифон матаны жаямыз.

  3. Матаның үстіне жүнді жаямыз.

  4. Сабын суды себелеп, ысқылаймыз.

  5. Екінші рет қайталап, ысқылаймыз.

  6. Алақанның күшімен әбден пісіру керек.

  7. Сөмкеге қажет дайын киізді қиып алып, сөмке құрастырамыз.

  1. Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Жүннен сәндік сөмке дайындау үшін қандай қауіпсіздік ережесін сақтау қажет?

  2. Жүннен тағы да қандай басқазаттарды жасауға болады?

  3. Жүн қандай малдан алынады?

  4. Бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрін үйрендік?

Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың жасаған жұмыстарын түгелдей ортаға шығарып, шағын көрме ұйымтастырып, бір-бірінің жұмыстарын бағалау.

Үйге тапсырма:

Келесі сабақта осы жүннен ойыншықтар жасап үйренеміз. Үйден жүн, сабын, ине-жіп алып келеміз.



Жүннен сәндік сөмке дайындау
  • Технология
Описание:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың қолөнерінен түсінік бере отырып, жүнен сөмке дайындау техникасын үйрету, жүннен сөмке жасай білуге дағдыландыру.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың жүннен бұйым жасау түсініктерін қамтмасыз ету, жүннің даму тарихын және оны жасауда қолданған материалдар туралы түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиемәдениетінің, эстетикалық талғамының қалыптасуына жағдай жасау, оқушыларды көркемділікке, тазалыққа жетелеу.

Автор Габбасова Гульжан Темирбулатовна
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Другое
Просмотров 303
Номер материала MA-064371
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓