Главная / Другое / "Жігіт сұлтаны" сайысы (6-11 сыныптар)

"Жігіт сұлтаны" сайысы (6-11 сыныптар)



Сабақтың тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, ер-азаматтарға байланысты нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер және кеш қонақтары! Сіздер «Жігіт сұлтаны-2014» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Бүгінгі кеште жігіттеріміз жан-жақты сыналатын болады. Ендеше сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қолдамақ

Жігіттер шықсын ортаға

Бүгін сұлтан атанбақ.

Ең алдымен сайыс шартымен таныстырып өтейік.

  1. Таныстыру

  2. Жеті атасын білмеген жетесіз

  3. Бата беру рәсімі

  4. Кім көп біледі (сұрақ-жауап)

  5. Мақал - сөздің мәйегі (әке туралы)

  6. Спорт менің - серігім

А) білек күші

Б) жерден тартылу

7. Сегіз қырлы – бір сырлы (өз өнері)

Ал осы кешке төрелік ететін әділ-қазылар

Ысқақова Венера

Қожамұратова Айсұлу

Боздақова Лиза

Ендеше алғашқы кезеңіміз «Таныстыру».

Жігіттеріміз кезектесіп келіп өздерін таныстырады.

Жігіттер келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Жігерленіп сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпенен табысуға.


Ендігі кезең «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп аталады. Аты айтып тұрғандай жігіттеріміз кезектесіп өз тегімен таныстыруы керек.


Батаменен ел көгерер

Жаңбырменен жер көгерер –дей келе «Бата беру» кезеңіне де жеттік.


Жылдам жылдар тарихын мол бекеті

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі

Көңілді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

Кім көп білер тарихы мен дәстүрден

Сыналады жігіттер енді сұрақпенен.


  1. І.Қазақ халқында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір т.б)

ІІ.Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

ІІІ.Сүндет той дегеніміз қандай той?

  1. І.Қазақ тарихындағы батырларды ата? (Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар)

ІІ.Үш даусызды ата? (мінез, кәрілік, ажал)

ІІІ.Көкпар туралы айтып бер.

  1. І.Қазақ тарихында қандай билер өткен? (Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

ІІ.Бес асылды ата? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

ІІІ. Ақсүйек ойыны туралы не білесің?

  1. І.Төрт түліктің пірін атаңыз? (түйе-ойсыл қара, жылқы-қамбар ата, сиыр-зеңгі баба, қой-шопан ата, ешкі-шекшек ата)

ІІ.үш арысты ата? (Сәкен, Байімбет, Ілияс)

ІІІ.Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады? (жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

  1. І.Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1993ж)

ІІ.Бес дұшпанды ата? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

ІІІ.Ұлттық ойындардың түрлерін ата? (ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, көкпар, сақина салу)

Қой асылы демеңіз

Қолға жақсы сақа ғой

Жасы кіші демеңіз

Ақылы асса аға ғой-демекші, келесі кезең «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталады.

Сайыскерлеріміз ортаға шығып мақал- мәтелді кезектесіп бір-бірден айтады. Кім тоқтап қалса сайыстан шығады.

Жалпыға бірдей тақырып «Әке» туралы болуы керек.

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян-қолтық алыспай- дей келе кезекті «Спорт – менің серігім» кезеңіне береміз. Бұл кезеңнің өзі екі түрден тұрады.

  1. Білек күшімен сынасу

  2. Жерден тартылу (Оджимание)

Ендеше іске – сәт

Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын

Қыран асыран елдің даңқын- демекші келесі кезең «Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңі.

Мұнда сайыскерлеріміз өз өнерлерін ортаға салулары керек .

Талаптың мініп тұлпарын

Келдік міне сайысқа

Белгісіз кім жеңері

Жігіттер түскен сайыста-дей келе сайыстың әділ-төрелігін айту үшін кезекті әділ-қазыларға береміз.

Марапаттау.

Нәтижесінде 8 сынып тәрбиеленушісі Ақсейтімов Ерхат бас жүлдеге ие болса, 11 сынып тәрбиеленушісі Баймағанбетов Нұрлан «Білімді жігіт», 7 сынып тәрбиеленушісі Саясатов Қазыбек «Ер сұлтаны», 7 сынып тәрбиеленушісі Қазиев Дидар «Өнерлі жігіт», 6 сынып тәрбиеленушісі Қонақбаев Нұрсұлтан «Епті жігіт» атағына ие болды.

Құттықтау сөз кезегін интернат меңгерушісі Жүгінісов Абай ағайға береміз.

Қорытынды.

Осыменен бүгінгі «Жігіт сұлтаны-2014» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз.






"Жігіт сұлтаны" сайысы (6-11 сыныптар)
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, ер-азаматтарға байланысты нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, тәрбиеленушілер және кеш қонақтары! Сіздер «Жігіт сұлтаны-2014» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Бүгінгі кеште жігіттеріміз жан-жақты сыналатын болады. Ендеше сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қолдамақ

Жігіттер шықсын ортаға

Бүгін сұлтан атанбақ.

Ең алдымен сайыс шартымен таныстырып өтейік.

1.      Таныстыру

2.      Жеті атасын білмеген жетесіз

3.      Бата беру рәсімі

4.      Кім көп біледі (сұрақ-жауап)

5.      Мақал - сөздің мәйегі (әке туралы)

6.      Спорт менің  - серігім

А) білек күші

Б) жерден тартылу

      7. Сегіз қырлы – бір сырлы (өз өнері)

      Ал осы кешке төрелік ететін әділ-қазылар

Ысқақова Венера

Қожамұратова Айсұлу

Боздақова Лиза

Ендеше алғашқы кезеңіміз «Таныстыру».

Жігіттеріміз кезектесіп келіп өздерін таныстырады.

Жігіттер келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Жігерленіп сахнаға келіп жетті

Әдеппен, ізетпенен табысуға.

 

Ендігі кезең «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп аталады. Аты айтып тұрғандай жігіттеріміз кезектесіп өз тегімен таныстыруы керек.

 

Батаменен ел көгерер

Жаңбырменен жер көгерер –дей келе «Бата беру» кезеңіне де жеттік.

 

Жылдам жылдар тарихын мол бекеті

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі

Көңілді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

Кім көп білер тарихы мен дәстүрден

Сыналады жігіттер енді сұрақпенен.

 

1.      І.Қазақ халқында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір т.б)

ІІ.Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тамақ)

ІІІ.Сүндет той дегеніміз қандай той?

2.      І.Қазақ тарихындағы батырларды ата? (Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар)

ІІ.Үш даусызды ата? (мінез, кәрілік, ажал)

ІІІ.Көкпар туралы айтып бер.

3.      І.Қазақ тарихында қандай билер өткен? (Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

ІІ.Бес асылды ата? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

ІІІ. Ақсүйек ойыны туралы не білесің?

4.      І.Төрт түліктің пірін атаңыз? (түйе-ойсыл қара, жылқы-қамбар ата, сиыр-зеңгі баба, қой-шопан ата, ешкі-шекшек ата)

ІІ.үш арысты ата? (Сәкен, Байімбет, Ілияс)

ІІІ.Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады? (жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

5.      І.Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1993ж)

ІІ.Бес дұшпанды ата? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

ІІІ.Ұлттық ойындардың түрлерін ата? (ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, көкпар, сақина салу)

Қой асылы демеңіз

Қолға жақсы сақа ғой

Жасы кіші демеңіз

Ақылы асса аға ғой-демекші, келесі кезең «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталады.

Сайыскерлеріміз ортаға шығып мақал- мәтелді кезектесіп бір-бірден  айтады. Кім тоқтап қалса  сайыстан шығады.

Жалпыға  бірдей тақырып «Әке»  туралы  болуы керек.

Ат өнері білінбес

Бәйгеге  түсіп  жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян-қолтық алыспай- дей келе  кезекті «Спорт – менің  серігім» кезеңіне береміз. Бұл кезеңнің  өзі екі  түрден тұрады.

1.      Білек  күшімен сынасу

2.      Жерден  тартылу  (Оджимание)

Ендеше іске – сәт

Қыран бүркіт  көтерер  елдің  нарқын

Қыран  асыран елдің даңқын- демекші  келесі  кезең  «Сегіз  қырлы, бір сырлы» кезеңі.

Мұнда сайыскерлеріміз өз өнерлерін ортаға салулары керек .

Талаптың мініп тұлпарын

Келдік  міне сайысқа

Белгісіз кім жеңері

Жігіттер түскен сайыста-дей келе сайыстың әділ-төрелігін айту үшін кезекті әділ-қазыларға береміз.

Марапаттау.

Нәтижесінде 8 сынып тәрбиеленушісі Ақсейтімов Ерхат бас жүлдеге ие болса, 11 сынып тәрбиеленушісі Баймағанбетов Нұрлан «Білімді жігіт», 7 сынып тәрбиеленушісі Саясатов Қазыбек «Ер сұлтаны», 7 сынып тәрбиеленушісі Қазиев Дидар «Өнерлі жігіт», 6 сынып тәрбиеленушісі Қонақбаев Нұрсұлтан «Епті жігіт» атағына ие болды.

Құттықтау сөз кезегін интернат меңгерушісі Жүгінісов Абай ағайға береміз.

Қорытынды.

Осыменен бүгінгі «Жігіт сұлтаны-2014» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз.

 

 

 

Автор Ибраим Анара Нурлановна
Дата добавления 18.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 2225
Номер материала 56641
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы