Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Жігіт сұлтаны» 6 сынып

«Жігіт сұлтаны» 6 сынып

Скачать материал

«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар:6 –сынып  оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдері
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1.Ысым Мағжан
2.Юсупов Есбол
3.Нұрланов Нұрсұлтан
4.Тортаев Бақтыбай

5.Қазбеков Сагинбек

6.Тажибаев Байнияз

7.Атадусов Куралбек

8.Сәрсенбай Диас

2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп тәлімгері
2.Информатика пән мұғалімі:Ержанова Ж
3.Тарих пәні мұғалімі:Таймағанбетова Г
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру) – 3 мин.
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін көрсету) – 3 мин.
3.«Үй тапсырмасы..» - 3 мин
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар) – 4 мин.
5.«Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) – 3 мин.
Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, құттықтаудың ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.
2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәскеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Ел іші, өнер кенші...» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
Келесі кезекте «Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) бөлімі. Құттықтау уақытына 3 мин беріледі.
2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау:
1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жігіт сұлтаны» 6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Жігіт сұлтаны»Мақсаты:1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.Байқауға қатысатындар:6 –сынып оқушыларыБайқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдеріБайқау барысы.1. Ұйымдастыру кезеңі.Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.1 – жүргізуші:Құрметті ата-аналар, ұстаздар

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 668 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.07.2020 702
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новгородская Татьяна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75340
    • Всего материалов: 216

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе