Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Желтоқсан желі ызғарлы» тәрбие сағаты

«Желтоқсан желі ызғарлы» тәрбие сағаты

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   «Желтоқсан желі ызғарлы»

 

Сабақтың мақсаты:             

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы:

                        

 1-жүргізуші.        Көк туым көтерілді бағым жанып,

  Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

  Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

  Арманым –Ата заңым қабылданып.

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 23 жыл толып отыр.

  2-жүргізуші. «Мен  - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

  Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге  ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің  азаттық идеясын жалғастырған, қыршын  кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

   Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

   1-жүргізуші:

     1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.

    Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.

  «Желтоқсан желі ызғарлы» атты ашық тәрбие сағатымызды  бастаймыз.

  2-жүргізуші:

           Жағасына жауының жетіп қолы,

           Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.

Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

Олжа емес салбырап түскен көктен.

           Қуаныш аралас қасіретпен,

           Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

           Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,

Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

1-оқушы:

           Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

           Тарихы оның тым әріден басталған.

           Бодандықтан құтқарам деп елімді,

           Талай боздақ қара жерді жастанған.

2- оқушы:

           Жазалаушы қара құрттай қаптады,

           Қазағымды қырып – жойып таптады.

           Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,

           Қарсы шығып ел сенімін ақтады.

3- оқушы:

           Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,

           Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

           Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.

4 – оқушы:  

           Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

           Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

           Болашаққа даңғыл жол салып берген,

           Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

5- оқушы:

           Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

           Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін

           Ерлерім елдік үшін атой салып,

           Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

6 – оқушы:

           Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

           Қайраған намыстарын мазалы мұң.

           Қыршыннан қиылған боздақтары

           Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

7 – оқушы:

           Желтоқсан – қайсар, ерлік, қуатты күн,

           Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

           Тәуелсіздік билігі қолға қонған –

           Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

8 – оқушы:

           Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

           Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

           Еркіндік, егемендік, елдігімді

           Емірене аңсады саналы ұғым.

Көрініс студенттердің алаңға шығуы

1-                    Жүргізуші:

Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.

9- оқушы: Ләззаттың анасының жоқтауы:

                                                 Оу,  көздің жасын бұлайын,

                                                 Жүректі жеді – ау уайым.

                                                 Саған ғұмыр бермеді – ау

                                                 Жарылқағыш құдайым.

                              Мынау неткен зар заман,

                              Жүректіге тар заман.

                              Сені өлтірген дұшпанға

                              Зауал келсін Алладан.

                                                 Құлыным менің қор болды –ау?!

                                                 Заманың сенің зор болды –ау?!

                                                 Желтоқсанның қайғысы

                                                 Сан анаға  сор болды – ау?!

                              Заманына қайқайып,

                              Қарсы тұрған боташым.

                              Алтын сақа асықтай

                              Алшы тұрған боташым.

                              Дәл өзіңдей қыз туған

                              Менде арман бар ма екен?!

Конінір Сабина

2- Жүргізуші:

  Сәбира Мұхамеджанова  1985 жылы  8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының  шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.

10-оқушы:

           Нашақор деп, ұлтшыл деп,

           Қазаққа күйе жаққан күн

           Базары кетіп бір күнде

           Қайғыға халық батқан күн.

           Әділдік пен шындықты

           Өтірік жала жапқан күн

           Надан жасаған сұмдықтан

           Адамдар азап шеккен күн,

           Қасқалдақ ұшып көлінен

           Шүрегей келіп қонған күн.

           Қырандар қуып көгінен

           Қарғалар билік алған күн.

1-жүргізуші. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

Корініс Кайраттын туткындалуы

 

 

1- жүргізуші:

  1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды. 

12 – оқушы:   

                     Көзіңнен айналайын төңкерілген,

                     Көрікті қабағыңмен көмкерілген,

                     Жанарың алға ұмтылып атылып тұр

                     Сұмдардың  өткеліндей өңменімен.

                     Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,

                     Үстінде топырақтан ба шатыр?

                     Жазықсыз,  жас тәніңді қинағанда

                     Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?

                     Ақиық ақын болып кетер ме едің,

                     Туғаннан «Халқым» дедің «Ұлтым» дедің.

                     Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демің,

                     Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер

                     Жолыңа құрбан болып кетер едім.

13 – оқушы:

           Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

           Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

           Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

           Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.

           Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

           Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

           Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

           Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

           Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

           Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

           Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің

           Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

14 – оқушы. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

15- оқушы:

Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шығары

16-оқушы:

Тәуелсіздік! Берекенің біл басы

Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы

Қазақстан, сен бір елсің жаһанға

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы

1-      жүргізуші

Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін  арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген  арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет,  Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен  терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті  ұғым   тізгіні  берік қолда.

       17 – оқушы Қазақстанның жаңа ел ордасы Астана туралы.

Биіктігі 91м Қазақ елі монументі, Призидент резиденциясы, Ақорда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік  Бәйтерек, Пирамида, 2 мың орындық Думан ойын –сауық орталығы, 30 мың кісілік Астана жабық стадионы- осының бәрі Тәуелсіз мемлекет  Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтады.

13- оқушы:

  1992  жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

15 – оқушы:

           Пай, пай!

           Киелі неткен жер!

           Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

           Ғашықтар бір – бірін өпкен жер,

           Сарылып сал – сері кеткен жер.

           Бас иіп, иіскеп топырағын,

           Тағзым жасамай өтпеңдер!

16- оқушы:

  Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан!

           Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,

           Нендей күйге жүрегімді бөледім,

           Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

           Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

 

1-жүргізуші:

  Ия, ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 22 жылдығы.

  Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.

2-                    Жүргізуші:

  Иә, көк туымыз асқақ желбіреп, тәуелсіздігіміз салтанат құрғаныны 20 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт, азаттық аңсаған Алаш баласы үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 20 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.

1- Жүргізуші:

           Өзіңдікі елің де,

           Өзіңдікі жерің де.

           Өзіңді өзің еткен бақ

           Тәуелсіздік төрінде.

2- Жүргізуші:

           Асқар тау да сенікі

           Бақша – бауда сенікі

           Қалтықсыз доспенен

           Қатал жау да сенікі.

Хор:

           Өзіңдікі туыңда

           Отпен ауа, суыңда

           Жаса, Қазақстаным

           Белді бекем буында.

 

1 – жүргізуші        Елімізде тыныштық,  әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып бүгінгі «Желтоқсан желі ызғарлы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

  Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы құтты болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Желтоқсан желі ызғарлы» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым –Ата заңым қабылданып.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 694 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2018 9128
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 303 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жармуханова Гульжан Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жармуханова Гульжан Сергеевна
    Жармуханова Гульжан Сергеевна
    • На сайте: 5 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15667
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе