Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЖелтоқсан жаңғыры жадымызда

Желтоқсан жаңғыры жадымызда

Скачать материал

Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғыры жадымызда»
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, тарихи дәректемелер, ән, жыр.

Көрнекіліктер:Мемлекеттік рәміздер, газеттер, суреттер, слайдтар.

Барысы.

Үнтаспадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.

Күмбірлеген күй даусы естіліп, ортаға екі бастаушы шығады.

1 – бастаушы: Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.

Еліме тәуелсіздік келіп жетті,

Мың жылдық күрестердің арқасында.

2 – бастаушы: Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады,

Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.

1 – бастаушы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы армандаған, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихямязда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне аранлған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

1 – оқушы: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 – ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

2 – оқушы :«Түбін білмеген – тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек.Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

3 – оқушы: Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылай хан тұсындағы төбе билеріміз қара қазан, сары бала қамы үшін сөз саптаған еді.Егемендік пен бірлік Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз даусында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан.

Төле би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің баласы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің данасы бол.

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол.

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала. Өзіңе-өзің кәміл бол,

Халқыңа адал бол.

Жауыңа қаталбол,

Досыңа адал бол.

Қазыбек би: Біз қазақ – мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз,

Досымызды сақтай білген елміз.

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөлек үйің күйсін.

Бірге: Елім,ел боламын десең,бесігіңді түзе, бірлігіңді жойма, бірлік бар жерде тірлік бар!

1 – оқушы : Ақтлек

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескесің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Бұрқ етіп қазақ баласы,

Кейде де өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

2 – оқушы : Бекзат. Ғасырлар бойғы егізден діңкеленген қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып, бара жатқан тілі мен ділінің, ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 24 жыл толады. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылда. Қыз – жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбирасынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.

3 – оқушы : Қанат. Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ, ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. Ал, сол қарбалас үстінде қаза болған жасақшы Савицкийдің өлімін елеусіз қалдырмау туралы тапсырма алған тергеушілер жалған фактлер жинап, Жамбыл Тайжұмаевқа және Қаыйргелді Күзембаевқа 14-15 жылды, Ертай Көпесбаевқа 4 жылды арқалатып, жас өмірлерін улады. Ал 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековті ату жазасына бұйырды.

Көрініс.Қайраттың шындығы.

Қайрат: Әділет.Абай көшесімен келе жатқанымда екі қолында екі сөмкесі бар, 40-45 – тердегі қазақ әйелінің «Самал» дүкенінен шыққаны сол еді, екі-үш миллиционер тап беріп, жазықсыздан-жазықсыз шашынан сүйреп, лақтырып жібергенде, әйелдің бас асфальттың жиегіне тиді де, қолындағы сөмкесі ақтарылып қалды. Әйел затын озбырлық көрсеткендеріне шыдай алмай, қуа жөнелдім…. Сол кезден бастап миллиционерге деген ыза-кек кеудемді кернеп жатқан еді. Содан да болар сол күні алаңда кездескен миллиционерді кеудесінен итеріп жіберіп, ары қарай кете бердім.

Тергеуші: Әлімжан.Сен миллиционерді итеріп жібердің де, Бейбітшілік пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында бір адамды ұрдың ғой.

Қайрат: Әділет.Жоқ, басқа ешкімге тиген жоқпын. Сенбесеңдер, менімен бірге жүрген досым Ертай Көпесбаевтан сұраңдар.

Екеуміз ертеңгісін жатақханадан бірге шығып, кешкісін бірге қайттық.

Тергеуші: Әлімжан.Біз сенің миллиия қызметкеріне тиістім дегеніңді айтпаймыз. Сен одан да жасақшыны ұрдым де, ол жай қарапайым адам, сотта сенің жазаң жеңілденеді. Мойында.

Қайратты алып кетеді.

Автор:Әсем. Әрине, Қайрат бұл өтірік сөзді мойнына алған жоқ. Осы күннен бастап ауыр азап басталды. Есіл азаматтың бар абыроайын түкке алғысыз етті, намысын аяққа таптады. Қайрат әбден қалжырады. Үйдегі әке, шиеттей балаларды ойлады, шаршады.

Қайрат: Әкеліңдер. Жазсам жазайын, бірақ мен адам өлтірген жоқпын. (Айқайлап). Менің бір ғана арманым бар еді. Арманын шындықты халқыма естірту. Менің арымның таза екендігін, адам өлтірмегенімді халық естімей, шынымен қылмыскер деп айыптайды – ау деп қорқушы едім. Қымбатты әке, аяулы анам, қадірлі жұртым, менің ақ екеніме көздерің жеткен болар. Енді міне, қазір атып жіберсе де арманым жоқ. Қазақ халқы үшін құрбандыққа шалған тоқтыларың болайын. Сендер аман болыңдар.

 

Тұтқынға түстім жаутаңдап,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң сәлем айт,

Сырттағы құрбым, досыма.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын.

Құлпытасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Атам десең, атыңдар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош аман бол артымда,

Ағайын, туған азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат.

Автор: Әсем. Өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Қайрат та өз мүсінінің тұғырын өзі қойып кеткен қазақтың ұлы перзенттерінің бірі. Оған елбасымыз қол қойған жарлықпен «Халық Қаһарманы» ең жоғарғы атағы берілді.

Сабақты қорытындылау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан жаңғыры жадымызда"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғыры жадымызда»Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды өз елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдері: Сахналық көрініс, әдеби музыкалық монтаж, әңгімелеу, тарихи дәректемелер, ән, жыр.Көрнекіліктер:Мемлекеттік рәміздер, газеттер, суреттер, слайдтар.Барысы.Үнтаспадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналып, барлығы қосылып орындайды.Күмбірлеген күй даусы естіліп, ортаға екі бастаушы шығады.1 – бастаушы: Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.Еліме тәуелсіздік келіп жетті,Мың жылдық күрестердің арқасында.2 – бастаушы: Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.Ел үшін мәңгілікке жалғасады,Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.1 – бастаушы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы армандаған, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихямязда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне аранлған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.1 – оқушы: Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986 – ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. 2 – оқушы :«Түбін білмеген – тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек.Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?3 – оқушы: Кешегі үш жүзді бір тудың астына жинаған Абылай хан тұсындағы төбе билеріміз қара қазан, сары бала қамы үшін сөз саптаған еді.Егемендік пен бірлік Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз даусында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан.Төле би: Бір үйдің баласы болма,Көп үйдің баласы бол.Бір үйдің атасы болма,Бір елдің данасы бол.Бір тонның жағасы болма,Көп қолдың ағасы бол.Ақты ақ деп бағала,Қараны қара деп қарала.Өзегің талса өзен бойын жағала,Басыңа іс түссе көпшілікті сағала. Өзіңе-өзің кәміл бол,Халқыңа адал бол.Жауыңа қаталбол,Досыңа адал бол.Қазыбек би: Біз қазақ – мал баққан елміз,Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт – береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп,Найзаға үкі таққан елміз.Дәм-тұзды ақтай білген елміз,Досымызды сақтай білген елміз.Асқақтаған хан болса,Хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса, күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,Батыр болсаң жауға найзаң тисін.Бай болып елге пайдаң тимесе,Батыр болып жауға найзаң тимесе,Елден бөлек үйің күйсін.Бірге: Елім,ел боламын десең,бесігіңді түзе, бірлігіңді жойма, бірлік бар жерде тірлік бар!1 – оқушы : АқтлекЖелтоқсан айы естесің,Дауыл боп бұрқап ескесің,Азаттық күйі қашаннан,Көкейін елдің тескенсің.Бұрқ етіп қазақ баласы,Кейде де өршіп наласы.Алаңға қарай ағылды,Таусылып барлық шарасы.2 – оқушы : Бекзат. Ғасырлар бойғы егізден діңкеленген қазақ халқы Мәскеудің кезекті өктемдігіне наразылық білдіріп, табанға тапталып, бара жатқан тілі мен ділінің, ұлттық болмысының жүрек бұлқынысын сездірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 24 жыл толады. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылда. Қыз – жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбирасынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді.3 – оқушы : Қанат. Шеруді ұйымдастыруға қатысы бар деген жалған айыппен қазақтың қаншама зиялы азаматтары жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ, ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. Ал, сол қарбалас үстінде қаза болған жасақшы Савицкийдің өлімін елеусіз қалдырмау туралы тапсырма алған тергеушілер жалған фактлер жинап, Жамбыл Тайжұмаевқа және Қаыйргелді Күзембаевқа 14-15 жылды, Ертай Көпесбаевқа 4 жылды арқалатып, жас өмірлерін улады. Ал 21 жастағы Қайрат Рысқұлбековті ату жазасына бұйырды.Көрініс.Қайраттың шындығы.Қайрат: Әділет.Абай көшесімен келе жатқанымда екі қолында екі сөмкесі бар, 40-45 – тердегі қазақ әйелінің «Самал» дүкенінен шыққаны сол еді, екі-үш миллиционер тап беріп, жазықсыздан-жазықсыз шашынан сүйреп, лақтырып жібергенде, әйелдің бас асфальттың жиегіне тиді де, қолындағы сөмкесі ақтарылып қалды. Әйел затын озбырлық көрсеткендеріне шыдай алмай, қуа жөнелдім…. Сол кезден бастап миллиционерге деген ыза-кек кеудемді кернеп жатқан еді. Содан да болар сол күні алаңда кездескен миллиционерді кеудесінен итеріп жіберіп, ары қарай кете бердім.Тергеуші: Әлімжан.Сен миллиционерді итеріп жібердің де, Бейбітшілік пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында бір адамды ұрдың ғой.Қайрат: Әділет.Жоқ, басқа ешкімге тиген жоқпын. Сенбесеңдер, менімен бірге жүрген досым Ертай Көпесбаевтан сұраңдар.Екеуміз ертеңгісін жатақханадан бірге шығып, кешкісін бірге қайттық.Тергеуші: Әлімжан.Біз сенің миллиия қызметкеріне тиістім дегеніңді айтпаймыз. Сен одан да жасақшыны ұрдым де, ол жай қарапайым адам, сотта сенің жазаң жеңілденеді. Мойында.Қайратты алып кетеді. Автор:Әсем. Әрине, Қайрат бұл өтірік сөзді мойнына алған жоқ. Осы күннен бастап ауыр азап басталды. Есіл азаматтың бар абыроайын түкке алғысыз етті, намысын аяққа таптады. Қайрат әбден қалжырады. Үйдегі әке, шиеттей балаларды ойлады, шаршады.Қайрат: Әкеліңдер. Жазсам жазайын, бірақ мен адам өлтірген жоқпын. (Айқайлап). Менің бір ғана арманым бар еді. Арманын шындықты халқыма естірту. Менің арымның таза екендігін, адам өлтірмегенімді халық естімей, шынымен қылмыскер деп айыптайды – ау деп қорқушы едім. Қымбатты әке, аяулы анам, қадірлі жұртым, менің ақ екеніме көздерің жеткен болар. Енді міне, қазір атып жіберсе де арманым жоқ. Қазақ халқы үшін құрбандыққа шалған тоқтыларың болайын. Сендер аман болыңдар.Тұтқынға түстім жаутаңдап,Жоламай ешкім қасыма.Бара қалсаң сәлем айт,Сырттағы құрбым, досыма.Абай туған жерінде,Бомбасын атом жармасын.Құлпытасты қиратып,Өлігіңді қазбасын.Күнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар.Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным бар,Атам десең, атыңдар.Мен не етермін, не етермін,Мен келмеске кетермін.Көрмеген қош бол таңдарым,Көре алмай мен өтермін.Қош аман бол артымда, Ағайын, туған азамат.Артымда қалған ата-анам,Ел-жұртым саған аманат.Автор: Әсем. Өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Қайрат та өз мүсінінің тұғырын өзі қойып кеткен қазақтың ұлы перзенттерінің бірі. Оған елбасымыз қол қойған жарлықпен «Халық Қаһарманы» ең жоғарғы атағы берілді. Сабақты қорытындылау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2020 146
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Kuzmina Anastasiya Sergeevna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Kuzmina Anastasiya Sergeevna
    Kuzmina Anastasiya Sergeevna
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91576
    • Всего материалов: 242

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе