Главная / Классному руководителю / "Желтоқсан ызғары" сыныптан тыс жұмыс

"Желтоқсан ызғары" сыныптан тыс жұмыс

Балуан Шолақ атындағы орта мектеп











Сыныптан тыс жұмыс



Тақырыбы:

«Желтоқсан ызғары»



7б сыныбы









Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ХАЖИХАН САМАЛХАН











2011-2012 оқу жылы

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, 7б сыныбына келіп отырған қонақтар.

2-жүргізуші: «Желтоқсан ызғары» атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында қазақ жастарының екі күнге созылған демонстрациясы болды.

2-жүргізуші: Демонстрацияны ұйымдастырған студент жастарға «ұлтшыл», «бұзақылар», «ішкіштер», «нашақорлар» деген жала жабылды.

1-жүргізуші: Демонстрацияға шыққан жастар «Қазақстан – қазақтардікі», «Дербестік талап етеміз» деген ұрандар алып жүрді.

2-жүргізуші: Демонстаруиясын басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап, аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншасын темір торға тықты.

1986 жылдың желтоқсаны бойынша ұлттық намысы өлмеген кім-кімге де оңай тимеді.

Ана: «Мен, өз басым, алаңда айқасып, тектен-текке таяққа жығылып, итке таланып жатқан жас қыздар мен жігіттерді өз көзіммен көрмесем де үйде шыдап отыра алмадым. Ана емеспін бе? Қолына қалқан ұстап, күрек сойылмен қаруланған зіңгіттей-зіңгіттей алпауыт солдаттар менің Маржанымды шырқырата сабап жатқанда, шашынан жұлып, тепкілеп жатқандай әсер етіп, жанымды түршіктірді. Төбе шашым үрпиді. Бәлкім, ішінде біреудің мәпелеп өсірген жалғызы бар шығар? Қызық-қуанышым, бар үмітім сенсің деп үміт артқан бауыр еті ғой әркімнің... апыр-ау, мен қалай шыдап отырмын? Айтарымды айтайын, ұғар кісі болса, ұғар».

Әке: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тұмайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмаймыз.

(Алматыдағы желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильм көрсетіледі).

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасын зерттеген комиссияның қорытындысы: Әкімшілік жолмен 707 адам ажазаланып, 1400 адамға тәртіп қорғау органдары тарапынан қатаң шара қолданылды.

2-жүргізуші: Ал 99 адам сотталды, итжеккенге айдалды. Оның екеуі ату жазасына кесілді. Солардың бірі Алматы сәулет құрылыс институтының 1-курс студенті Қайрат еді.

1-жүргізуші: Сабағымыздың «Желтоқсан зғары» бөлімі басталады.

Көрініс.

Қайрат түрмеде. Өлең жазып отыр. Жайлап тұрып келіп:

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем дауысым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Сот залы.

Хатшы: - Сот келеді, тұрыңыздар! (үш адам келіп, орнына отырады).

  • Отырыңыздар.

Сот үкімді оқиды.

  • Жүргізілген сот нәтижесі бойынша, Қайрат Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, ҚКСР қылмыстық кодексінің 171-бабы бойынша ең жоғары үкім – өлім жазасына атуға кесілсін.

Сол кезде залда отырған анасы:

  • Жоқ, бұл үкім дұрыс емес, менің абалам ақ, ол қылмыскер емес, - деп, орнынан тұрып кетеді, отырған адамдар да.

Хатшы:

  • Тиышталыңыздар, орындарыңызға отырыңыздар.

Сот:

  • Қайтар Рысқұлбеков, ақтық сөзің бар ма?

Қайрат:

  • Бар!

«Ақтық сөз» өлеңін оқиды:

Ақтық сөзің не? – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басыим бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты – құрбандық,

Атам десең – атыңдар!

Екі жендет Қайратты алып бара жатады. Анасы артынан ұмтылады. Қайрат «Анама» деген өлеңін оқиды:

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

Құпия шерттім осы жан сырымды.

Қош енді, жолықпасам, қайран ана,

Көзімнен ақ жаулығын жасырынды.

«Желтоқсан» әні ойналады.

1-жүргізуші: «Құжаттарға тіл бітсе» бөлімі.

  1. Үкім. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша, ең жоғарғы өлім жазасына - атуға кесілсін.

  2. Кешірім беру туралы сұраныс. ҚКСР-ң Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы С.Мұқашевқа.

  3. Қайраттың өтінішін қанағаттандырмау туралы Қаулы. ҚКСР-ң Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы. «Жасалған қылмыстың өте ауырлығын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, Рысқұлбеков Қайраттың кешірім сұрау туралы өтінішін қанағаттандырмауға шешім қабылдансын. С.Мұқашев. 20 тамыз. 1987ж.»

  4. Ату жазасын 20 жылға ауыстыру туралы Жарлық. ҚКСР-ң ЖКП-ң 1988 ж. 23 сәуір күнгі №8836-ХІ Жарлығы «1986 ж. Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қайрат Рысқұлбековтің өтінішін қарай келіп, Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. 23 наурыз. 1992 жыл».

  5. Рысқұлбеков Ноғайбайдың Н.Ә.Назарбаевқа жазған өтініші.

ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаев жолдасқа

Жамбыл облысы, Бірлік селосы, Тоқсанбаев көшесі, 17-үде тұратын

Рысқұлбеков Ноғайбайдан

өтініш

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Өзіңізге мәлім, 1986 жылы желтоқсанда қазақтың көптеген қыз-жігіттері жазықсыз жазаланып, сотталды. Олардың бірі біздің ұлымыз – Қайрат. Оның «Мен кінәлі емеспін, әкетай-ау, сеніңіз» деп жазғанақырғы хатындағы сөздері маза бермейді. Құрметті Н.Әбішұлы, сіздің осы мәселеге ерекше назар аударып, Қайраттың ісінің қайта қаралуына тікелей жәрдем беруіңізді өтінемін. Бар үмітім өзіңізде.

Ноғайбай Рысқұлбеков

24 қазан, 1991 ж.

  1. ҚР Президентінің 12.12.1991 жылғы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндергі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығына байланысты Қылмыстық Кодексінің 65-бабымен Қайрат Рысқұлбеков ақталды деп танылды. 23 наурыз, 1992ж.

1-жүргізуші: Сабағымыздың «Тірі болса, аны болар ма еді» бөлімі.

Оқушылар Қайраттың өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков түрмеде жай қарап отыра алмады. Жаңа өздеріңіз тыңдағандай, көп өлеңдер жазып қалдырды. Өмірінің соңында елімен, жерімен, туыстарымен хат арқылы қоштасты.

Қайратың ел-жұртына жазған соңғы хаты оқылады.

Сахнаға Қазақстанның туын, елтаңбасын, Назарбаевтың портретін ұстаған оқушылар ортаға шығады. Жүргізуші «Мен желтоқсан оқиғасын ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғалары деп білемін. Өйткені, желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты жалынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды» - деген Шыңғыс Айтматовтың сөзімен аяқталды.





"Желтоқсан ызғары" сыныптан тыс жұмыс
  • Классному руководителю
Описание:

Балуан Шолақ атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:

«Желтоқсан ызғары»

7б сыныбы

Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ХАЖИХАН САМАЛХАН

2011-2012 оқу жылы

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, 7б сыныбына келіп отырған қонақтар.

2-жүргізуші: «Желтоқсан ызғары» атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: 1986 жылы 17-18 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында қазақ жастарының екі күнге созылған демонстрациясы болды.

2-жүргізуші: Демонстрацияны ұйымдастырған студент жастарға «ұлтшыл», «бұзақылар», «ішкіштер», «нашақорлар» деген жала жабылды.

1-жүргізуші: Демонстрацияға шыққан жастар «Қазақстан – қазақтардікі», «Дербестік талап етеміз» деген ұрандар алып жүрді.

2-жүргізуші: Демонстаруиясын басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап, аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншасын темір торға тықты.

1986 жылдың желтоқсаны бойынша ұлттық намысы өлмеген кім-кімге де оңай тимеді.

Ана: «Мен, өз басым, алаңда айқасып, тектен-текке таяққа жығылып, итке таланып жатқан жас қыздар мен жігіттерді өз көзіммен көрмесем де үйде шыдап отыра алмадым. Ана емеспін бе? Қолына қалқан ұстап, күрек сойылмен қаруланған зіңгіттей-зіңгіттей алпауыт солдаттар менің Маржанымды шырқырата сабап жатқанда, шашынан жұлып, тепкілеп жатқандай әсер етіп, жанымды түршіктірді. Төбе шашым үрпиді. Бәлкім, ішінде біреудің мәпелеп өсірген жалғызы бар шығар? Қызық-қуанышым, бар үмітім сенсің деп үміт артқан бауыр еті ғой әркімнің... апыр-ау, мен қалай шыдап отырмын? Айтарымды айтайын, ұғар кісі болса, ұғар».

Әке: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тұмайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмаймыз.

(Алматыдағы желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильм көрсетіледі).

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасын зерттеген комиссияның қорытындысы: Әкімшілік жолмен 707 адам ажазаланып, 1400 адамға тәртіп қорғау органдары тарапынан қатаң шара қолданылды.

2-жүргізуші: Ал 99 адам сотталды, итжеккенге айдалды. Оның екеуі ату жазасына кесілді. Солардың бірі Алматы сәулет құрылыс институтының 1-курс студенті Қайрат еді.

1-жүргізуші: Сабағымыздың «Желтоқсан зғары» бөлімі басталады.

Көрініс.

Қайрат түрмеде. Өлең жазып отыр. Жайлап тұрып келіп:

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем дауысым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Сот залы.

Хатшы: - Сот келеді, тұрыңыздар! (үш адам келіп, орнына отырады).

  • -Отырыңыздар.

Сот үкімді оқиды.

  • - Жүргізілген сот нәтижесі бойынша, Қайрат Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, ҚКСР қылмыстық кодексінің 171-бабы бойынша ең жоғары үкім – өлім жазасына атуға кесілсін.

Сол кезде залда отырған анасы:

  • -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес, менің абалам ақ, ол қылмыскер емес, - деп, орнынан тұрып кетеді, отырған адамдар да.

Хатшы:

  • -Тиышталыңыздар, орындарыңызға отырыңыздар.

Сот:

  • -Қайтар Рысқұлбеков, ақтық сөзің бар ма?

Қайрат:

  • -Бар!

«Ақтық сөз» өлеңін оқиды:

Ақтық сөзің не? – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басыим бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты – құрбандық,

Атам десең – атыңдар!

Екі жендет Қайратты алып бара жатады. Анасы артынан ұмтылады. Қайрат «Анама» деген өлеңін оқиды:

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

Құпия шерттім осы жан сырымды.

Қош енді, жолықпасам, қайран ана,

Көзімнен ақ жаулығын жасырынды.

«Желтоқсан» әні ойналады.

1-жүргізуші: «Құжаттарға тіл бітсе» бөлімі.

  • 1.Үкім. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып, қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша, ең жоғарғы өлім жазасына - атуға кесілсін.
  • 2.Кешірім беру туралы сұраныс. ҚКСР-ң Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы С.Мұқашевқа.
  • 3.Қайраттың өтінішін қанағаттандырмау туралы Қаулы. ҚКСР-ң Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы. «Жасалған қылмыстың өте ауырлығын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, Рысқұлбеков Қайраттың кешірім сұрау туралы өтінішін қанағаттандырмауға шешім қабылдансын. С.Мұқашев. 20 тамыз. 1987ж.»
  • 4.Ату жазасын 20 жылға ауыстыру туралы Жарлық. ҚКСР-ң ЖКП-ң 1988 ж. 23 сәуір күнгі №8836-ХІ Жарлығы «1986 ж. Алматы оқиғасының белсенді қатысушысы, айыпкер Қайрат Рысқұлбековтің өтінішін қарай келіп, Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. 23 наурыз. 1992 жыл».
  • 5.Рысқұлбеков Ноғайбайдың Н.Ә.Назарбаевқа жазған өтініші.
  • ҚР Президенті
  • Н.Ә.Назарбаев жолдасқа
  • Жамбыл облысы, Бірлік селосы, Тоқсанбаев көшесі, 17-үде тұратын
  • Рысқұлбеков Ноғайбайдан

өтініш

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Өзіңізге мәлім, 1986 жылы желтоқсанда қазақтың көптеген қыз-жігіттері жазықсыз жазаланып, сотталды. Олардың бірі біздің ұлымыз – Қайрат. Оның «Мен кінәлі емеспін, әкетай-ау, сеніңіз» деп жазғанақырғы хатындағы сөздері маза бермейді. Құрметті Н.Әбішұлы, сіздің осы мәселеге ерекше назар аударып, Қайраттың ісінің қайта қаралуына тікелей жәрдем беруіңізді өтінемін. Бар үмітім өзіңізде.

Ноғайбай Рысқұлбеков

24 қазан, 1991 ж.

  • 6.ҚР Президентінің 12.12.1991 жылғы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндергі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығына байланысты Қылмыстық Кодексінің 65-бабымен Қайрат Рысқұлбеков ақталды деп танылды. 23 наурыз, 1992ж.

1-жүргізуші: Сабағымыздың «Тірі болса, аны болар ма еді» бөлімі.

Оқушылар Қайраттың өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков түрмеде жай қарап отыра алмады. Жаңа өздеріңіз тыңдағандай, көп өлеңдер жазып қалдырды. Өмірінің соңында елімен, жерімен, туыстарымен хат арқылы қоштасты.

Қайратың ел-жұртына жазған соңғы хаты оқылады.

Сахнаға Қазақстанның туын, елтаңбасын, Назарбаевтың портретін ұстаған оқушылар ортаға шығады. Жүргізуші «Мен желтоқсан оқиғасын ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғалары деп білемін. Өйткені, желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты жалынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды» - деген Шыңғыс Айтматовтың сөзімен аяқталды.

Автор Хажихан Самалхан
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 236
Номер материала MA-064135
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы