Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жеңіс күніне 70 жыл" қойылым сценариі

"Жеңіс күніне 70 жыл" қойылым сценариі

Скачать материал

Жеңіс күніне 70 жыл .

(қойылым)

Қатысушылар:

Жүргізуші:                      Айгерім                                                                                                                              Атасы:                           Еркінгүл                                                                                                                                 Роза әже:                       Айсұлу                                                                                                                                        Әкесі  (Ербол):              Айдана                                                                                                                     Келіні (Жазира):           Алия                                                                                                      Баласы(Сұлтан):         Береке                                                                                               Көрші әйел (Салима):  Даржан                                                                                        Ұлы(Бауыржан):          Айгүл                                                                                  Почташы:                    Сая                                                                                                                                                                                    Камандир:                    Марияш                                                                                                                

                                                                                                    

1-    көрініс                                 

(Ауыл.....Әке баласын алаңсыз ойнатып отыр. Анасы дастарханына бар дәмдісін қойып шай қоюда.Әжесі үстел басынада...                                                                                                             -Көрші Салиманы шақырып келіңдерші,келіп шай ішіп кетсін.                                            Ербол:                                                                                                                                                   -Апа,мен шақырып келейін. (Ербол сыртқа шығып кетеді де аздан соң қайта келеді,артынан көрші Салима да кіреді)                                                                          Салима :                                                                                                                                              - Сәлеметсіздер ме әже,ата, қалдарыңыз қалай ?

Роза әже:

-Сәлеметсің бе Салима? Кел,төрлет,шай ішейік. Көрінбей кеттіңдер ғой.  Бауыржан аман ба? 

Салима :

-Аман, аман. Азғантай бауырсақ пісірген едім,ала келдім – деп дастарханға азғантай бауырсаған қойып,дастархан басына жайғасады.

Роза әже:

-Бауырсағың күп күрең боп пісіпті,отағасы бауырсақтан алсаңшы әлі  ыстық  екен.

Атасы бауырсақтан алады.

Жүргізуші:

Осы сәтте соғыстың басталғаны туралы суық хабар айтылады.

Әжесі орнынан атып тұрады.

-Сұмдық – ай не дейді, ел басына қара бұлт төнді деген осы екен ғой!Не істедік?

Ербол :

-Анашым ел басына күн туса елді қорғау ердің міндеті. Отанымызды қорғауға міндеттіміз.

Осы сәтте сырттан көрші  Бауыржан  кіреді.

-Естідіңіздер ме соғыс басталыпты. Ербол,сені ертіп алуға келдім,шақырту қағазын күтпей ертерек әскери бөліміне жиналайық.

Салима:

-Сен әлі бала емессің бе ұлым,қайда барасың?

Бауыржан:

-Жоқ,апа мен де жігіттермен бірге соғысқа аттанамын.  Отанымды қорғаймын.

Ербол:

-Біз міндетті түрде елімізді аман алып қаламыз. Жеңіспен ораламыз.

(Екі жігіт шығып кетеді.)

Роза әже:

-Құлыным ай,сұрапыл соғыс сендерді аман қалдырар ма екен? Қайтеміз,басқа түссе көнеміз. Тек аман –есен келулеріңді тілейміз – деп екі ана егіле жылайды.

Атасы:

-Тәйт, болды,жыламаңдар жаман ырым бастап! Олар  міндетті түрде жеңіспен оралады!

(Осы сәтте барлығы сыртқа шығып кетеді.)

Жүргізуші:                                                                                                                      Неміс басқыншыларына қарсы сұрапыл да қорқынышты, қаһарман соғыс басталды... 

Өлең оқылады....

Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір, 
Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір. 
Өлім мен өмір батыр алысқанда, 
Бұрқылдап қызуына қайнар темір. 
Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы, 
Ол соқса шығарушы бұрын жоқты. 
Ол дауыл, күш мұхитын тасытады, 
Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.

  Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы, 
  Бір өлім, мың өлімнің арашасы. 
  Соғыста өлім құлап, өмір жеңер 
  Оны сезбес пікірдің аласасы.

 

2-көрініс

Барлығы ұлдарын соғысқа шығарып салуға беттейді. Ал Ербол болса ұлын ортаға қарай шығарып,аманатын айтады.

-Ұлым сен үлкен жігіт болдың, Біз Отан қорғауға кетіп барамыз. Ата –әжең мен анаң саған аманат. Ұлым саған сенемін  - деп ұлын құшақтайды.

Сұлтан:

-Әке,сен міндетті түрде келесің ғой ия?

Ербол:

-Келем балам,келем.

(Барлығы ортаға келеді.)

 Бауыржан:

-Апа,жыламашы, Біз міндетті түрде жеңіспен ораламыз

Ербол:

-Әке,батаңызды беріңіз,біз жолға аттанайық.

Әкесі бата береді:

Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Арыдан қарап мен қалам.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман - есен жүр, балам!
Хош, хош балам, хош балам!

Командир:

-Жиналыңдар тез! – деп бұйыра сөйлейді.

Салима :

-Аман – есен оралыңдар құлындарыым!

Роза әже:

-Жеңіспен оралуларыңды тілейміз,құлындарым!

(Ұлдарын соғысқа  алып кетеді , қалғандары үйге оралады.)

 

 

3 - көрініс

Ауыл.....  адамдар күнделікті жұмыстарымен айналысып,тек кешкеғұрым ғана кездесетін еді.  Сахнада ауыл, үйдің іші. Кеш үй –іші дастархан басына жиналған. Араларында көрші Салима да  бар.                                                           Сұлтан үй ішінде жүгіріп ойнап жүреді.

Роза әже:

-Кұлыным,даладан отын алып келші,кеш болса үйдің іші салқындап кетеді.

Сұлтан:

-Жарайды,әже,мен қазір – деп сыртқа жүгіріп шығып кетеді

Роза әже:

-Почташы хабар таратып жүр дейді,көргендерің  барма? Біз ұлдарымыздан хабар ала алмағанымызға біраз болып қалды.

Салима:

-Ұлдарымызбен аман –есен қауышатын күн туар ма екен? Ұлымнан  хабар алмағалы көп болды апа.

 Осы кезде Почташы  келеді:

-Ассалаумағалейкум, амансыздар ма?

Ата:

- Амансың ба, бізге жақсы хабар әкелген шығарсың?

Пошташы:

- Ия, ата, хат келді ұлыңыздан, сүйіншіңізді беріңіз.

Роза әже:

- Хабар әкелдім дей ме?қане тезірек оқышы не депті?

Почташы:

 «Аман –есенсіздер ме ата,апа, Жазира, Сұлтан. Ел жұрт аман ба?Ұлым мен айтқан аманатымды  бұлжытпай орындап жүрген боларсың. Біз үшін алаңдамаңыздар, жеңістің ауылы да алыс емес сияқты, немістерді шегіндіріп барамыз. Жеңіспен оралатын боламыз»

Роза әже:

-Ербол,ұлым аман екенсің ғой

Салима:

-Менің ұлым ше,одан хат бар ма?  Ербол Бауыржанды көрмеп па?

Салима жылай бастайды,оны Роза әже жұбатады.

Роза әже:

-Сен де ұлыңнан жақында хабар аласың,уайымдама,ол да аман – есен. Жеңісте жақындап қалды деді ғой. Ұлдарымыз аман-есен еліне оралады. Әлі-ақ үлкен той болады ауылда.

Пошташы:

- Ал ата-әже мен кетейін, басқа да ауылдарға барып, хаттарын табыстайын. Аман болыңыздар.

Роза әже:

-Аман бол шырағым!

(Пошташы шығып кетеді.)

Салима:

-Мен да үйіме қайтайын. Кеш боп қалды.- деп шығып кетеді.

Келін:

-Апа мен сізді шығарып салайын! –деп ере шығады да есік алдын сыпырып жүреді...

Жүргізуші:  

Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп “көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы-қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениеті кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды.

Соғыстың аяқталуы туралы хабар айтылады.

Келіні:

-Ата,апа соғыс аяқталды деп жатыр, естідіңіздер ме? Жеңіс!

Барлығы жарыса сөйлеп:

-Ия,ия соғыс аяқталды деп жатыр ғой,Аллаға шүкір шүкір.

Роза әже:

-Бар, Салимаға айт, ол  әлі естімеген болар қуанышты жаңалықты.  Жүгір, құлыным, жүгір!

Келін:

-Иә, әже айтып келейін

 

 

4 - көрініс

Ербол  кіріп  келеді.

Келіні:

-Әже, ата Ербол келді .

Сұлтан:

-Әкеееее! – дейді қуанышты үнімен  алдынан жүгіріп шығады.

Ербол:                                                                                                                                               -Біз жеңіспен оралдық!

Атасы:

-Аллаға мың да бір шүкір.Тілегімізді қабыл етті!

Әжесі қосарлана:

- Айналайын,құлыным аман – есен  келген екен ғой – деп барлығы жүгіре алдынан шығады.

Сырттан Салима  кіреді.  Ерболды құшақтап амандасады.

Сәлима :

-Менің ұлымды көрмедің бе?Ол аман ба? Әлі хабар жоқ.

Ербол:

-Үмітіңізді үзбеңіз, апа. Бауыржан міндетті түрде оралады. Көп ел соғыстан оралып жатыр. Ол да оралар.

Ата:

-Сәлима,сенің де тілегің  қабыл болып,  ұлың аман –есен елге оралады. Сабыр ет – деп барлығы мәре – сәре  болып шәйға отырады.

Роза әже  келініне:

-Елді жина,  той жасаймыз, ұлы  жеңісті тойламыз. Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн.

Осы сәтте тыныштық орнап, Сәлима әже толқыныспен:

«Менің де құлыным аман –есен оралар...  Мен де үлкен той жасармын.  Елін, жерін қорғап қалуға үлкен сеніммен кеткен еді.  Бауыржан  -жалғызым, тірегім, жалғыз қалсам да, өмір бойы жолыңды күтіп, үмітімді үзбеймін. Сенің оралатыныңа сенімдімін.» ......

Салима сахнадан ары  қарай кетеді

 

 

Жүргізуші:

      Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында өшпестей болып жазылды. Әр шаңырақта майданға аттанбаған жан жоқ. Бірі от оранған далада қалса, бірі ажалдан аман қалып, елге қайта оралды. Талай қазақ азаматы қырғынның бел ортасында болып, ерліктің үлгісін көрсетті.       

(барлығы ортаға келеді)                                                                                                                      

           Олар  жеңісті жақындатты,жеңімпаз болып оралып еді. Отан үшін от кешкен қариялардың қатары күннен – күнге сиреп барады. Алаш үшін апатқа айналған аждаха соғыс талай арыстарды жалмады. Қазақты қара жамылдырған соғыстың зардабы шаш етектен.   

          Кезінде елді жаудан қорғап,бейбітшілік үшін қан төккен соғыс ардагерлерін ардақтау кейінгі ұрпақтың парызы.   

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жеңіс күніне 70 жыл" қойылым сценариі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

(Ауыл.....Әке баласын алаңсыз ойнатып отыр. Анасы дастарханына бар дәмдісін қойып шай қоюда.Әжесі үстел басынада...-Көрші Салиманы шақырып келіңдерші,келіп шай ішіп кетсін.Ербол:-Апа,мен шақырып келейін. (Ербол сыртқа шығып кетеді де аздан соң қайта келеді,артынан көрші Салима да кіреді)Салима :- Сәлеметсіздер ме әже,ата, қалдарыңыз қалай ? Роза әже:-Сәлеметсің бе Салима? Кел,төрлет,шай ішейік. Көрінбей кеттіңдер ғой.Бауыржан аман ба?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 727 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.05.2020 552
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дериенко Татьяна Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дериенко Татьяна Сергеевна
    Дериенко Татьяна Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80868
    • Всего материалов: 216

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек