Инфоурок Другое Рабочие программыЖайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне

Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне

Скачать материал

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:

 Білімділік : оқушылардың табиғат туралы  білімдерін  молайту, табиғатты  қорғау әр  адамның міндеті екенін ұғындыру;
Дамытушылық :туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
Тәрбиелік : табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары  жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар,видео «Қазақстан табиғаты» туралы.

Тәрбие сағатының  әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме! Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне» . Бүгін біз сіздермен Қазақстан Республикасының табиғаты туралы әңгіме қозғаймыз. Балалар «Табиғат» деген сөзді қалай түсінесіздер?

Ассоциация «Табиғат»
• Балалар табиғат деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға біріншіден не елестейді? (тау, күн, ағаш, жасыл шөп, гүлдер, құстар, көбелектер, кемпірқосақ т. б.)

Видеролик «Адам мен табиғат»

1-оқушы. Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су — адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

2-оқушы:Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

3-оқушы: Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір иісі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесіне беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.

4-оқушы: Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

5-оқушы: . Табиғат — ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары-ақбөкен, әні мен сәні — бұлбұл, су аруы — аққу табиғатымыздың сәні.

Мұғалім: Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі.

 Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие. Табиғаттың сан қыры мол, сұлулығымен көз тартатын ерекшелігі арқылы әр адамның жүрегінен орын алатыны да анық.

Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің  өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. 
Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады.  Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.
Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі
.

1-оқушы: Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.

2-оқушы: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған

3-оқушы:Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.

4-оқушы: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

 

5-оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

 

6-оқушы: Қадір тұтып табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

 

 7-оқушы: Туған жерім өзіңе не жетеді,

Далам мені мәпелеп тербетеді.

Құшағыңда ең алғаш перзенттерің

Балғын жырын бұлақтай селдетеді

 

8-оқушы: Ашық болса менің байтақ аспаным,

Туған жерім бітпейтін мол дастаным.

Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,

Керегі не, керегі не басқаның

 

9-оқушы: Ей,адамдар!
          Күн мен гүлден жаралған,
          От пен сезіммен мейірімнен таралған,
          Тіршіліктің иесі Жер Анаға қараңдар!

10-оқушы: Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын,
Қастерлейік оның бар қазына , ырысын.
Ей,адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсын.

Ал енді,балалар біз қазір «Қазақстанның табиғаты» туралы видеоролик көреміз.

 

http://aitaber.kz/uploads/images/00/02/40/2012/03/04/2e8c76.jpg

 ОҚЖЕТПЕС тауы, бұл туралы аңыз бар.Ертеде осы таудың жиегінде Қазақ Сұлтандары қоныстаныпты, оларды Оқжетпес тауының басындағы қыран құс ұнатпапты күнде Оқжетпес тауының үстінде отырып қарқылдай береді екен оның көзін құртқысы келгендер оны атпақшы болады бірақ оқ таудың төбесіне жетпей қала береді екен содан бері ОҚЖЕТПЕС тауы атаныпты…


Бұл МЫСТАНКЕМПІР тасы…
http://aitaber.kz/uploads/images/00/02/40/2012/03/04/439e88.jpg


Тағы бір ерекше тас ол ЖҰМБАҚТАС ол Бурабай көлінің ортасында орналасқан.
Ол туралы аңыз… Ертеде ханның қызы кедей жігітті ұнатыпты, бірақ әкесі оны бай баласына тұрмысқа бермекші болады.Оған қыз келіспей кедей жігітпен қашып осы көлден қайықпен өтіп бара жатқанда әкесі екі ғашықты атып өлтіреді.Сол кезде қос ғашық қайығымен бірге үлкен тасқа айналыпты…

 

http://aitaber.kz/uploads/images/00/02/40/2012/03/04/357495.jpg

 

Тағы бір кереметтің бірі ол ШАЙТАНКӨЛ.Бір қызығы ол көлге келген туристтер көлді көріп келесі күні қарауға тағы келсе көлді таба алмай кетеді екен, және көлдің жалпы көрінісі қорқыныщты бұл көлге ешкім түсіп көрмепті сондықтан бұл көл ШАЙТАНКӨЛ деп аталыпты…

http://aitaber.kz/uploads/images/00/02/40/2012/03/04/3f6c39.jpg

 

 

Зеренді  табиғаты

http://zerenda.ucoz.net/_ph/1/867508220.jpg

Зерендінің солтүстік бөлігін қайыңтерекшоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орманКіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақаттаңқураймойылитмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қарағантобылғы, т.б. бұталарбітік шалғындықастық тұқымдас түрлішөптерқызғылт селеусәбізшөпбетегежусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқырбұланелікқоянтүлкіқарсақсуыртиін, даласында кемірушілеркездеседі. Даласу құстарының 200-ден аса түрі мекендейді.

«Зерен» көлі

http://zerenda.ucoz.net/_ph/1/286585958.jpg

 Аумағы 11,9 км², ұзындығы 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңдігі 4 – 4,8 м. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауының биіктігі 10 м, батыс жағалауының биіктігі 4 м-ге жетеді. Оңтүстік жағалауы сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщыауыз суға жарамды.Зеренді көлінің табиғаты өте әсем, оны қалың қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңтүстік-батыс жағасында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып  жатқан балаларды көрдіде, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

 Жұмбақтар шешу.

1.Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
2.Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)
3.«Айт» десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес. (шөп)
4.Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң — жаның рахат табады. (ағаш)

Мақал-мәтелдер:

«Ер- елдің  көркі, орман-тоғай жердің көркі»,

«Бір тал кессен, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң,

  Күліп жүріп су ішерсің»

 

 1-сұрақ. Егер сен ақын болсаң...

Жауабы. Егер мен ақын болсам, елімнің  орманын, кең даласын жырға қосып өлең жазар едім.

 2-сұрақ. Егер сен суретші болсаң...

Жауабы: Егер мен суретші болсам, туған жерімнің сұлулығын суретте көрсетер едім.

3-сұрақ. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Ағашты кеспе, орманды өртеме, шөпті таптама.

4-сұрақ. Ауаға, суға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы. Суды лайлама, суға түкірме, ауаны ластама, су ішкен құдыққа түкірме.

5-сұрақ. Жануарларға -құстарға  байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

Жауабы: Аққуды атпа, малды теппе, құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба.

 

« Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: 
Мөлдір: Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдерші- деуші еді табиғат. 

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1.     «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз
3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
5. Экологиялық үгіт — насихат жүргіземіз.

 

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек.! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Кадикова Ж.

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне» Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік : оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;Дамытушылық :туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;Тәрбиелік : табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, мақалдар, жұмбақтар,видео «Қазақстан табиғаты» туралы. Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2020 1107
    • DOCX 405.4 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гаврилова Галина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гаврилова Галина Анатольевна
    Гаврилова Галина Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58227
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе