Инфоурок Химия Другие методич. материалыЖай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/

Жай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/

Скачать материал

Химия 8 сынып

Күні  :

I тарау .  ХИМИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМДАР

    

 САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Химия – заттар туралы ғылым. Қауіпсіздік техника ережесі бойынша нұсқаулық кіріспе. Химия - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызды туралы қысқаша тарихи мәліметте

 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ.

 Білімділік: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, заттардың қасиеттерін , таза зат және қоспа ұғымдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Заттарды анықтауға және олардың қасиеттерін сипаттай білуге үйрету.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа,қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету .

Сабақтың түрі: танысу сабағы.

 Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап

       ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар,үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б.

Пәнаралық байланыс: физика, биология

ТІРЕК БІЛІМ МЕН БІЛІКТЕР. Дене, зат және заттың қасиеті туралы түсініктер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

     ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

        Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды зертханада жұмыс істеу ережелермен таныстырам . Құралдар мен оқу жабдықтарын дұрыс пайдалану қажеттігі айтылады. Сабақ оқу  кезінде негізгі құрал оқулық болғандықтан  оның мазмұнымен, құрылымымен таныстырамын.

 Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылар химия ғылымының алғашқы ұғымдарымен танысады, оларды салыстыра білуге үйренеді.Алғашқы сабақта оқушылардың жаңа пәнге деген қызығушылығын арттырудың зор маңызы бар. Сол себепті   төмендегі  сұрақтардың мәнін ашуы керек .1.Жаратылыстану  ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

.2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа  пәндермен байланысты.

.3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы  химияның рөлі.

    Одан кейін физика курсынан таныс зат , дене ұғымдарын оқушлардын есіне түсіріп өтемін

 а/  денелер деп нені айтады?

 ә/ денелерге қандай қасиеттер тән /пішіні, мөлшері, массасы, түсі, дәмі, исі, тығыздығы, қаттылығы, т.б./?

Заттың  алуын  түрлілігіне,  жаңадан алынып жатқан заттардың қасиеттеріне, айырмашылығы мен  ұқсастығына тоқталу. Сонан соң  заттрдың касиеттеріне  қарай әр түрлі болатындығын түсіндіру яғни  оқушыларды  бір заттың басқа затпен салыстырғанда  ұқсастығы мен ерекшелігі неде  екенін ажырата білуге үйрету.  Сол сияқты  оқушыларды зат және физикалық  дене  ұғымдарын ажырата білуге  үйреткен жөн. Осы екі ұғымды ажырата білу  білігін  қалыптастыру  үшін  төмендегі  тапсырманы орындатамын.

Келтірілген  тізімде  заттар және физикалық  денелер берілген: су,  сызғыш,  сода, қант, алюминий, стақан, қасық.

         / I нұсқа/.   Осы тізімнен заттарды іріктеп жаз.

       /II нұсқа/.Физикалық  денелерді іріктеп  жаз

 Оқушылар заттың физикалық қасиетімен танысқанда жай заттың қасиетімен  танысу ережесін  еске түсіреді, әсіресе  сандық айырмашылығына  баса көңіл аударады.Себебі, химия  пәні  дәл есептеуді қажет ететін пәннің бірі. Сандық қасиеттерді анықтауға арналған кейбір құралдармен /ареометр,термометр/ таныстырады. Зертханалық тәжірибелерді өткізеді.

Заттың қасиетін  төмендегі кестені толтыра отырып сипаттаса оқушылардың ісінде көбірек сақталады.

Салыстыру

белгілері

        Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

1 Агрегаттық

күйі

 

 

 

2 Түсі

 

 

 

3 жылтырлығы

 

 

 

4 Иісі

 

 

 

5Қаттылығы

 

 

 

6 Иілгіштігі

 

 

 

7 Электр өткізгіштігі

 

 

 

8 Жылу өткізгіштігі

 

 

 

9 Суда ерігіштігі

 

 

 

10 Тығыздығы

 

 

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:                                                                                                                                                                                

1.     Химия ғылымы нені зерттейді.

2.     «дене»және «зат»ұғымдарының  айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріндер.

3.     Заттардың өздерін білетін физикалық қасиеттерін айтып беріндер.

4.     Мына заттардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін сипаттап,кесте жасандар:

а/ ас тұзы мен қант: ә/ сірке қышқылы мен су.

Үйге тапсырма беру:   Кіріспе, §1 ж/е 1-жаттығу

 

 

 

 

 

 

Химия 8 сынып

Күні  :

Сабақтардың тақырыбы: Заттар және олардың физикалық қасиеттері.Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан тазарту әдістері  №1 көрсетілім.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге  керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

1.     Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2.     Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

3.      Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады  сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

3.     Таза зат дегеніміз не?

4.     Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

    ( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

       Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

       Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

1.       Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

2.       Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

3.       Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

4.       Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

5.       Қоспаларды бөлу тәсілдері:

6.       Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

7.       Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

 

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1.     Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

2.     Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

3.     Әртекті  қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

4.     Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Екі  топқа арнайы карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.

I-топ.Таза заттар

Төменде берілген сөздерден таза заттардың астын сызып,көшіріп жазыңдар:

Шыны,лай су,стакан,су,дәптер,кітап,қант,бор.

    Ас тұзымен құмшекердің қасиеттерінде қандай ұқсастықтар бар?

II-топ.Әртекті қоспалар

Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіңіз?

А)стакан,су,қалам,сызғыш

Ә)ас тұзы,пышақ,ас содасы

Б)бор,кітап,қағаз,резеңке

Бағалау:Әр топқа бағалау парағы беріледі.

 

 Үйге тапсырма беру: §2.3.  2,3,4, 9-14бет оқу.1-10 жаттығулар (ауызша).

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Химия 8 сынып

 

Күні      

Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса.

                                              Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жай және күрделі заттар . Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса  туралы  ұғымды түсіндіру.

 Дамытушылық:  химиялық  элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын  есептеуге және  салыстыруды үйрету.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен  біліктерін тексеру үшін  тапсырмалар беру:

Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

1.     Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?

2.     Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?

3.     Химиялық элемент дегеніміз не?

4.     Молекула және атом дегеніміз не?

5.     Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Жаңа материалды оқыту:   Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың  физика курсынан  масса ұғымы  белгілі екенін  ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймын.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың  массасы өте кіші  болғанымен  олардың сандық  мәні  дәлдікпен  анықталған. Мысалы  ең жеңіл атом атом сутегінің  атомдық массасы:

 mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

 mа (O)=2.66*10-23     г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

 Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны  өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі,  массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның  атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі  атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26kг      =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

 Осы мәнді м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең  сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса  өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде  relative- “салыстырмалы ” деген мағына береді ).

 Мысалы оттегі үшін:

                      Ar=2.66*10-23        = 16

                            0.66*10-23

 массасының  атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған  атомдар  массасынан салыстырмалы  атомдық массаның  өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы;   mа (H)=1м.а.б.             Аr (H)   =1

                  та (O)=16 м.а.б.          Ar (O ) =16

                  та (S)=32 м.a.б.          Ar  (S)  =32

Демек сутегі атомның массасы  көміртегі  атомның массасына 1/12 бөлігіне  тең екенін,  ал оттегі  ал оттегі  атомның  массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан  ауыр екенін көрсетеді.

Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталамын.

Химиялық формулазаттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.

Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:

        Мr (H2O) = (2•1)+16=18

Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:

1.     Жай немесе күрделі зат.(бір немесе бірнеше атом түрлерінен құралғандығын)

2.     Сапалық құрамы  (яғни атомдардың қандай түрлерінен құралған)

3.     Сандық құрамы (яғни әр атом түрінің қаншасы кіреді)

4.     Салыстырмалы молекулалық массасы (яғни берілген молекула массасы м.а.б-нен неше есе көп)

5.     Элементтердің массалық қатынастары.

 Төмендегі мысалдардан формула алдына қойылатын коэффиценттің және индекстің мәнін түсіндіреміз - 3O2, 4H20, 3P2O5, H2, 5H, 4H2.

 

Жаңа материалды қорытындылау:

             1.   Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.

                 2.   Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен  көрсетіңіз.

            3.   Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?

            4.   Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті                       (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсету.

            5.   Қандай мақсатта химияға «салыстырмалы атомдық масса» ұғымы енгізілген?

            6.   Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? Осы анықтаманы айқындайтын формуланы жазу.

            7.  Салыстырмалы атомдық массалары 8 санынан кем болатын элементтерді атаңдар..

8.Жай зат азоттың N2 және күрделі зат көмір қышқылының H2CO3 салыстырмалы молекулалық масса сын есептеп шығарту.

9.Кальций фосфатының Са3(РО4)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарту.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. §8  1-10 жаттығу. 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 2334
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокатова Сагдат Кажымукановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    Шокатова Сагдат Кажымукановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28339
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 32 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции