Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей»

«Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей»

Скачать материал

 

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет» мектеп-лицейінің информатика пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Сараева Гульмира Ганмирхановнаның

доклады

Тақырыбы: «Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей»

 

"Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру"- деп,  мен өзімнің жетекшілік атқарып жүрген сыныбымда тәрбиелік мақсатта тәрбие сағаттарын өткіздім. Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе жалпы және жеке адами қасиет – сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.

Тәрбие – тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы құрал. Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға және қажет болғанда түзеуге көмектесетін элементтерге бөлінеді:

ü  табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);

ü  өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын және оның құндылық мәнін дәріптеу, бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік, теңдік, туысқандық, т.с. құндылықты категорияларды қалыптастыру);

ü  қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі және оның саяси құрылымымен танысу, қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу, «Мен» және қоғам, отаншылдық тәрбие);

ü  еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбек ету дағдыларына үйрету).

Бұлардың барлығы тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бағыттарында қамтылып отыратын үрдіс. Атап айтсақ:

-          ғылыми дүниетаным қалыптастыру;

-          азаматтық тәрбие;

-          еңбек тәрбиесі;

-          адамгершілік тәрбиесі;

-          эстетикалық тәрбие;

-          дене тәрбиесі.

Мен өз тәрбиелік жұмысымда осылардың ішінде азаматтық және адамгершілік тәрбиесіне көп көңіл бөлдім. Алдыма қойған мақсатым - өз іс-әрекетіне жауапты, адал, намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адам тәрбиелеу.

Азаматтық тәрбиенің мәні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тәртіптілікті, басқа азаматтармен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен қатар жүктелген міндетті орындау, отаншылдық, ұлтжандылық және ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз:

-          азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады;

-          азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;

-          бірлікте өмір сүруге дағдыланады;

-          өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;

-          басқалардың мүддесін де ескерудің қажеттілігін сезінетін болады;

-          қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілікті сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау жүргізуге бейімделеді.

Мәдениет тарихындағы адамгершілік тәрбиесінің мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:

-          патерналистік (патер – лат. «әке», үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тәрбиесі);

-          діни-дәстүрлік (діни наным-сенімдер мәртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тәрбиесі);

-          ағартушылық (ғылыми білімдерді игерудің нәтижесі түріндегі адамгершілік тәрбиесі);

-          коммунитаторлық (коммуна – лат. «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық сезімін қалыптастыру түріндегі адамгершілік тәрбиесі).

Адамгершілік тәрбие Осыған байланысты мен «Дұрыс тамақтану – өміріңді ұзартады», «Адамгершілік – адамның нұрлы шуағы», «Мен сені түсінуге тырысамын», «Қыл өтпейтін татулықты бір ашуға сатпайық», «Сен оны құрметте», «Әдеп және әдет», «Сән мен сымбат», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын», «Кей құрбы бүгін тату, ертең бату, тілеуі, жақындығы – бәрі сату», «Төл валютамыз - теңге» атты т.с.с. тәрбие сағаттарын өткіздім. Тәрбие сағаттарын қызықты және ұтымды өткізуге тырысамын. Мысалға, оқушыларға ата-аналарына хат жазғызам, шығарма жазғызамын, өлең жолдарын шығартам, өз жанұялары туралы суреттер салғызам, өз болашақтарын қандай деп елестетеді соны суреттеу, әр айдын аяғында өздерінің жасаған жұмыстарына өздеріне диплом жасатамын. Осылай оқушыларымның жауапкершілігін арттырам деп ойлаймын.

Сонымен қатар ата-аналармен ықпалдасу әдістемесін де қолдандым. Ата-аналарға арнап «пікірлесу сағаттарын», «ата-аналарға арналған тест және сауалнамалар», «ашық тәрбие сағаттарын» және «ашық есік күндерін» өткіздім. Әрине балалары сияқты ата-аналары да барлық шақырған жиындарға атсалыса қатысады.

Ата-аналар мен оқушыларға жалпы тәрбие сағаттарында өткіземін. Мысалға, осы жылдың қаңтар айында «Мамандық - жетістік мерейі» атты ашық тәрбие сағатын алуға болады. Тәрбие сағатының мақсаты - «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, болашақта мамандық таңдауға бағыт беру.

Тәрбие сағатының екінші бір мақсаты оқушылардың болашақта қандай маман иесі болғылары келетіндігін және болашаққа қойған мақсаттарын ата-аналарына жеткізу. Сонымен қатар ата-аналарының да балаларының кім болғандарын қалайтыны туралы ойлары айтылды.   

Наурыз айында «Балаларға - бақыт сыйлау парызымыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстар туралы өй бөлісу және «Приуралье» газетінің №17 номеріндегі «Сначало была дружба» атты мақалаға өз көзқарастарымен бөлісу.

Осыдан мен кәсіби бағдарлау бағытында оқушыларға болашақта қай маман иесі болуына, дұрыс мамандық таңдауына сұраққа жауап беруге, эстетикалық бағытта қазіргі жастар қоғамдық ортада өздерін қалай ұстау керектігін, сөйлеу мәдениетін үйретуді, экономикалық бағытта ақшаның  құндылығын, еңбек тәрбиесі бағытында осы өмірде барлығы еңбекпен табылатынын және  еңбектенуге деген ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыруды міндет етіп қойдым және те әлі осы бағытта жұмыстанамын деп айтқым келіп отыр.

М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.

 

 

 

Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру"- деп,  мен өзімнің жетекшілік атқарып жүрген сыныбымда тәрбиелік мақсатта тәрбие сағаттарын өткіздім. Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, әсіресе жалпы және жеке адами қасиет – сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.

Тәрбие – тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы құрал. 

Мен өз тәрбиелік жұмысымда осылардың ішінде азаматтық және адамгершілік тәрбиесіне көп көңіл бөлдім. Алдыма қойған мақсатым - өз іс-әрекетіне жауапты, адал, намысты, жалғандық пен кәззаптықтан жаны аулақ адам тәрбиелеу.

Азаматтық тәрбиенің мәні – кемелденудегі ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тәртіптілікті, басқа азаматтармен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен қатар жүктелген міндетті орындау, отаншылдық, ұлтжандылық және ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 673
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сараева Гульмира Ганмирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 9641
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 796 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе