Главная / Другое / Жасөспірімдерді тәрбиелеудің мақсаты, құндылығы мен бағыттары

Жасөспірімдерді тәрбиелеудің мақсаты, құндылығы мен бағыттары


Жасөспірімдерді тәрбиелеудің мақсаты, құндылығы мен бағыттары


Бижанова Құралай Кенжебайқызы -

география пәнінің мұғалімі


Тәрбиеұлы іс, адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі.

«Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» – деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдердің жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мақсаты – рухани, әлеуметтік-адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, жан-жақты терең білімді, дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі азаматты тәрбиелеп шығару.

Бұл мақсатымызға жетудің негізі – біріншіден, жанұядағы қалыптасқан тәрбие мен мектептегі тәрбиенің ұштасуы, екіншіден жанұя өмірін дұрыс ұйымдастыру, яғни ата-ананың бала алдындағы беделі болып табылады.

Сондықтан да тәрбие сағаттарында ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы болып, сан ғасырлық мол тәжірибе жинақтаған ата-бабаларымыздың, аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен шешелеріміздің өмір мектептерінің педагогикалық-психологиялық, танымдық-тәлімдік ерекшеліктерімен танысуда оқушылардың ата-аналармен біріктіріп өткізген «Тыйым сөздер», «Бабалар өсиеті» тақырыбындағы сынып сағаттары өзінің нәтижесін беріп, баланың тәртібі мен ой-өрісіне көп көмегі болды. «Тыйым сөздер» балалардың жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. «Бабалар өсиетінде» ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген дана, нақыл сөздерімен, мақал-мәтелдерімен, аңыздарымен терең танысу. Бабаларымыздың өсиет сөздеріне терең мән беру, тәлім-тәрбиелік мәндеріне назар аудару, күнделікті тұрмыста қолдану.

Сонымен баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, мұғалімге, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс тұрысына, сыртқы көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты.

Балаларды тәрбиелеу – біздің өміріміздегі жауапты сала. Дұрыс тәрбиелеу – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз.

Адамдар, заттар, құбылыстар – бәрі де баланы тәрбиелейді, бірақ адамдар бәрінен бұрын және бәрінен де көбірек тәрбие береді. Олардың арасында бірінші орында ата-аналар мен педагогтар тұрады.

Баланың жан азығына зәру екенін ешуақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы есітігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген үлкен пәлсапалық ой жатыр».

Яғни балаға туғаннан тән азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы – жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат – жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатымыз ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және әлемдік мәдениет жалпы адамзаттық құндылықтар, білім алуда тілді және мектептің түрін таңдау еркіндігі негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағдары айқындалған. Міне, сондықтан да мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің құндылығы – олардың білгірлігінде, дүниетанымдығында, рухани өсуі мен өмірден өз орнын табуында дер едім.

Ата-аналар мен педагогтар өздері тәрбиелеп жатқан жасөспірімнің бойынан және келешегінен зор үміт күтеді. Олар өздерінің берген тәрбиесінің құндылығын кейін әрбір жеке жасөспірімнің ер жетіп өмірден өз орнын тауып, жақсы қасиеті мен білгірлігі және ақылдылығымен танылып жатқанда ғана көреді.

Қазір оқушылар ерекше әлеуметтік топқа жатады, ол ертең зиялы қауымның қатарын толтыратын сауатты да, саналы азамат-тұлға. Оқушының басты мақсаты, мұраты – терең білім алу, өзінің ой-өріс көкжиегін кеңейту, рухани адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық жағынан өсіп толысу, болашақта таңдаған мамандықтың майталман шебері болу.

Жасөспірімдерді тәрбиелеудің бағыттарының бірнешеуіне сипаттама беретін болсақ, қазіргі кездегі заман талабына сай мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ оқушының бойындағы қасиеттерін, бейімділігін, салт-дәстүрімізді түсінуін, ұлттық мәдениетке көзқарасын т.б. осындай бағыттарда өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларына жасаған зерттеу жұмысым арқылы көрсетемін.

Тәрбиенің ауданы бұдан да кең, түбі терең: адамның өсетін, жетілетін, балалық жеткіншектік кезең түгілі, тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кезеңде де қалмайды.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері зерттеліп келе жатқан этнопедагогика ғылымының айрықша маңызы зор. Қазақтардың ескі өмірі, тұрмысы мен тіршілігі, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрі, яғни жалпы мәдениеті бүгінгі өскелең ұрпақтың туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, қазақ этносын біліп өсуі жасөспірімдердің болашақта мамандықты таңдауына, еңбекке араласқанда да көп ықпалы болады.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өз елінің патриоты болуын талап етеді, ал мұның өзі белгілі дәрежеде ұлттық дәстүрлерді, ұлттық ережелерді, мақтанышты, ар-ожданды жақсы білу деген сөз.

Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек, отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдеп-ғұрыптардың заманға сай өрнектерін халық жоғары бағалайды. Әдемі әдет пен әсем әдеп, аталық дәстүр, рабайлы рәсім – бәрі-бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы, адамгершілікке толы үлгі-өнегелер. Әрбір ұлттың әдептік қағидалары сол ұлттың тарихи, мәдени дәрежесін айқын көрсетіп, ұлттық ерекшеліктерін бейнелейді. Осыған орай өз сыныбымда өткізілген мынандай тәрбие жұмыстарының бірін айтып өткім келеді. «Қыз өссе – елдің көркі» деген тақырыпта әдет ғұрыпты көрсетуге негізделген тәрбие сағаты өткізілді. Сондай-ақ «Алтын босаға» сайыс түріндегі ата-аналармен біріктіріліп өткізілген тәлімгерлік сағаты.

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени-рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі тәрбиеде. Тәрбиенің мұрагері, қоғамды байытушы күштің қайнар көзі – бала. Осыны сезіп, бала қадірін жете бағалай білген қазақ халқы «Артыңда байлық қалғанша, балаң қалсын» деген қанатты сөздер қалдырған.

Шынында да адам баласы үшін өзінің артында қалып, аты мен сөзін, ісі мен мұратын жалғастыратын баладан артық байлық жоқ.





Жасөспірімдерді тәрбиелеудің мақсаты, құндылығы мен бағыттары
  • Другое
Описание:

Тәрбие – ұлы іс, адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» – деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ. Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдердің жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мақсаты – рухани, әлеуметтік-адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, жан-жақты терең білімді,

Автор Мажирова Куралай Кенжебаевна
Дата добавления 17.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 497
Номер материала MA-061386
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓