Главная / Обществознание / „Жақсылықпен жаным дос„ тақырыбында ашық сабақ

„Жақсылықпен жаным дос„ тақырыбында ашық сабақ


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Семей қаласының №37гимназиясы»КММ

7 Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық

Мұғалiм: Мұхамедиева Надира Күсемісқызы

Сынып__5___


Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру;

-  жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ;

-  іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)

  1. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс)

Үй тапсырмасына №7 тақырыптағы  Жақсылыққа жақсылық ертегісін үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы ертегідегі теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасаған көріністерді естерінде қалуы үшін суреттер салып келу.

    (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау).

Ертегі бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?   

2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не орнайды?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе!


Ыбырай Алтынсарин

-Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?

-Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер?

-Байсалдылық ойды тынышталдырып, жақсы әрекет жасауға жол көрсете ме?



4.Әңгiмелеу

Жақсылық пен Жамандық

Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:
- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
 Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
 Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен. 

Сұрақтар:


- Адам Жақсылықтың айтқандарын орындау себебі неде? 

- Шыдамдылық адамның ішкі дүниесін қалай гүлдендіреді ?

- Жақсы ой, сөз, іс әрекеті үйлескен адам қандай адам?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер?

1.Жақсылықпен жаным дос,

...........................................

Үлкенге де, кішіге,

............................................

Дұрыс жолды таңдаймыз,

........................................

Жанашырлық білдіріп,

 ........................................

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

 

2-ші топқа

2.Жақсылықпен жаным дос,

..........................................

Адамдарды алалап,

.........................................

Кішіпейіл танытып,

........................................

Риясыз ақ көңілмен,

..........................................

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.


Топпен ән айту.

Жақсылықпен жаным дос! (Ақ көгершін әніне салып орындау) сөзі Ғазез Ж.С

1.Жақсылықпен жаным дос,

Бауырмалмыз бәріміз.

Үлкенге де, кішіге,

Жақсылық жасаудан қалмаймыз.

Дұрыс жолды таңдаймыз,

Самғап ұшып  талмаймыз.

Жанашырлық білдіріп,

 Көмек беруге дайынбыз.

 

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы  сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

 

2.Жақсылықпен жаным дос,

Арамдықты білмейміз.

Адамдарды алалап,

Кемсітуді білмейміз.

 Кішіпейіл танытып,

Қол созамыз баршаға.

Риясыз ақ көңілмен,

Жақсылық жаса адамға!


Үй тапсырмасы.

8  С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет.

Дәптермен жұмыс №7 1 Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер!


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 






„Жақсылықпен жаным дос„ тақырыбында ашық сабақ
  • Обществознание
Описание:

Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру;

- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ;

- іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
  1. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс)

Үй тапсырмасына №7 тақырыптағы Жақсылыққа жақсылық ертегісін үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы ертегідегі теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасаған көріністерді естерінде қалуы үшін суреттер салып келу.

(Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау).

Ертегі бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?

2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не орнайды?

Автор Конкашева Куляш Серикказыевна
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров 628
Номер материала MA-062367
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓