Главная / Директору-завучу / Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі

Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі

Темирбекова Нурбике Сапарбековна

«Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы»

ММ-і директорының ҒӘЖ бойынша орынбасары

Астана қаласы

Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ұсынған биылғы Жолдауы мемлекетіміздің барлық сала бойынша тұрақты дамуын қамтитын, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласының барлық деңгейлеріндегі қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойылды.

Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ.

Жоғары мектеп оқытушысы өз саласының маманы болумен қатар білім стандарттарында айқындалған психологиялық, педагогикалық, ғылыми бағыттардан да жеткілікті деңгейде құзыреттіліктері қалыптасқандығын көрсете алулары тиіс. Өкінішке орай жоғары оқу орындары білім беру жүйесі қызметіне бірден араласып кететіндей мамандар дайындап отыр деп айта алмаймыз. Мысалы атап айтсақ жоғары мектептердің жас мамандары кәсіби әрекетте туындайтын мәселелерді шешуде педагогика мен психологияның жетістіктерін пайдалануға, оқыту үрдісінде жаңашылдық технологияларды қолдануға, студенттермен тәрбиелік мақсаттағы жұмыстарды, зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге, өз бетінше білім жинақтауға қиналатындықтарын көріп жүрміз. Тіпті өзі оқыған ғылым саласында да терең білімдері болмайтындары кездеседі.

Ал білім мекемелері мен өндірістерде жас маманды жұмысқа бейімдеу, оның ұжыммен етене болып кетуіне жағдай жасау, мамандығына көңілі толмау сезімдерінің болмауына ықпал ету ісі бүгінде өз дәрежесінде жүргізіліп отырмағаны белгілі. Оның себептері: оқу орындарында жаңашылдық үрдістердің кенжелеуі, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда формальділіктің орын алуы мен олардың өз дәрежесінде жүргізілмеуі; тәлімгерлік институттарының болмауы, оқу орындарындағы шамадан тыс қағазбастылық, профессорлық – оқытушылар құрамының жүктемелерінің көп болып, керісінше міндеттер ауқымының молдығы, жастардың педагогикалық қызметке деген қырсыздығы, онымен айналысуды мансұқ етпеуі т.б.с.с. Алайда болашақты ойлаған әр басшының, аға буын өкілінің, мамандығын сүйетін майталман ұстаздың жастарды тәрбиелеуге бей-жай қарамайтындығына сенім жоқ емес.

Тәлімгерлік-тәрбиенің бір түрі. Ол – жас маманды жұмыс орынында оқыту арқылы, аз шығынмен қолданбалы құзыреттіліктерді меңгертудің қуатты құралы. Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды. Тек өзгеден өзгеше, бұрынғыдан нәтижелірек тәжірибе ғана осындай атқа ие болмақ. Сондықтан «озық тәжірибе» ұғымын мәнін қарастырғанды жөн санадық.

Озық тәжірибеге түсіндірме сөздікте практикада меңгерілген білім, іскерлік, дағдының жиынтығы; адам санасындағы сол әлем мен қоғамдық практиканың өз ара әрекетінің нәтижесі деген анықтама берілсе [1], осыдан келіп шығатын «педагогикалық озат тәжірибе» ұғымының мағанасын педагогикалық энциклопедияда: педагогтың оқу мен тәрбиедегі жинақтаған тәсіл жүйесі, оны жұмыс процесінде қолдану және жетілдіру; оқу- тәрбие процесіндегі мұғалімнің білім, іскерлік, дағдысының бірлестігі; мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі;педагогикалық ғылымды дамытудың көзі деген мағына арқылы түсіндіріледі [2] .

М.Н.Скаткин бұл түсінікті кеңейте отырып: «озық педагогикалық іс-тәжірибе немесе озық педагогикалық тәжірибе дегеніміз - оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогтың жоғары шеберлігі, аз шығынмен, күш, уақыт жұмсау арқылы жоғары нәтиже алуға болатын тиімді тәжірибе» деген тұжырым жасайды [3].

Бұл ретте тәжірибенің озық екендігін анықтау үшін арнайы критерийлер айқындалуы тиіс екндігіне көңіл бөлу қажеттігі туындайды.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе білім мекемесі ең алдымен педагогтар еңбектерін бағалай отырып озат деп танылатын тәжірибені сараптан өткізулері, содан кейін сәйкесінше мамандар арасында ұжымдық шығармашылыққа өзіндік үлес қосып жүрген, жаңашыл, сапалы еңбегімен танылған, беделді болашақ тәлімгерлерді анықтап алғаны жөн. Олардың әрқайсысының қай бағытта басқаға көмек бере алатындығы айқындалған соң, тәлімгерлер институтын құрып, жас мамандарды оларға бекіту жүзеге асырылады. Тәлімгер болып әдетте озат тәжірибе иесі, педагогикалық әрекетте шеберлігімен танылған маман тағайындалады.

Тәлімгерлік туралы айтқанда мұндағы басты кейіпкері тәлімгер жайлы сөз қозғамауға болмайды. Жақсы тәлімгер болу үшін ең алдымен жастарды сүйе білу қажет. Нағыз тәлімгер өзінен мықты, өзінен ақылды жанды тәрбиелеуге барын салады. Сондықтан да тәлімгерлікті ең алдымен шығармашылық әрекет ретінде қабылдаған жөн.

Тәлімгердің міндеті – жас маманға өзін - өзі іске қосудың тетіктерін меңгерту, өз жұмысына рефлексия жасап, баға беруге баулу, тұлғаның жекелік қасиеттерінің дамуына көмектесу болып табылады.

Тәлімгердің жұмысының нәтижелілігі сондықтан да, тәлім алушы мен оның ұстазының, әріптестер мен басшылар арасындағы өзара әрекеттестік жүйесінің дұрыс құрылуына тікелей байланысты. Олардың ортақ іске қатысты мотивтерінің сәйкес, ортақ мүдделері ұқсас және ақиқатқа деген бірыңғай көзқарасының болулары жұмыстың жемістілігін қамтамасыз етеді.

Тәлімгердің жұмысының түрлеріне: ұйымдастырушылық-басқарушылық; әлеуметтік – педагогикалық; ұйымдастырушылық – әдістемелік; ақпараттық кеңес берушілік; түзетушілік қызметтер жатады.

Енді соларға тоқтала кетейік:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет жас мамандардың кәсіби қиыншылықтарын анықтауды ұйымдастыру, тәлімгерлік жұмыстың бағыт бағдарын айқындау, жоспарын жасау, үйренушінің педагогикалық әрекетке деген мотивтерін туғызудан тұрады;

- әлеуметтік – педагогикалық қызмет жас маманды ұжымның ішкі тіртібіне, қарым қатынас мәдениетіне, оны кәсіби дамудың жеке траекториясын жасауына көмек көрсетуге бағытталады;

- ұйымдастырушылық – әдістемелік қызмет жас оқытушының оқу үрдісін әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыруға, педагогикалық технологияларды пайдалануға машықтандыру, студенттермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеруіне бағытталуымен сипатталады; 

- ақпараттық кеңес берушілік өзінің қызмет кәсіби білімі мен тәжірибесін тұрақты түрде жеткізу; жас маманның оны ұдайы толықтырып отыруы, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін қандай ақпаратпен жұмыс жасау керектігі, оларды табу мен өңдеу жолдарына қатысты ақыл кеңестер беру аясында жүргізіледі. 

Тәлімгерлік уақыттық сипатына қарай эпизодттық, мезгілдік, жүйелі болып бөлінеді. Ал олардың формалары: тікелей, жеке, ашық, ұжымдық түрде жүзеге асады.

Тәлімгерлік не береді дегенге келсек, ең алдымен жоғары оқу орындарының алдына қойылып отырған сапалы маман дайындаудың тиімділігін арттырады; жас кадрлардың өз мамандығының қыр - сырын үйреніп, оқыту әдістері мен технологияларын тез меңгеруіне жағдай жасайды; мамандардың біліктіліктілігін көтеруге кететін шығындарды азайтады; жас мамандардың білім мекеме жағдайларына әлеуметтік - кәсіби бейімделу үрдісін жеделдетеді.

Тәлімгерлік қандай формаларда жүзеге асырылады деген мәселеге тоқталсақ, білім мекемелерінде кең тараған әдістемелік жұмыстарды еске түсіруге болады. Олартөмендегі кестеде қысқаша бейнеленген:

Ұйымдастыру бірліктері

Түрлері

Әдістер

Әдістемелік секция

Ашық сабақтар

Бақылау

Әдістемелік бірлестіктер және әдістемелік бюролар, проблемалық зертханалар, озық тәжірибе мектептері

Ғылыми-практикалық конферениялар, педагогикалық көрмелер,педагогикалық оқулар диспуттар мен пікіралмасулар, мұғалімнің шығармашылық есебі т.б..

Әңгімелесу,өзіндік рефлексия,өз бетінше білім алу

Байқап отырғандай педагогика мен дидактикада озат тәжірибені насихаттаудың көптеген жолдары бар. Бұларға қосымша: баспадан еңбегін басып шығару, газет – журналдарда жариялау, хабарлар ұйымдастыру, ашық сабақтар циклын көрсету, курстық жұмыстарда насихаттау, семинарлар өткізу, авторлық кештер не күн өткізу т.б.с.с. түрлері де барлығымызға таныс.

Біз өз мақаламызда соңғы уақыттарды қолданысқа еніп жатқан тәжірибе жинау мен алмасудың, жаңа формаларының кейбіріне тоқталуды жөн көрдік.

Озат тәжірибені таратудың инновациялық формаларының бірі – шеберлік сынып әдісі. Мұндағы басты кейіпкер шебер. Қазіргі кезде шебер – оқытушы деп зерттеушілік біліктері қалыптасқан, тәжірибелік жұмыстарды білетін, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана, талдай алатын, өз әрекетінің қорытындыларын болжайтын, әдістемелік нұсқаулар дайындайтын ұстазды айту қабылданған.

С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «шебер» сөзіне бірнеше түсіндірмені табуға болады. Оларға тоқтала кетсек: өндірістің белгілі бір саласындағы білікті маман; өндірістің жеке бір саласының жетекшісі; бір нәрсені жақсы әрі жылдам орындайтын адам; өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман. [4]. Бұлардың ішіндегі педагогтарға соңғы екі анықтама педагогтарға сәйкес келеді.

Педагогикалық шеберлікті әр кездерде әртүрлі ғалымдар әрқалай түсіндіруге әрекеттенген. Мысалы А.Дистервег шебер – мұғалім ғана оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге құқылы екендігін айтса, А.С. Макаренко педагогикалық шеберліктің мәні білім мен біліктерде айқындалатындығына тоқталады [5;6].

Қазіргі педагогикалық әдебиетттерде «педагогикалық шеберлік» ұғымының сипаттамасына мына төмендегі компоненттер енеді: психологиялық және этикалық-педагогикалық эрудиция; кәсіби қабілеттер; педагогикалық техника; кәсіби әрекетті жүзеге асыруға қажетті тұлғаның арнайы сапалары.

Халқымызда «шебердің қолы ортақ» деген даналық сөз бар. Мұның астарында өз білгеніңді өзгеге үйрету керектігі меңзеледі. Шеберлік сынып бұл ретте таптырмайтын құрал деуге болады.

«Шеберлік сынып» озат оқытушының өз тәжірибесін өзгелерге таныту мен таратудың ең оңтайлы жолы. Ал қатысушы үшін - практикалық жолмен тәжірибе жинақтаудың, жаңа білім алудың тиімді тәсілі. Белгілі ғалым М.М.Поташник шеберлік – сыныпты шеберден кәсіби сабақ алудың айырықша түрі ретінде сипаттайды. Шеберлік – сынып жинақталған озық тәжірибені таратудың, сол арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тиімді формаларының бірі. Демек шебер өз тәжірибесін, білімін, шеберлігін мен өнерін ашық көрсетеді [7].

«Шеберлік - сынып» - бұл озат тәжірибе авторының онымен танысушыларға қызығушылық танытқан мұғалімдер алдында өзін таныстыруы. «Шеберлік сыныпта» тәжірибе авторы: тек өзіне ғана тән педагогикалық әрекеттер мен кешенді әдістемелік тәсілдерден тұратын; оқу – тәрбие үрдісін шешудің тиімділігін арттыратын өзара байланыстағы ерекше іс - әрекеттерден түзілген; мұғалімнің жұмысындағы тұтастықты, әр әдіс пен тәсілді орнымен қолданудағы оптимальділікті, педагогикалық іс-әрекетінде субъектімен жұмыс етудегі әртүрлілікті, олардың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай туғызудағы жан – жақтылықты көрсететін өзіндік оқыту жүйесін танытуы тиіс.

«Шеберлік сыныпты» ұйымдастырып өткізудің өзіндік реті мен тәртібі болады. Тек сол сақталғанда ғана оған қатысушылар қанағат тауып, өздеріне қажеттісін алуларына мүмкіндік пайда болады. Біз өз тәжірибемізде шеберлік сыныпты өткізудің төмендегідей құрылымын басшылыққа алдық.

1. Шебер – педагогтың тәжірибесін презентациялау. Бұл қадамда мұғалім қолданатын технологиялар мен озық әдістердің негізгі идеялары баяндалады, олардың ғылыми негіздері жайлы түсінік беріледі. Шеберлік сыныптың осы кезеңінде шебер қазіргі педагогикалық технологияларды, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану мүмкіндігі бар. Атап айтсақ мультимедиялық техникамен слайдтар арқылы, интерактивті, маркерлік тақтаны, компьютерді пайдалану жасалып тұрған хабарламаны қабылдауды жеңіл етеді.

Бұдан соң шебер оқытушы өзінің шығармашылық зертханасының сипаттамасын береді. Өзіндік тәжірибесінің жетістіктері қандай, оған қандай жолдар арқылы келді, өз ұсынылымдарының қайнар көзі неде деген мәселелерге тоқталады. Тәжірибенің артықшылықтары мен оған жетудегі кездескен қиыншылықтар, түйткілді мәселелерді шешудің тетіктері баяндалады. Өйткені қандай да бір жаңашылдық бастамалар ойлағандай оңай жүзеге аса бермейді. Тек соны дер кезінде аңғарып, айласын таба білу қажет.

Келесі кезекте шебер оқытушы жұмысының болашақтағы бағдарын баяндап, шешілетін мәселелерге тоқталады. Өзіндік авторлық жүйесіндегі сабақтар жүйесінің сипаттамаларын келтіреді.

2. Сабақ немесе сабақтар жүйесін көрсету. Шеберлік сыныптың бұл кезеңінде оқытушы алдымен сабақтың жобасы жайлы әңгімелейді. Онда қолданатын әдістер мен тәсілдерді немесе педагогикалық технологияны қысқаша сипаттайды. Сабақта пайдаланылатын бұл әдістерден күтілетін нәтижеге сипаттама береді. Содан кейін ұсынылып отырған жоба бойынша қатысушылар мен тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап ұйымдастырылады.

3. Тыңдаушыларды қатыстыра отырып, білім алушылармен тиімді жұмыс жасаудың соны тәсілдерін демонстрациялайтын иммитациялық сабақтар өткізу. Білім көтерудегі тәжірибелік жұмыстар үнемі аудитория мен студенттер жағдайында өткізіле бермейді. Мысалы каникул кезінде ұйымдастырылатын курстық жұмыстар немесе өте көп аудитория жинаған семинарлар мен оқытушылардың басқосулары т.б. жағдайлар. Мұндай кездерде көп мәселелер сол іс - әрекетке қатысушылардың өздерін қатыстыру арқылы жүргізіледі. Тәжірибе авторы бұл кезеңде өзін нағыз модератор ретінде көрсете алуы тиіс.

4. Жобалау (проектілеу) кезеңі. Шеберлік сыныпта ауызша насихатталып, практикалық тұрғыда байқалған тәжірибеден соң аздаған пікір алмасу ұйымдастырылады да, тыңдаушылар топтарға бөлініп, осы тәжірибе бойынша өз алғандарын жобалауға тапсырма алады. Шебердің мақсаты қатысушыларды өз қалаулары мен қызығушылықтар бойынша топтарға дұрыс бөлу болып табылады. Тіпті жеке дара жұмыс жасағылары келетіндерге де жағдай жасаған дұрыс. Бұл уақытта шебер кеңес беруші, басқарушы ролінде болып, қатысушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырады, өздерінің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бұл кезеңнің шешуші сәті жасалған авторлық жобаларды талқылау, қорғау. Дәл осы сәтте тыңдаушылардың қаншалықты таным-түсінік жинақтағандары, оны шағармашылықпен қолдана алу мүмкіндіктері, топ болып жұмыс жасай алу қабілеттері айқындалады.

5. Рефлексия кезеңі. Бұл кезеңінде шебер мен қатысушылардың бірлескен жұмыстары бойынша талқылаулар жасалады. Қарастырылған мәселе бойынша шешімдер қабылданады. Шеберлік сыныпқа қатысушы оқытушылар озат тәжірибенің: жаңашылдық деңгейінің, алынған нәтиженің «тиімді» не «тиімсіз» болғанын дәлелдей алу, соған байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, бірлесе орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеумен айналысады. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға шығармашылыққа қарай жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

Кейбір шеберлік сыныптарды шығармашылық шеберханалар түрінде ұйымдастырған да тиімді. Шеберханалар оған қатысушылардың әрқайсысының белсенділігін арттыру, олардың бастамаларын қолдау, әрекеттеріне еркіндік беру жағдайында ұйымдастырылады. Ол фантазия мен шығармашылықты ынталандырады.

Жас маманның кәсіби дамуына әсер ететін әдістемелік жұмыстың бір түрі портфолио әзірлеу. Портфолио - мұғалімнің кәсіби дамуының нәтижелерін көрсететін көпмақсатты құжат. Бұл әдіс педагогикаға саясат, бизнес салаларынын келген және оны мұғалім де, оқушы да тіпті білім беру ұйымдары да жинақтай алады. Портфолио – белгілі бір жас маманның жетістіктерін жинақтау, бағалау тәсілі. Тәлімгер жас оқытушының портфолио жинақтауына басшылық жасап, дүркін – дүркін ол бойынша пікір алмасу ұйымдастырып отыруы оның кәсіби жетілуінің тиімділігін арттырары сөзсіз.

Маманды жұмыс орынында оқытудың инновациялық түрінің бірі ретінде қазіргі кезде коучинг қолданылады. «Коучинг» ұғымын ең алғаш қолданысқа енгізген ағылшын бизмесмені және кеңесшісі Джонм Уитмор енгізген. Аудармасы «тәлім беру», «дайындау», «жаттықтыру» дегенді білдіреді.

Коучингтің философиясы: әр адам «мен бұдан да қабілеттірекпін» деген сезіммен өмір сүреді, олар өзіне не қажет екендігін біледі; қажеттілігін іске асыра алады. Дегенмен ол үшін нақты жағдайды сезіне алуы, ержүрек болуы, тоқтаусыз әрекет етуі керек. Бақытты, табысты болу тек сонда ғана өз өз қолыңда бола алады.

Коуч (жаттықтырушы) маманның (оның қызметін тұтынушы) қызметтегі әлсіз тұстары жайлы әңгімелесе, қателіктерін талдай отырып, оның өз қатесін өзінің табуына, өзінің өзгеруіне, өзін өзінің дамытуына қызмет етеді. Коучингте ақыл айтылмайды, мәселені шешудің рецептілері берілмейді. Коуч тәрбиеленушілерді сұрақтар қою, жағдаятты талдау, оған басқаша қарау арқылы шешімді өздерінің табуына бағыттайды. Сол арқылы маманның әлеуетіне әсер ететін, оның ішкі ресурстарын ашып, ісінде табысты болуына ықпал етеді. Коучинг тәлімгер мен тәрбиеленушінің бірлескен әрекеті. Ол адамның ішкі күштерін белсендіреді. Сондықтан коучинг дәстүрлі тәлімгерліктен өзінің тиімділігі жағынан әлдеқайда жоғары тұр деуге болады.

Оның тиімділігі адамдармен жұмыс жасаудың тиімді амалдарынатнегізделген мына төмендегі 3 компоненттің қатар жүруіне тікелей байланысты:

1.Коуч және тұтынушы соңғының мақсаттары мен қажеттіліктеріне бағытталған, тұтынушының жеке дара әрекетіне қарағанда жоғарырақ нәтижеге қол жеткізуге бағытталған синергияға негізделуі.

2.Коучингтің құрылымы: тұтынушы коучтың кәсібилігі мен ұйымдастырушылығы арқасында үйрену барысында өзіне көбірек жауапкершілік алады, белсенді ойлап әрекет етеді, алдына мақсат қойып, жоспарларын аяқтайды.

3. Коуч тұтынушының өз бетінше кемшіліктерін жоюды, дербес шешім қабылдауға үйретудің, соның нәтижесінде еңбек өнімділігі арттырып, одан қанағат табудың, жеке өмірін мәнді етудің жолдарын білетін кәсібилік пен сараптамалылық компонентінің болуы.

Қорыта келе айтарымыз: болашақ мамандарды дайындауда жаңашыл педагогтардың, педагогика саласындағы озық тәжірибелерді пайдалану, маманның тұрақты өз білімін арттырып, өзіндік рефлексия жасауына ықпал етеді. Қазақта «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деген ұлағатты сөз бар. Көргені көп ұстаздан тәлім алсаң, өмірде жолыңның оңғарылғаны. Әсіресе, бұл ұжымға жаңа келген жас маман үшін аса маңызды. Ал кәсібилікті арттыру бағытында жастармен тұрақты, мақсатты жұмыс жасау олардың табыстылығын, шығармашылығын арттырады. Тек сондай мамандар ғана өз халқы және Отаны үшін аянбай еңбек етеді деп санаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Орысша-қазақша сөздік. Қазақ совет энциклопедиясының бас

редакциясы.- Алматы,1978

2. Краткая педагогическая энциклопедия.- М.: Энциклопедия, 1994 - 576 б.

3.Скаткин М.Н.Изучение, обобщение и внедрение передового педагогического опыта.- М.,1977

4.Ожегов С.И. Орыс тілі сөздігі.- М.,1994.

5. .Дистервег А. Избранные педагогические сочинения - М., 1956. - 320 б.

6. Макаренко А.П. Избранные педагогические сочинения. В 2-х томах.- М., 1997 – 320 б .

7. Поташник М.М. Педагогическое творчество проблемы развития и опыт.- Киев, 1998. -189 б.

8.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық - Алматы, 2007

Резюме: в статье рассматривается проблема организации работы по выявлению и распространению передового педагогического опыта и наставничества в высшей школе, дается характеристика форм наставничества мастер-классы, педагогические мастерские, коучинг как важного средства повышения качества подготовки будущих специалистов.

ЖАДНАМА

Мысалы:

Тәжірибенің тақырыбы: Математика сабақтарында оқушылардың негізгі біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыруда компьютерлікақпараттық технологияларды пайдалану.

Мақсаты: Білім беру үрдісіндежаңа ақпараттық технологияларды тарату.

Мұғалімніңаты-жөні:

Шығармашылық топ құрамы: ғылыми - әдістемелікжұмысбойыншадиректордыңорынбасары, мұғалім, ғылыми - әдістемелікорталықәдіскері, ғылымижетекші (ОПКБА ж ҚДИ әдіскері) т.б.

Жұмыскезеңдері:

I кезең: қыркүйек.

Проблема (тақырып) бойыншаәдебиеттердіталдау.

II кезең: қазан – қаңтар.

Сабақтарғақатысу, талдау. Дидактикалықматериалдардыталдау.

III кезең: ақпан.

Материалдаржинақтау, педагогикалықтәжірибенісипаттау.

Педагогикалықтәжірибеніжинақтауформалары:

I кезең-қазан.

Педагогикалықтәжірибеніғылыминегіздеу, библиография.

II кезең: ақпан.

Педагогикалықтәжірибеніқолданыпөткізілгенсабақтардыңталдауларынжалпылау, сипаттау, қорытындылау. Дидактикалықматериалдардыңсипаттамасы.

III кезең: наурыз.

Тәжірибенісипаттаудыаяқтау. Компьютер арқылы презентация жасау (баяндау). Дидактикалықматериалдардыңэлектрондықсипаттамасы.

Педагогикалықтәжірибенізерттеуәдістері

1. Құжаттардыталдау:

- оқушыларбілімініңмониторингінегізіндепедагогикалыққызметтіңнәтижелерінзерттеу;

- педагогикалықтәжірибеавторыныңпедагогикалыққызметіндедәстүрліемесәдістердіқолдануынәтижесінкөрумақсатындақұжаттардысалыстыру (талдау), оқу-әдістемелік, дидактикалықматериалдарды, аттестация материалдарынталдау;

2. Анкета өткізу:

педагогикалықтәжірибеніңәріптестері, оқушылар, ата-аналарүшінқұндылығынзерттеумақсатында;

3. Талдау:

педагогикалықтәжірибеніңжалпықасиеттерін, белгілерінжәнеолардыңөзарабайланыстарыныңқұраушыбөліктерінбөліпшығару;

4. Бақылау:

оқу-тәрбиеүрдістері мен құбылыстарытуралымағлұматтаржинау;

5. Салыстыру:

берілгенқатардағыобъектлердіңәрқайсысыныңқасиеттерінөзарасапалықсалыстыруарқылызерттеужұмысынжүргізу;

6. Өзін-өзібағалау:

жекетұлғаныңөзмүмкіндіктерін, қасиеттерін, кәсіптікшеберлектерінбасқаларменсалыстырмалыбағалайбілуі;

7. Әңгіме.

8. Диагностика:

зерттелетінобъектлердіңжағдайларынбағалау.

Педагогикалықтәжірибетуралықұжаттарғақандайталаптарқойылады?

- талапқасәйкестігі:

тәжірибенібасқаоқытушылардыңқолданумүмкіндігі;

- нақтылығы:

тәжірибеиесініңпедагогикалыққызметімысалдарынегізінде (әдіс, тәсілдер) тәжірибеніңкомпоненттерінашыпкөрсетуі;

- ғылымилығы:

сипатталғанкомпоненттердің педагогика теориясындағыанықтамаларғасәйкескелуі;

- біртұтастығы, логикалықжүйелілігі:

компоненттердінақтыпедагогикалықтәжірибетұрғысындағыалатынорнынасәйкесөзарабайланыстарынескереотырыпжүйелітүрдесипаттау.

Педагогикалықтәжірибенітаратудеңгейлері:

1.Практикалық деңгей:

жұмыстыңжекеәдіс, тәсілдерінкөрсетіпсипаттау, нәтижесінкөрсету, жұмысжүйесінсипаттау.

Сипаттаутүрлері:

- ашықсабақтар

- семинар – практикумдар

- шығармашылықесептер

- көрме

- рефераттар

- анықтамалар

2.Әдістемелік деңгей:

тәжірибеніңжетекшіпедагогикалықидеясынбөліпалу, даму жағдайларынсипаттау, нәтижелілігінталдау, әдістемелікұсынбалар мен материалдар (құрал-жабдықтар) әзірлеу.

Сипаттаутүрлері:

- педагогикалықоқулар

- педагогикалықтәжірибемектебі (ШПО)

- мастер-класс (педагогикалықшеберхана)

- авторлықмектеп

- технологиялықкарталар

- әдістемелікплакаттар

- бейнефильмдер

3. Ғылымидеңгей:

тәжірибеніғылыми-теориялықтұрғыдаталдау, практикалықжаңашылдығын, жинақтылығын, теория мен практиканыдамытудағымаңызынсипаттау .

Сипаттаутүрлері :

- басылымдар

- статьялар

- ғылыми-практикалықконференцияларжинақтарындағытезистер

- монографиялар

Зерттелгенпедагогикалықтәжірибенітарату:

Жинақталғанпедагогикалықтәжірибеніоқытушыларқолданаалуыүшін:

- тәжірибемазмұнынсипаттапқанақоймайтеориялықтұрғыдаталдаукерек;

- педагогикалыққызметтіңтиімдінәтижелеріқандайпедагогикалықжағдайлардажүзегеасқанынкөрсетукерек;

- нақтытәжірибежинақтаудағықиындықтардысипаттаукерек.

Нәтижесіндепедагогикалықтәжірибетаратуалгоритміпайдаболады:

- Тәжірибесипаттамасы (әдіс, тәсіл, технология т.б.);

- Не үшінқолданылады (мақсат);

- қалайжүзегеасырылады (технология);

- қандайнәтижебереді;

- қандайжағдайлардажүзегеасыруғаболады.

Егертәжірибеиесіерекшеталантты, тәжірибесінқайталау, пайдалануқиындықтуғызатынадамболсабасқалардыңшығармашылықдеңгейінкөтеру, белсенділігінарттыру, өздерінесенімділігіннығайтумақсатындапедагогикалықшеберханалар, авторлықкурстар, семинарлар, шығармашылықмектептер, практикумдарт.б. зерттеушіпедагогтыңшығармашылықзертханасынашыпкөпкекөрсетеалатын, таратаалатынжұмыстүрлерінқолданукерек.

Педагогикалықтәжірибенісипаттаужүйесі:

1. Педагогикалықтәжірибетуралықұжаттармазмұнынанықтау:

- тәжірибеатауы

- пайда болу жағдайлары, ерекшеліктері

- маңызы, актуалдығы, болашағы

- тиімділігі, пайдалылығы

- теориялықнегізі,негізгіидеясының, мазмұныныңсипатталуы

- жаңашылдығы

- жетекшіпедагогикалықидеясы

- технологиясы

- нәтижелілігі

- кімгеарналады (пайдалы)

- пайдаланукүрделілігі, басқажағдайлардапайдаланумүмкіндігі.

2. Оқыту, тәрбиеүрдісіндегіқандайқарама-қайшылықтар, қиындықтартәжірибеиесінжаңаәдіс-тәсілдеріздеугеитермеледі.

3. Тәжірибенегізі, жетекшіжәнеқосымшаидеяларбайланысы, қандайғылыминегіздерге, практикалықтәжірибелергесүйенеді, кімніңөзықтәжірибесітүрткіболды, қандайавторлардыңжұмыстарынпайдаланды, тәжірибеавторыныңжекеидеяларыжәнепайдаланғанидеяларыт.с.с.

4. Педагогикалықтәжірибеніңмаңызы, басқапайдаланылыпжүргентәжірибелерденерекшелігі, жаңалығы, жетістіктері

- жетістікнеде?

- тәжірибе не үшінпайдаланылады (мақсаты)

- құрамыныңжүйелілігі (құрылымы)

- нәтижесі (жетістіктіпайдалану)

- жоғарынәтижегеқандайшарттарарқылыжетті? (тиімділікшарттары)

5. Белгіленгеннәтижелергежетуүшіноқушылардыңтанымқызметтерінқалайжолғақоюғаболады?

6. Жаңатехнологиялар мен бұрынғыәдіс-тәсілдерарасындағыбайланыстар.

Педагогикалықтәжірибенітаратуформалары:

- біліктілікарттырукурстары

- педагогикалықшеберханалар

- кәсіптікшеберлікбайқаулары

- педагогикалықшығармашылықфестивальдары

- көрмелер «Педагогикалықшығармашылық»

«Педагогикалықтәжірибе»

«Педагогикалықжаңашылдық»

- педагогикалықшеберлікмектебі

- шығармашылықсеминарларт.б.

8. Педагогикалықтәжірибеніжинақтаужәнетаратужұмысыныңқорытындысыретіндепедагогикалықтәжірибеніңақпараттықкартасынжасауғаболады:

1. Тәжірибеиесі (педагогикалықұжым)

2. Мекен-жайы

3. Тәжірибеніңтеориялықинтерпретациясы (негізі, нәтижелілігі, жүзегеасырукүрделілігі, пайдаланумүмкіндігі мен шарттары)

4. Тәжірибеиесініңшығармашылықізденістері

5. Ақпараткөздері, басылымдар

6. Эксперттікшешім

7. Тәжірибетаратутүрлері

Тәж. иесі (қолы)

Эксперт (қолы)

Ғылымижетекші (қолы

Жаңағасыроқушысы:

- өмірдегіөзгерістергебейімделебілуікерек

- қажетбілімқорынөзбетіменалабілуікерек

- алғанбілімінөмірде, түрліпроблемалардышешудеқолданабілуікерек

- өзбетіменсынитұрғыдаойлайбілуікерек

- жаңатехнологиялардықолданыпкездескенқиындықтардышешудіңжеңілжолдарынтабабілуікерек

- алғанбілімінқоршағанортадақайда, қалайқолданаалатыныннақтысезінуікерек

- шығармашылықтұрғыдаойлайбілуі, жаңаидеялартабабілуікерек

- ақпараткөздеріменсауаттыжұмысжасайбілуікерек

- түрліәлеуметтікортада ,түрліжағдайдаөзінқоршағанадамдарментілтабабілуікерек

  • Директору-завучу
Описание:

Автор Темирбекова Нурбике Сапарбековна
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Директору-завучу
Подраздел Другое
Просмотров 1036
Номер материала MA-064428
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓