Главная / Другое / Жас маман күнделігі

Жас маман күнделігі

Копия IMG_0317

Кәсіптік ұстанымым:

Еңбегі жок ғалым –

Ыстыгы жок жалын.

Тегі,аты-жөні: Сарсен Раушан Нахувкызы

Туған күні,айы,жылы: 08.05.1987

Ұлты: қазақ

Білімі : жоғары

М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар академиясы Автоматтандыру және басқару мамандығы 2009 жыл ( қайда,қашан,қандай мамандық бойынша )

Педагогикалық еңбек өтілі: 4 жыл 9 ай

Санаты: жоқ

Менің шығармашылық

тақырыбым:

« Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту »

Педогогикалық технология дегеніміз –

тәжірибеде жүзеге асатын және нақты тиімді

нәтиже беретін белгілі бір педогогикалық

жүйенің жобасы.

( В.П.Беспалько)

Профессор Ж.А.Қараевтың айтқанындай, деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді.

Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға: 1) жаттап алуға лайықты болу керек; 2) сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруге тиіс; 3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болу керек. Электротехниканың теориялық негіздері пәнінде жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға: өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге бағытталу керек. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар төмендегіше топтастырылады : 1) танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.б) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай пайда болады. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеу керек; 2) әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген ( теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару ); 2) олимпиадалық есептер шығару мен ғылыми жобалар; 3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау болып табылады.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны өз бетімен бағалау деңгейі болады және тек осы төртінші деңгейге жете алған оқушының ғана білім нәтижесі жаңа тақырыпты меңгеру басында анықталған басты оқу мақсатының орындалған түрі болып табылады. Бұл жағдайда оқушы өз қатесін өзі тауып, түзете алатын және өзін-өзі басқарып, бағалай алатын дәрежеге жетеді.



















Өз

білімін

көтеру

жоспары





Мазмұны

1.Менің жеке кітапхана қорым

2.Әдістемелік күн ( шығармашылық тақырыбы бойынша жеке ізденістері)

3.Педагогикалық технологиялар жинағы

4. Қатысқан сабақтарынан алған қажетті сабақ өткізу әдіс-тәсілдерінің жинағы

5. Ашық сабақтан фото мұрағат

«45 минут» (таңдаған педагогикалық технология бойынша сабақ өткізу)















Менің жеке кітапхана қорым

02092011735





1. Р.А Кисаримов Электр жабдықтарын жөндеу

Бұл оқулықта кернеуі 1000 В дейінгі электр жабдықтарын жөндеу кезінде қажет болатын жалпы түсінік берілген. Өлшеу аспаптары мен құралдарын, электр жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру үшін қажет болған мәліметтер берілген. Электр қондырғыларында жұмыс істеу қауіпсіздік ережелері берілген. Электр жабдықтарының негізгі түрлерін жөндеу және құрылысы қарастырылған.

  1. 02092011736 2. 02092011737 3. 02092011739





  1. Л.Д. Рожкова Л.К. Карнеева Т.В. Чиркова Электр станциялары мен кішігірім станцияларының электр жабдығы

Бұл оқулықта электр энергия жүйелері, яғни электр станцияларының әр түрлі типтегі технологиялық процесстер туралы негізгі мәліметтер берілген. Жоғарғы кернеулі торап жұмыс режімі, компенсациялық құрылғыларды таңдау қарастырылған. Электр станциялары мен кішігірім станциялардың электр жабдықтарының негізгі құралмалы бөліктерінің, синхронды генераторлар мен трансформаторлардың құрылымы берілген.

  1. Е.Ф. Макаров Электр станциялары мен тораптарының электр жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру

Бұл оқулықта генератор, синхронды компенсатор, күштік трансформаторлар, қозғалтқыштар 6....750 кВ кернеуге дейінгі коммутациялық аппараттар және оперативті басқару негізі мен ауыстырып қосу және электр станциялары мен кішігірім станциялардағы негізгі сұлбалардағы апаттық жағдайларды болдырмау себептері қарастырылған.

  1. 02092011741 5. 02092011744 6. 02092011745 7. 02092011754

4.М.С. Живов Өндірістік мекемелерінің тарату құрылғыларының электромонтажник.

Бұл оқулықта 6-10 кВ кернеулі өнеркәсіп мекемелерінің кішігірім станцияларының және тарату құрылғыларының электр жабдығын монтаждау технологиясының құрылысы көрсетілген.

  1. В.Б. Атабеков Трансформаторлар мен электр машиналарын жөндеу.

Бұл оқулықта трансформатор құрылғыларының негізі, электрлік машиналар және коммутациялық аппараттар, және де электр слесарлық жұмыс, оларды жөндеу және құрастыру көрсетілген. Онда электр жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау және оларды жөндеу тәжірибелерінде қолдану жұмыстары көрсетілген.

  1. Л.Г.Борисов Б.А.Князевский Энергетикадағы еңбек қорғау.

Бұл оқулықта мекемелердегі еңбек қорғау жалпы сұрақтары, техникалық қауіпсіздік ережелер мен өндіріс санитариясы, өрт сөндіру профилактикасы негізі, электр қондырғыларында жұмыс істеу қауіпсіздігі және т.б. қарастырылған.



  1. А.Қ Ахметов Т.А. Қабақова Электротехниканың теориялық негіздері

Оқулықтың негізгі мақсаты – сызықтық электр тізбектерінің теориялық негіздерін жан- жақты баяндау және тізбектерді есептеу мәселелерін қарастыру. Мұнда аса көңіл аударған мәселе, тақырыптарға мысал - есептер шығару тәсілдерімен таныстыру арқылы студенттердің білімін тереңдету.





Маңғыстау энергетикалық колледж

і1-4 Добро пожаловать

Жас маман күнделігі

tr

Энергетикалық цикл арнайы пән оқытушысы Сарсен Р.Н

Әдістемелік күн ( шығармашылық тақырып бойынша жеке ізденістер)

Деңгей бойынша дайындалған тест тапсырмалары

І деңгей

1. Айнымалы ток деген не?

  • А) шамасы өзгермейтін токты айтамыз;

  • В) шамасы мен бағыты периодты түрде өзгеретін токты айтамыз;

  • С) тұрақталмаған ілгерілеме қозғалыс.

2. Айнымалы ток не арқылы өндіріледі?

  • А) ротор;

  • В) статор;

  • С) генератор

3. Индуктивтіктің өлшем бірлігі?

  • А) Генри;

  • В) Герц;

  • С) Фарад

4. Айнымалы токтың қуаты?

  • А) активтік, реактивік, толық;

  • В) активтік, фазалық, жиілік;

  • С) активтік, индуктивтік, сыйымдылық

5. Активтік қуаттың өлшем бірлігі?

  • А) Вольтампер

  • В) Ватт

  • С) Реактивтік вольт-ампер

6. Айнымалы ток тізбегіндегі кедергілерді тап?

  • А) активтік, сыйымдылық, индуктивтік, толық;

  • В) активтік, жиілік, индуктивтік, толық;

  • С) активтік, жиілік, ілездік, толық

7 . «ω»-әріпімен айнымалы ток тізбегінде нені белгілейміз?





  • А) жиілікті

  • В) бұрыштық жиілікті

  • С) қуат коэффициентін



ІІ деңгей

8. Тізбектің толық кедергісі деп нені айтады?

  • А) ток бір мезгілде актив, сыйымдылық, индуктивтік, толық кедергі көрсете алатын элементтерден тұратын кедергі;

  • В) ток бір мезгілде актив, сыйымдылық, индуктивтік кедергі көрсете алатын элементтерден тұратын кедергі;

  • С) ток бір мезгілде активтік, жиілік, ілездік, толық кедергі көрсете алатын элементтерден тұратын кедергі

9. Үшфазалы токты пайдалану ыңғайлы болу үшін генератор орамаларын өзара неше тәсілмен жалғайды?

  • А) 2;

  • В) 3;

  • С) 4

10. Айнымалы токтың үшфазалы жүйесі деген не?

  • А) ЭҚК-нің ең үлкен мәні әрекет ететін және фаза бойынша периодты түрде ығысқан ток;

  • В) үш ЭҚК минималды мәні кедергі ететін және фаза бойынша өзара 90º ығысқан, айнымалы токтың тізбегі;

  • С) өзінде бірдей жиілікті үш ЭҚК әрекет ететін және фаза бойынша олар өзара периодтың үштен біріне ығысқан, айнымалы токтың тізбегі немесе желісі.

11. Генератор фазаларының бастарына немесе фазалардың бастары мен аяқтарының ортақ нүктелеріне жалғанған сымдар қандай сымдар деп аталады?

  • А) желілік;

  • В) фазалық;

  • С) нөлдік

12. Желілік сымдар мен нөлдік сымдар арасындағы кернеу, қандай кернеу деп аталады?

  • А) желілік;

  • В) фазалық;

  • С) нөлдік

13. Генератордың әрбір фазасы арқылы немесе электр қабылдағыштың әрбір фазасы арқылы өтетін токтар қалай аталады





  • А) желілік;

В) фазалық;

С) нөлдік

ІІІ деңгей

14. Активтік қуатты қай формула бойынша анықтайды?

  • А) P=UIcosφ

  • В) S=UI

  • С) Q=UIsinφ



15. Берілген есепті шығарыңдар: конденсатордың сыйымдылығы 2мкФ, жиілігі 50Гц. Хс анықтаңдар.

  • А) 1592Ом;

  • В) 15,92Ом;

  • С) 159,2Ом



16 Берілген есепті шығарыңдар: U=127В; C=50мкФ; L=0,1Гн; R=50Ом; f=50Гц. Тізбектей қосылған тізбектегі токтың шамасы мен қуат коэффициентін табу керек.



  • А) I=0,88А; cosφ=0,69;

  • В) I=7,18А; cosφ=0,92;

  • С) I=2,13А; cosφ=0,84



17. Генератордың орамаларын жұлдызша қосқанда желілік және фазалық кернеулер арасындағы қатынас қай формуламен өрнектеледі?

hello_html_m49268e56.gif

  • hello_html_m7f267fe3.gifА)


В)





hello_html_m7d6c7d3c.gif
С)

18. Жүктемелер бірдей болған жағдайда желілік және фазалық токтардың арасындағы қатынас генератордың орамаларын үшбұрыштап қосқанда қай формуламен өрнектеледі?

hello_html_m38d16d6c.gif

А)

hello_html_m9067766.gif
В)

hello_html_169fb18f.gif
С)



19. Желілік кернеу 380В тең. Үшбұрыштап қосқанда фазалық кернеу неге тең болады?

  • А) 657В;

  • В) 220В;

  • С) 380В



20. Үшфазалық жүйесінің жұлдызша қосылған Uж=380В, R= 16Ом, XL=12Ом.
Анықтау: Z, Uф, I

  • А) 20Ом; 220В; 11А;

  • В) 20Ом; 380В; 19А;



  • С) 28Ом; 127В; 11А.







Бағалау

  • 18-20 - “5”

  • 15-17 - “4”

12-14 - “3”

Деңгей бойынша дайындалған есептер

І деңгей

  1. Есеп.

Суретте көрсетілген тізбектің ЭҚК і hello_html_m454fdd6.gif, hello_html_m4c6d78d2.gif , hello_html_m31571973.gif , және кедергілері hello_html_42b52176.gif , hello_html_m788458d7.gif , hello_html_1599bfbb.gif берілген. Әрбір тармақтағы токтарды табыңдар.

C:\Users\Раушан\Pictures\2010-01-27\Новый рисунок (1).png

2- Есеп.

Көз кедергілері hello_html_m5e240bbc.gif , hello_html_238e2fd0.gif , ЭҚК-і hello_html_2af9ffc5.gif . hello_html_m422ac5f2.gif деп алып, hello_html_m4bad2d0e.gif тап.

C:\Users\Раушан\Pictures\2010-01-27\Новый рисунок (2).png







3-Есеп.

Аккумулятордың ЭҚКі және олардың кедергілері: hello_html_57b0c265.gif, hello_html_b3834bc.gif , hello_html_60ecaaf2.gif , hello_html_698ac575.gif1,2hello_html_2a12d422.gif , hello_html_m6512ffaf.gif 1hello_html_2a12d422.gif. Тізбектегі токты тап. Қуат балансын құр.





C:\Users\Раушан\Pictures\2010-06-14\Image0003 - копия (4).BMP















ІІ деңгей

4-Есеп.

Тұрақты ток тізбегі аралас жалғанған бірнеше резистордан тұрады. Ток пен кернеу индексі резистордың индексімен сәйкес келеді. hello_html_3dd58d86.gif, hello_html_m1bb514a1.gif, hello_html_250b0c00.gif, hello_html_m20b805d1.gif, hello_html_m1082fd13.gif4 Ом, hello_html_m3065f6b8.gif. Тізбектің эквивалентті кедергісін, тізбекке түсетін кернеуді, жалпы токты,

барлық резисторлардан өтетін токты, барлық тізбек қоректенетін қуатты тап.

http://stud-shop.alltrades.ru/images/items/19617.jpeg

5-Есеп.

Е = 60 B; hello_html_m27988c62.gif = 6 Oм; hello_html_m33ed785e.gif = 11 Ом; hello_html_m7869cc1a.gif = 7 Ом; hello_html_15836e3b.gif = 12 Ом; hello_html_m69000d71.gif = 8 Ом; hello_html_m49de9fad.gif = 13 Ом. Электр тізбегінде тармақтағы токтарды түрлендіру тәсілі арқылы есептеп, көз арқылы өсетін және тұтынушы қуатын тауып, қуат балансын құр.Сұлбаның түйіндері үшін Кирхгофтың бірінші заңы бойынша және Кирхгофтың бірінші заңы бойынша теңдеу құр. Теңдеуді шешудің қажеті жоқ.





C:\Users\Раушан\Pictures\2010-01-27\Новый рисунок (8).png

6- Есеп.

hello_html_m27988c62.gif = 4 Oм; hello_html_m33ed785e.gif = 3 Ом; hello_html_m7869cc1a.gif = 15 Ом; hello_html_15836e3b.gif = 8 Ом; hello_html_m69000d71.gif = 4 Ом; hello_html_m51c106c5.gif, hello_html_m4d6150bd.gif,hello_html_m52d0cf55.gif, hello_html_m510c6020.gif. Тармақтардағы барлық токтарды, жалпы қуатты, электр энергиясының қабылдағышы мен көзі арасындағы қуат балансының теңдеуін құр. Есепті екі тәсілмен есепте: түйінді кернеулер тәсілі және контурлық токтар тәсілі.

http://stud-shop.alltrades.ru/images/items/109921.jpeg









ІІІ деңгей

7- Есеп.


E = 30 В,hello_html_bcc9db2.gif = 0,2 Oм, hello_html_m27988c62.gif = 2 Oм, hello_html_m33ed785e.gif = 0 Oм, hello_html_m7869cc1a.gif = 3 Oм, hello_html_15836e3b.gif = 5 Oм, hello_html_m69000d71.gif = 2 Oм, hello_html_m49de9fad.gif = 2 Oм, hello_html_mf70f251.gif = 4 Oм, hello_html_202c1068.gif = 5 Oм, hello_html_m35f9bee4.gif = 0 Oм, hello_html_m4e728cd6.gif =6 Oм, hello_html_mccbeef8.gif hello_html_m5b9fd1aa.gif hello_html_2da3c489.gif. Берілген электр тізбегінде тізбектің эквивалентті кедергісін, тізбектің барлық тармағындағы ток пен кернеу түсуін тауып, қуат балансын құрың.











http://stud-shop.alltrades.ru/images/items/23274.jpeg

8- Есеп.


hello_html_m27988c62.gif = 2 Oм, hello_html_m33ed785e.gif = 2 Oм, hello_html_m7869cc1a.gif = 6 Oм, hello_html_15836e3b.gif = 10 Oм, hello_html_m69000d71.gif = 4 Oм, hello_html_m49de9fad.gif = 4 Oм, hello_html_64fac4fb.gif, hello_html_357c2c54.gif Берілген электр тізбегінде түйінді кернеулер және контурлық токтар тәсілдері арқылы токтарды анықта. ab тармағындағы токты есепте. Қуат балансын құр.





http://stud-shop.alltrades.ru/images/items/21599.jpeg

9- Есеп.


hello_html_m27988c62.gif = 1,3 Oм, hello_html_m33ed785e.gif = 1 Oм, hello_html_m7869cc1a.gif = 2 Oм, hello_html_15836e3b.gif = 1 Oм, hello_html_m69000d71.gif = 17 Oм, hello_html_m49de9fad.gif = 2 Oм, hello_html_2af9ffc5.gif, hello_html_m628a8a4f.gif, hello_html_m72dc5bb4.gif, hello_html_m2200d3b0.gif, hello_html_30390fbf.gif , hello_html_57644210.gif. Электр тізбегінде барлық токтарды контурлық токтар тәсілі арқылы анықта. Кирхгоф заңдары бойынша теңдеу құр және дұрыстығын контурлық токтар тәсілі арқылы тексер. Қуат балансын құр.

http://stud-shop.alltrades.ru/images/items/25254.jpeg





Үстіміздегі жылы арнайы пәндер циклінің колледж ішілік өткізген пәндік олимпиадасы болып өтті. Олимпиада мақсаты арнайы пәнді оқушылардың қандай деңгейде игергенін көрсету болды. Олимпмада 3 турдан тұрды. Бірінші тур тест тапсырмаларын орындау, екінші тур есептер шығару , үшінші тур терминология, осы 3 турдан өткен оқушылар жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігі болатын. Олимпиадаға бірнеше топ оқушылары қатысқан болатын, олардың ішінде АУЭС-32 тобының студенті Шакиров Қайрат 3 турда да жоғары баллдық көрсеткіштерге ие болып, бас жүлдені иеленді.

Олимпиададан көрініс

Фото0351 Фото0350

2009 жылдың қаңтар айында колледж аралық жас мамандар слеті откен болатын.Бұл слетқа Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Қарақия аудандарындағы колледждің жас оқытушылары қатысты. Аталған слетқа колледж атынан қатысқан болатынмын. Бұл слеттің мақсаты, келешек жас мамандарға тәлім – тәрбие беру, білікті маман ретінде өзін көрсету. Слет 5 турдан өтті. 1 тур. Топты таныстыру. Өз тобымызды басқа жас мамандар мен қазылар алқасы және қатысқан қонақтарға таныстырдық. Тобымыздың аты « Энергия ұшқындары », осылай өзімізді таныстырып болған соң Энергия ұшқындары әні айтылды. Бұл әннің сөзі болашақ энергетик Шогелов Ерлан шығарып, ән шырқады. 2 тур. Спорттық жарыс болды, ол жарысқа да қатысып, жақсы жерден көрінгеніміз де байқалды. 3 тур. Эссе жазу болатын. Ақтау қалалық орталық музейге сайысқа қатысқан барлық жас мамандарды саяхатқа шақырды. Бұл саяхаттың мақсаты, музейден алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, қандай ой қосу керек екенін ұсыну болды. 4 тур. 2006-2011 жылдарға арналған өңірлік кешенді бағдарламаның бес бағыты бойынша, алдын –ала дайындалған слайд қорғау болды. 5 тур. Соңғы турдың мақсаты педогогикалық ситуация болатын. Қазылар алқасы дайындаған сұрақтарға жауап беру. Бұл турдан да сүрінбей өтіп, 1 жүлделі орынға ие болдық.

Педагогикалық технологиялар жинағы

Оқытудың әдеттегі әдістері (мысалы: лекция, оқу, рефераттар жазу) мінез-құлқындағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырмайды. әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оқытудың тиімді әдістерінің бірі тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);

тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;

тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;

оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;

оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;

тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және «келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;

теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;

кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;

кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.

Танысу



Танысу кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті бөлімі болып табылады. Қатысушылар бір-бірін танитын болса да танысу сәті жүргізіледі. Танысу топты жинақтауға, қатысушыларды оқыту процесіне тартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Егер қатысушылар оқыту процесінің ары қарай жалғасуына қызығушылық танытса, онда танысу сәтінің мақсаты орындалған деп есептеуге болады.

Танысу ойындары:



«Кесек қар» ойыны. Барлық қатысушылар өз кезегімен есімдерін атап шығады. Әрбір келесі отырған адам өз есімінен бұрын алдыңғы қатысушының есімін қайталайды.

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны. Оқушыларға өзі туралы екі ақиқат және бір шындыққа жанаспайтын пайымдаулар айту ұсынылады. Мысалы: Мен Алматыда туып-өстім, «Ару» фильмінде басты рөлде ойнадым, балмұздақты жақсы көремін.

«Тренинг шеңбері» бойынша көршісін таныстыру. Бұл жаттығу жұптасып өткізіледі. Бір минут өзара әңгімелескеннен кейін әрқайсысы көршісінің аты-жөнімен, шұғылданатын сүйікті ісімен таныстырады.

«Келісім» (топтың жұмыс ережесін) қабылдау

Оқушылар сабақтың басынан бастап өзінің оқуына жауапкершілігін сезіну үшін және жадығатты меңгеру тиімділігін арттыру үшін келісім, яғни тренинг сабағындағы мінез-құлық ережесін қабылдау ұсынылады. Келісім мәтіні алдын ала тақтаға немесе қағазға жазылады. Қағазда болса көрінетін орынға ілінеді. Келісімнің әрбір тармағы оқылады және бірлесіп талқылағаннан кейін қабылданады. Оқушылар ұсынған жаңа тармақтар қабылдануы да мүмкін. Дауыс бергеннен кейін барлық қатысушылар келісімнің тармақтарының орындалуына жауапкершілікте болатынын топқа түсіндіру қажет. Келісімнің қабылдануы әрбір қатысушы өз сезімдері мен көзқарастарын білдіруге, сын мен мысқыл нысаны болудан қаймықпауға, әрбір артық әрекеті сабақта талқыланып, топтан тысқары шықпайтынына сенімді болуына ықпал етеді. Келісім тренинг толық аяқталғанша ілулі тұрады.

Келісім үлгісі:

бәріміз де өз оқуымызға жауаптымыз;

бір-бірімізді тыңдаймыз, сөз бөлмейміз;

«көтерілген қол» ережесімен кезекпен сөйлейміз;

тек істің мәні бойынша айтамыз;

өз пікірімізбен бөлісеміз;

мағынасыз сұрақтар қойылмайды;

басқалардың сезімін бағалаймыз;

құпиялылықты сақтаймыз;

уақыт шектеуін сақтаймыз;

Оқыту



Әрбір сабақ өтілетін тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін белгілеуден басталады. Сабақ басталғанға дейін оқушылардың ақпараттану деңгейін алдын ала білу үшін сауалнама жүргізуге болады. Сауалнамалар тренинг толық аяқталғанға дейін сақталады, соңында оқушылардың білім деңгейі қайта бағаланады. Нәтижесін салыстыра отырып, оқушылардың білімі мен дағдыларында қандай өзгерістер болғанын білуге, тренинг тиімділігіне баға беруге болады. Осы кезеңде ақпарат беру мен практикалық дағдыларды, дұрыс шешім қабылдау шеберліктерін қалыптастыру жаттығуларын ұштастырудың маңызы зор. Мінез-құлықтың өзгеруіне себептерді нақтылау үшін АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесіне оқушылардың назарын аударып, бұның әрқайсысының алдында кездесетін көкейтесті мәселе екеніне көзін жеткізу керек.

Бұл әдістемелік ұсыныстардағы жаттығуларды оқытушы өз қалауынша пайдалана алады. Оқытушы алдындағы дәрісхананың дайындық деңгейіне сәйкес жаттығуларды алмастыруына болады.

Сабақты қортындылау



Тренингтің кез-келген сабағының соңында қортынды жасалады. Әдетте, бұл процедура оқушылар өздерінің әсерлерімен, сезімдерімен бөлісуіне, талап-тілектерін ортаға салуына есептелінген. Сауалнама, «сыр ашу» парақтарын толтыру түрінде де өткізуге болады.

Жаттықтырушы-оқытушы семинарға қатысушылардан қандай жаңалықты білгендерін, оларға пайдалы, қызықты болған жағдаяттарды сұрай алады. Өтілген жадығатты бекіту үшін олардың қандай жаттығу жасағанын есіне түсіруін өтінуіне болады.



Интерактивті оқыту әдістері



Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта дәрістік жадығатты алмастыра алмайды, бірақ оның толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

«Ойға шабуыл». Бұл әдісте оқушының қойылған сұраққа қайтарған кез-келген жауабы есепке алынады. Айтылған пікірге бірден баға бермей, оны қағазға немесе тақтаға жазып түсірудің маңызы бар. Олардан берген жауаптарының негізделуі, түсіндірмесі сұралмайтынын оқушылар білуі тиіс. «Ойға шабуыл» «4-5 минуттан аспауы керек, аяқталғаннан кейін жауаптардың барлық нұсқаларын талқылап, бастылары таңдап алынады да, қосалқылары қалдырылады, яғни жауаптың тиімді нұсқасын топ талқысы таңдайды. Бұл әдіс мынадай қажеттіліктерде тиімді болады:

күрделі және даулы мәселелерді талқылағанда;

өзіне сенімсіз оқушыларды талқылау ісіне ынталандыруға;

қысқа мерзімде көп ұсыныс-пікір жинақтау қажет болғанда;





дәрісхананың ақпараттануын немесе дайындығын анықтауға;

Шағын топтардағы жұмыс. Оқушылар 4-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Оларды бөлуге әртүрлі әдіс қолданылады. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір, екі, үш, төрт деп санауды ұсынады. Санақ саны қанша топ құру қажетіне сәйксс алынады. Біріншілер бір топқа, екіншілер екінші топқа т.с.с. топтасады. Шағын топтардағы жұмыс барлық қатысушыларды белсенді іс-әрекетке, ашық пікір алмасуға, пікір сайысқа тартуға мүмкіндік береді. Тапсырма орындалғаннан кейін әр топ орталарынан жұмыс қортындысын хабарлайтын жетекші таңдайды.



Бақылау парағы немесе тест.

Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға («дұрыс», «дұрыс емес», «келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») белгілейді.



Мысалы:


дұрыс

дұрыс емес

білмеймін

Кулон заңы 1785 жылы ашылды

+





Сонан кейін жауаптарын бір-бірімен салыстырып талқылайды. Қортындысы мұғалімнің қатысуымен талқылаудан соң шығарылады.



Рөлдік ойын. Шағын топтарда (3-4 оқушы) жүргізіледі. Қатысушылар кескіндегі (тақтадағы, парақтағы) тапсырмаларды алған соң рөлдерді бөліседі, жағдаятты рөлде ойнап, бүкіл топқа көрсетеді. Мұғалім рөлдерді балалардың мінез-құлқына сәйкес өзі бөліп бере алады. Бұл әдістің артықшылығы, қатысушылар нақты ұсынылған жағдайда өзін көрсете алады, шын мәнінде жағдаятты ұғынады, қайсыбір әрекет болғанда да оның салдары қандай болатынын сезініп, дұрыс шешім қабылдауға жаттығады. Ойын аяқталған соң осындай жағдайларда тиімді әрекет жасау жолдарын бірлесіп талқылайды. Рөлді орындағандарды талқылаудан бұрын рахмет айтып босатқан дұрыс.



Құндылықты, пікірді, көзқарасты анықтауға жаттығулар. Жұмыстың бұл түрі талқыланған мәселе бойынша қатысушылардың түсінігін, көзқарасын, өмірдегі ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді.

1-нұсқа. Парақтағы ( «келісемін», «келіспеймін», «білмеймін») бағаналарда өзінің көзқарасын белгілейді. Мысалы: « Неміс физигі Г. Ом құрметіне заң Ом заңы деп аталған»



келісемін

келісуге болады

білмеймін

келіспеймін

келісуге болмайды



+





Одан әрі шешімдерін жұптарда, топтарда талқылап, өз көзқарасын қорғайды. Топта пікірталас ұйымдастыруға болады. Соңынан мұғалім оқушыдан осы мәселеге деген пікірінің өзгерген, өзгермегенін сұрайды.

2-нұсқа. Егер бөлме мүмкіндігінше үлкен болса, онда бүкіл бөлме бойымен ойша сызық жүргізіп, оның бір басына «келісемін», екінші басына «келіспеймін», ортасына «күмәнім бар» деп жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар тұжырымды тыңдағаннан кейін, өз пікіріне сәйкес орынға барып тұрады. әрбір құрылған топ сыбайлас пікірлерін ортаға салып, өз ұстанымдарын түсіндіреді. Бұл әдіс тек пікір алмасуға ғана емес, сондай-ақ өзіне сенімі берік болуына көмектеседі. Қатысушыларға әрқайсысының өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру қажет.



Жобалар жасау. Бұл әдіс оқушыларды ойша мектептен тысқары шығарып, талқыланып отырған мәселе бойынша өз әрекеттерінің жобасын жасауына мүмкінік береді. Ең бастысы, топ немесе жеке қатысушы өзінің жобасын қорғауға, оның артықшылығын басқалар алдында дәлелдеуге, достарының пікірін білу мүмкіндігіне ие болады.

Мысалы: «Өз қалаңда Атом электр станциясының жобасын жасаңдар». Оқушылар қосымша

мәліметтер алуға арнайы мекемелерге, кітапханаға т.с.с. барып, сұрау салуына болады. Тақырыпқа сәйкес газет-журналдардағы мақалаларды, суреттерді жинауға ұсыныс беруге болады, жиналған жадығатты топ болып талқылай келіп, жоба жасайды.

Бейнефильмдер. Бейнефильмдерді тақырыпты меңгертуге қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Фильмді көрсетер алдында оқушылардың назарын негізгі 4-5 мәселеге аударуын ескерту қажет. Ол фильмнің мазмұнын талқылауға негіз болады. Алдын ала таңдап қойған көріністерге келгенде фильмді тоқтатып, пікірталас жүргізіледі.









Серігу. Тренинг-сабақ барысындағы психологиялық және физикалық жүктемелесін азайту мақсатында серігу жаттығулары жасалады. Серігу кезеңі де өзара қатынас дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Назар аудару қажеттігі бар жаттығу жұмыстары алдында қозғалысы көп серігу ойындарын жүргізудің қажеті жоқ.

Интерактивті оқыту әдістемесінің артықшылығы:

жадығаттың тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді;

қызығушылық туғызады:

белсенді қатысқандар марапатталады;

сезімге ықылас аударылады;

жан-жақты, әсіресе мінез-құлыққа әсер етеді;

кері байланыс (дәрісхананың жауап қайтару әрекеті) жүзеге асырылады;

арақатынас және өзіндік пікір қалыптастырады;

Тренингте оқыту міндеттері:

ақпарат беру;

жасөспірімдер мінез-құлқының қауіптен қорғану бағытына өзгеруіне ықпал ету;

мінез-құлқында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.

















Қатысқан сабақтарынан алған қажетті сабақ өткізу әдіс- тәсілдерінің жинағы

Қазақстан –бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Оның егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді, яғни бұл жаңа технологияларды пайдаланып оқытуды жақсартуды талап етеді деген сөз. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Мен өз тәжірибемде педогогика ғылымының докторы, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясын » қолданамын. Яғни, жоспар құру алдында сабақтың мақсатын, өткізу түрін, құрылымын дұрыс қоюға және оны жүзеге асыруға тырысамын. Сабақты ұйымдастыру жұмысымен бастаймын.

Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, сабақты жүргіземін. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – студенттердің сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім студенттің нені білетінін, нені меңгергенін біледі. Сондай-ақ деңгейлік тапсырмаларды студенттердің мүмкіндігіне қарай саралап оқытуға болады. Өз басым бағдарламаның кез-келген әдісін қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болып жатқанын байқаймын. Негізінде мен бұл бағдарлама бойынша тапсырмаларды орындауды 3 сатыда жүзеге асырамын:

1) Тақырыпқа қызығушылықты ояту;

2) Мағынаны ажырату;

3) Ой- толғаныс сатысы. Яғни, студенттер өз ойын еркін айта алатын болады, кез-келген әдісін ғылыми тұрғыдан ойлануға үйренетін болады. Бұл ретте ғалым В.К. Дьяченконың « Ұжымдық оқыту әдісін » пайдалану өте тиімді.

« Ұжымдық оқыту әдісін » пайдалану арқылы студент еңбегінің тиімділігін арттырып, оқуда ең жоғары нәтижеге қол жеткізумен қатар, мұғалімнің еңбегін жеңілдетеді.

Сонымен, жеке жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс формасын қолданып келемін.

Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану дұрыс деп санаймын.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтудің мәні мынада:

  • Студенттердің танымдық белсенділігі, оқуға қызығушылығы артады;

  • Студенттің бастамашыл, шығармашылық әлеуеті дамиды;

  • Жан – жақты дамуын, ой іс – әрекетінде жүйелік сипаттамалардың болуын қамтамасыз етеді.



Сабақта өз дәрістерімде дәстүрлі емес сабақтардың мынадай түрлерін пайдаланамын:

  1. Семинар шоу.

  2. Іскерлік ойындар.

  3. Ойын саяхат.

  4. Сыпайылық сабақтар

  5. Семинар – аукцион

Жаңа информациялық технологияның жылдан – жылға кең құлаш жайып дамуы, оның адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай жастарды компьютерлік техниканы пайдалануға қалыптастыру қажет. Осыған орай сабағымда компьютерді жиі пайдалануға тырысамын. Оның пайдасы оқушылардың компьютерге қызығушылығын, білімге құштарлығын арттырады, олардың дүниетанымын кеңейтеді. Сонымен қатар, сабағымда тестілеу кезінде, лекциялық сабақтар, зертханалық жұмыстар жасау барысында бейнематериалдарды көрсету үшін электронды оқулықты пайдаланамын. Оның пайдасы оқушылармен тақтадан гөрі экранмен жұмыс жасау әрі қызықты, әрі тиімді, әрі уақыт үнемдеймін. Өйткені, мұндай жұмыстар жаманшылдыққа, алға ұмтылуға үлкен үлес қосады. Студенттердің ынта –ықыласын ояту үшін, ойлау жүйесінің жан-жақты дамуын арттырады.

Бұл жетістіктердің барлығы білікті ұстаз мамандардан алған тәжірибелерімнің жетістігі.

















Жас маман күнделігі
  • Другое
Описание:

Менің шығармашылық тақырыбым:

« Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту »

Педогогикалық технология дегеніміз –

тәжірибеде жүзеге асатын және нақты тиімді

нәтиже беретін белгілі бір педогогикалық

жүйенің жобасы.

( В.П.Беспалько)

Профессор Ж.А.Қараевтың айтқанындай, деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді.

Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға: 1) жаттап алуға лайықты болу керек; 2) сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруге тиіс; 3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болу керек. Электротехниканың теориялық негіздері пәнінде жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға: өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге бағытталу керек. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар төмендегіше топтастырылады : 1) танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.б) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай пайда болады. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеу керек; 2) әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген ( теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару ); 2) олимпиадалық есептер шығару мен ғылыми жобалар; 3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау болып табылады.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны өз бетімен бағалау деңгейі болады және тек осы төртінші деңгейге жете алған оқушының ғана білім нәтижесі жаңа тақырыпты меңгеру басында анықталған басты оқу мақсатының орындалған түрі болып табылады. Бұл жағдайда оқушы өз қатесін өзі тауып, түзете алатын және өзін-өзі басқарып, бағалай алатын дәрежеге жетеді.

Автор Сарсен Раушан Нахувкызы
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 509
Номер материала MA-065389
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы