Главная / Биология / «Жаратылыстану ғылымы-тіршіліктің бастауы» жаратылыстану пәндері бірлестігінің қорытынды кеші

«Жаратылыстану ғылымы-тіршіліктің бастауы» жаратылыстану пәндері бірлестігінің қорытынды кеші

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

«Ақбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Химия және биология пәнінің мұғалімі

Жанасбекова Кенжегул Толеубергеновна



Кіріктірілген оқыту технологиясының тиімділігі


Қазіргі заман талабына сай елімізде білім берудің жаңа бағдарламалары шығуда. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушының қызығушылығын арттыруға күш салуы тиіс. Немістің ұлы педагогы А.А.Дистервег «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, алдағы өміріне жолдама алуына барынша жағдай жасау ісінің маңызы зор. А. Байтұрсынов «мекткптің жаны – мұғалім. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін балаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім»- айтқан екен. Сондықтан оқушыны өз пәніне қызықтырып, оған өз білгенін аянбай үйрету үшін мұғалім оқытудың түрлі әдістерін біліп, оларды сабақтарында қолдануы керек. Дәстүрлі сабақтармен қатар дәстүрлі емес сабақтар-оқушылардың шығармашылығын ұштау мен ізденістерін арттыруда негізгі роль атқарады және сапалы білім беру көзі болып табылады.

Өз тәжірибемнен 9 сыныпта «Металдар тарауын қайталау» тақырыбын «Алтын сақа» ойыны түрінде «Темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы» тақырыбын кіріктірілген сабақ түрінде өткіздім. Бұл сабаққа география пәнінің мұғалімі мен ауылдық амбулаторияның дәрігері шақырылып, Қазақстандағы темір кендері жөнінде географ мұғалім, қаназдық ауруы және оның алдын алу туралы педиатр маман айтып берді. Бұл ауру туралы дәрігерден естіп, білу оқушыға ерекше әсер етері сөзсіз.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы темір кені қорлары. Темір және оның

биологиялық, экологиялық маңызы.
Сабақтың мақсаттары:
а) Оқушыларға темірдің Қазақстандағы қорлары , темір және оның қосылыстарының маңызы туралы білім беру;
ә) Туған еліміздің табиғат байлықтарын, пайдалы қазбаларын тиімді пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеуге, экологияны қорғауға үйрету;
б) География,биология, химия пәндерін медицинамен байланыстыра
отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлау, салыстыру қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: география,биология, медицина
Көрнекіліктері: проектор арқылы слайдтар, карта
Сабақтың барысы:
.1. Өткен материалды пысықтау

Проектор арқылы темір және оның қосылыстары туралы өткен сабақта алған білімдері тексеріледі.
2. Жаңа материалды игеру.
а) Қазақстандағы темір кен орындары туралы география пәнінің мұғалімі Кенжин А.Д. тарқатады.

Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (16,6 млрд т). Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 85%-ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов-Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен ондіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) облыстарында бар.


ә) Темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы химия және биология пәндерінің мұғалімі

Жанасбекова К.Т баяндайды. (проектор арқылы слайдтар көрсетіледі.)

Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11 - 30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
Өсімдіктер ағзасында темір 0,02 пайыз мөлшерінде болады. Темір жетіспеген жағдайда өсімдікте фотосинтез процесі дұрыс жүрмейді, хлорофилл түзілмейді, өсімдік жасыл түсінен айырылып, жапырақтары сарғайып хлороз деп аталатын ауруға шалдығады.

Жануарлар денесінде темір 0,01 пайыз шамасында болады. Жасушааралық зат алмасу үрдістеріне қатысады және темірдің орнын бұл үрдісте ешбір элемент алмастыра алмайды.
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді. 
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.




б) Темірдің адам ағзасындағы ролі, ағзадағы мөлшері, қаназдық ауруы, оның алдын алу, дұрыс тамақтану, гигиена сақтау жөнінде ауылдық амбулатория дәрігері Теміржанова К.У кеңес береді.

Қаназдықтың (анемияның) алдын алу

Қаназдық – бұл қандағы қанның қызыл торшалары мен гемоглобин санының азаюы. Анемияның барлық белгілері эритроциттердің өзгерісімен және азаюымен сабақтас.
Қанда эритроциттер, сондай-ақ эритроциттердегі гемоглобин жетіспегенде организмде оттегінің тасымалдануы қиындайды. Қаназдық негізінен темір, В12 витамині және фолий қышқылы тапшылығында орын алады.
Адам өміріне көбірек әсер ететін үш нәрсе: ауа, су және тағам. Сондықтан қаназдықтың алдын алу үшін осы үш құрамдас бөлікті реттеген жөн.
Дұрыс теңестірілген тағам организмге қажетті пайдалы заттардың негізгі көзі. Сол себепті тағамды таңдау маңызды. 1 келі етте 6 мг темір болады, оны жармалармен және көкөністермен бірге қолдану темірдің сіңуіне көмектеседі. Ас ішкенен кейін бірден шәй және кофе ішуге болмайды. Өйткені олардағы танин темірдің қанға сіңуіне бөгет әрекет етеді.
Бал, жаңғақ, жемістер мен көкөністер, темірге бай минералды сулар аса пайдалы.
Шамаға сай дене жаттығулары, таза ауада серуендеу қаназдықтың алдын алудағы қолдан келетін тірліктер.
Демек, үш қарапайым ережені – тамақтануды, тыныс алуды және қозғалысты ұдайы есте ұстау қаназдықтың алдын алуға елеулі ықпал етеді.

3. Жаңа материалды бекіту таратпа материалдар мен проектор арқылы орындалады.

3 тапсырма. Ғе (ІІ) және Ғе (ІІІ) оксидтерінің қайсысында темірдің мөлшері көп?

4 тапсырма. Пирит (FeS2) және сидерит (FeCO3) қосылыстарының қайсысының құрамында темір көп?

4. Қорытындылау
5. Сабақ қорытындыланады, үйге тапсырма беріледі, оқушы білімі бағаланады.

Бұл сабақта оқушылар ерекше белсенділік танытып, жаңа материалды бекіту кезеңінде өз беттерімен, аса қызығушылықпен белсенді орындады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Дамыған Қазақстанды ешкім бізге әкеп бермейді немесе жақсы өмірді күтіп отыруға болмайды», - деген болатын. Яғни біз қазіргі таңда оқушыға беретін өзіміздің жүйелі бағдарымыздағы білім стандартымен ғана шектелмей, үнемі ізденіс танытып, кең кәсіби біліктілік пен жоғары білім деңгейіне талпынуымыз қажет. Еліміздің болашағы –жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді десек, ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, педагогикалық білімімізді үнемі жетілдіріп, білім саласындағы жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болмақ.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Химик анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналы №1 2015жыл

  2. Н.Н. Нұрахметов, К.М. Жексембина, Н.А.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық

«Мектеп» баспасы 2013ж

  1. «Химия мектепте» » республикалық ғылыми- педагогикалық журналы №2 2011ж











«Жаратылыстану ғылымы-тіршіліктің бастауы» жаратылыстану пәндері бірлестігінің қорытынды кеші
  • Биология
Описание:

І. Топтардың таныстыруы, ұраны

ІІ. «Сөз тапқанға...» топбасшыларға 5 сұрақ беріледі. Әр сұрақ 1 ұпай тұрады.

І топбасшыға:

  • 1.Өсімдіктің өсімді мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)
  • 2.Жер күнді қанша уақытта бір айналып шығады? (365 күн, 6 сағат)
  • 3.Екі елі неше сантиметр? (3-4 см)
  • 4.Адамның тұмауға және жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті қай металмен байланысты? (күміс)
  • 5.Ең жақын жұлдызды ата (күн)

ІІ топбасшыға:

  • 1.Бақаның дернәсілі қалай аталады? (итшабақ)
  • 2.Жер өз білігін қанша уақытта бір айналып шығады? (24 сағ)
  • 3.Ат шаптырым неше километр? (20-35км)
  • 4.Оттектің аллотропиясы (озон)
  • 5.Ток көздерінде неше полюс бар? (2, оң және теріс)

ІІІ. «Ойлан тап...» берілген сөздерді байланыстырып мақал- мәтел құрау керек. Әр мақал үшін 3 ұпайдан беріледі.

Жүз, гүл, білім, қой,темір, кітап, қырық, он, жау, ағаш, дос, ит,тұз, тас, болат, күміс, тау, су, жігіт, қыз, көз, жалғыз, елу.

ІҮ. «Сөз маржаны...» жаратылыстану ғылымыменбайланысты 1 сөзберіледі, оқушылар сол сөздің соңғы әрпінен басталатын сөздер айтуы керек. Мысалы: катет, трапеция, Ява, абцисса т.б 1сөз 1ұпай болып есептеледі.

Ү. «Сен білесің бе? » Ұпай саны көрсетілген ұяшықтарды ашып, сұрақтарға жауап беруі керек.

1. Қазақстан Республикасының туыныңортасында күн бейнеленгені белгілі.

Сұрақ: осы күннің жан-жағындағы шапағының саны нешеу болады? (32) 5 ұпай

2. Түрді латын тілінде қос атпен атауды ұсынған ғалым? (К. Линней) 2 ұпай

3. Суық тигенде тамырдан жіберілетін, медицинада «ыстық укол» деген атпен белгілі бейорганикалық қосылыс? (кальций хлориді) 3 ұпай

4. Ойлау мен жаттығу арқылы орындалатын жаттығу? ( есеп) 3 ұпай

5. Қазақстанның саяси әкімшілік ауданы неше облысқа бөлінеді? (14) 4 ұпай

6. Қант ауруы кезінде не себептен инсулин салынады? (жетіспеген инсулинді

толықтырады) 4 ұпай

7 Түссіз газ, таза күйінде одан әлсіз, әдетте сезіле қоймайтын сарымсақ иісі шығады. Адам дем алғанда ол сезілмейді, ондықтан уланғанын білмей қалады. Бұл өте күшті у алдымен қанды, сондай-ақ жүйке жүйесін, бұлшық етті, жүректі зақымдайтын қосылыс қалай аталады? (көміртек(ІІ) тотығы ) 5 ұпай

8. Процент дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі) 2 ұпай

ҮІ. Жаратылыстану пәндеріне жарнама дайындап, көрсету. 5-10 ұпай аралығы

ҮІІ. «Жаратылыстану » сөзіндегі әріптерден сөздер құрайды. Әр сөз 1 ұпай болып есептеледі.

ҮІІІ. «Сандарды тап» ойыны. Әр сан 1 ұпай

ІХ. Топтардың өнер сайысы 10 ұпай

Автор Жанасбекова Кенжегул Толеубергеновна
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Другое
Просмотров 239
Номер материала MA-066505
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓