Главная / Начальные классы / «Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз» эссе

«Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз» эссе

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»








«Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз».

(Эссе)




Эссе жазған: Бастауыш сынып мұғалімі:

Исмакова Алмагуль Салимовна

Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз. (Эссе)

Мен,Алмагүл Сәлімқызы жиырма алты жылдан астам уақыт бойы мұғалім болып еңбек етіп келе жатырмын. Бастауыш сынып мұғалім мамандықты жүрек қалауыммен таңдадым. 1987 жылы Рудный педагогикалық училещесін және 2006 жылы Қостанай гуманитарлық институтын тәмамдаған жанмын.2003 жылдан бері «Ключевой орта мектебі» мекемесінде қызметімді жалғастырып келе жатырмын.Оқушыларды білімге, шығармашылыққа, еңбексүйгіштікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз екенімді көрсетіп жүрмін.Білім жетілдіру институтында білімімді жетілдіріп отырамын. Биыл қаңтар айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Заманауи сабақты дамыту ресурстары: интерактивті технологиялар мен пәндерді кіріктіру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсында оқып келдім.Бұл курста үйренгенім көп болды.Осы әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы сабағымды қызықты өткізуге тырысамын. Алдағы уақытта да өзімнің бар білгенімді оқушылардың санасына жеткізу міндетім деп санаймын. Білімімді үнемі жетілдіріп отыруды жөн көремін.

Хаманауи сабақ –қазіргі сабақ :(оқушы өзі),бәрін үйренуге болады,белсенді қызмет орталығын құрушы,қадағалаушы,тер төгіп жұмыс істеуші,менеджер-ұйымдастырушы болулары керек.Жаңашыл мұғалім – нұсқаушы.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте

көне мамандық. Ұстаз әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ ? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Абайдың осы  өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын- еліміздің келер күнгі келбеті.

Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

- Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

Қызметке бейімділігі

Кәсіптік білімі мен біліктілігі

Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

Ұйымдастырушылық қабілет

Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.













                                                                







«Жаңашыл сабақ, жаңашыл ұстаз» эссе
  • Начальные классы
Описание:

 

Мен,Алмагүл Сәлімқызы жиырма алты жылдан астам уақыт бойы мұғалім болып  еңбек етіп келе жатырмын. Бастауыш сынып мұғалім мамандықты жүрек қалауыммен таңдадым. 1987 жылы Рудный педагогикалық училещесін және 2006 жылы Қостанай гуманитарлық институтын тәмамдаған жанмын.2003 жылдан бері «Ключевой орта мектебі» мекемесінде қызметімді жалғастырып келе жатырмын.Оқушыларды білімге, шы­ғармашылыққа, еңбек­сүйгіш­тікке баули отырып, оқыту үрдісінде жаңа тех­но­ло­гияларды қолдану арқылы шығар­ма­шылықпен жұмыс іс­тейтін ұстаз екенімді көрсетіп жүрмін.Білім жетілдіру институтында білімімді жетілдіріп отырамын. Биыл қаңтар айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Заманауи сабақты дамыту ресурстары: интерактивті технологиялар мен пәндерді кіріктіру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсында оқып келдім.Бұл курста үйренгенім көп болды.Осы әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы сабағымды қызықты өткізуге тырысамын. Алдағы уақытта да өзімнің бар білгенімді оқушылардың санасына жеткізу міндетім деп санаймын. Білімімді үнемі жетілдіріп отыруды жөн көремін.

 

Хаманауи сабақ –қазіргі сабақ :(оқушы өзі),бәрін үйренуге болады,белсенді қызмет орталығын құрушы,қадағалаушы,тер төгіп жұмыс істеуші,менеджер-ұйымдастырушы болулары керек.Жаңашыл мұғалім – нұсқаушы.

 

Автор Бегайдарова Назгуль Серикбаевна
Дата добавления 05.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 2770
Номер материала 59250
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓