Инфоурок Другое КонспектыЖаңашылдық- бәсекеге қабілетті болу .Эссе

Жаңашылдық- бәсекеге қабілетті болу .Эссе

Скачать материал

        Жаңашылдық- бәсекеге қабілетті  болу

 

      Мұғалімдік  мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі  және  қызықты, шым-шытырық    мол рухани жан дүниесіне  үңіле  білу.  Педагогикалық шеберлік  пен  педагогикалық  өнер – ол даналықты  жүректен ұға білу болып  табылады.      

                                                                В.А.Сухомлинский                                       

 

 

    Сансыз көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.              

     Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Болашақта   еңбек  етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп  оқушылары,  мұғалім оларды  қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде  болады.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет  ауыр » деген болатын . Қазіргі  заман  мұғалімінен тек өз пәнін терең  біліп қана  қоймай ,тарихи  танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси  экономикалық  білімділік  және   ақпараттық сауаттылық   талап етілуде. Ол заман талабына сай  білім беруде жаңалыққа  жаны құмар, шығармашылықпен  жұмыс істеп, оқу мен тәрбие  ісіне еніп,оқытудың  жаңа  технологиясын шебер  меңгерген  жан болған  да ғана білігі  мен білімі жоғары  жетекші  тұлға  ретінде  саналады.

   Елбасымыз « Қазақстанды  болашаққа бастап барар  жалынды  жастар сендерсіңдер , мен сендерге сенім артамын», - деп  тәуелсіз  елдің  ұрпақтарына  зор  сенім     артып  отыр. Ал сол   жастарды  білімнің   биік  шыңына  жетелеп , өмірлік  бағыт – бағдар  беретін ұстаздар  қауымы.  

 Мұғалім  баланың  жанына  үңіліп, оқушының  пәнге  деген   қызығушылығы  мен   танымдық  ізгі  қасиеттерін  арттыруы  керек.Оқушыларды  табысты  өмір  сүруге  дайындап,  өзін- өзі реттеу  дағдыларын  қалыптастырып, сандық  технологияларда   құзырлылық   танытатын   белсенді  де    білікті    жеке  тұлғаны     даярлау    бүгінгі  таңда     ұстаз  деген    ұлы   қауымның   еншісінде.

      XXI ғасыр  тұлғасы  бәсекеге  қабілетті,  жан-жақты,  білім-білік дағдысы  қалыптасқан, ұшқыр  ойлы  қиялы  шексіз  болуы  керек.  Осындай  тұлға  тәрбиелеуде  ұстаздың  да  сондай  талаптарға  сай  болуы  тиіс.  Сондықтан да  ұстаздар  қауымы сабақ  өту  тәсілі  мен  сабақ  өтудегі  мақсаттарын  және  өзі  де  өзгеруі  тиіс  еді. Қазіргі  таңда ел  экономикасын  алға  жылжытуда  білімді, эрудит  жастар  тәрбиелеуде  мұғалімнің  үлесі  ұшан  теңіз.  Енді  мұғалімнің  шындап  өзгеруіне  туып  отырған  мүмкіндіктердің  бірі  деңгейлік  оқыту деп ойлаймын.

      Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің біліктілігін аттырудың деңгейлі бағдарламасының Үшінші деңгей  бағдарламасын  меңгерген   мұғалімдер  қауымы  ерекше  қаруланып  келді  десек те  болады.  Оқу кезеңінде  алған   білімнен  кейін  мұғалімдердің  пікірлері түбегейлі  өзгерді. Себебі : өздері  де ,  оқушылары  да  бір  сарынды    оқудан  жалыққан. Бір үлкен  серпіліс  керек  еді.Міне,  осы   сындарлы оқыту  теориясының  әдіс – тәсілдерін  меңгере  келе , ұстаздарымыз өздерінің  де,  оқушыларының  да   үлкен өзгеріске   ұшырағандарын  жарыса   жазып  жатты.

      Бұрынғы  мұғалім   өз  мақсатына  ғана  көп  көңіл  бөліп,  мәтінді  немесе  тақырыпты  оқып  барып  түсіндіретін. Сабақ  жоспары  дәстүрлі  әдіспен  құрылып,  нені   оқыту  керектігіне көңіл  бөліп, тек  тақырып  қана  меңгерілетін.     

      Сындарлы  оқытуда  қалай оқыту   керектігіне  назар  аударады. Жұптық жұмыс, топтық  жұмыс  жасалады.Оқушы  өзін  бағалауды,  өзгені  бағалауды   үйренеді. Сыни ойлай отырып,талдап   жинақтап дәлелдеуге  үйренеді. Дарынды және  талантты  балаларға   кеңейтілген   тапсырмалар  беріледі.Оқушылардың  көзқарасы ескеріледі.  Оқушылар өзін-өзі  оқытады,  өзара  оқытады.  Сабақ  жоспары  сындарлы  оқытудың  әдіс-тәсілі   арқылы  құрылады.

           Мұғалім  өз  кезінде, өзінің  сабақ беруіне  емес , оқушылардың оқу  ептілігіне назар аударуы  тиіс.Осы мақсатта  мұғалім оқыту  ортасын  құру керек  ,  соның арқасында  оқушылар  ақпаратты  енжар  қабылдамай , оқу  үдерісіне  белсенді  қатысатын  болады.  Бұл  жерде білім  мен түсінікті  оқушы  өзі  қалыптастырады, ал  мұғалім  бұл  үдеріске көмек  беруші ғана   болуы  тиіс.

   Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін  қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес.

Өзі  сыни тұрғыда ойлай  алмай  тұрып , оқушыны қалай  сыни  тұрғыда  ойландыра  алуы  мүмкін  деген  сұрақ  туындайды? Сондықтан мұғалімнің  өзінің  өресі  биік  болуы  шарт. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.

   Қазіргі   таңда  мұғалімдеріміз  оқушыларды  топтастыра отырып  оқытуды  қолға  алды. Бұл - өз кезегінде өз  нәтижесін  беруде.

Сыныптағы   бірлескен  жұмыс  оқытылатын  пәннің  мазмұнын   берумен  шектеліп  қоймайды, ол  сонымен  қатар   мұғалімнің   демократиялық  ынтымақтастық атмосферасында оқытуды  қамтамасыз етуіне  бағытталуы  керек.Ынтымақтастық  балалармен  қарым-қатынас  жасаудың  нәтижесінде  туады. Оқушылар  бірлесіп ,топтасып  жұмыс   жүргізгенде әр оқушы өз күшінің ,өз  қабілетінің  керек  екенін  түсінеді. Оқушылар  топтарда  жұмыс  жасағанда «симметриялы» болып  табылатын  іс –қимылға  тартылған кезде  тапсырмаларды  нәтижелі   орындайтындығы анықталды. Оқушылар  оқшауланып оқымайды. Олардың  арасында бірін – бірі қолдау  көрсету ,бірлесе отырып  жұмыс  жасау,  топтық  рух  мадақталады. Топпен жұмыс  жасай  отырып,онда тыңдау, дене  қимылдары, келіспеушілікті  құрметпен  білдіру  қабілеттеріне назар аударылады.Нәтижесінде тәуелсіз   және  ойшыл ,өмір  бойы  оқуға  қабілетті  тұлға қалыптасады.

     Дәстүрлі сабақта оқушының сабақ туралы пікірі  мұғалімге  маңызды емес еді.Сабақ  барысында    жіберген  кемшіліктер жылдар өте ұстаздық тәжірибемде  өздігінен түзелер  деп  ойлайтын.Бұл  пікір дұрыс емес. Жаңашыл  мұғалім - оқушылардың  сабақ соңында  жазған  кері  байланыстарын  үнемі  талқыға  салып ой елегінен өткізе  отырып, күнделікті  сабақ жоспарын  жасауда  ескеріп отыруы  қажет. Жүйелі  түрде бағыт – бағдар  бере отырып, уақытты  үнемді  пайдалануға,  бағаны  әділ  және  нақты  қоя білуге  дағдыландыруы керек. Оқушылардың  сыни тұрғыда ойлануы үшін кері  байланыс  жасата  отырып,шығармашылық  қабілеттерін  арттыруды  жүйелі  жолға  қоя білгенде ғана, мұғалім  жұмысы  жемісті  болмақ.   

Ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі  әрі  көне  мамандық .Адам  Ата  Хауа  Анадан  бері  жұмыр  басты  пендені ойландырып, толғандырып  келе  жатқан,  қоғам  өзгерсе  де  қажеттігін  жоймайтын үлкен  мәселе  - шыр етіп  дүниеге  келген  нәрестені  өмір  сүруге  дайындау.  Бұл -  қиынның – қиыны .Себебі  әр  адам – қайталанбас  тұлға. Оның  жан  дүниесі  өзінше  бір әлем. Ал  ұстаз  сол  әлемді  шар- тарапқа жетелеуші. Ұстаз  бала  болмысына  өзгеріс  енгізуші , бағыт-бағдар  беруші.Сондықтан  тәуелсіз  елдің  тұтқасын  ұстар білімді жастарды тәрбиелеу  сіздердің  қолдарыңызда ,   ұлағатты ұстаздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңашылдық- бәсекеге қабілетті болу .Эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңашылдық- бәсекеге қабілетті болу Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырық мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. В.А.Сухомлинский Сансыз көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр » деген болатын . Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең біліп қана қоймай ,тарихи танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болған да ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады. Елбасымыз « Қазақстанды болашаққа бастап барар жалынды жастар сендерсіңдер , мен сендерге сенім артамын», - деп тәуелсіз елдің ұрпақтарына зор сенім артып отыр. Ал сол жастарды білімнің биік шыңына жетелеп , өмірлік бағыт – бағдар беретін ұстаздар қауымы. Мұғалім баланың жанына үңіліп, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен танымдық ізгі қасиеттерін арттыруы керек.Оқушыларды табысты өмір сүруге дайындап, өзін- өзі реттеу дағдыларын қалыптастырып, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді де білікті жеке тұлғаны даярлау бүгінгі таңда ұстаз деген ұлы қауымның еншісінде.XXI ғасыр тұлғасы бәсекеге қабілетті, жан-жақты, білім-білік дағдысы қалыптасқан, ұшқыр ойлы қиялы шексіз болуы керек. Осындай тұлға тәрбиелеуде ұстаздың да сондай талаптарға сай болуы тиіс. Сондықтан да ұстаздар қауымы сабақ өту тәсілі мен сабақ өтудегі мақсаттарын және өзі де өзгеруі тиіс еді. Қазіргі таңда ел экономикасын алға жылжытуда білімді, эрудит жастар тәрбиелеуде мұғалімнің үлесі ұшан теңіз. Енді мұғалімнің шындап өзгеруіне туып отырған мүмкіндіктердің бірі деңгейлік оқыту деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін аттырудың деңгейлі бағдарламасының Үшінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер қауымы ерекше қаруланып келді десек те болады. Оқу кезеңінде алған білімнен кейін мұғалімдердің пікірлері түбегейлі өзгерді. Себебі : өздері де , оқушылары да бір сарынды оқудан жалыққан. Бір үлкен серпіліс керек еді.Міне, осы сындарлы оқыту теориясының әдіс – тәсілдерін меңгере келе , ұстаздарымыз өздерінің де, оқушыларының да үлкен өзгеріске ұшырағандарын жарыса жазып жатты. Бұрынғы мұғалім өз мақсатына ғана көп көңіл бөліп, мәтінді немесе тақырыпты оқып барып түсіндіретін. Сабақ жоспары дәстүрлі әдіспен құрылып, нені оқыту керектігіне көңіл бөліп, тек тақырып қана меңгерілетін. Сындарлы оқытуда қалай оқыту керектігіне назар аударады. Жұптық жұмыс, топтық жұмыс жасалады.Оқушы өзін бағалауды, өзгені бағалауды үйренеді. Сыни ойлай отырып,талдап жинақтап дәлелдеуге үйренеді. Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырмалар беріледі.Оқушылардың көзқарасы ескеріледі. Оқушылар өзін-өзі оқытады, өзара оқытады. Сабақ жоспары сындарлы оқытудың әдіс-тәсілі арқылы құрылады. Мұғалім өз кезінде, өзінің сабақ беруіне емес , оқушылардың оқу ептілігіне назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек , соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай , оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Бұл жерде білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім бұл үдеріске көмек беруші ғана болуы тиіс. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор,бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Өзі сыни тұрғыда ойлай алмай тұрып , оқушыны қалай сыни тұрғыда ойландыра алуы мүмкін деген сұрақ туындайды? Сондықтан мұғалімнің өзінің өресі биік болуы шарт. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда мұғалімдеріміз оқушыларды топтастыра отырып оқытуды қолға алды. Бұл - өз кезегінде өз нәтижесін беруде.Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің демократиялық ынтымақтастық атмосферасында оқытуды қамтамасыз етуіне бағытталуы керек.Ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туады. Оқушылар бірлесіп ,топтасып жұмыс жүргізгенде әр оқушы өз күшінің ,өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Оқушылар топтарда жұмыс жасағанда «симметриялы» болып табылатын іс –қимылға тартылған кезде тапсырмаларды нәтижелі орындайтындығы анықталды. Оқушылар оқшауланып оқымайды. Олардың арасында бірін – бірі қолдау көрсету ,бірлесе отырып жұмыс жасау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасай отырып,онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.Нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл ,өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Дәстүрлі сабақта оқушының сабақ туралы пікірі мұғалімге маңызды емес еді.Сабақ барысында жіберген кемшіліктер жылдар өте ұстаздық тәжірибемде өздігінен түзелер деп ойлайтын.Бұл пікір дұрыс емес. Жаңашыл мұғалім - оқушылардың сабақ соңында жазған кері байланыстарын үнемі талқыға салып ой елегінен өткізе отырып, күнделікті сабақ жоспарын жасауда ескеріп отыруы қажет. Жүйелі түрде бағыт – бағдар бере отырып, уақытты үнемді пайдалануға, бағаны әділ және нақты қоя білуге дағдыландыруы керек. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлануы үшін кері байланыс жасата отырып,шығармашылық қабілеттерін арттыруды жүйелі жолға қоя білгенде ғана, мұғалім жұмысы жемісті болмақ. Ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі көне мамандық .Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе - шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл - қиынның – қиыны .Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар- тарапқа жетелеуші. Ұстаз бала болмысына өзгеріс енгізуші , бағыт-бағдар беруші.Сондықтан тәуелсіз елдің тұтқасын ұстар білімді жастарды тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда , ұлағатты ұстаздар!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 033 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2020 751
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Морозова Мария Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Морозова Мария Александровна
    Морозова Мария Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 81542
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе