- 02.10.2020
- 4846
- 25
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін көрсетуге, тапқырлыққа, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Жаңа жыл
Лариса :Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
Гүлсезім:
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Жансауле:Би билеңдер, ән салып
Маскарадта басталды,Жаңа жыл хорын айтып оқушылар ішке енеді.
♫♫♫♫♫Хор: Жаңа жыләні:Сәкен Дәрібаев
сөзі: Сайлаубай Тойлыбаев
1Көк шыршамыз ырғалып ,
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !
Жарасатын еліме ,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.
2Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік , ал кәнекей ән салып !Аяз ата әніміз,Ақшақарың сәніміз ,Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз ! 3Күлімдесін күніміз ,Жалындасын жүзіміз ,Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз ! Жаңа жылым шаттығым,Арайланып атты күн,Тілейікші елімізге сәтті күн .!Лариса : Ал ендеше бал маскарадымызға он екі жыл иесін ортаға шақырайық.Лариса: (дауыстап оқып айтылып жатқан кезде біртіндеп кіреді, үндері қосылады)(Монтаж)
Назгүл(7б):
Кел төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын,
Кеудеміз күмбірлеген жырға толы,
Қане достар күлкімен орта толсын.
Жігер(7б):Жаңа жыл,жаңа қадам,жаңа бақыт
Болашаққа бастайтын жаңа уақыт
Бірге соғар бар әлемнің сағаттары
12-ні күтер қалмай тағаттары
Ғасырдың он бесінші жылы келді
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Жасыл желен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршымыз
Көптен күтіп салынған
Ақмерей(7б):Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Барша бала жаңа кеп
Мерекені бастаған
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де
Айгерім(7б):Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды манайды
Жаңа жылмен құттықтаймын дегенде
Қанаттана жаз алқапқа тарайды
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жыдым келдігой
Ай жүзіндей айшықтанып арайы
Ддинара(7б):Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқытатып шамдарын
Шырша келді ортаға
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ даптерді парақтап
Қыс отырған секілді
Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауармаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен
Дана (7б):Безендіріп шыршаны
Жыл қуантта баршаны
Той-маскарад басталды
Аяз ата басқарды
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де.
М.Аяжан (8в):Анель(8в):
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қой жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Гүлхан (7в):
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Айдана (7в) :
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілеріміз көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Жақсылықтар мол болып,
Тек биікке қонайық.
Келер қой жылы,
Табысты тек жыл болсын!
Мұқағали (7в):
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамасанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Осындай менің сыйлығым,
Тамаша, тамаша!!!
(8 в сынып бал биін билейді.)
Барлығымыз сиырға ризашылығымызды білдіре отырып барлығымыз бірге Жаңа жыл әнін айтайық.♫♫♫♫♫Хор: "Жаңа жыл"Жаңа жыл,жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Көрікті,бөрікті
Аяз ата келіпті
Беріп жатыр таратып
Алма анар өрікті
Қала нұр дала нұр
Құтты болсын жаңа жыл
Шырша жаны көңілді
Билеп барлық бала жүр
Барыс (7в Төретаев Темірлан):Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдерге нұр сыйлап,
Шырша тұрар мәңгілік!
Баршамыз Саламаттың өнерін тамашалап, қол соғып отыралық.
(баянмен өнер Саламат 8б )
Қоян (7б Қуанышова Балнұр):
О!Жаңа жыл!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!КВН (8в,7б класс)
Ұлу (7б Құлмағамбетов Ерзат) : Ән: (8в)Мырзабергенова Аида "Келші Жаңа жыл" Бақыт Тұрманованың әні.
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді.
Ортаға өзіммен бірге ере келген Айда қызымды "Келші Жаңа жыл"әнімен ортаға шақырйын.
Жылан (7б Мырзабергенов Ислам):
О, жарандар, қараңдарАбзал атты сиқыршымызға
Назарларыңды салыңдар!
Сиқыр Түменов Абзал (7б)
Орта
♫♫♫♫♫Хор: "Аппақ, аппақ, жапалақтап"Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Қайырмасы:Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О алақай Аяз атаКеле жатыр алыстанЖылқы (8в Жакупов Әлішер):Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім деп есептеймін. Ендеше маған деген биылғы құрметтеріңді сендерден күтемін.(Үнді биі 7б) Қуанышты ортамыз сазға ұласқанЛариса: Ал енді балалар бүгінгі кешіміздің ең маңызды да, қызықты сәті жаңа жылымызды қарсы алайық!
Қой (8в Әли Диас): Мен дағы бір қонақпынОн екі жылда ораларҮлкендерге ақ ниетСіздерге де ақ ниет.Сіздерге мың рахмет.Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің бір қасиетім – өте жай болуым. Бірақ та мен біле білсеңіздер тоқшылық, құтты жылмын. Мен әдейі кешіккенім жоқ. Сіздерге алыс жолдан керемет сыйлық алып келемін деп кешіктім. Менің қандай сыйлық жасағанымды көргілеріңіз келе ме? Ендеше хормен аяз ата мен ақша қызды шақырайық.Хормен: Аяз ата, ақша қыз. Аяз ата, ақша қыз. Аяз ата, ақша қыз.Гульсезим:Аяз ата, ақша қыз сөздері.
Хор: " Орманда шырша туыпты"Орманда шырша туыпты,("Қой биі" Бүркіт пен Аишаның бәрі жақсы болады әніне класс жетекшілер, оқушылар қосылып билейді.)
Гульзира:Аяз ата, ақшақар сіздердің құрметтеріңізге Сартаева Алтынай мен Өтеген Ардақтың «Жаңа жыл, жаңа ән» әнің ұсынамыз.(Мадина СадуақасованыңЖаңа жыл, жаңа әні шырқалады.)Аяз ата ШЫРШАны жағып, ризалықтарын білдіріп, ортадан шығып кетеді.
Мешін ( (8в Аяғанов Тұрлыхан): Қойдың құрметіне арнап, барлығымыз ортаға шығайық, ол үшін маған жүргізушілердің көмегі керек. Ойын: «Кім жылдам» (Бокс қолғабымен шарды жару.)Ендігі ойын ата-аналарға арналады. Ойын «Паравоз» деп аталады. (2 ата-ана сонына көп адам жинауы қажет.) Жиналған адамдар осы қалыпты сақтаймыз. Биылғы қой жылы тоқшылық, молшылық жылы болғай деп, ендігі ойынымыз нағыз мықтыларды анықтайтын болады. ( 2 дәмді тағам ұсынылады, 1 жеген топ жеңіске жетеді.Жеңімпаздарға «Қомағай қонақ» атауын ілеміз.)Тауық: (8б Жұмағалиева Ақмерей)6 664 320 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем БЕГІМБЕТОВА ЖАНСАУЛЕ ҚҰЛТАСҚЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36/72/108 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.