Главная / Классному руководителю / Жаңа заман мұғалімі үшін Януш Корчактың педагогикасының рөлі  

Жаңа заман мұғалімі үшін Януш Корчактың педагогикасының рөлі  

Януш Корчак поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері. О...
Біздер педагогика пәнін енді оқи бастаған кезде ұлы педагог, жазушы, дәрігер ...
Януш Корчактың шын есімі – Генрик Гольдшмидт. ". Үлкен жүректі педагог туралы...
Генрик бос уақытын кедейлер көшесінде өткізді,емдеп,кедейлерге тегін тамақ та...
29 жасында Корчак өзінің жеке бас отбасы болмайды, еврейдің жетім балаларын ө...
Жетімдер үйі Өмірді ара жетімнің үйінде бала-шаға және тәрбиешілер бір: өзіні...
Януш Корчак балалар туралы көп білді және оларды ерекше түсіне алды. Ол балал...
Корчактың айтқандарынан: Сіз балалар бізді шаршатады ,- дейсіз. Оныңыз рас. С...
1939 жыл. Польшаны гитлершілдер басып алды Жетімдер үйін еврей болғандығы үш...
Екінші жолы, көргендердің айтуына қарағанда, ол варшавалық геттодан достарыны...
Ал үшінші рет оның ерекше батылдығын көрсететін оқиға еді. Жетімдер үйінің ба...
...Олардың қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп жазылған тас тұ...
1942 ж. 5-тамыз, өлім лагері Треблинкаға айдалып келе жатқан колонна , Корча...
21- ғасыр Бүгінгі таңда, Қазақстанда ғылыми, дүниетанымдық, тәрбиелік парадиг...
Жаңа заманғы мектептерде оқушының өз-өзін дамытуға қолайлы жағдайлар жасай бі...
Корчактың жұмысын оқып, зерттеп, оны дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: ...
Корчактың еңбектерін зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне  ж...
Біз, болашақ мұғалімдер, оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды, мейірімді ә...
Балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша негізгі еңбектердің бірі «Баланы қалай с...
Корчактың гуманистік идеяларын түсініп қана қою жеткіліксіз. Біздер, болашақ ...
Януш Корчактың жас ата-аналарға қалдырған өсиеті 1. Балаңның өзің сияқты нем...
Қорыта келе, Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысы...
Әдебиеттер: 1.  Сұлтанова Ғ. Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйы...
1 из 25

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Януш Корчак поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері. Ол ө
Описание слайда:

Януш Корчак поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері. Ол өзгені құтқарып қалу үшін өзінің өмірін аман сақтап қалудан үш рет бас тартқан адам. 1878 жылы 22 шілдеде поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері, еврей ұлтының өкілі Я́нуш Ко́рчак — дүниеге келді.

№ слайда 4 Біздер педагогика пәнін енді оқи бастаған кезде ұлы педагог, жазушы, дәрігер Яну
Описание слайда:

Біздер педагогика пәнін енді оқи бастаған кезде ұлы педагог, жазушы, дәрігер Януш Корчак туралы, оның өмірі мен ерлігі туралы ұстазымыздың «Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстары» оқу құралындағы мына мәтін бізге үлкен әсер етті: «..1942 жылы 5 тамызда "Жетімдер үйінің"200-дей балалары мен 9 тәрбиешілері сап құрып Варшава көшелерімен келеді. Жетімдер үйінің басшысы Януш Корчак, ұлы жазушы болғандықтан гитлершілдердің оның колоннадан шығып, кетуін талап еткенінен бас тартып, екі кішкене ғана еврей балаларының қолынан жетектеп келеді. Бұл колонна өлім лагері Треблинкиге айдалып келеді.Ал еврей болғандығы ғана үшін өлімге беттеген колонна үстінде үміттің символы болып табылатын жасыл мата үстіндегі алтын түсті төрт жапырақты сабақ бейнеленген ту желбіреп барады... ...Олардың қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп жазылған тас тұр... Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек» деген еңбегі бар. Осы ерлігімен "Тек сөзбен емес, іспен сүйе біл"деп тұрған жоқ па, Корчак?  

№ слайда 5 Януш Корчактың шын есімі – Генрик Гольдшмидт. ". Үлкен жүректі педагог туралы Я.
Описание слайда:

Януш Корчактың шын есімі – Генрик Гольдшмидт. ". Үлкен жүректі педагог туралы Я.Корчактың еңбектерін тауып оқып, нағыз педагог деген қандай болу керек екенін түсіндік деуге болады. Баяндаманың тақырыбын таңдаған себебім де осы аяулы да ерекше Ұстазды біле түсу, құрбы-құрдастарым, студенттерге таныстыра түсу еді...

№ слайда 6 Генрик бос уақытын кедейлер көшесінде өткізді,емдеп,кедейлерге тегін тамақ тарат
Описание слайда:

Генрик бос уақытын кедейлер көшесінде өткізді,емдеп,кедейлерге тегін тамақ таратып,кешкі поэзиялық кеш ұйымдастыратын еді. Университет бітірісімен балалар ауруханасына жұмысқа тұрды,балалар калониясында кітап жазды. Ол дәрігер ретінде орыс япондық және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысты,бірақ ол қайтып балаларға оралды.

№ слайда 7 29 жасында Корчак өзінің жеке бас отбасы болмайды, еврейдің жетім балаларын өз б
Описание слайда:

29 жасында Корчак өзінің жеке бас отбасы болмайды, еврейдің жетім балаларын өз балаларындай тәрбиелеймін деп шешті. Жинаған қаражатына Жетімдер үйін салады, өзі күндіз сонда еңбек етіп, түнде балаларға арналған ертегілер мен үлкендерге арнап тәрбиелік кітаптар жазады. Олардың ішінде «Король Матиуш I» және «Король Матиуш на безлюдном острове» — кітаптары ерекше.

№ слайда 8 Жетімдер үйі Өмірді ара жетімнің үйінде бала-шаға және тәрбиешілер бір: өзінің ж
Описание слайда:

Жетімдер үйі Өмірді ара жетімнің үйінде бала-шаға және тәрбиешілер бір: өзінің жөн-жосықтарын салды ойлап тап-, газетті шығарды, жаз- жолдастың, ара нешіншіде мың статей болған сот кодекс, на өмір барлық уақиға. Бірінші 99 - оправдательные. Корчак жаса- "жас Пшегленд" деген газетті - арада әлемде бірінші газетті, нешінші шық- емес үшін, ал өздерімнің бала-шағаларының, оның мүдде қорға- бала-шаға.

№ слайда 9 Януш Корчак балалар туралы көп білді және оларды ерекше түсіне алды. Ол балаларм
Описание слайда:

Януш Корчак балалар туралы көп білді және оларды ерекше түсіне алды. Ол балалармен үлкендерше баласынып та емес, не баланың деңгейіне түсіп те емес, олармен тең дәрежеде, сеніммен, сыйластықпен сөйлесетін. Балалар оны ерекше сүйетін…

№ слайда 10 Корчактың айтқандарынан: Сіз балалар бізді шаршатады ,- дейсіз. Оныңыз рас. Сіз
Описание слайда:

Корчактың айтқандарынан: Сіз балалар бізді шаршатады ,- дейсіз. Оныңыз рас. Сіз оны былай деп түсіндіресіз: -Олардың түсіну деңгейіне дейін төмендей білу керек. Төмендеу, түсу, еңкею... Қателесесіз. Біз одан шаршамаймыз. Біз олардың сезімдерін түсінерлік деңгейге жоғарылай алмай шаршаймыз. Жоғарылау, тырмысу, жетуге тырысу. Ренжітпеу үшін.

№ слайда 11 1939 жыл. Польшаны гитлершілдер басып алды Жетімдер үйін еврей болғандығы үшін
Описание слайда:

1939 жыл. Польшаны гитлершілдер басып алды Жетімдер үйін еврей болғандығы үшін геттоға қамады. Я. Корчактың өзі аман қалуына болар еді, оған құтылуға бірнеше рет мүмкіндік болған-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Алғашқы жолы Януш Польшаны жау басып алған кезде өзгелермен бірге көшіп кетпей, жетімдер үйінің балаларымен бірге қалып қояды.    

№ слайда 12 Екінші жолы, көргендердің айтуына қарағанда, ол варшавалық геттодан достарының г
Описание слайда:

Екінші жолы, көргендердің айтуына қарағанда, ол варшавалық геттодан достарының геттоны тастап қашып кетіп, аман қалуды ұйымдастырмақ болған көмегі мен ұсынысынан бас тартып, балалармен боламын деп жауап берді.

№ слайда 13 Ал үшінші рет оның ерекше батылдығын көрсететін оқиға еді. Жетімдер үйінің балал
Описание слайда:

Ал үшінші рет оның ерекше батылдығын көрсететін оқиға еді. Жетімдер үйінің балаларын лагерьге жеткізу үшін оларды вагондарға тиеп жатады. Сонда жау арасынан бір офицер Янушты бөлек шығарып: "Мен сізді танимын. «Король Матиуш» деген шығарманы сіз жаздыңыз ғой? Мен бұл кітапты бала кезімде оқып, қатты ұнатқам. Сіз боссыз. Мен сізді жіберемін", - дейді. Сонда ол: "Балалар ше?", – деп сұрайды. "Балалар лагерьге кетеді. Ал сіз вагоннан түсіп қалуыңызға болады", –дегенде «Қателесесіз. Олай ете алмаймын. Барлық адам оңбаған емес, мен үшін бәрінен де маңыздысы- балалар, – деп жауап берген екен.

№ слайда 14 ...Олардың қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп жазылған тас тұр..
Описание слайда:

...Олардың қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп жазылған тас тұр...

№ слайда 15 1942 ж. 5-тамыз, өлім лагері Треблинкаға айдалып келе жатқан колонна , Корчак б
Описание слайда:

1942 ж. 5-тамыз, өлім лагері Треблинкаға айдалып келе жатқан колонна , Корчак балаларымен… Біз оның сол сәттерде балаларға не айтқанын біле қоймаспыз, алайда оның балаларды соңғы минутына дейін қолдағаны хақ… Өлімге балалармен кірген кезде ол екі қолымен екі бөпені ұстап алып, оларды алдандырып ертегі айтып беріп жатып қаза тапқан деген де болжам бар. Мүмкін, солай да болар... 

№ слайда 16 21- ғасыр Бүгінгі таңда, Қазақстанда ғылыми, дүниетанымдық, тәрбиелік парадигмал
Описание слайда:

21- ғасыр Бүгінгі таңда, Қазақстанда ғылыми, дүниетанымдық, тәрбиелік парадигмалардың алмасуы жағдайында, қазіргі уақыт қажеттіліктеріне жауап бере алатын, құзыретті педагогтар мәселесі өзектілікке ие болуда. Мәселе авторитарлық мектепте тәрбиеленген қазіргі мұғалімдердің ерікті немесе еріксіз түрде өздері көрген педагогикалық әсер етулерді қайталауында болып отыр: балаға әсер ету обьектісі ретінде қарау, тәрбиенің негізгі әдістері ретіндегі мадақтау мен жазалау, баланың бойынан тұлғаны көру қабілетсіздігі.

№ слайда 17 Жаңа заманғы мектептерде оқушының өз-өзін дамытуға қолайлы жағдайлар жасай білет
Описание слайда:

Жаңа заманғы мектептерде оқушының өз-өзін дамытуға қолайлы жағдайлар жасай білетін, жалпы және педагогикалық мәдениеттің жоғарғы деңгейін меңгерген, сондай-ақ, гумандық педагогиканың шыңына көтерілуге қабілетті педагог, яғни  мәдениет адамы сұранысқа ие.   Яғни мақсат -  жаңа талаптарға сай  білім-тәрбие берудің формалары мен әдістерін іздеу, солар арқылы тәрбие ісін жүзеге асыру. Осы тұрғыда тәрбие берудегі жаңа заманғы әдіс-тәсілдер мәселесін түсінуге педагог-гуманист Януш Корчактың  еңбектеріне жүгіну көмектеседі деп ойлаймыз.

№ слайда 18 Корчактың жұмысын оқып, зерттеп, оны дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: «Ав
Описание слайда:

Корчактың жұмысын оқып, зерттеп, оны дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: «Авторитарлық педагогиканың  негізі -  балаға болашақ ересек ретінде қарау, ал  балалық шақтың түп негізі - өмірге дайындау», -  деген шешімге келдік.  Мұнымен, көбіне, педагогтардың баланы басқаруға, оны өзіне бағындыруға  ұмтылуы түсіндіріледі. Балалық шақтың барлық мәні жоғалып,  ол  тек нағыз ересек өмірге дайындау баспалдағы ретінде қарастырылды.

№ слайда 19 Корчактың еңбектерін зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне  жүгі
Описание слайда:

Корчактың еңбектерін зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне  жүгіну біздерге келесіні түсіндіреді: Балалық шақ – өмірге дайындық кезеңі емес, ол нағыз өмірдің өзі! Ол – үлкен құндылық. Өйткені, Корчак балалармен  30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оларды өзгеден артық білген әрі түсінген. Корчак балалардың көп ағымымен жұмыс істеп, бұл еңбекті өзге жаннан артық білген. Корчак керемет жазушы-публицист, ол балалармен, тәрбиешілермен тілдесуді  өзгелерден  артық білген. Оның еңбектерінде балалармен педагогикалық жұмыс бойынша нақты әдістемелік нұсқаулар жоқ, бірақ оның әрбір жұмысында көреген, ақылды бақылаушы мен тәжірибесі мол балалық шақтың үлкен білгірі, арманшыл әрі қатал реалист сезіледі.

№ слайда 20 Біз, болашақ мұғалімдер, оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды, мейірімді әрі
Описание слайда:

Біз, болашақ мұғалімдер, оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды, мейірімді әрі түсіністігі мол кеңесшімен диалог жүргіземіз. Себебі, бүгінгі таңда Корчактың балалық шаққа құндылық ретінде көзқарасы өте өзекті. Корчактың ойынша, жарқын балалық шақсыз бақытты өмір құрылмайды. Осыдан балалық шақты аялау керек екенін түсінеміз.

№ слайда 21 Балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша негізгі еңбектердің бірі «Баланы қалай сүю
Описание слайда:

Балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша негізгі еңбектердің бірі «Баланы қалай сүю керек?» атты кітапты оқып, онда педагогтың ақылымен таңқалдырған ойларына тап боламыз: « Адамның ең маңызды кездесулері – оның балалармен қауышуы екенін ұмытпа. Балаларға үлкен көңіл бөл. Біз ешқашан бала жанындағы кіммен кездесетінімізді білмейміз». « Өз балаңды әр жағдайда сүйе біл – дарынсыз, жолы болмағыш, ересек сияқты кез келген күйінде жақсы көре біл. Онымен қарым-қатынас жасаған сайын қуан, себебі бала сенімен уақытша ғана болатын мереке”   «Мен бала неге кемелденген музыкант бола алатынын түсінемін. Біз оның суреттеріне жіті назар аударсақ ақынды, суретшіні, сезім шеберін көреміз», дейді Януш Корчак.

№ слайда 22 Корчактың гуманистік идеяларын түсініп қана қою жеткіліксіз. Біздер, болашақ пед
Описание слайда:

Корчактың гуманистік идеяларын түсініп қана қою жеткіліксіз. Біздер, болашақ педагогтар үшін  идеяларды жүзеге асыру маңызды, біз өзара түсіністікке, сыйластыққа әкелетін құрмет педагогикасын оқуды, үйренуді мақсат етуіміз керек.   Корчак мұрасы арқылы, тәрбие берудің мақсатталған бала тұлғасын қалыптастыру процесі емес, баламен біріге, диалог негізінде жүргізілетін процесс екенін түсінуге болады. Тәрбие беру процесінің өнімді жүргізілуі үшін педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас гумандық сипатта болу керек.  

№ слайда 23 Януш Корчактың жас ата-аналарға қалдырған өсиеті 1. Балаңның өзің сияқты немесе
Описание слайда:

Януш Корчактың жас ата-аналарға қалдырған өсиеті 1. Балаңның өзің сияқты немесе өзіңнің қалағаныңдағы адам болғанын күтпе. Оның сен сияқты емес, өзі болып қалуына көмектес. 2. Баладан оған жасаған жақсылығыңның қайтарымын күтпе. Сен оған өмір сыйладың, ол саған қарызын қалай қайтара алмақ? Ол өзгеге өмір сыйлайды, ал өзгесі тағы біреуге сыйлайды – бұл қайтарымсыз алғыс заңы. 3. Қартайғанда қатты нан жеп отырғың келмесе, өзіңнің ренішің мен өкпеңді балаға таңба. Не ексең, соны орасың. 4. Оның қиындықтары кезінде оның деңгейіне түсіп, көмектес. Өмір әркімнің өз әлінше тіршілік етуіне берілген. Сенің көріп жатқан қиындығыңды ол да көруі мүмкін. Тіпті оның қиындығы сенікінен артық. Себебі, оның тәжірибесі жоқ. 5. Қорлама!  6. Ұмытпа, адамның ең маңызды кездесуі – оның баласымен кездесуі. Оларға көп назарыңды салудан ерінбе. Баланың қандай болып өсетінін білмегендіктен, біз кіммен кездесетінімізді біле алмаймыз. 7. Балаңа жақсылық жасай алмасаң өзіңді қинама, бірақ есіңде болсын: мүмкіндігің болып тұрса да балаға әйтеуір бірдеңе жетпейді. 8. Бала – сенің өміріңді тартып алатын тиран. Дәл осы мүмкіндік саған өмірде берілген ең үлкен сый – сен сол сыйдан от шығара алуың керек. Бұл әке мен ананың махаббаты. Оның жанын ата-ана сақтауға алады. 9. Бөтен адамның баласын да жақсы көріп үйрен. Өз балаңа нені қаламасаң, өзгенің баласына да соны жасамауға тырыс. 10. Балаң қандай болса да: дарынсыз, қабілетсіз, бақытсыз, тіпті есейген кезінде де – жақсы көретін бол. Баламен сөйлескенде қуанатын бол, себебі бала сенің мерекең. Әзірге сенде бұл мереке бар.  

№ слайда 24 Қорыта келе, Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын –
Описание слайда:

Қорыта келе, Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан, «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, Януш Корчактай ұстазға еліктеп, ұқсап қалыптассақ, алдымыздағы шәкірттеріміз де сондай боп шығарын түсінеміз. Шынында да, бала болашағы – біздің қолымызда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолда ұлы ұстаздарға ұқсай алсақ, де биік шыңға шыққанымыз емес пе?!

№ слайда 25 Әдебиеттер: 1.  Сұлтанова Ғ. Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымда
Описание слайда:

Әдебиеттер: 1.  Сұлтанова Ғ. Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.-Алматы,2007    2.Как любить ребенка: Книга о воспитании: Я. Корчак.  М.: Политиздат, 1990.  3.     http://wiki.uspi.ru/index.php/ Вклад_Януша_Корчака_в_педагогику.     Ал Януша Корчактың кітаптарын Электронды түрде Интернеттен алуымызға болады Оларды мына төменгі сілтемеден табасыз: http://www.koob.ru/korczak_janush/ Корчак Януш , книги   http://lib.rus.ec/a/6213 Либрусек - электронная библиотека : Януш Корчак   http://www.lib.mn/blog/yanush_korchak электронная библиотека LIB.MN Януш Корчак   http://royallib.ru/book/sharov_a/yanush_korchak.html Шаров А. Януш Корчак

Жаңа заман мұғалімі үшін Януш Корчактың педагогикасының рөлі  
  • Классному руководителю
Описание:

Біздер педагогика пәнін  енді оқи бастаған кезде ұлы педагог, жазушы, дәрігер Януш Корчак туралы, оның өмірі мен ерлігі туралы ұстазымыздың «Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстары» оқу құралындағы мына мәтін бізге үлкен әсер етті:

 «..1942 жылы 5 тамызда "Жетімдер үйінің"200-дей балалары мен 9 тәрбиешілері сап құрып  Варшава көшелерімен келеді. Жетімдер үйінің басшысы Януш Корчак, ұлы жазушы болғандықтан гитлершілдердің оның колоннадан шығып, кетуін талап еткенінен бас тартып, екі кішкене ғана еврей балаларының қолынан жетектеп келеді. Бұл колонна өлім лагері Треблинкиге айдалып келеді.Ал еврей болғандығы ғана үшін өлімге беттеген колонна  үстінде үміттің символы болып табылатын жасыл мата үстіндегі алтын түсті төрт жапырақты сабақ бейнеленген ту желбіреп барады...      

 ...Олардың  қаза болған жерінде "Януш Корчак және балалар" деп    жазылған тас тұр...  

Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек» деген еңбегі бар. 

Осы ерлігімен "Тек сөзбен емес, іспен  сүйе біл"деп тұрған жоқ па, Корчак?

 

 

 

Автор Cултанова Гайни Тукеновна
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 1016
Номер материала 31059
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓