Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыЖаңа технология - өмір талабы

Жаңа технология - өмір талабы

Скачать материал

Жаңа технология - өмір талабы

Амралина Құралай Айткеновна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «… терең біліммен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді. Білім беру, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын  қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, саяси-экономикалық,  сауатты және ақпараттық – коммуникациялық  технологияны жетік меңгеруі тиіс. Еліміздің мәртебесінің биік болуы әсіресе, жас ұрпақтың  білімділігімен  белсенділігіне  байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап сапалылық. Мұғалім заман талабына сай, білім беруде  жаңалыққа жанықұмар,  шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білігімен білімі жоғары жетекші тұлға саналады деп ойлаймын.

Ұстаз ретінде басты назарды сыныпта  жақсы  атмосфера тудыруды, балалардың сабақта өздерін еркін, қауіпсіз сезінуіне ықпал жасаймын.

Сабақта оқушылармен бірге  «Алтын ереже» құрастырып аламыз. Кейінгі  өтетін сабақтарымызда осы «Алтын ережеге» бағынып жұмыс жүргіземіз де, постерге жазып іліп қоямыз. Сабағымда дәстүрлі түрде алдымен ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларды жақсы, көтеріңкі көңіл–күйге енгізу, өзіне және өзгелерге сенім арту мақсатында  оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып «Жылы лебіз» тренингісін өткізуден бастаймын. Шаттық шеңберінде оқушылардан көршілес тұрған жұптарына  жылы сөз айтуын сұраймын. «Әріптер сөйлейді», «Ыстық алақан», «Достық шеңбері» тренингтерін жиі  пайдаланамым. Топтық жұмыстарға  арналып алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрылады.   Оқушыларды топтық жұмысқа машықтандыру мақсатында «қағаз жолақтары»,  конфет бойынша түстері бірдей фантиктермен бірігу, «сиқырлы сандар», әр түрлі таяқшалар,  «Молекула» әдісі, Де Бононың алты ойлау қалпағы арқылы  топқа бөлемін. Топтық жұмыс кезінде оқушылар уақытты үнемдеу, тапсырманы  уақытында орындау, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарау, өзара құрмет  деген ережелерді басты назарда ұстады. 

Өзім ұнатып қолданатын технологиямның бірі сыни тұрғыдан  ойлау. Бұл технология  көбінесе  қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдері енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Жұптық, топтық әңгімелесу стратегиясын орындау барысында балаларды әр түрлі жағынан байқауға болады. Олардың сөйлесуге ынтасы жоғары екенін бірден талқылауға кіріскенінен-ақ байқауға болады. Жұптық жұмыстың үнсіз оқушыларды да алға итермелейтінін байқадым.  Жұптық жұмыс артта қалған оқушылар үшін өте тиімді әдіс. Себебі үнсіз оқушылар жұптық жұмыста қатарласынан қалып қоймауға тырысады, білмегенін білуге тырмысады. Өзі үшін оқуға талпынады. 

Барлық ұстаздар шәкірттеріне білім беруде барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы орта қалыптастыруға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. Таланттылық туа біткен қасиет болса, дарындылық  жүре пайда болған қасиет.

Бағалау мәселесінде оқушылар белсене араласады. Мысалы,  жапондық бағалау: жауап дұрыс, толық, нақты болса «О,о,о»,-деп ал керісінше толық емес, дұрыс болмаса «М,м,м»,-деп бағалап отырды.

Бағалау  бетшелері  арқылы топ басшылары өздерінің топ мүшелерін қаншалықты деңгейде екенін 3 түрлі фигура арқылы да  бағалайды. Бағалайтын тұлға алынған білімнің мәнін анықтауы қажет.  Оқушылардың берген жауаптары формативті немесе сумативті түрде бағалануы керек.

Рефлексия бөлімінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қосу, алу, қызықты», «Не білдік, не үйрендік, өзің үшін қандай жаңалық аштың?» деп қорытынды жасалып отырады. Сабақ соңында көңіл күйлерінің қаншалықты болғанын смайликтермен және басбармақтар арқылы және табыс ағаштары,  «синквейн» шығару  арқылы оқушылар  сабақтарды  өз дәрежелерінде бағалайды. Мен осындай әдіс-тәсілдерді өз  тәжірибемде   қолданып, оқушылардың назарын сабаққа аударып, оларды  білім атты әлемге  жетелеуде еңбек етудемін. .

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа технология - өмір талабы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2014 957
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Барташевич Людмила Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Барташевич Людмила Юрьевна
    Барташевич Людмила Юрьевна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25417
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 228 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе