Главная / География / "Өзендер" (6 класс)

"Өзендер" (6 класс)

hello_html_28c9e755.gif















Тақырыбы: Өзендер









Пәні: Физикалық география

Сыныбы: 6 «в»

Мерзімі: 21.01.2016 жыл


Сабақтың тақырыбы: Өзендер


Мақсаты:

Өзендер алабы, жүйесі, қоректенуі мен шаруашылықтағы маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту.

Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін , шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Оқушының өз бетімен жұмыстануға, ойын еркін жеткізе білуге, жаңа ұғымдарды меңгерте отырып , ой-тұжырым жасауға жетелеу,оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету

Күтілетін нәтиже:

1. Өзен бөліктерін, жазық және тау өзендерін ажырата алу

2. Картадан ірі өзендерді көрсете алуы

3. Қосымша ақпараттармен, оқулықпен жұмыс істей білуі

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасы

Бұл не? Ол кім?

Бейнесіне қарап тап

Әуен

Жаңа сабақ

Сабақты қорытындылау

Кім жылдам?

Географиялық диктант

Уйге тапсырма

Бағалау



І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) сынып тазалығына мән беру;

б) оқушыларды түрлі түсті қағаздар қиындылары арқылы 5 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлап алу

в) назарларын сабаққа аудару.

г) Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса сол сұраққа жауап береді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

1-кезең. «Бұл не? Ол ким?» (5 топқа ортақ 15 сөз.)


Гидросфера

Сейсмолог

Промилле

361 млн км²

Толқын биіктігі

Көк кит

Атмосфера

Цунами

97%

Саргассум

Толқын қыры

450 мыңкм ³

Индонезия

Жак Ив Кусто

Толысу және қайту

Жауаптары:

Гидросфера-жердің су қабығы.

361 млн км² - Дүниежүзілік мұхит үлесі

Атмосфера-жердің ауа қабығы.

Саргассум –мұхит бетіндегі балдырлар

Индонезия–1821 жылы биіктігі 20 м болатын Цунами елді жайпап кетті.

Сейсмолог – жер сілкінісін зерттейтін ғалым.

Толқынбиіктігі – оның табанынан қырына дейінгі қашықтық

Цунами – жер сілкінуден және жанартаулардың атқылауынан туатын толқындар. (жапонша цунами – қойнаудағы үлкен су)

Толқын қыры – тынық су бетінен деңгейінен жоғары көтерілген ең биік бөлігі.

Жак Ив Кусто – мұхитта ғылыми – зерттеулер жүргізген ғалым.

Промилле – судың тұздылығының өлшем бірлігі.

Көк кит-жер шарындағы ең ірі жануар. Денесінің ұзындығы – 33м, салмағы-160т, тілінің салмағы 3 т.

97% - гидросферадағы мұхиттар мен теңіздер үлесі.

450 мыңкм ³ - мұхиттар мен теңіздердің жыл сайынғы булану мөлшері.

Толысужәнеқайту – Айдың және күннің тарту күшінің әсерінен мұхит бетінің көтерілуі және төмен түсуі.

2-кезең. « Бейнесінеқарап тап». Мұнда цунами, толқын, сейсмограф,саргассум, көк кит, ағыстар, мұхит, Жак Ив Кусто, Калипсо кемесі суреттері беріледі, соған қарап оқушылар табу керек.

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа тақырыпты ашу алу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп жарыпты. ( Өзен)

ІҮ. Жаңа сабақ

а) Ауызша баяндау;

ә) Картаменжұмыс

б) Оқулықпенжұмыс

в) Дәптерменжұмыс (конспект)

Ой қозғау стратегиясы.

Қазақстанда қандай өзендер кездеседі? Өз жерлеріңде қандай өзен бар?

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.

Бастау – өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.

Өзенаңғары – өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.

Өзенніңжайылмасы – өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағынада уақытша жиналатын сулы алап.

Саға – өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады. Өзеннің екі саласы бар:Оң, сол.

Өзендер:Тау өзені, жазық өзені

Мысалы, Шу өзенін ІлиясЖансүгіров былай деп сипаттайды:

Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.

Асқардың ақтарылған ағы емеспе,

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.

Өзен жүйесінің бөліктері: 1- арна; 2-бастау; 3- атырау; 4- сала ;5- саға; 6-суайырық .

Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушымен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.

Ең - ұзын өзендерге тоқталу

«Ең ерекше»

Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.(6671 км).Африка материгінде орналасқан.

Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.Оңтүстік Америкада орналасқан.

Конго – экваторсызығын екі рет кесіп өтетін өзен.Африкада орналасқан.

Ертіс – Қазақстандағы ең ірі өзен.

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Кім жылдам?

Өзен дегеніміз не?

Өзендеркартада қалай белгіленеді?

Өзеннің құятын жерін не деп атайды?

Дүние жүзінде қанша өзен бар?

Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?

Өзеннің жайылмасы деген не?

Өзеннің неше саласы болады?

Біздің облысымыздан қандай өзен ағып өтеді?

Өзеннің шаруашылықтағы маңызы қандай?

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді атап, картадан көрсет.

Географиялық диктант.

  1. Өзеннің ағып шығатын жері…….

  2. Салалар ….. бөлінеді.

  3. Өзеннің құяр жері …..

  4. Өзен тасығанда су басатын бөлігі …. депа талады.

  5. Өзеннің сағасы тарамданып ….. пайда болады.

ҮІ. Қорытындылау. Жеңген топты анықтап, мадақтау.

ҮІІ. Бағалау. Топтағы белсене араласқан оқушыларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.43-тақырыпты оқу; кескін картаға дүние жүзіндегі ірі өзендерді түсіру;



"Өзендер" (6 класс)
  • География
Описание:

Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.

Бастау – өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.

Өзенаңғары – өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.

Өзенніңжайылмасы – өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағынада уақытша жиналатын сулы алап.

Саға – өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады. Өзеннің екі саласы бар:Оң, сол.

Өзендер:Тау өзені, жазық өзені

Мысалы, Шу өзенін ІлиясЖансүгіров былай деп сипаттайды:

Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.

Асқардың ақтарылған ағы емеспе,

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.

Өзен жүйесінің бөліктері: 1- арна; 2-бастау; 3- атырау; 4- сала ;5- саға; 6-суайырық .

Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушымен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.

Ең - ұзын өзендерге тоқталу

Автор Аяган Медет Ерланулы
Дата добавления 24.05.2016
Раздел География
Подраздел Другое
Просмотров 151
Номер материала MA-067055
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓