Главная / Другое / Занятие по экологии "Зимние забавы" во второй младшей группе

Занятие по экологии "Зимние забавы" во второй младшей группе

ІІ кіші топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Қызықты қысқы ойындар»

Мақсаты: сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу. Балалардың қыс, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбек сүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шаңғы тебу, сырғанақ тебу, аққала жасау.

Қостілдік компонент: Аққала жасау – лепить снеговика, шаңғы тебу – кататься на лыжах.

Керекті құралдар: Әртүрлі қыс мезгіліне байланысты суреттер.


Әрекет кезең-

дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шнңбер:

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!


Есік қағылып Аққала келеді, ол өзімен өлең әкелгенін айтады. Өлеңді оқу барысында балаларға қай жыл мезгілі екенін айтуды өтінеді.

Өлең оқылады.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғанап жастар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?


Кілемді дөңгелене отырады.







Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.




Өлең тыңдау барысында балалар жыл мезгілін табады.







- Қыс мезгілінде болады.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

- Балалар, қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?


Қыс туралы білетін тақпақтары сұралады.



- Қыста қар жауады, күн суытады, боран соғады.


Аула сырты, бақта да,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айнала,

Ойнаймыз біз шаттана.


Аққала, аққала,

Сені жасап мақтанам.

Қорғауменен жүреміз,

Бұздырмастан басқаға.










Жұмбақ жасыру.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Ол не екен?


Сергіту сәті:

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.


Сурет бойынша жұмыс: «Қысқы ойындар».

- Балалар, сендер қыста қалай киінесіңдер?


- Балалар, қыста ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?



«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны:

Шарты:Тақтаға екі аққаланың суретін іліп, айырмашылығын тапқызады. Аққаланың біреуінің танауы болмайды.


Сөздік жұмыс:

Қысқы ойындар, шаңғы тебу, сырғанақ тебу, аққала жасау.


Балалар, орыс тілінде аққала жасау – лепить снеговик, шаңғы тебу - кататся на лыжах деп айтылады.



Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз – болып қатады,

Жып-жылтыр болып жатады.




- Қар.



Қимыл- қозғалыстарды жасай отырып, бойларын сергітеді.







- Тон, қалың малақай, қолғап, етік киеміз.


- Қардан аққала жасаймыз, шанамен, шаңғымен сырғанап ойнаймыз.




Айырмашылығын табады.




Сөздің мағынасын түсіндіру, хормен, жеке сөздерді қайталау.



Сөздерді қайталайды, жекелеме айтады.

Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Сұрақтар қояды.

  • Бізге не қонаққа келді?

  • Ол өзімен бірге не әкеліпті?

  • Өлең не туралы екен?

  • Сонымен,біз қыста немен ойнаймыз?



Аққала қоштасады.



Сұрақтарға жауап береді.

  • Аққала келді.

- Өлең әкелді.

- Қыс мезгілі туралы.


- Қардан аққала жасап, шанамен, шаңғымен сырғанап ойнаймыз.

Қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін білу.

Болу керек: Қыста ойналатын ойындар туралы мағлумат.

Істей білу керек: Сурет бойынша әңгімелей білуді үйрену.



Занятие по экологии "Зимние забавы" во второй младшей группе
  • Другое
Описание:

Тема занятия "Зимние забавы". Данное занятие предназначено для детей второй младшей группы. Цель занятия: вспомнить с детьми о тех играх, в которые они играют во время прогулки. Предлагаю интересные дидактические и развивающие игры. В гости на занятие пришел веселый снеговик со своей игрой. Все виды игр соответствуют возрасту детей.

Автор Кошанова Ардак Дамировна
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 63
Номер материала MA-068559
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓