Главная / Другое / «Әз – Наурыз құтты болсын!» мерекелік сценарий

«Әз – Наурыз құтты болсын!» мерекелік сценарий

«Әз – Наурыз құтты болсын!» мерекелік сценарий

1-жүргізуші:                

Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойда жиналып

Шаттанып бір қалайық.

2-жүргізуші:

Слушайте, слушайте, да не говорите, что не слышали! На нашей большой праздничной площади начинается великий праздник в честь Великого праздника Наурыз! Спешите, спетите, весь честной народ, вас ждут гуляния, песни и пляски!


1-жүргізуші:

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.

Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз мерекесі.


1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

2 жүргізуші:

Амина Нұрғожа мен Аруза Наурызбаевалардың орындауында «Наурыз-думан» ән-шашуын қабыл алыңдар!

(Ұлттық би, Ән орындалады. Шашу шашылады.)


1-жүргізуші:

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қыс екен,

Мынау тұрған Жаз екен!

2-жүргізуші:

Издревле существовала традиция – при праздновании наступления Наурыза устраивался своеобразный айтыс – песенный спор между зимой и летом. Сейчас вы станете свидетелями такого айтыса.

1-жүргізуші:

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан,

Жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 

(Қыс пен Жаз болып киінген Еркін Амангельдин мен Мадина Капарова шығады)

 

Қыс:

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

Жаз:

Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

Қыс:

Құрт-құмырсқа, бақа-шаян же рбетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңызы зыңдап мазаңалатын,

Жаздың несі керемет?

Жаз:

Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

Қыс:

Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

Жаз:

Қой кетті,

Мешін жетті,

Бер жолыңды, Қыс-аға!

Қыс:

Жолымды, мақұл, берейін,

Өз жөніме кетейін!


 (Қыс кетеді, Жаз көйлегіне ұқсас киінген қыздар би билейді)


1-жүргізуші: 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.

Ендеше, той құтты болсын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!


2-жүргізуші:              

Құрметті оқушылар, ұстаздар, барлық мерекелік тойымыздың қатысушылары!

Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз!


1- жүргізуші:             

Бүгінгі мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік:

Аудан әкімі Қанат Маратұлы Сарсембаев,

Председатель районного маслихата, почетный гражданин Узункольского района Валерий Петрович Вербовой.

«Балықты» мешітінің хатиб-имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы,

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Ата-аналар, мектебіміздің басқа да жанкүйерлері.


1-жүргізуші:

Бүгінгі мерекеге орай Ауылымызда 8 ұлттың отаулары тігілді. Ол біздің орыс, әзірбайжан, грек, украин, өзбек, неміс бауырымыздың отаулары. Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні деп аталатын Наурыз мерекесі бәрімізге ортақ. Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз күннен күнге арта түсіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Қазақстанды өркендету жолымен әкеле жатырмыз!

2-жүргізуші:

Құрметті қауым! Құттықтау сөз аудан әкімі Қанат Маратұлына беріледі.


Әкім сөз сөйлейді.


2 жүргізуші:

Слово для поздравления предоставляется председателю районного маслихата, почетному гражданину Узункольского района Валерию Петровичу Вербовому.


Вербовой сөз сөйлейді


1-жүргізуші:     Малдар төлдеп қой қоздап,

                            Сүттен бұлақ ағызған.

                            Жаңа жылдың сипаты

                            Молшылаққа аңыз боп,

                            Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен. Ендеше сахнаға  "Аластау" рәсімін жасау үшін мектебіміздің әжелер клубының мүшесі ардақты Сәлима апайды шақырамыз.


2-жүргізуші:

Праздник продолжает еще одна ведущая свои корни из древности традиция – «Аластау» рәсімі – «Изгнание всего плохого от шаңырака».


 Сәлима Абжатова арша жағып:

Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,


Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.


Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атартаң, ақниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!


2-жүргізуші:

Айбат, көрдің бе, мектеп алдында өз отауларын тігіп, бүгін бізбен бірге Наурыз мерекесін тойлауға сегіз бауырлас ұлттың өкілдері келген екен. Осы халқымыздың бірізділігі мен ынтымақтастығы жерімізді «Мәңгілік ел» деп атап, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына жеткізетініне мен кәміл сенемін.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат түнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

2-жүргізуші:

Считалось, что в день праздника каждый дом посещает Кыдыр ата и дарит семьям достаток и благополучие. Вот и сегодня Қыдыр ата не обошел наш праздник стороной.

Мерекемізге Қыдыр ата да келіп қалыпты. Қыдыр атаның сөздерін жақсылыққа ырымдап, Қыдыр атаға сөз берейік!


Қыдыр ата бата береді:

Ал тыңдаңдар батамды:

Ардақтаңдар атаны!

Құтты болсын Жаңа жыл!

Мереке бүгін басталды7


Жана жылда тілейміз,

Халқымызға молшылық.

Жеріміз биыл көркейіп,

Болсын дейік молшылық.


Бақыт қонып еліме,

Жауын жауып жеріме,

Аулақ болсын қуаншылық.

Бәле-жала алыстап,

Қауіп қатер қалыс қап,

Ынтымақпен бас қосып,

Барша ұлттың баласы,

Көтерілсін қарыштап.


Кеңпейіл, дархан халқымыз,

Кеңейді дәстүр-салтымыз;

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин!


1-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күніжұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!


Құттықтау сөз «Балықты1 мешітінің хатиб-имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлына беріледі.


«Достық биі»


2 жүргізуші:

Қане, осы мектептің ең кішкентай бүлдіршіндері - бірінші сынып оқушыларының «Қаражорға» биіне қосылып, бәріміз бірге билейік!


(5, 9а сыныптары ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді).


1 жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Баршаңызды әр бауыр - ұлт өкілдерінің отауларына кіріп-шығып, той дастархандарынан дәм татуыңызды өтінеміз!


2-жүргізуші: 

Концерттік бағдарламаны 2 «б» сыныбы оқушыларының орындауында

«Рушничок» украин халық әні. Қарсы алыңдар!


«Рушничок» әні


1- жүргізуші:

Теңдесі жоқ 8 сынып оқушылары Жандос Сейтмұратов, Мадина Капарова мен Еркін Амангельдиннің орындауларында грек халық әні.


2-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боздалам,

Тойл абүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

 

1-жүргізуші: 

Сахнада «Жігіттер» тобы және мектебіміздің жанып келе жатқан жарық жұлдызы Алина Токушева! «Мереке» әні. Қарсы алыңдар!


«Мереке» әні



«Перзент парызы» әні


1-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.


2-жүргізуші: 

Алдарыңызда оттай алаулаған кішкентай бишілер! «Рок-н-ролл»! 3 «а» сыныбын қарсы алыңдар!


«Рок-н-ролл» биі


Мектеп сахнасының көркі мектепішілік «Екі жұлдыз» байқауының

бас жүлдегерлері Айшат Кенжетаева мен оның ұстазы Алмаз Оспанов «Перзент парызы» әнімен! Қарсы алайық!



1-жүргізуші: (1 этап)

Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды қайта заманым

Тіршілік басы, о, Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

2-жүргізуші:

Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлерінің бірін көрсетуді жөн көрдік. Сонымен, қазақтың ұлттық дәстүрі - «Келін түсіру». Сегодня вы станете свидетелями удивительного обряда – «Келін түсіру – вступление невесты в дом жениха».


1 а балалары: Келін келді! Сүйінші! Келін келді! (2 этап)

Оларды қарсы алуға шығады:

жеңгелері (Г.Утегенова, Фариза), шашу шашады, балаларға кәмпит береді.

1-жүргізуші: (3 этап, одновременно шашумен)

Келін түсіру – отбасылық сән-салтанаттардың бірі, жанұядағы ер жеткен ұлдың үйлену қуанышы. Қазақ халқының түсінігінде келін түсіру – әр әулеттің, ата-ананың көптен күткен қуанышы саналады. Аттан түсіп, жеңгесімен бірге келген ауылдан хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады.

Келе жатқан жастар «Жар-жар» айтып келеді. (4 этап)

1 жүргізуші: 5 этап

Шымылдықты келіннің бетіне жауып, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді (Эльмира ата-енесіне дейін келіп, тоқтайды) .

Келін тізе бүгіп сәлем береді. Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы бата береді.


6 этап - Сарбай: Көп жаса қарағым, бақытты бол! 


2-жүргізуші: 7 этап

Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап кіреді. Содан соң жеңгелері келінді сол жақтағы төсекке құрылған шымылдық ішіне кіргізіп отырғызады.

Келінді қарсы алған жас келіншектерге білезік, сақина, жүзік, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.


1-жүргізуші: 8 этап

Ауыл адамдарына жаңа түскен жас келінді таныстыру, келіннің міндетін түсіндіру «Беташар» жыры айтылады.

Беташар айтушы келіннің келген жеріндегі қайын ата, қайын енеден бастап туыстарының үлкен-кішілерін жеке-жеке таныстырып, келінге олардың әрқайсысына иіліп сәлем еткізеді.

2-жүргізуші: 9 этап

Жаңа түскен жас келінді ауылдың үлкендеріне таныстырғанда, олар көрімдікке, еншіге мал атайды. Ондағы мақсат – бүкіл ауыл-аймақ, ағайын-туыс болып, жаңа үйленген жастардың басына үй, алдына мал салып беріп, жас отауды ел қатарлы үй ету. (Эльмира шымылдық арасынан сыртқа шығады)


10 этап Беташар (Азамат)


1 жүргізуші: Ауыл қариясы жас отауға бата береді. 11 этап


2-жүргізуші: 12 этап

Келіннің қолына енесі май құйылған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады. 


Эльмира иіліп оған сәлем береді.

Роза Құрм: (жұртқа бұрылып тұрып айтады) От-Ана, Май-Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, жарылқа! 


2-жүргізуші:

22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толады.

1-жүргізуші:

Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған.

2-жүргізуші:

Ендеше, дәстүрді жалғастырып, енді сіздерді, құрметті оқушылар, қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар.

Итак, по традиции на празднике Науырыз организовывались народные гуляния и игры. Сегодня мы поиграем в некоторые из них.


Қазақ ұлттық ойыны «Аударыспақ»

8 ауылдан 2 ойыншы шықсын – бірі кішірек, екіншісі – үлкенірек. Екеуі «салтты» жұп құрайды. Олардың мақсаты – қарсылас «салттыны» «атынан» тартып түсіру. 4 жұп асықтармен белгіленеді.

(қап ішінен бір түсті суырып алған жұптар бір-бірімен күреседі).

Ойын ойнатылады. Музыка ойнап тұрады. Жеңімпаздар анықталады.


2-жүргізуші:   Құрметті қауым! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз.


1-жүргізуші:

Келесі ойын «Иық тіресу» деп аталады.

8,9,10 сыныптардан 1 ойыншыдан шығады. Үлкен шеңбер ішіне 2 қарсылас тұрады. Олар бір аяқтарын тізесінен бүгіп, бір қолымен ұстап тұрады. Күреседі иықтарымен. Қарсыласын шеңберден иықпен итеріп шығаруға тиіс, немесе, екі аяғына тұрып қалса – жеңілген болып саналады.

Ойын ойнатылады. Музыка ойнап тұрады. Жеңімпаздар анықталады.


1- жүргізуші:  Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Келесі ойын «Арқан тарту» деп аталады.

Әр сыныптан 2 ойыншыдан шығады. Тақ сыныптардың ойыншылары жұп сыныптар ойыншыларымен арқан тартысады. Кім тарта алды, сол жеңді.

Ойын ойнатылады. Музыка ойнап тұрады. Жеңімпаздар анықталады.


1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, мектептің оқушылары, ата-аналары, ұстаздары!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


2 –жүргізуші:

Дорогие участники этого замечательного праздника!

В Новый год мы всем вам желаем здоровья, благополучия и достатка в семьях, пусть взрослых ждет всегда почет и уважение, а юность – великие мечты и свершения! Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай! Жаса Наурыз мейрамы!

1-жүргізуші:

Ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттандырып,

тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды,

шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды,

тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді,

қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып,

айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген

Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!


2-жүргізуші:

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.

1-жүргізуші:

Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер,

молшылық пен татулық әкелсін.

2-жүргізуші: 

Мешін жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында

шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!


1-жүргізуші:

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі; 

2-жүргізуші:

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі. Ендеше халқым, сіздерді наурыз көжесінен дәм татып, той дастарханынан ауыз тиюге щақырамыз!


Сыныптар палатаға кіріп, үстел бастарына жайғасып, тамақ ішеді.


Тамақтану кезінде музыка ойнап, ән айтылып тұрады.


1-жүргізуші: 

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

 2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

 1-жүргізуші:

Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!

2-жүргізуші: 

С праздником Наурыз, дорогие гости! Счастья и благополучия вам и вашим семьям! Пусть не покидает вас удача и сопутствует успех в каждом начинании! До новой встречи в новом году!

1 жүргізуші:

Мерекеміздің жалғасы мектептің спорт залында қазақша күрес ойынымен жалғасады. Тамақтанғаннан соң спорт залына күресті тамашалауға шақырамыз!

10


«Әз – Наурыз құтты болсын!» мерекелік сценарий
  • Другое
Описание:

«Әз – Наурыз құтты болсын!» мерекелік сценарий

1-жүргізуші:

Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойда жиналып

Шаттанып бір қалайық.

2-жүргізуші:

Слушайте, слушайте, да не говорите, что не слышали! На нашей большой праздничной площади начинается великий праздник в честь Великого праздника Наурыз! Спешите, спетите, весь честной народ, вас ждут гуляния, песни и пляски!

1-жүргізуші:

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!

Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.

Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз мерекесі.

Автор Нургалиева Гульмира Талгатовна
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 259
Номер материала MA-065925
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы