Инфоурок Иностранные языки Рабочие программы"Қыз Жібек" жыры қазақ әдебиеті 9 сынып

"Қыз Жібек" жыры қазақ әдебиеті 9 сынып

Скачать материал

                                                                                     Өтепова Салиха Қамбарқызы      

                                                                                           Астана қаласы

                                                                                       №8 орта мектептің   

                                                                                    қазақ тілі мен әдебиеті  пәні

   Сынып: 9                                                                                             мұғалімі

  Пән аты     Қазақ әдебиеті                                                                                                                                          Сабақтың тақырыбы:    «Қыз Жібек» жыры. Жырдағы образдар жүйесі

Сабақтың мақсаты:                                                                                                                             1. Білімділік:  Оқушыларға  «Қыз Жібек» жырындағы образдар  жүйесіне талдау жасау, жырдағы әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерге түсінік беру.

 2. Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау, жаңа тақырыпты қабылдай  , талдай білу, өздігінше жұмыс істеу   дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,                                                                                                                        

 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ-----                                                   Қазақ халқының мәдени мұрасының бірі  – «Қыз Жібек» жырындағы жастардың сүйіспеншілік сезімін  бағалай білуге,  ата – бабалар салты мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.                                                                                                                          Сабақтың типі:    жаңа білім беру сабағы                                                                                                            Сабақтың әдісі:  баяндау, түсіндіру, талдау , салыстыру                                                                                                        Сабақтың көрнекілігі:                                                                                                                                          Пәнаралық байланыс:    қазақ тілі, тарих, география, бейнелеу                                                                                         Сабақтың барысы:                                                                                                                           І Ұйымдастыру кезеңі: 

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,

2. Сабақ  мақсатын айтып өту

3.   Оқушыларды  топқа бөліп,  таныстырып өту

 ІІ  Үй тапсырмасын сұрау

1 топ. Эпостық жырдың ерекшелігін айтып өту

Эпостық жырлар – батырлық, ерлік тақырыбында жырланып, туған жерге деген махаббаты, елін сыртқы жаулардан қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеген жыр.

Кейіпкерлері тарихта болған, тарихи шындық суреттелген.

Эпостық жырлар шамамен ХІҮ –ХҮІ ғ.ғ. болған тарихи оқиғаларды суреттейды.

2топ. Лиро –эпостық жырдың ерекшелігін айтып өту

 Лиро –эпостық жырлар – екі жастың бақытқа жету жолындағы  күресі, олардың шынайы махаббаты жырланған.

Жырда тек қана махаббат, сүйіспеншілік  қана емес,  рулық қарым – қатынас, тұрмыс – салт,әдет –ғұрып, халықтың тұрмыс –тіршілігі де  суреттеледі.

Кейіпкерлері елін қорғаған батырлар емес, адал махаббатты аңсаған  екі жас.

  Лиро – эпостық жырлар шамамен ХІҮғ. болған оқиғаларды  баяндайды.

  ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

 Тапсырмалар жүйесімен таныстырып өту.

 1. Шығарма.Қазіргі кезде шығарма жазу – оқушылар үшін қиын мәселенің бірі болып бара жатыр. Оқушы оқулықтан немесе  ғаламтордан тақырыпқа сәйкес мәліметтерді жазып берсек, сол шығарма бола береді деген жаңсақ пікірді қалыптастырып алған. Біреудің ойы, пікірі емес, өзінің де жеке ойын білдіре алатын көркем туындыны  оқушының өзі де дәлелдей алатынын көрсету мақсатында , әр топтан екі оқушыдан шығып, екі түрлі тақырыпқа 30 минуттың ішінде шығарма жазуы керек.

Шығарма тақырыптары;

1. Лиро – эпостық жыр- екі жастың шынайы сезімін жырлаған   көркем туынды.

2. «Қыз Жібек» жыры – адал сезім мен  ұлттық  салт – дәстүрдің көркем көрінісі.

2. Жалғастыр.  Әр топтан 5 оқушыдан шығып, жырдағы оқиға желісін әңгімелеп беру керек. Оқиғаны бір оқушы бастап, келесі оқушы әрі қарай  жалғастыра түседі. Қай топтың оқушысы оқиғаны жалғастыра алмай тоқтап қалса, сол оқушы  тапсырмадан шығып қалады.Қай топ мүшесі көп қалса, сол топқа ұпай саны көп беріледі.

  М/ы. Жағалбайлы елінде Базарбай деген бай болыпты. Оның 9 ұлы бір жылда қайтыс болады. Бай 80 жасқа келгенде, оның 44 жастағы тоқалы дүниеге бір ұл алып келеді.  Ұлының атын Төлеген қояды. Арадан сегіз жыл өткен соң  тағы бір ұл туылып, атын  Сансызбай  қояды...

 

3.   Cалыстыр. Халық ауыз әдебиетінің бұл туындысы ХХ ғасырдың 70- жылдары жазушы  Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек»  музыкалық драмасы негізінде көркем фильм түсірілген еді.   Режиссерлері- Сұлтан Қожықов пен Шәкен Айманов.   Композитор –Нұрғиса Тілендиев, Ән өлеңінің авторы –Қадыр Мырза Әлі. Фильм авторлары –Асқар Сүлейменов пен Олжас Сүлейменов.  Жібек рөлін Меруерт Өтекешова,  Төлеген рөлін  Құман Тастанбеков, Бекежан рөлін – Асанәлі Әшімов  сомдаған.

 

 Келесі тапсырмамыз жыр мен көркем фильмдегі ұқсас және өзгеше  оқиғаларды салыстырып өтеміз.

 М/ы: 

      «Қыз Жібек» жыры                                           «Қыз Жібек»  көркем фильмі

  1. Төлегеннің туғанынан басталады                  1. Төлегеннің қыз іздеп шығуынан

                                                                                     басталады

  2. Жайыққа баруын саудагер кеңес береді        2. Жайыққа өзі барады.

  3. Жанына 25 жігіт ертеді                                    3. Жанына Шеге ақынды ертеді

  4. Қалмақтар шектінің жерін 2 бөлімде             4. Фильмнің басынан

 жауламақ болған.                                                       жауламақ болады.

  5. Бекежан қарақшы делінген                              5. Бекежан шекті елін қорғаған батыр

  6. Бекежан мен Төлеген кездеспеген                   6. Жібек үшін екеуі жекпе –жекке

                                                                                       шыққан.

 

Қосымша тапсырма:  Оқушылардың жырды оқығанннан кейін , жырды қалай қылқаламмен салып, жандандырғанын әңгімелеп береді.

 

4.   Кейіпкерлерге мінездеме.  Жырдың осындай көлемді болып жырлануы – кейіпкерлердің  сомдалуына байланысты. Жырдағы негізгі кейіпкер – Төлеген мен Жібек.  Осы кейіпкерлерге, олардың іс - әрекетіне , жыршы ақындардың кейіпкерлер бойындағы ерекшеліне  баса назар аударып жырлауына қарап, оқушылар екі жасқа мінездеме беріп өтеді.                                                                                                

                                   сұлу                                                                    сұлу

 ақылды                                                батыл        ақылды                                            өр көкірек

Овал:     Қыз ЖібекОвал:         Төлеген                                                                                                                                             

   

                                  

 


адал                                                 сертіне берік        адал                                              батыл

                               бауырмал                                                         нәзік жүректі

                                                                                                    

( Қарсылас топ оқушылары  айтылмай кеткен мәліметтермен толықтыруға құқылы)

5. Ата – салтым- қазынам

«Қыз Жібек» жыры-  екі жас арасындағы шынайы  махаббат , сүйіспеншілік тақырыбын ғана емес,   көшпелі қазақ тіршілігінің  әлеуметтік - тұрмыстық  жағдайлары,  әдет –ғұрпы, салт – санасы, дүниетанымы, өмірге көзқарасын қамтиды.Келесі тапсырмамыз жырдағы әдет –ғұрып, салт – дәстүрлердің атауы, олардың орындалуы жырда қалай суреттелгені туралы оқушылар әңгімелеп береді. Тақтаға жырда суреттелген салт –дәстүр, әдет – ғұрып атаулары ілінеді, әр топтың оқушылары кезекпен шығып,  өздері алған атауларға түсінік беріп отырады.

М/Ы.

Ат қою-  Өмірге келге сәбиге  ат қояды. Оған қойылған ат өмірінің қандай болуына да ықпал етеді.  Жырда   Базарбай  ұлдарына Төлеген, Сансызбай деп  ат қояды.

Қалың бермеу- Дәулетті адамдар баласы туылғаннан –ақ , өздеріне көңілі жақын, терезесі тең, серттескен адаммен құда түсіп,  ұлы бар үй  қызы бар үйге қалың малын алдын – ала төлеп қояды. «Қыз Жібек» жырында Базарбай Төлегенге қалың бермейді, себебі ұлы ер жеткен де өзі қалаған қызына үйленер  деп шешім қабылдайды.

Қыз көру
«Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға қақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған.  Төлеген де жолдастарымен 250 жылқы алып «қыз көруге» шығады.

Сүйінші
Сүйінші (салт) Қуанышты хабар  жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі.

 Жырда саудагер шал Төлегенге Жайықтың қыздары өте әдемі, сұлу болатынын айтып, сүйінші сұрайды.

Бата аяқ
«Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді.    Жырда Жібектің әкесі Сырлыбай Төлегеннен  «бата аяққа»  250 жорға сұрайды. Батаның екі түрі бар:
1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету
2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді.Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.

Бата
Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата – ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық “ақ бата” деп қастерлейді.  Төлеген Ақ Жайыққа қыз көрмек болып сапарға шыққанда, анасы оны жолдан қайтармақ болады, бірақ ұлы оған көнбейді. Жолынан қалдырмауын өтінеді. Сонда анасы Қамқа Төлегенге ризалық – ақ батасын беріп, ұлын Түкті   баба Әзірет Сұлтанға  табыстайды.

Теріс бата
Теріс бата. Бұл – бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.  Жырда Базарбай тілін алмаған ұлы Төлегенге ренжіп, теріс бата береді. Нәтижесінде Төлеген жолда әке батасының себебімен өлім құшады  деген ұғым берілген.

Аманат – Төлеген артынан жылап келген жалғыз бауыры Сансызбайға ата – анасын, ел – жұртын, егер өзі қайтыс болса  артында қалатын қалыңдығы Жібекті інісіне аманат  етіп қалдырады.

Арыздасу
Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады. Арыздасу – тірі адамның соңғы тілеуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады. Мұнда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте кездесейік» деп көзіне жас алады.  Жырда Төлеген өлерінің алдында аспанда ұшқан алты қазбен арыздасып, сөзін айтады.

Әмеңгерлік
Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ”, “аға өлсе, іні мұра” деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туған-туысынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған.

«Қыз Жібек » жырында Жібекке  Төлегеннің інісі Сансызбай әмеңгерлік жолымен  үйленіп, аға аманатын орындайды.

Осы тапсырмалар орындалып болғаннан соң, шығарма жазған оқушылардың көркем туындысын оқытып, әр жазба жұмысының ерекшеліктері туралы сарапшылар талдау жасайды.

ІҮ Бағалау.

1. Әр топ өздерінің жинаған ұпай санын санап шығып, жеңімпаз топ анықталады.

2. Топ басшылары  оқушылардың  сабаққа қатысып, берген жауаптарын бағалап, қорытынды бағамен таныстырып өтеді.

 

Оқушының аты, тегі

Шығарма

Жалғастыр

Салыстыр

Кейіпгерге мінездеме

Салт - дәстүрлер

Қосымша тапсырма

Қорытынды   баға

1

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                     

Қорытынды: «Қыз Жібек» жырының –  тақырыбы, идеясы, мазмұны, көркемдік сөз саптасы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі.   Жырдағы екі жастың бірі – біріне деген сүйіспеншілігі мен адалдығы,  ата – бабаларымыздың әдет –ғұрып, салт – дәстүрлердің сомдалуы  - жырды  ерекше дараланыдырып, мазмұнды ете түседі.    

VІІ  Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:                                                                - «Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшеліктері бойынша талдау жұмысын орындап келу.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қыз Жібек" жыры қазақ әдебиеті 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

9 сынып Қазақ әдебиеті пәнінен "Қыз Жібек " жырынан Кейіпкерлерге мінездеме тақырыбы бойынша өтілген сайыс сабақ. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, орындайтын тапсырмалармен таныстырылады. Сабақ барысында шығарма тақырыбы екі топтың оқушысына беріліп, сабақ барысында олар шығарма жазады. Қалған оқушылар басқа тапсырмаларды орындайды. Олар жырдың мазмұныны әңгімелеу арқылы сюжетті бяндайды, Эпостық жыр мен Лиро- эпостық жырдың айырмашылықтары мен ұқсастығын, "Қыз" Жібек жыры мен "Қыз Жібек" кинофильмін салыстырып, негізгі кейіпкерлердің іс - әрекеттеріне мінездеме береді, жырда кездесетін әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді тауып, түсініктеме береді. Тапсырмалар жұптық, топтық ,ұжымдық әдістермен орындалады. Шығарма жазған оқушылар шығармашылықтарымен таныстырып , топ басшылары өз оқушыларын бағалайды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 494 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2020 1134
    • DOCX 23.9 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Филаретова Мария Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Филаретова Мария Алексеевна
    Филаретова Мария Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71979
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Эффективные методики изучения иностранных языков

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 164 человека из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 675 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 93 человека