- 02.10.2020
- 5239
- 259
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 сынып, алгебра пәні «Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер шығару» тақырыбына қысқа мерзімді жоспарлау.
Сабақ тақырыбы
"Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер шығару"
Сілтеме
Математика оқулығы/7 сынып/
Математика және физика 2004 ж. №1 журналынан алынған қиынырақ есептер.
Интернеттеналынған есептер жинағы
www.matematik.kz
Жалпы мақсаты
Оқушыларға қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып , есеп шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
1. Қысқаша көбейту формулаларын анықтамасын біледі
2. Формулаларды қорытып шығара алады
3. Қиындығы жоғары есептерде формулаларды қолдана біледі
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Топтық және жеке жұмыс;
Диалогты оқыту: зерттеушілік
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:пікірлерін ортаға салу
Сабақ жоспары
1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, 2 мин, үй жұмысын тексеру 3 мин
2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша, 35 мин
М: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ өйткені ол қиын, әрі қызықты. Қиын, себебі жұмыс жасағанда өте мұқият және өздеріңе қатаң талап қоюларыңыз шарт. Ал, қызықты, болу себебі бұрынғы өтілген сабақ бойынша қиындығы жоғары есептерді де қарастырамыз.
Мен сіздерге берілген тапсырмаларды мұқият зерттеп, белсенділік танытатындарыңызға сенемін. Рефлексия, 4 мин. Түсті стикерлерге екі жұлдыз бір тілек жазып табыс ағашына жапсырып,өз пікірлерін білдірдеді. Үйге тапсырма 1 мин
(Параметр)
Ойлану деңгейлері
(Мұғалімнің әрекеті)
Мақсат
(Оқушының әрекеті, оқушы жетістігі)
Күтілетін нәтиже
(Индикатор)
Түрткі (тапсырма, жағдаяттар,ашық сұрақтар)
бағалау
Формативтік
(Талап)
Критерий
дескриптор
Ұпай
Білу
Бұған дейін білетіндерін еске түсіру. Сол білгендері бойынша топқа бөлу.
Қысқаша көбейту формулаларының анықтамасын біледі, формулаларды жаза біледі.
(x+y)2= x2 +2xy +y2
(x-y)2 = x2 – 2xy + y2
Топтық бағалау
Екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты анықтамасын тұжырымдай білуі
Тұжырымдай алады
1
Тұжырымдай алмайды
0
2. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы?
x2-y2 = (x-y)(x+y)
Топтық бағалау
Екі өрнектің квадраттарының айырмасының анықтамасын білуі және формуласын жаза алуы
Формуланы жазып, анықтамасын айта алады
1
Формуланы жазып, анықтамасын айта алмайды
0
3. Екі өрнектің қосыныдысының(айырмасының) кубы?
(x+y)3 = x3 + 3x2 y + 3xy2 + y3
(x-y)3 = x3 - 3x2 y + 3xy2 - y3
Топтық бағалау
Екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубының анықтамасын тұжырымдай білуі
Тұжырымдай алады
1
Тұжырымдай алмайды
0
4.Екі өрнектің кубтарының қосындысы(айырмасы) ?
x3 + y3 = (x+y)(x2-xy+y2)
x3 - y3= (x-y)(x2+xy+y2)
Топтық бағалау
Екі өрнектің кубтарының қосындысын(айырмасын) анықтамасын тұжырымдап, формуласын жаза білуі
Формуланы жаза біледі
1
Формуланы жаза білмейді
0
Түсіну
Қысқаша көбейту формулаларын қорытып шығаруды ұғындыру
Формулаларды қорытып шығара алады.Есептер шығарғанда қолдана біледі.
Есептерді шығарғанда түрлендіре отырып формулаға салыңыздар?
Бірін бірі бағалау
Формулаға келтіре алуы
Келтіре алады
2
Келтіре алмайды
0
Қолдану
1.Алған білімдерін қаншалықты қолдана алатындықтарын байқау. 2.логикалық ойлау қабілеттерін түрлі есептер шығару арқылы дамыту
Қысқаша көбейту формулаларын пайдалана отырып есептер шығарағанда қажетті формуланы пайдалану
Қолайлы тәсілді қолданып есептерді шығара білуі: №660,662,668,669 есеп
1 топ: 1) есеп
2 топ: 2) есеп
3 топ: 3) есеп
Бірін бірі бағалау
Есептер шығарағанда формуланы толық пайдалана алуы
Толық пайдалана алады
2
Жартылай пайдалана алады
1
Формуланы пайдалана алмайды алмайды
0
Талдау
Формуланы пайдаланғанда, түрлі есептерде тиімді тәсілдерді өз беттерінше қорытып шығартуды үйрету
Формуланы пайдаланады, түрлі есептерде тиімді тәсілдерді өз беттерінше қорытып шығара алады
«Кім қырағы» ойыны арқылы әр топқа қиынырақ есептер беріледі
1-топқа: 1 нұсқа 2-топқа: 2 нұсқа 3-топқа: 3 нұсқа
Жұптарда өзара бағалау
Айырмашылықтарды қолдана алуы
Қолдана алады
3
Жартылай қолданады
2
Қолдана алмайды
0
Жинақтау
Қысқаша көбейту формулаларының қиындығы жоғары есептерде тиімді тәсілдерді пайдалана алуы
Өз тұжырымдарын дәлелдей біледі.
Қиындығы жоғары есептерде қысқаша көбейту формулаларының қолданыстағы тиімді тәсілдерін қорытыңдар
тепе-теңдікті дәлелде
2. есептеңдер
Топтардағы өзара бағалау
Берілген тапсырмалар бойынша өздігінен тұжырымдарды
жасай алуы
Есептерді шығара алады
4
Есептерді жартылай шығарады
3
Формуланы біледі
1
Бағалау
Қысқаша көбейту формулаларының өмірде қоданыстары және өзектілігі.
Формуланың қолданыстарын өз бетімен ізденуіне, тұрмыста және техникада қолданылу маңызын біледі
Шығармашылық ізденістер, қысқаша көбейту формулаларының басқа да қолданыстары
Өзін өзі бағалау
Нақты есептерді шешу
Шеше алады
3
Жартылай шешеді
2
Формуланы біледі
1
Қорытындылау
Бағалау парақтардағы оқушылардың ұпайлары бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
« Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер шығару» тақырыбы. № 674-683, тест тапсырмалары.
6 677 918 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Есмурзаев Бауыржан Куанышбайулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.