Главная / Другое / «Қыран – жігіт, Аққу - қыз»

«Қыран – жігіт, Аққу - қыз»

«Қыран – жігіт, Аққу - қыз»


1 жүргізуші:


Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,

2 – жүргізуші.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


Қыздары есік – төрден несіп терген ,

Ұлдары керілгенде бесік керген.

Дәстүрлі бұл даланың бұлжымастан,

Бүгінге кешегіден көшіп келген.


Номер: «Қазақ биі» орындайтындар – Марат Гүлім және Карина Ляззат


1 – жүргізуші. Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

2 – жүргізуші.

Табиғат сәні болған ару қыздар,

Даламның таңмен атқан аппақ нұрлар.

Көктемнің көркі болған әсем сұлу,

Қазақтың қызына жететін бар ма жандар?


Елімнің еркелеген еліктері,

Көргенде көз тойдырар көріктері .

Талайды қылығымен таң қалдырған,

Қазақтың қызына жан , жетіп пе еді?


1 – жүргізуші. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміз бен қыздарымыздың үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Ана тілімізде «Қыз» деген сөз бар. Ол ең қасиетті сөз. Қазақ – қыз баланы өте қадірлеген халық. Қазақтың қызы ұлтымыздың анасы деген ұғым қастерлі, оған бас имейтін адам жоқ. Көктемнің сұлулығы, күннің жылылығы, табиғаттың көркемдігі қазақ қыздарының бойында десек артық емес. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін,қыздарымыздың білімдерін, ақылдығын,әсемдігін тамашалайық.
Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар! Бүгін біз 1 – мамыр Бірлік күніне арналған «Қыран – жігіт, Аққу – қыз » байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттеріміз бен қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Олар:

  1. Қалиева Айша

  2. Дюсенов Асхат

  3. Укенова Аида

  4. Ибраев Еламан

  5. Дюсенова Гүлдар

  6. Илюбаев Шыңғыс


Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
«Таныстырсам өзімді» - таныстыру
«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
«Күшті атасын танымас » - кір тасын көтеру (ұлдар), «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар
«Шебердің қолы ортақ» - Авангард.

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Борвской облыстық санаторлық мектеп – интернатының директоры Сейдахметова Гүлмира Есмұханқызы.

2. Мектебіміздің бас есепшісі Думина Елена Викторовна.
3. Мәдениет үйінің мақтанышы, өнерпазы – Нағашыбай Мұрат Нағашыбайұлы.

4. Математика пәнінің мұғалімі - Лыжина Анна Анатольевна .


Бірінші сайыс.

Таныстыру.

Таныстыруға қандай өнер көрсетсе де шек қойылмайды, өлеңдетіп, өрнектетіп халыққа өздеріңізді кеңінен таныстыруларың керек. Олай болса №1 аруымыз

1.Қалиева Айша


Орта жүз, руым Қыпшақ, Қарамойын,

Сымбатты, сұлу әрі сұңғақ бойым.

Жаңбырбай қызы Айша Қалиева,

Зерекпін, ақылдымын, терең ойым.


Сырымды бүгін түгел ақтарамын,

Қашанда биік болған бақ-таланым.

Қоғабай, Қанжығалы, Төлен туған,

Торғайда туғаныма мақтанамын.


Ұяда бес баламыз балапандай,

Торғайым киелі өлке дала қандай.

Жаңбырбай әкем менің жазиралы,

Алмагүл жүрегі кең анам қандай.


90-ның желтоқсанның 10-ы күні,

Туыпты Жаңбырбайдың Айша гүлі.

Жебесін Айша Бибі пірім менің,

Баршаңды тербетсін тек ақын жырым.


2. Дюсенов Асхат

Өнерімді салайын, қалыспайын мен де енді,

Көмейден ән шырқайын тілден төгіп сөздерді.

Кіші жүзден тараған, Кереле Телеу елімін,

Тегім Дүйсен Асхатпын, әкем аты Жылкелді.


Өзгелерден қалыспау мақсатым мен ұраным,

Қолдан намыс бермеуге тырысады ұланың.

Ең сүйікті өнерім сурет салып жүремін,

Өмірімді өрнектеп суреттейді қиялым.


Мен елім деп жүремін таң да және кеште,

Бұл азамат міндеті қайда туып өссе де.

Тұмарымдай сақталған жүрегімнің төрінде,

Кіндік қаным тамған жер қасиетті Бестөбе.


Оқу білім жолымен болашаққа бастадым,

Адалдықты ту еткен бар жанымда достарым.

Тайталасып көрейін күш-жігерім жеткенше,

Бақ пен бабым келіссе топтан озып шығармын.


3.Укенова Аида

Армысың өнер сүйер көрерменім,

Бойымда көп қой сансыз өнер менің.

Аида атым, әкем Болат Укен,

Анам бар Атжан атты асқан керім.


Ұзынкөл туған жерім сұрасаңыз,

Біліммен өрге биік қыр асамыз.

Туыппын мың тоғыз жүз тоқсан сегіз,

Сәуірдің 2-де сұрасаң біз.

Айдана әпкем, сіңілім Заринамен,

Інім бар Эльдар, сіңілім Лунарамен.

Билеймін, спорт сүйем, сурет салам,

Жамандық жасамаймын фәниде мен.


Оқуда қашан болса алда болып,

Анам мен ұзтазымды әнге салам.

Біздерміз Қазақтың ұландары,

Болмаңдар ешнәрсеге сіздер алаң.

4.Ибраев Еламан

Армысыздар ағайын, сын көзбенен қараға,

Елім менің қашанда, өр жігітке балаған.

Кіші жүздің ұрпағы, Қастақ ру елімін,

Айтпай ұлы боламын, Ыбырайев Еламан.


Меңдіқара мекені ұлылардың өлкесі,

Мұхамеджан, Спандияр елдің болған серкесі.

Манаш, Сайран, Кәмшаттың елге мәлім еңбегі,

Міне осындай ұлдардың мен боламын жерлесі.


Сахнаның сәні боп, ән шырқайын жүректен,

Белдесейін күресіп күшке толы білекпен.

Білімді ұлы болам деп сабақ алам мектептен,

Бос уақытта жүреміз айналысып спортпен.


Бойымдағы өнерім бұл сайыста байқалсын,

Қатем болса ағайын әділдікпен айтарсың.

Жеңілуге келгем жоқ жеңіс туын көтерем,

Жаратқан ием жар болса қатарымнан қалмаспын.


5. Дюсенова Гүлдар

Алдында көпшіліктің әнге салдым,

Қашанда той-думанды сүйген жанмын.

Жылгелді қызы, атым Гүлдар болам,

Қамысты Бестөбеден келіп қалдым.


Кіші жүз, Кереле Телеу руым,

Қашанда көтеремін елдің туын.

Туыппын 2000-ның сәуірінде,

Он сегізінші жұлдызында бақ боп күнім.


Өмірде керек әркез темір төзім,

Ақиқат қашан болса менің сөзім.

Үйде әкем, анам, екі ағам бар,

Апам бар, ең кенжесі және өзім.


Туыпты Бестөбеде әкем менің,

Адайда туған екен анам керім.

Ал өзім сурет салам жастайымнан,

Жіберді елім артып маған сенім.

6.Илюбаев Шыңғыс

Мен ұланы боламын,

Қазақтай ұлы елімнің.

Түлегі болып туылдым,

Әулиекөл құтты жерімнің.


Орта жүздің ортасы,

Қырықмылтық руым.

Елубаев Шыңғыспын,

Бақытбектің ұлымын.


Оқу-білім аламын,

Интернаттай мектепте.

Әнін салып Қазақтың,

Үлес қостым өнерге.


Қолдан бермей намысты,

Күш сынасып көрейін.

Өзгелерден қалыспай,

Жеңістерге жетейін.


Алғашқы « таныстырсам өзімді» атты сайысымыздан жақсы өткен аруларымыз бен жігіттерімізге қошемет ағайын!


Номер: Марат Гүлім «Көңілді күн» әнімен қарсы алыңыздар.


Екінші сайыс.

«Сегіз қырлы, бір сырлы» өз өнерін көрсету.

Олай болса бірінші қырмызыдай құлпырған қыздарымыздың , және «Сегіз қырлы, бір сырлы »жігіттеріміздің өнерін тамашалайық!
Шыңғыс- ән

Аида- ән

Айша – ән

Еламан – ән

Асхат – би

Гүлдар – сурет салады.



Номер: Үнді биі «Хаттуба»



Үшінші сайысымыз.

«Күшті атасын танымас » - кір тасын көтеру (ұлдар). «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар (қыздар).

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрлері , тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен , ана әлдиінен атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. «Ана сүті – бой өсірер, ана тілі – ой өсірер» дегендей жаңа ғасырдың ұрпақтары заманға сай жаңаша білім алып, келешек ұрпақтың ой санасы дамып келеді. Дегенмен «Ер қазынасы- ескі сөз, Ел қазынасы- ескі сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз» көне сөзді біліп, ел тарихын тарқатып, салт – дәстүрді , ұлттық тағамдарды, қазақтың ұлттық дүниесін, еліміздің егемендігі жайында айта білсек үлкен мәртебе.


  1. «Қыз айттыру» дәстүрін айтып бер.

  2. Қызға «таңдай »берудің мәнін түсіндір?

  3. «Құда түсу» дегеніміз не?

  4. Бір топ аттылар тартыспақ ойынын қазақта қалай атайды?

  5. «Қалың мал» дәстүрін қалай түсінесің?

  6. «Құйрық - бауыр» дәстүрін айтып бер?

  7. Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

  8. «Сәукеле кигізу» салтын қалай түсінесің?

  9. «Сүт ақы» дәстүрін айтып бер.

  10. Бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналар?

  11. «Қыз ұзату» қандай салт - дәстүр.

  12. «Сыңсу» дегеніміз не?

  13. Қант, май, ірімшік қоспасынан жасалатын тағам қалай аталады?

  14. «Жар – жар» ғұрпы туралы айтып бер?

  15. Көктемдегі күн мен түннің теңелуі қалай аталады?

  16. «Қыз көші» салты туралы әңгімелеп бер.

  17. Үш дана кім?

  18. «Жасау» салт дәстүрін айтып бер.

  19. «Қыз көші» салтын білесің бе?

  20. Қазақтың атақты бишісі кім?


Номер: «Кукарелла» биі.


«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.




Төртінші сайыс.

Шебердің қолы ортақ. Авангард.

Айша - газеттен жапсырылып жасалған сәнді көйлек.

Гүлдар - қоқыс пакетінен тігілген кешкілік көйлек.

Аида - А4 форматтағы қағаздан баллдық көйлек.

Асхат - картадан жасалған киім.

Шыңғыс – газеттен костюм- шалбар.

Еламан – айран пакетінен киім.



Әділқазылар алқасы дайын болғанша Сулейменовтер дуэтінен 2 ән және оқушылар би.

Қорытынды сөз: Осымен бүгінгі «1-мамыр ынтымақ» күніне арнайы ұйымдастырылған «Қыран – жігіт, аққу - қыз» байқау сайысы өз мәресіне жетті. Әрқашан мерекелеріңіз шуақты, жылы, көңілді өтсін дей отырып, сіздермен қоштасамыз! Назар қойып көріп, тыңдағандарыңызға көп рахмет!




«Қыран – жігіт, Аққу - қыз»
  • Другое
Описание:

«Қыран – жігіт, Аққу  - қыз»

 

1 жүргізуші:

 

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,

2 – жүргізуші.

                       Мен қазақ  қыздарына қайран қалам

                        Жанары, жаны жаздай жайраңдаған

                        «Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

                         Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

 

                         Қыздары есік – төрден несіп терген ,

                         Ұлдары керілгенде  бесік керген.

                         Дәстүрлі бұл даланың бұлжымастан,

                         Бүгінге кешегіден көшіп келген.

 

Номер: «Қазақ биі» орындайтындар – Марат Гүлім және Карина Ляззат

 

1 – жүргізуші.  Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

2 – жүргізуші.

Табиғат сәні болған ару қыздар,

Даламның таңмен атқан аппақ нұрлар.

Көктемнің көркі болған әсем сұлу,

Қазақтың қызына жететін бар ма жандар?

 

Елімнің еркелеген еліктері,

Көргенде көз тойдырар көріктері .

Талайды қылығымен таң қалдырған,

Қазақтың қызына жан , жетіп пе еді?

 

1 – жүргізуші. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміз бен қыздарымыздың  үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Ана тілімізде «Қыз» деген сөз бар. Ол ең қасиетті сөз. Қазақ – қыз баланы өте қадірлеген халық. Қазақтың қызы ұлтымыздың анасы деген ұғым қастерлі, оған бас имейтін адам жоқ. Көктемнің сұлулығы, күннің жылылығы, табиғаттың көркемдігі қазақ қыздарының  бойында десек артық емес. Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін,қыздарымыздың  білімдерін, ақылдығын,әсемдігін тамашалайық.
Құрметті  ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар! Бүгін біз 1 – мамыр Бірлік күніне арналған «Қыран – жігіт, Аққу – қыз » байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттеріміз бен қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Олар:

1.      Қалиева Айша

2.      Дюсенов Асхат

3.      Укенова Аида

4.      Ибраев Еламан

5.      Дюсенова Гүлдар

6.      Илюбаев Шыңғыс

 

Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
«Таныстырсам өзімді» - таныстыру
«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
«Күшті  атасын танымас » - кір тасын көтеру (ұлдар), «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар
«Шебердің қолы ортақ»  - Авангард.

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. Борвской облыстық санаторлық мектеп – интернатының директоры Сейдахметова Гүлмира Есмұханқызы.

2.  Мектебіміздің бас есепшісі  Думина Елена Викторовна.
3. Мәдениет үйінің мақтанышы, өнерпазы – Нағашыбай Мұрат Нағашыбайұлы.

4.  Математика пәнінің мұғалімі - Лыжина Анна Анатольевна .

 

Бірінші сайыс.

Таныстыру.

 Таныстыруға қандай өнер көрсетсе де  шек қойылмайды, өлеңдетіп, өрнектетіп халыққа өздеріңізді кеңінен таныстыруларың керек. Олай болса №1 аруымыз

№1.Қалиева Айша

 

Орта жүз, руым Қыпшақ, Қарамойын,

Сымбатты, сұлу әрі сұңғақ бойым.

Жаңбырбай қызы Айша Қалиева,

Зерекпін, ақылдымын, терең ойым.

 

Сырымды бүгін түгел ақтарамын,

Қашанда биік болған бақ-таланым.

Қоғабай, Қанжығалы, Төлен туған,

Торғайда туғаныма мақтанамын.

 

Ұяда бес баламыз балапандай,

Торғайым киелі өлке дала қандай.

Жаңбырбай әкем менің жазиралы,

Алмагүл жүрегі кең анам қандай.

 

90-ның желтоқсанның 10-ы күні,

Туыпты Жаңбырбайдың Айша гүлі.

Жебесін Айша Бибі пірім менің,

Баршаңды тербетсін тек ақын жырым.

 

№2. Дюсенов Асхат

Өнерімді салайын, қалыспайын мен де енді,

Көмейден ән шырқайын тілден төгіп сөздерді.

Кіші жүзден тараған, Кереле Телеу елімін,

Тегім Дүйсен Асхатпын, әкем аты Жылкелді.

 

Өзгелерден қалыспау мақсатым мен ұраным,

Қолдан намыс бермеуге тырысады ұланың.

Ең сүйікті өнерім сурет салып жүремін,

Өмірімді өрнектеп суреттейді қиялым.

 

Мен елім деп жүремін таң да және кеште,

Бұл азамат міндеті қайда туып өссе де.

Тұмарымдай сақталған жүрегімнің төрінде,

Кіндік қаным тамған жер қасиетті Бестөбе.

 

Оқу білім жолымен болашаққа бастадым,

Адалдықты ту еткен бар жанымда достарым.

Тайталасып көрейін күш-жігерім жеткенше,

Бақ пен бабым келіссе топтан озып шығармын.

 

№3.Укенова Аида

Армысың өнер сүйер көрерменім,

Бойымда көп қой сансыз өнер менің.

Аида атым, әкем Болат Укен,

Анам бар Атжан атты асқан керім.

 

Ұзынкөл туған жерім сұрасаңыз,

Біліммен өрге биік қыр асамыз.

Туыппын мың тоғыз жүз тоқсан сегіз,

Сәуірдің 2-де сұрасаң біз.

Айдана әпкем, сіңілім Заринамен,

Інім бар Эльдар, сіңілім Лунарамен.

Билеймін, спорт сүйем, сурет салам,

Жамандық жасамаймын фәниде мен.

 

Оқуда қашан болса алда болып,

Анам мен ұзтазымды әнге салам.

Біздерміз Қазақтың ұландары,

Болмаңдар ешнәрсеге сіздер алаң.

№ 4.Ибраев Еламан

Армысыздар ағайын, сын көзбенен қараға,

Елім менің қашанда, өр жігітке балаған.

Кіші жүздің ұрпағы, Қастақ ру елімін,

Айтпай ұлы боламын, Ыбырайев Еламан. 

 

Меңдіқара мекені ұлылардың өлкесі,

Мұхамеджан, Спандияр елдің болған серкесі.

Манаш, Сайран, Кәмшаттың елге мәлім еңбегі,

Міне осындай ұлдардың мен боламын жерлесі.

 

Сахнаның сәні боп, ән шырқайын жүректен,

Белдесейін күресіп күшке толы білекпен.

Білімді ұлы болам деп сабақ алам мектептен,

Бос уақытта жүреміз айналысып спортпен.

 

Бойымдағы өнерім бұл сайыста байқалсын,

Қатем болса ағайын әділдікпен айтарсың.

Жеңілуге келгем жоқ жеңіс туын көтерем,

Жаратқан ием жар болса қатарымнан қалмаспын.

 

№5. Дюсенова Гүлдар

Алдында көпшіліктің әнге салдым,

Қашанда той-думанды сүйген жанмын.

Жылгелді қызы, атым Гүлдар болам,

Қамысты Бестөбеден келіп қалдым.

 

Кіші жүз, Кереле Телеу руым,

Қашанда көтеремін елдің туын.

Туыппын 2000-ның сәуірінде,

Он сегізінші жұлдызында бақ боп күнім.

 

Өмірде керек әркез темір төзім,

Ақиқат қашан болса менің сөзім.

Үйде әкем, анам, екі ағам бар,

Апам бар, ең кенжесі және өзім.

 

Туыпты Бестөбеде әкем менің,

Адайда туған екен анам керім.

Ал  өзім сурет салам жастайымнан,

Жіберді елім артып маған сенім.

№ 6.Илюбаев Шыңғыс

Мен ұланы боламын,

Қазақтай ұлы елімнің.

Түлегі болып туылдым,

Әулиекөл құтты жерімнің.

 

Орта жүздің ортасы,

Қырықмылтық руым.

Елубаев Шыңғыспын,

Бақытбектің ұлымын.

 

Оқу-білім аламын,

Интернаттай мектепте.

Әнін салып Қазақтың,

Үлес қостым өнерге.

 

Қолдан бермей намысты,

Күш сынасып көрейін.

Өзгелерден қалыспай,

Жеңістерге жетейін.

 

Алғашқы   « таныстырсам өзімді» атты сайысымыздан жақсы өткен аруларымыз бен жігіттерімізге  қошемет ағайын!

 

Номер: Марат Гүлім «Көңілді күн» әнімен қарсы алыңыздар.

 

Екінші сайыс.

«Сегіз қырлы, бір сырлы»  өз өнерін көрсету.

Олай болса бірінші  қырмызыдай құлпырған қыздарымыздың , және «Сегіз қырлы, бір сырлы »жігіттеріміздің өнерін тамашалайық!
Шыңғыс- ән

Аида- ән

Айша – ән

Еламан – ән

Асхат – би

Гүлдар – сурет салады.

 

Номер: Үнді биі «Хаттуба»

 

Үшінші сайысымыз.

«Күшті  атасын танымас » - кір тасын көтеру (ұлдар). «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар (қыздар).

             Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрлері , тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен , ана әлдиінен атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. «Ана сүті – бой өсірер, ана тілі – ой өсірер» дегендей жаңа ғасырдың ұрпақтары заманға сай жаңаша білім алып, келешек ұрпақтың ой санасы дамып келеді. Дегенмен «Ер қазынасы- ескі сөз, Ел қазынасы- ескі сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз» көне сөзді біліп, ел тарихын тарқатып, салт – дәстүрді , ұлттық тағамдарды, қазақтың ұлттық дүниесін, еліміздің егемендігі жайында айта білсек үлкен мәртебе.

 

1)      «Қыз айттыру»  дәстүрін айтып бер.

2)      Қызға «таңдай »берудің мәнін түсіндір?

3)      «Құда түсу» дегеніміз не?

4)      Бір топ аттылар тартыспақ ойынын қазақта қалай атайды?

5)      «Қалың мал» дәстүрін қалай түсінесің?

6)      «Құйрық - бауыр» дәстүрін айтып бер?

7)      Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

8)      «Сәукеле кигізу» салтын қалай түсінесің?

9)      «Сүт ақы» дәстүрін айтып бер.

10)   Бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналар?

11)  «Қыз ұзату» қандай салт  - дәстүр.

12)  «Сыңсу» дегеніміз не?

13)  Қант, май, ірімшік қоспасынан жасалатын тағам қалай аталады?

14)  «Жар – жар» ғұрпы туралы айтып бер?

15)  Көктемдегі күн мен түннің теңелуі қалай аталады?

16)  «Қыз көші» салты туралы әңгімелеп бер.

17)  Үш дана кім?

18)  «Жасау» салт дәстүрін айтып бер.

19)  «Қыз көші» салтын білесің бе?

20)  Қазақтың атақты бишісі кім?

 

Номер: «Кукарелла» биі.

 

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.

 

 

Төртінші сайыс.

Шебердің қолы ортақ.  Авангард.

Айша -  газеттен жапсырылып жасалған сәнді көйлек.

 Гүлдар - қоқыс пакетінен тігілген кешкілік көйлек.

Аида -  А4 форматтағы қағаздан баллдық көйлек.

Асхат -  картадан жасалған киім.

Шыңғыс  –  газеттен костюм- шалбар.

Еламан  – айран пакетінен киім.

 

Әділқазылар алқасы дайын болғанша Сулейменовтер дуэтінен 2 ән және оқушылар би.

Қорытынды сөз: Осымен бүгінгі «1-мамыр ынтымақ»  күніне арнайы ұйымдастырылған «Қыран – жігіт, аққу - қыз» байқау сайысы өз мәресіне жетті. Әрқашан мерекелеріңіз шуақты, жылы, көңілді өтсін дей отырып, сіздермен қоштасамыз! Назар қойып көріп, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

Автор Сулейменова Гулжаз Жандосовна
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1181
Номер материала 55966
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓