Главная / Другое / "Ынтымағы жарасқан отбасы" қазақ тілінен ашық сабақ

"Ынтымағы жарасқан отбасы" қазақ тілінен ашық сабақ

Қазақ тілі. 5-сынып . Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру
Оқу нәтижелері: Балалар отбасы туралы, туыстық атауларды біледі. Ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.
Түйінді идея: Сурет құрастыру, әңгімелеу арқылы отбасында сыйластық қарым – қатынасқа және отбасына деген сүйіспеншіліктерін көрсетеді.
Тапсырмалар мен жаттығулар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» әдісімен оқушылар бір – біріне әдемі күлкілерін, жақсы көңіл-күйлерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!

ІІ. Тыныштық сәті!
Баяу музыка ойнап тұрады.
- Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Ал енді көздеріңді жәймен ашыңдар.

ІІІ. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
- Сен не көрдің?
- Сенің отбасың қандай?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Олар кімдер?
- Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады? Сені ше?
- Сен отбасыңдағы адамдарды қалай атайсың?

ІV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»
Балалар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.
- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор
- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.

V. Топтық жұмыс:
Балалар қима суреттерді таңдап, үш топқа бөлінеді. «Аю», «қоян», «кірпі»
Әр топқа «Ынтымағы жарасқан отбасы» үш түрлі қима сурет беріледі. Мозайка бойынша сурет құрастырады. Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды. Әр топ ортаға шығып, өз әңгімесін айтады.

VI. Сергіту сәті:
Әкем менің қауыншы
Шешем менің сауыншы
Атам болса ол ұста
Отырмаймын мен текке
Кеттім мен де мектепке

VII. Қорытынды:

1. Сұрақ - жауап
Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отбасына кімдер жатады?
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
2. «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрып, оқушылар бір – біріне жылы тілектерін айтады.

VIIІ. Үйге тапсырма: Отбасы туралы 4-5 мақал-мәтелдер жаттау; өз отбасында жақсы бір дәстүр туралы әңгімелеу.

IХ.Бағалау.

"Ынтымағы жарасқан отбасы" қазақ тілінен ашық сабақ
  • Другое
Описание:

 Тема урока: "Ынтымағы жарасқан отбасы". Семья – это бесценный, священный союз. Это самое дорогое, важное и хрупкое, что есть у человека. Семью легко разрушить необдуманным поступком, надломить грубым словом. А сохранить ее намного сложнее. Цель урока: объяснить значимость семейного, родственного взаимопонимания, согласия и дружбы в семье. Расширить в понимании детей значимость семьи. Данное планирование урока предназначен для учащихся 5 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. На уроке учащиеся работая в группах читали стихи, составляли рассказы по картинкам, рассказали о своих семьях и т.д.

Автор Кульбаева Тамара Дархановна
Дата добавления 23.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 624
Номер материала 54792
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓