Главная / Иностранные языки / Ғылыми жоба Тақырыбы: М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы ізденістері

Ғылыми жоба Тақырыбы: М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы ізденістері

17

М. Әуезовтің Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру жолындағы ізденістері

Ұлы қаламгер М. Әуезовтің Абайдың әкесі Құнанбайдың тарихи тұлғасын «Абай жолы» роман-эпопеясында жан-жақты суреттеп, қыры мен сыры мол теңдесі жоқ типтік бейне етіп мүсіндегені белгілі. Құнанбай бейнесі романда басқа көркем бейнелерден биік тұрған тағылымы мол, бойында адамға тән жақсылық қасиет заманнан заманға үлгі боларлық, ұлттық сананы саналылықпен сақтап қалған тұлға. Оның Абайға жасаған әкелік борышы, қазақ үшін, бүкіл ұлтымыз үшін мақтан тұтарлық әке екендігі архив беттерін ақтарғанда айқын көрінеді. Балалардың дүниеге келуі мен өсуіне, олардың жастайынан бітім – болмысының жетілуіне көреген әке көп мән берген. Олардың рухани танымына бағыт берумен қатар, мінез – құлқының қалыптасуына қарай жағдай жасап, ақыл – кеңес беріп отырған. Көп әйел алған Құнанбай балаларының татулығына, бауырмалды болып өсуіне мүмкіндік жасап, бір әйелден туған баланы басқа әйелдерінің бауырына салып, әйелдерінің де ауыл мен ауыл арасында беделді, абыройлы ана екендіктерін көрсете алған.

Құнанбай образына қатысты тарихи шындық пен көркем шындықтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы бейнеленуіне байланысты архив деректеріне сүйене отырып, жаңаша пікір қалыптастыруға Ә. Марғұлан,

Л. М. Әуезова, Т. Жұртбай айтулы еңбек сіңірді.

Кейіпкер Құнанбай мен тарихи тұлға Құнанбайдың өмірі, жеке басына қатысты оқиғалардың өзі өмір сүрген заманының тарихи шындығымен салыстыра талдау ұлы шығарманың түпкі көркемдік мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді. М. Әуезовтың өзі де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. 1933 жылы жарияланған «Абайдың туысы мен өмірі» атты зерттеуінде: «Біздің мақсат – осы қарастырылатын адамдардың барлығының өмірін бізден алыс заманда, бүгінгі өмірімізден бөлек күй, бөлек шарт, бөлек тарихи дәуірде бүгінгіден бөлек болғандығын анық көрсету. Сондықтан біздің міндетіміз – қаралау емес, бүгінде анығын білгісі келген жұртшылыққа Құнанбайдың дәл пішінін көрсету. Бұл сөздің басын Абайдың жайы деп алып, Құнанбай жайын көп таратып айтып кетсек, солай болуына себеп болып отырған да – осы міндетті көп ойлағандық», - деп жазды.

Жазушы Құнанбайдың тарихи тұлғасын көркем образға айналдыру барысында да оның «мемлекеттік адам» екендігіне ерекше мән беріп, жағымсыз кейіпкер ретінде емес, аса күрделі тарихи – трагедиялық бейне ретінде бейнелеуге ұмтылған. Абай мен Құнанбай арасындағы қатынасты қоғамдық қайшылықтар дәрежесіне көтеріп көрсетті. Жазушының әуел бастағы шығармашылық нысанасын оның 1940 жылы жазған «Абайдың өмірбаяны» атты еңбегінен толық байқауға болады: «Құнанбайдың кім екенін білмесек, Абайдың кім екенін білу де қиын болар еді. Бірі әке, бірі бала болғанда, бұлар, әсіресе, бір тарихи дәуірде бірыңғай қоғамдық таптық жағдайда тіршілік еткен адамдар. Екеуінің сыртқы әдісі, жолдары басқа – басқа болса да, түпкілігі бір. Құнанбай жайындағы материалдар көбінесе Абайды тануға да жәрдем береді . . . Бұлардың қай – қайсысы болса да – заманның туындысы. Бірде заманның ұлы болса, бірде сол заманның құлы да болған.»

Сондықтан да біз Құнанбайдың тарихи тұлғасымен жете танысып қана оның романдағы тарихи көркем бейнесін жан – жақты түсінуге мүмкіндік аламыз. Төрт рет жазылды дейтін Абай өмірбаянының барлық нұсқасында да М.Әуезов Құнанбай жайлы пікірін білдіріп отырады. 1944 жылғы үшінші нұсқасында «балаға ақылын бұрын бермей, ашуын бұрын берген атадан бала үлгі алмайды» деген Абайдың өсиетін ескере отырып, автор Абайды жастайынан оқытып, өзіне серік етіп, елді танытқан Құнанбайдың тарихи тұлғасы жайлы елден естіген естеліктерін қайта – қайта қағазға түсіріп отырады. Ал 1950 жылғы жазбасында былай дейді:

«Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол - өз дәуірінің, феодалдық өз тобының бел баласы. Ісі мен мінезінде заманының талай – талай айқын таңбасы бар . . . Осымен қатар көпшілігінің есінде қалған аңызға қарағанда, бұрынғы уақыттармен салыстырғанда, Құнанбай аға сұлтан болып тұрғанда ұрыдан, алушы шабаршыдан ел тыныш болған деседі.»

Құнанбайдың көркем бейнесін жасауда жазушы тарихтағы болған оқиғалар мен оларға қатысты адамдарды дәл сол күйінде көркем шығармада пайдалана бермеген. Қодар жайлы әңгімелердің бәрін тәптіштеп баяндай бермеген, оқиғаға қатысты адамдардың кейбіреулері өзгертіліп, оқиғаның өрбуінің өзін жібін жатқызып баяндап, Қодарды аянышты көрініспен суреттеген. Сондықтан Абай жайлы романдар аяқталған кезде жазушыға көптеген сұрақтар, пікірдер келіп түсіп жатты. Көркем шығарма көркем бояулармен, сол романда айтылып отырған негізгі оқиғаға байланысты жазушының өзінің бағыты мен өзінің қиялынан туған көркемдікпен әсерлі етіп жазылады. Тарихи шындықты көрсету үшін көркемдік әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, жазушының өз қиялымен де өзгерістер туғызуы – заңды құбылыс. Жазушының көркем шығармадағы көркем образдарды жасауда өзінің белгілі бір мақсатты қиялы, бағыты шарықтауға тиіс. Абай жайлы романдар аяқталып, түрлі тілдерге аударылып, бағасын алып жатқан кезде 1959 жылы М.Әуезов роман жайлы, оның жазылу мақсаты жайлы ойын: «Романдарымды жазған кездерімді еске алғанда, менің есіме ең әуелі, Қодарды жазалау көрінісі түседі. Менің жоспарым бойынша бұл көрініс кітаптағы орталық қақтығыстарға эмоциялық кілт болуға тиіс еді. Әуелі мен бұл көріністі елге тарап кеткен (әсіресе, Құнанбайға туыс ауылдарда) версияға сәйкес көрсеткім келді. Оған байланысты Қодар әділ жазаланған болатын. Бірақ, тарихи материалдарды зерттеуге сын көзбен тереңдей отырып, мен жағдайдың шын мәніне бардым. Осылайша мен Құнанбайдың Қодар мен оның туыстарына тиісті жерді тартып алуға көз тіккенін ұқтым. Бұл факт маған Құнанбайдың жаңа бейнесін ашты. Бұл жайдың романдағы көрінісі: үш жыл ауылда болмаған 13 жасар бала Абай туған ауылына оралады. Даланың желі, жусан иісі оның тұла бойын балқытып, туған жеріне деген салтанатты сезімін оятады. Тап осындай сәтте өзінің әкесі жасаған жазаның қорқынышты көрінісі баланың жанын улайды. Бұл жан жарасы өмір бойы жазылмайды. Абай кейінірек білгендей, бұл адам өлімі Қодардың жерін тартып алмақшы болған Құнанбайдың қулық пен сұмдыққа толы екені ақын өміріндегі драмалық бастапқы сәт болады. Осы жерде мен кітаптың бірнеше тарауларында әр оқиғаларды шиеленістіре шешуге өзек болған осы Қодар мен бала маған адамдар арасындағы шиыршық атқан күрделі түйіндерді көруге мүмкіншілік берді,» - деп ортаға салды. Шығармадағы көркем бейне - әке бала Абай алдында қорқынышты адам өлтіруші бейнесінде көрінеді.

Құнанбай өмірі туралы жазған Ахат Шәкәрімұлының деректерінен бұл тарихи тұлға туралы көп нәрсені меңгереміз. Құнанбай Тобықты руынан шыққан. Құнанбайдың әкесі Өскенбай Кеңгірбайдан кейін Тобықтыға би болған, хат таныған адам. Халық Өскенбайды өте әділ болған деседі. «Ісің ақ болса Өскенбайға бар» деген халық аузында аңыз бар. Халық айтысына қарағанда, жат жердің адамдары Өскенбайға келіп дауларын шештіреді екен. Құнанбайдың шешесі Найман ішінде Матай руынан – Зере өте есті, адал, момын, тақуа, жомарт болған ана.

Құнанбай Өскенбайұлының өмірі жайлы

1804 жылы Құнанбай дүниеге келеді. Ол туғанда ірі, толық, зор болады. Туарында анасы түс көреді. Ол түсінде: Өскенбай алтын сақаны үйіріп отырғанын көреді. Анасы ол алтын сақа – Құнанбай деп жориды. Оны бір күн дәретсіз емізбейді. Зеренің өзі бертінде айтыпты: мен Құнашты бір күн дәретсіз емізіп көргем жоқ және омырауымды тазалап жумай, бісміллә айтпай емізген мезгіл болған жоқ, - деп Құнанбаймен бірге туған бір әпкесі, бір қарындасы болған. Құнанбайдың денесі өте сымбатты, толық, бойы зор, жүзі нұрлы, бота көз, маңдайлы, қыр мұрын, сұлу болған. Балғын зор денесі балуандыққа, өткір көзі ерлікке, басы ақылдылыққа сәйкестене біткен. Әкесі молдадан оқытып, Құнанбай шала хат танып қалса да әкесі Өскенбайға келген хаттарды біріне – бірін салыстырып, өз талабымен хатты толық танып, түрікше жазылған кітаптарды еркін оқи алатын болған.

Бала кезінен бастап, Құнанбай өте ұғымды, зерек, алғыр, бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын болған. Ол ес біле бастағаннан әкесінің қасында отырып, көп әңгіме, оқиғаларды, биліктерді естіп, қазақтың өткір сөздерін, мақал – мәтелдерін, тақпақтарын, батырлар, эпостық жырларын, тарихи оқиғаларды жадына сақтап алатын болған. Жас күнінен шешендік өнерге, сөз тапқыш әдіске бейім болады. Адамдық борышты қалай ақтау керек деген сұрақ Құнанбайдың ойынан ерте кезден орын алған. Бұл сұрақты әкесіне, басқа ел адамдарына талай рет қойса да, толық жауап ала алмай жүрген. Өз әкесі Өскенбай халыққа еңбек етіп, адал болу керек, адам арын, адамшылығын сатпау керек деген ақылын айтқан. Енді Құнанбай тарихта халық қандай адамдарды жақсы көретінін, қандай адамды мақтап құрметтейтінін қарастырған. Асқан балуандарды, ел жауын жеңген батырларды, ел қорғаған ерлерді сүйетінін аңғарған. Және елі үші дауға түсіп, ел намысын жоқтап, елін білім - өнерге бастаған адамдарды сүйетінін байқаған. Қайткенде туған елге, әрісі халыққа адал еңбек еткен адам – адамдық борыштан құтылып, шын байламға келеді. Құнанбай ел алғысын алмай, адамдыққа қол жетпейтінін сезеді. «Батасыз ер жарымас, баталы ер арымас», «Ер қорғаған ер болар, елсіз адам көр болар», «Адалдық – адамдық белгісі, арамдық – жамандық белгісі», «Көпті жамандаған көмусіз қалар», «Көп өрт сөндірер, залым өрт өндірер», «Көп түкірсе көл болар, көлсіз жерде шөл болар», «Көптен үйрен, арсыздан жирен», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Сайтандық қылма, сайтаннан иман қашар», «Құдай таза, сен де таза бол», «Нашарды қолда, момынды қорға». Осыларды Құнанбай ойына тоқып, аузынан тастамайды. Бұларға қоса мынандай сертке келеді. «Жанымнан малым садаға, арымнан жаным садаға» - деп Құнанбай осы сертін бұзбай өтеді.

Құнанбай Шыңғыс тауының бауыр жағына құлай ағатын «Хан өзені» деген өзеннің таудан шыға беріс жағасында күнбатыс жағындағы «Би биігі» деген биіктің күнгей бетіндегі тастан салған қой қораның қасында қазақ үйде туған. Ол кезде қазақ там салуды білмеген. Тек қыста қойға бала тастан қорған салып, көшіп – қонып жүрген. Түтеген қаһарлы қарлы боранға, қақаған қызыл шұнақ аязға Құнанбайдың денесі әбден шыңдалып өскен.

Құнанбайдың әкесі Өскенбайға келсек, ол Найман тобының Терістаңбалы руынан шыққан атақты Ағанас бидің қызы Күңкені айттырады.

Өскенбай көбінесе, ел ішінде жиын, съезде жүреді. Не басқа елдің шақыруымен сонда барып, дау – шарды бітіреді. Осындай кездерде Өскенбайды іздеп келген адамдардың дауларын Құнанбай тыңдап, әділдік, билік айтады, оған екі жағы да риза болып қайтады. Сол билікті кексе билер естігенде қисық деп айта алмайды.

Құнанбай билік айтқанда мынау би, мынау жуан, мынау аталы деп олардың атақтарына, мансап, дәрежесіне қарамайды, тек істің ағына қарайды. Сондықтан, ел құруды әділ, мырза деп атандырады. Құнанбайды қашан қажыға барғанша халық «Мырза» деп атаған. Оның екі түрлі жайты болды дейді ел. Ол басында бай болған жоқ, малы көп болған жоқ. Бірақ шын мұқтаж адамнан мал аяп көрмеген. Тай – жабағысымен әкесінен он екі жылқы енші алғанда, соларды мінуге жарайтындарының бәрін аты жоқ кедейлерге мініске беретін болған. Тамағы жоқтарға асынан бөлгізіп беріп, жалаңаш адамдарға екі киімнің бірін беретін болған, - дейді. Екінші мырзалығы: дауласып келген адамдарға адал билігін айтып, ақыл сұрағандарға таза кеңесін аямайтын еді, - деседі.

Құнанбайдың уәдаға берік, ұстамдылығын, қайратты, жігерлігін, сабырлы, шешен, болжампаздығын ел аңыз етеді.

Құнанбай – халық қамқоршысы (ерлігі жайында)

Өскенбай Құнанбайды 19 жасында үйлендіріп, өзі отырған тас қораның күншығыс жағындағы кезең астындағы сайдың алдына қондырады. Өскенбай өзіне біткен 30 шақты жылқысының 12 – сін Құнанбайдың еншісіне береді. Басқа мал Өскенбайда аз болады. Құнанбай енші алған жылы қыс қатты болып, жылқы ерте март айында қолға келіп, сол жылқыларын Құнанбай жаяу бағады. Ол кезде Тобықты Шыңғыс ішіне жаңа орналасқан, басқа Найман, Керей, Арғын, Уақ сияқты елдерді Шыңғыстан зорға дегенде қуып, жауласып, барымталасып тараған кезі. Көбінесе, Тобықты Найманмен жиі шабыса беретін.

Оның негізгі себебі: Шыңғыс тауын, Арқаның қалмақ иемденіп қалған басқа да жерін қалмақтан босатып алғаннан кейін, ақтабан шұбырындыда Мұғаджар тауына ауып кеткен Тобықты руы көп уақытқа дейін ата қонысы Шыңғысқа келе алмай жүргенде Шыңғыстың қалың ішіне Найман кіріп орналасып алды. Сыртын Керей иемденеді, бауырын Уақ иемденіп, Шаған өзенінің бойын Арғын алып қояды. Сөйтіп, Тобықты Шыңғысқа келген кезде Шыңғыс бос болмай жоғарғы айтылған 4 ру елмен алысып, жерін қайта алуға тура келеді. Әрине, орналасып бауыр басып қалған ел жанжалсыз, ұрыссыз бере қоймайды. Олармен алысып, тартыс – дауласу – Кеңгірбайдың үлесіне тиеді. Сөйтіп, аяғында Тобықты өзінің ата – қонысы Шыңғысты қан – төгіс, жанжал, ұрыс, шабыс арқасында басқа елден босатып алады. Бірақ, шабыс, барымта, жанжал басылмайды. Сондықтан, басқа елдің шабындысынан құтылуға малын, жерін қорғауға сайысқа түсетін, жаудан қорғайтын елге батыр керек.

Енді Құнанбай елін басқа жаудан қорғайтын ел қорғаны болуды, батырлықты аңсайды. Ер жігіттің қанаты ат, ерге аты сай болу керек. Бірақ Құнанбайда жауға мініп шабарлық ат жоқ. Оған қуса жететін, қашса құтылатын ерге серік ат керек. Ол енді Өскенбайдың үйінде отырған жоқ, бөлек үй, шаңырақ иесі болды. Елге жау тисе, қалай шаппай отыра алады?

Құнанбайдың ойына төңірекке атағы жайылған, алдына ат салмаған, өзінің атасы Ағанас бидің әйгілі торшолақ аты есіне түседі. Мен енші алып, бөлек отау болғанымды айтып, атамнан торшолақ атты қалап сұрайын деп ойлайды. Осы оймен Құнанбай аяқ артуға жарайтын қызыл бестіге мініп, жолға екі қонып, Ағанас бидікіне келеді. Ағанас амандықты сұрап, еншіге 12 жылқы алғанын естіп: «саған би бар жылқысын беріпті ғой. Өскенбайдың дәулеті маған белгілі ғой. Мал үлкен үйде болғаны жақсы емес пе, сен жоқ болсаң, онан аласың, ал үлкен үйде мал жоқ болса ол сенен ала ала ма?» - дейді. Екі күннен соң Құнанбай қайтпақ болады. Ағанас ертеңгі асты ішкен соң, бәйбішесі мен бас жылқышысын шақырып алып:

- Мына Құнанбай енші алып, бөлек отау болып шығыпты. Қазір 15 құлындайтын биесі мен бір айғыр үйірін және Күңке мен екеуі мінетін екі жақсы ат алғызып беріңдер, айдап қайтсын. Ел жайлауға шыққанда 100 қой мен үйлерін артатын 6 түйе алып кетер. Ал, енді өзіңнің қалаған – сұрағаның бар ма? – дейді. Құнанбай: «Мен басқа мал алмаймын. Торшолақ атты қалап келдім.» - дегенде Ағанас би: - «Мен Торшолақ атты бермеймін, одан басқа не қаласаң соны ал» - дейді. Құнанбай: «Мен басқа ештеме қалап келгем жоқ» - деп киіне бастағанда Ағанастың бәйбішесі: «Би, ол бір іші боқ, сырты түк бір қара емес пе? Балаңыздан тор атты несін аядыңыз» - дейді. Ағанас: «Мен бұдан ат аяп отырғаным жоқ. Өзін аяп отырмын. Қазір Тобықты басқа елмен жауласып отыр. Еліне жау шапса, бұл жауға аттануға шаппай отыра ала ма? Бұл жауға шапса, осы тор атпен шабады. Қара көре тоқтамайтын ат оны алып жауға кіреді, не мұның бейнетіне, не ажалына себеп болады. Сондықтан, бұған тор атты бере алмаймын. Басқа не алам десе де қолын қақпаймын», - деп тысқа шығады. Құнанбай да тысқа шығып, енесінің берген екі қоржын басы сәлемдемесін бөктеріп атына мінеді. Енесі көзіне жас іркіп, Құнанбайдың маңдайынан иіскеп сүйіп, амандасып, сәлем айтып, қала береді. Құнанбай кезең аса бергенде артынан Ағанас би шығып, торшолақ атты беретінін айтады. Бергенде: «топқа би мінсін, өзің ауыл арасына көкпарға тойға мін. Бәйге қос. Бірақ, жауға мініп шабушы болма, ана берген малым, берген» - дейді. Құнанбай тор атты жетекке алып, елге тартады.

Көктем туып, күн жылынып, жер құлпырып көктеген кез. Қан өзеннің басындағы екі саланы Қарабатыр және Әнет деген екі ру кедей ауылдар қыстап шығып, күн жылынған соң Шыңғыстың күнгей бетіне көшіп қонған.

Бір күні таң қараңғысында тау жаңғырығып аттаңдаған дауыс естіліп, азан – қазан айғайға ұласады. Дауысты естіген Құнанбай атып тұрып, сойылын алып, атқа жайдақ мініп, өзенді өрлей жөнеле береді. Жолда сала – салалардан «қайдалап» шапқан бірнеше адамдар қосылып, Шыңғыстың сыртқы биік жотасына шығады. Бұл кезде таң ағарып, жер беті айнадай болып көріне бастайды. Осы кезде Бұшантай жазығынан жау қарасы көрінеді.Сонда Отыншы ақсақал «Дәмелі, аты әлді жігіттер іріктеліп жауды қуыңдар, бөгеңдер, арттарыңнан көп қолдар жетеді, енді тұрудың қажеті жоқ», - деген соң, аты әлді ер жігіттермен іріктеліп, 20 шақты жігіттер жау артынан жөнеп береді. Сол топпен бірге Құнанбай да шығады. Осы бір шайқаста Құнанбай қатты жараланады. Жиылған халық Құнанбайды қырынан жатқызып, жараның екі жағын кезектесіп қанын сорып, тез – тез төгіп, қанды ішке жібермеу айласын жасайды. Ішке қанды жібермей, тез кезектесіп сорып төгуге жұрт тізіліп тұра қалады. Қайсыбіреу қан ішіне кетіп, жүрегі айнып, құсып та жатады. Бұл кезде Құнанбай аппақ шүберектей қуарып, өңі қашып, өлер – тірілер белгісіз халде жатады. Қан әбден таусылған кезде, дайындап қойған ат қылын күйдіріп, ыстықтай жараның аузына қайталай басып отырады. Көйлекті жыртып, жараны таңады.

- Күн жоғары көтеріліп, сәске болған кезде көзімді ашсам дейді Құнанбай немересі Шәкәрімге – қаным кеуіп барады екен, бір аяқ айран шалапты дем алмай бір – ақ жұтып аз дем алып айналама қарасам, төңірегім толған адам. Бәрінің көздерінде жас, қариялар кіселерін мойындарына салған, Алладан тілек тілеп, менің жанымды қалдыруын сұрап тұр екен. Мен аздан соң екінші аяқ сусынды тағы ішіп есімді жинай бастадым. Сол кезде жұрт «А, Құдай ақсарбас, Көк қасқа жолына айттық» деп шулап, күңіреніп жылап жібереді. Егер ел тілегі болмағанда мен өлген адам едім.Көп тілеуі көл болып, көптің тілеуін Құдай қабыл қылып аман қалдым. Мен жаз бойы теңге түсіп жүріп жазылдым, - дейді.

Құнанбайдың сол жараланып қалған оң жақ емшегінің астыңғы жағында алақандай беріш тыртығы, оң жақ жауырының астында бармақ басындай тыртық орны болған. Құнанбай бұдан бұрын да, бала жігіт күнінде ажалға тап болып, одан және елі болып, Құдайдан тілеп алып қалады.

Құнанбайға шешек шығып, өлім аузында жатқанда да ел іші еңіреп, Құдайдан тілеп, аман алып қалады. Бірақ, аямай алуға келген ажал оның нұрлы сұлу бетін аздап шұбарлап, сол жақ көзінде, қабағының астын ала тарыдай ақ қалдырып кетеді. Бірақ беті шұбар көзінде тарыдай ағы – оның қасиетін, адамгершілігін, халқының сүю махаббатын кеміте алмайды. Қайта, ол халық тілегінің ажалмен алысып, ажалды жеңген белгісінің айғағы болып қалады. Елінің екі ажалдан тілек тілеп алып қалуы Құнанбайдың халыққа деген сүйіспеншілік қасиетін қайрап жетілдіреді, халық оның абыройын көтеріп, атағын жайып, ақылды, адал, адамгершілігі зор, әулие, парасатты деп Құнанбай атын да атамай, үлкендер оған «мырза» деп ат қояды. Жастар, балалар «Тәте» деп атайды. Сөйтіп, Құнанбайдың атағы өз елінен асып, басқа алыс елдерге жайыла бастайды.

Әкесі Өскенбай қайтыс болып, бір жылдан соң қамбарлар отырған Көкшетауда үш жүздің баласының басын қосып, ат шаптырып ас береді. Ташкент – Бұхара маңындағы қазақтар да, жақын елдер де сыйлық алып, елдеріне шеттен қашып келген адамдарды «сен сақта, саған әкелген кісіміз» деп салт басты жігіттерді тартуға әкеп береді. Мысалы, Кавказдан қашып келген Қазақбай, түбі шеркеш солдаттан қашып, керей, шүршіт ауылына сіңген Ғабитхан ноғай. Осындайларды Құнанбай тартуға әкелген құл демей, өз туысындай көріп, әйел әперіп, алдарына мал салып, жер бөліп берген. Ғабитханға бар балаларын оқытқан. Мұндай әр рудан сіңгендердің саны көп.

Сол әкесі Өскенбайға ас бергенде Құнанбай үш жүздің басты адамдарымен бас қосып сөйлесіп, олардың кім екендерін танып, өзінің кім екенін танытады. Осы ас Құнанбайды бүкіл қазақ баласына танытады. Әрине, бұл асты да берген Құнанбай елі. Өзі жақсы көрген ел Құнанбайдан жанын тілеуін аямағанда, малын аяй ма? Әрине, Құнанбайдың өз елінде жауы, күндесі болған жоқ деуге болмайды. Құнанбайды көре алмай, алдынан шығып, жағасынан алып, жағаласқан туысқандары да болды.

Құнанбайдың діншілдігі туралы

Құнанбай діншіл адам болған. Ол балгерсіген бақсы құшынаштарға, қисынсыз ырымдарға нанбаған. Пара алуды, пара беруді, өтірік айтып, адамға табынуды жаны түршігіп жек көрген. Ол тек құдай мен көпке ғана бағынуды лайық деп санаған. Бұрын зекет беруді білмейтін байларға малынан зекет беруді орындатып, оларды нағыз нашар, кемтар жетім – жесірлерге бергізген. Арам өлген мал етін, қан, безді жейтіндерді де тыйған. Тобықты елінің ұрлығын пышақ кескендей тыйған. Бірақ, оған сол өзінің аяғынан алған туыстары көп болған. Ұрлығын жасата берген. Бірлі – жарым көнбеген ұрыларға аямай дүре салдырып, ұрлығын қойғызып, өз қолына ұстап жұмыс қылдырған. Бір молда насыбай харам деп айтты деп насыбай атқандарды тотияйын езіп құямын деп насыбай атушыны тыйған. Жұртқа құдайға құлшылық қыл, қиянаттан аулақ жүр деп бұрын намаз оқымайтындарға да намаз оқытады. Қазақ балаларының оқығанын арман етіп көксеген Құнанбай өзінің күзегінен ең алғаш там салдырып, сауын мал, азық жинап беріп, айналасындағы қазақ балаларын, өз балаларын оқытқан. Құнанбайдың алғаш қойған оқытушысы Байдалының Сарымолдасы деп аталып кеткен. Руы ноғай Мұхамед деген жоғары оқуы бар адам болған. Онан кейін Ғабитханды қойған. Жылына Ташкентке 1 рет керуен жіберіп, өрік, мейіз, күріш және шығыс әдебиетшілерінің шығармаларын, түрік тіліндегі кітаптарды, «Мың бір түн» сияқты арғы замандағы ертегілерді, қисса кітаптарды алдырып отыратын болған, бұларға қоса ғибадат исламия, тәпсір, мұхтасар сияқты түрлі діни кітаптарды алдыратын болған. Сол Сарымолда бала оқытқан күзектің орны бүгін бар. Ол қонысты «Ескі там» деп атайды.

Қазақ орысқа әбден қарап, жаңа заң шығып, хандық қалып, оның орнына аға сұлтандар, старшындар сайланады. Құнанбай старшын, аға сұлтан болған адам. Құнанбайды жұрт тек өз елінің ғана емес, күллі қазақ халқының қамын ойлап, қазақ намысын жоқтайтын адамымыз деп ардақтайды. Кейбір адамгершілігі зор төре тұқымдары да Құнанбайдың даналығын, адалдығын мойындап, Құнанбайды жақтады. Ал, мансапқор, әкімшілікке құмар төре тұқымдары Құнанбайды күндеп, оның көзін жоғалту жағын қарастырады. Онымен қабат Құнанбайды жақтаушыларды да бірге құртпақ болады. Жеңіп сайланған аға сұлтан мен билер Құнанбайдың оны жақтаушылардың артына түсіп, Құнанбайдың өз елінен, өз қолтығынан жау іздеді . . .

Қорытынды.

Қорытындылайтын болсақ, қазақтың қасиетті, ұлы адамының бірі – Құнанбай Өскенбайұлы. Қазіргі кезде ол кісі туралы әңгімелер көтеріліп жатыр. Әрине, Құнанбайдың жақсы жағы емес. Оны бай, жуан, зорлықшыл, арам, халықты қанаған деген сияқты неше түрлі кереғар пікірлер көп. Әлі де Құнанбайды жамандаушылар болары сөзсіз. Бірақ, «Ер сыншысы – ел» дейді ғой халық. Тарих шындықты жақтайтын болса, халық анық жақсы адамын, өзі өсірген адал ұлын мақтайтын болса, түбінде жақсы адам бірлі – жарым адамдардың жамандағанымен жаман болып кетпейді ғой.

Әрине, Құнанбай Өскенбайұлының өмір сүрген дәуірі, бұл дәуірге тіпті жанаспайды. Сол дәуірдегі адамдарды осы дәуірдің қарауылынан қарап, сынаған да әділеттілікке жатпайды. Меніңше, әр адамды өз дәуірінің қарауылынан қарап сынаған жөн. Біз сияқты Тәуелсіз елдің жастарының алдында тұрған міндет – Құнанбай, басқа да тарихи тұлғалардың дәуіріндегі түрлі әлеуметтік, саяси оқиғалардың ақ – қарасын анықтау. Ұлы тұлғалардың атына кір келтірмей, ақтап қалу. Сонда ғана қазақ халқының мәртебесі жоғарылап қалары сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі:

    1. Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы. Алматы, 1961

    2. Қазақстан Жоғары мектебі. №2, 2003. Т. Жолдасова. Құнанбай бейнесі: Тарихи шындық пен көркем шындық. 210-215 бет

    3. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 10, 1999. 55-58 бет

    4. Ізденіс. Пойск. № 4-5, 1999. Т. Жолдасова. Құнанбай және Оспан (аңыз бен ақиқат). 22-24 бет

    5. Абай. №1, 2004. 2-11 бет

    6. Қазақ әдебиеті. 7 сәуір, 2000

  • Иностранные языки
Описание:

Автор Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 694
Номер материала 58914
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓