Главная / Начальные классы / Ғылыми жоба "АРА және оның тіршілігі"

Ғылыми жоба "АРА және оның тіршілігі"



Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп







Секция: Дуниетану

Тақырып: Бал арасының тіршілігі

hello_html_4bdfb50b.jpg

Орындаған: Капашева Малика

4«А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Ошибаева Г. Б.


Семей қаласы


Мазмұны

Түйіндеме

Кіріспе

Зерттеу күнделігі

Негізгі кезең

Жалпы мәліметтер

Араның құрылымы

Араның ұя салуы

Араның иіс сезу мүшелері

Араның табиғаттағы маңызы

Бал арасынан алынатын өнімдер

Балдың құндылығы

Сыныптағы сауалнама

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер







ТҮЙІНДЕМЕ

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында бал арасы жайында мәліметтер жиналды. Араның құрылымы, ұя салуы, табиғаттағы мыңызы және басқа да тіршілік ерекшеліктері қарастырылды. Бал арасы шығаратын өнімдердің адамға пайдасы, емдік қасиеттері көрсетілді. Жұмыс 15 беттен тұрады. Әдебиет көздері -5.











Кіріспе

Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғатты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , бал арасының тіршілігі қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Бал арасы – тіршілік кепілдігі» деп алдым.

Зерттеу жұмысымның мақсаты:

  • Бал арасының табиғаттағы тіршілігімен танысу;

  • Ара балының пайдасын анықтау;

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  • Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрену;

  • Әдебиеттерден керекті материалдарды таба білуге, онымен жұмыс істей алуға үйрену;

  • Бал арасының табиғаттағы маңызын, тіршілік ерекшеліктерін анықтау;

  • Жиналған мәліметтерді салыстыру, талдау, сыныптастарыммен бөлісу;

  • Сыныптыстарымның арасында сауалнама жүргізу;



hello_html_80e95.jpg


Зерттеу жұмысының жұмыс күнделігі


І-кезең,2013 жыл

Қыркүйек-желтоқсан

ІІ-кезең, 2014 жыл

Қаңтар-мамыр

ІІІ-кезең, 2014 жыл

Маусым-тамыз

ІҮ-кезең, 2 жыл

Қыркүйек-қараша

1.Тақырып таңдау


1.І-кезең жұмыстары бойынша есеп беру

1. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысын жасау

1. Жыл бойы жүргізілген жұмысты қорытындылау

2. Жұмыс жоспарын құру

2. Интернеттен бал арасының тіршілігі жайында материалдар қарастыру

2. Ата-анаммен бірге үй маңына жеміс ағаштарын отырғызу, оны күту,бақылау жүргізу

2.Табиғатта кездескен қызықты көріністерді суретке түсіру;

3.Әдебиеттер іздестіру, іріктеу

3.Бақылау жүргізуге өз достарымды тарту

3. Қала маңындағы омартаға барып, аралар тіршілігін бақылау

3.Сыныптастарым-ның арасында сауалнама өткізу; сауалнаманың қорытындысын шығару;

4.Әдебиеттен керектісін таңдап алу

4. Табиғи балдың емдік қасиеттерін анықтау

4.Бал арасы шығаратын өнімдер туралы мәліметтер жинау

4. Жүргізген жұмыстар бойынша жергілікті газетке мақала беру;


5. Ара туралы халық ауыз әдебиет үлгілерін жинақтау

5. Табиғи балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында дәрігермен сұхбат жүргізу



6. ШҚ облысындағы омарта шаруашылығы жайында мәліметтер жинау

6. Ара ұясының құрылысын зерттеу


Негізгі кезең

Балды, бал араларын халқымыз ежелден білген екен. Ресми түрде елімізде бал араларын ұстау 1786 жылдан басталады. Омарташылық Жетісу өлкесінде тарапты. 90-жылдарға дейін Қазақстанда 400 мыңға жуық ара омартасы болыпты. Еліміз жыл сайын Жапонияға, Онтүстік Кореяға, тағы басқа елдерге сапалы бал жіберіп отырған екен.

Қазіргі кезде балдың 80% Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Ұлан,Күршім, Шемонайға, Қатон-Қарағай, Уржар, Көкпекті, Глубоковское аудандарында омарталар бар.


Ұржар ауданындағы омарташылық шаруасы


hello_html_m5b6012bf.jpg


hello_html_m55b38d7a.jpg


Ара туралы жалпы мәліметтер

Ара- жарғақ қанаттылар отрядының өкілдері. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Араның 20 мың түрі кездеседі. Араның басында үш жай көздері, екі күрделі көзі болады. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Екі жұп жарғақ қанаты бар.

Араның түрлері

Аралар – ара патшасы, еркек ара жұмысшы ара болып үш топқа бөлінеді.

hello_html_42adb6b7.png



Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа болады. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ға дейін жетеді. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға бал, гүл тозаңын жинату, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу сондай –ақ, қорғау міндетін атқарады.

Ара патшасы ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жыл өмір сүреді.

Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, түрі қара, басы үшбұрыштылау келеді. Аузы үлкен бал жинауға қолайлы. Омарталардың негізін қалайтын жұмысшы аралардың денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір ара өз қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз лрындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар.

Араның жемі.

Аралар үшін негізгі тамақтану көзі гүл шырыны болып табылады. Аралар өздері жемін тауып, қысқы қорларын әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шыры нын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға айналдырады. Араларды қант шәрбатымен (суға араласқан құрғақ қант жүзім тұнбасы қышқылы қосылған) жемдейді.

Араның ұясы


Ара ұясын төртбұрышты үйшіктерде салады.



hello_html_7a01563c.jpg






Араның ұя салуы


Аралар өте еңбекқор және ақылды жәндіктер. Бақылап қарасам , бал арасы сан мың гүл түрлері қауашықтарына қонып, нәр жинайды. Ондаған шақырым жерге ұшып барып, компассыз-ақ ұясына қайта оралады

hello_html_1f38f1ec.png

hello_html_m3a565a37.jpg


Ұя жасаған кезде қолданылатын тәсілдері де мені таңқалдырады. Еңбекші аралар ұяшықтарын жан-жақтан бастап ортада кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара жұмыспен тек қана жұмысшы аралар айналысатын көрінеді. Ал бал жинаумен айналысытындары басқалар. Зер салып қарасақ, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екендігін және әрбір қабырғасы мен бұрыштардың өлшемі бір бірімен керемет үйлесімдікпен дәл келетінін байқаймыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен өлшей отырып, әдейі орналастырғандай дәлдікпен жасалған.

Осы жерде «Ол неге үш, төрт, не болмаса, жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» деген сауал туындауы мүмкін. Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор-клеткаларын бір-бірімен үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дөңгелете орналастыру ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» өнері мүмкін емес көрінеді. Қолыңа қалам алып, өзің-де жайлап сызып қарасаң, алты бұрыштың әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға өз-өінен сұранып тұрғанын байқайсың. Яғни, алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш арасында ине шаншар жер қалмайды екен.

Ғалым Ибн әл- Қайымның «Шипа» атты еңбегіңде дәлелдеуінше, осындай үлкен шеберлікпен салынатын ара «үйінің» тағы бір артықшылығыбар көрінеді. Атап айтқанда, бал арасын еш қуыс қалдырмастан толтыруға тек алты бұрышты ыдыс қана қолайлы. Үш,төрт бұрыштыға да бал құюға болады. Алайда оның бұрыштары аса кең болмағандықтан, бал оны толық толтыра алмайтынға ұқсайды


Омарташының киімі



hello_html_80e95.jpg

.

Ара секундына 200 рет қанатын қағады. Араның ызылдаған дыбысы шығу үшін ол минутына 1400 рет қанатын қағу керек.


Араның табиғаттағы маңызы


hello_html_m1ca9ba8d.png

Гүлден- гүлге қонып жүретін кішкентай ғана араның табиғатта атқаратын маңызы зор. Көптеген таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – ара. Олар жиналған әртүрлі өнімдерді зиянды заттардан тазартады. Араларды жергілікті жердің экологиясын жақсартуға қолданады. Топырақтың құнарлығын қалпына келтіре алатын да қасиетке ие. Қалай дейсің ғой? Аралар барлық өсімдіктерді аралап жүріп, олардың тозаңдану процессін жақсартады. Аралар ұшқан жерде өсімдік бітік және тығыз шығады. Әртүрлі дала өсімдіктерінің арасы тығыз болса, түбіне күзге қарай шірінді қабат жиналады. Ол көктемге дейін топырақ құрамына сіңіп, құнарлығын арттырады. Мұндай жерде шөп те, бау-бақша да, егін де бітік өседі


Бал арасының иіс сезу мүшесі


Араның иіс сезу мүшесі өте жақсы дамыған. Олардың иіс сезу мүшелері мұртшаларында орналасқан. Аралар иісті адамнан 1 000 есе артық сезеді және де 1 км қашықтықта сезе алады:

Бал арасынан алынатын өнімдер


Бал, прополис, аналық сүт, араның уы, тозаң гүлі.



Ара балының бөлінуі

Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Гүлдейтін қаншама өсімдіктер болса, соншама балдың түрлері бар.

Түйебұршақ – ақ немесе янтарь түсті, шайқурай балы – мөлдір жасыл сары түсті, шабындық балы – сары немесе алтын түсті, таңқұрай балы – ақ түсті болады, қарақұмық балы – қою қызыл немесе қоңыр түсті жоғарғы сортты бал.





Ара балының құндылығы

hello_html_6dc0bafb.jpg


. Ерте заманнан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан бал – табиғаттың қайталанбас сыйы. Ол ерте кезден-ақ көптеген ауруларға қарсы ем ретінде пайдаланылып келген. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): «Егер жастығыңды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же» деген екен кезінде.. Сөйтіп, бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған.

Ара балының құрамында шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Ара балының құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар, мысалы, глюкоза, минералдық тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотикті және басқа да заттар бар.

Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 килограммы 3 150 ккал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.


Балдың емдік қасиеті

Балдың емдік қасиетін анықтау мақсатында жергілікті дәрігермен әңгіме жүргіздім. Мынадай мағлұматтар алдым:

Бал бала ағзасын түрлі ауруларға қарсы күресуін арттырады, қан құрамындағы гемоглабин процессін арттырады. Бірақ бал балалар мен ересек адамдарда әртүрлі аллергияның себебі болуы мүмкін


  • Бронхитпен ауырғанда, жөтелде, дауыс қарлыққанда 2 стакан тұрып шырыны мен 1 стакан бал араластырып, 1-2 қасықтан сағат сайын қабылдаған жөн;


  • Үккіштен өткізілген сәбізге бол қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады.

  • Ыстық, суықтан тіс қақсағанда өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, сумен ауызды шайқайды


Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап шайып, артынан жараға бал жағады


Араның шағуы



hello_html_3e0454b7.jpg



Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

Адам­дар­ды өздерін ара уы­мен әр түрлі ауру­лар­дан емдеуді қолға алу та­ри­хы бізді ес­те жоқ ескі замандарға же­те­леп алып ба­ра­ды. Мәселен, Мы­сыр­да, Ин­ди­яда, Қытайда, Гре­ки­яда апи­те­ра­пия (ара уы­мен емделуді ме­ди­ци­на­да осы­лай атай­ды, араның уын «апи­ток­син» дейді) ежелгі дәуірлерде белгілі болған. Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Гроз­ный өздерін араға та­ла­тып, по­даг­ра де­ген ауру­дан айыққан. Халықтық ме­ди­ци­на­да ара уы­мен ем­де­лу ба­рын­ша қарапайым тәсілдермен жасалған. Ал, омар­та­шы­лар ара­сын­да рев­ма­тиз­м­мен және по­даг­ра­мен ауы­ра­тын­дар мүлдем дерлік кездеспейді екен.

Бал ара­сы уы­мен емделудің бірінші на­си­хат­тай­тын­дар да осы омар­та­шы­лар болған. Ре­сей­де XIX ғасырдан бас­тап ара уы­мен ем­де­лу ісі дәрігерлердің на­за­рын аударған. 1864 жы­лы Петербургтегі ор­ман академиясының про­фес­со­ры М.И. Лю­бар­ский рев­ма­тизм, по­даг­ра, бастың сақинасы секілді көптеген сырқаттарды жазудағы ара уының рөлі ту­ра­лы мақала жазған. 1988 жы­лы австриялық дәрігер Фи­липп Терч ара­мен шақтырғаннан кейін нев­ро­ло­гия, рев­ма­тизм сын­ды бірқатар кеселдерді жа­зып шығудағы оң нәтижелерді жа­ри­я­ла­ды. Ал ара уының химиялық және фармакологиялық жағынан алғаш рет зерттеуді Пра­га университетінің про­фес­со­ры Лап­гер 1897 жы­лы қолға ал­ды. Ол 1915 жы­лы бірінші рет ара уының пе­ре­па­ра­тын жа­сап шығарды. Ресейді бұл бас­та­ма­ны дәрігер Л.В. Лю­бар­ский жалғастырса, кеңес за­ма­нын­да М.Б. Кроль одан әрі да­мыт­ты.

Бірақ, араның уы емдік мақсатта та­лай ғасырдан бері қолданып ке­ле жатқанына қарамастан, ғылыми ме­ди­ци­на­да ол әлі күнге дейін өзінің лайықты ор­нын алып отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл араға шақтырудың адамға ауыр­лау тиетінімен де бай­ла­ны­с­ты. Оның үстіне араның уын жұрттың бәрі бірдей көтере бермеуі де мүмкін. Тіпті ірі аналық ара­лар шақса, оның уы адам­ды өлтіріп жіберетін де жағдайлары ұшырасады. Бәлкім, осының бәрі жұртты сақтандырса ке­рек.






Қазақстанда балдың 80% ШҚ облысында өндіріледі

Өз сыныбымдағы оқушылар балдың емдік қасиеті туралы біле ме, екен деген оймен сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың сұрақтары төмендегідей болды.


Сауалнама

  1. Балдың емдік қасиеті туралы білесің бе?

Білемін- 10 бала

Білмеймін – 9 бала

  1. Сырқаттанған кезде балмен немесе басқа өнімдерімен емделіп көрдің бе?

Иә, емделіп көрдім – 14 бала

Жоқ, балды пайдаланған жоқпын – 5 бала

  1. Балды қолданған кезінде аллергияның белгілері бола ма?

Иә, болды – 0 бала

Болған жоқ – 19 бала

  1. Балдың емдік қасиеті туралы кімнен естіп таныстың?

Өз жауабынның тұсына «+» белгісін қой

А) ата-анамнан

Ә) мектепте мұғалімнен

Б)достарымнан

С) кітаптардан оқып білдім

«а» жауабын белгілегендер – 10 бала

«ә» жауабын белгілегендер – 7 бала

«б» жауабын белгілегендер – 1 бала

«с» жауабын белгілегендер – 2 бала

  1. Ара туралы жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегілер білесің бе?

Иә, білемін -19 бала

Жоқ, білмеймін – 0 бала




Сауалнаманың қорытындысы

Сауалнамаға 19 бала қатысты. Балалардың көпшілігі балдың емдік қасиеті бар екенін біледі. Сырқаттанған кезде ем ретінде балды пайдаланған.






Қорытынды


Ара өте еңбекқор және ақылды жәндік екеніне , ал ара шығаратын таза өнім, бал, адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның шипалы қасиеті мол екеніне отбасым да, сыныптастарым да келісті.

Грецияның ұлы математигі Пифагор: «Менің көп жасауымның себебі – «үзбей бал жеуімнен», – деп айтқандай, егер балалар да, ересек адамдар да үзбей бал жеп отырса, онда біздің халқымыздың денсаулығы мықты болады. Омарташылық шаруашылығы дами берсің!






Қосымшалар


Жұмбақтар

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы


Еріншекті, еміншекті,

Аямайды, қаламайды,

Шағады,

Мұны кім табады?


Жаздай жатпай,

Қырдағы гүлдерді аралар.

Өзі де таппай

Жинар гүл шырынын.

Тиссең оған құрыдың,

Аямай шағып жаралар.


Жаңылтпаштар


Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.


Бала бал арасын қуалады.


Бауда ара бар
Ара барда бал бар
Жейсіңдер, балалар
Қайда кетер, бар, бар


Ауа райын болжау


Бал аралары топтанып шырын жинауға аттанса – қүн ашық, егер ұясынан ұзамаса, ауа райында өзгеріс бар.

Ара адамды неге шағады?

(ертегі)

Бал жинап жүрген араның көзі қалтарыста қызарған қызанаққа түседі. Жапыраққа жасырынған қызанақ қорыққаннан дірдір етеді. Ара аң-таң.

Кімнен қорқады?

Неге жапыраққа жасырынады?

Жақындап келіп, жайлап қана қызанақтың хал-жағдайын сұрай бастайды.

Айтшы, қызанақ, саған не болған, жапырақ жамылып кімнен жасырынп тұрсың?

Мен бе?

Қызанақтың дауысы əзер шықты.

Адамдардан.

Неге?

Өйткені олар мені жеп қояды. Сабағымнан жұлып алып, жуады да пышақпен кескілеп етімді ауыртады. Ал кесілген жеріме тұзды оңдырмай себеді-ай келіп. Онсыз да ауырып тұрған жерім енді ашып азаптайды. Сондықтан да жасырынам. Тəттіден басканың дəмін татып көрмеген ара қызынақтың əңгімесін естіп, көңілсіз күйге енеді.

Міне, содан бері ара атаулы адам көрсе шағатын болыпты.





Әдебиеттер:

  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. І- том

  2. «Балбұлақ» // №8 – 2011 жыл

  3. «Дүниетану сабақтарын экологиялық бағыттау» Семей, 2009 жыл

  4. «777 жұмбақ», Алматы, 1998 жыл

  5. «Балдың формуласын білесің бе?» Л. Тастанбекова, Алматы, 2008 жыл


Интернет-ресурстар










































Ғылыми жоба "АРА және оның тіршілігі"
  • Начальные классы
Описание:

Кіріспе

 

       Бізді қоршаған табиғат небір қызықты құпияларға толы.Табиғат аясында тіршілік етіп адам табиғат сырын игеріп үйренді, оның сан алуан құбылыстарын бағалай білді. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі сан алуан. Туған жердің табиғатты маған қатты ұнайды. Мені, әсіресе , бал арасының тіршілігі қызықтырды.Таза өнімдердің өндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз жәндік – аралар. Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Бал арасы – тіршілік кепілдігі» деп алдым. 

Автор Ошибаева Галия Бекеновна
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 760
Номер материала 22245
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓