Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыНаучная работа «Хэллоуин мерекесі»

научная работа «Хэллоуин мерекесі»

Скачать материал

   Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

                  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

                                   Тасшағыл орта мектебі                       

 

                                                   Авторы: Қуанышқызы  Назымгүл

                                                 11 сынып Тасшағыл орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы: «Хэллоуин  мерекесі»

Бағыты:

Секциясы:

 

 

 

 

 

                                               Жетекшісі: Утаршиева Гүлзада 

                                                    ағылшын тілі пәні мұғалімі

                                                   Тасшағыл орта мектебі

 

 

                                   Атырау – 2014 ж           

                        

 

                                                 Жоспар.

  І. Кіріспе.

1.     Ағылшындар мәдениетіне шолу.

 ІІ. Негізгі бөлім.

1.     Ағылшын салт дәстүрлері.

2.     Ағылшындардың ұлттық мерекелері.

1)    Рождество.

2)    Аналар мерекесі.

      3 Хэллоуин.

1)    Хэллоуинның шығу тарихы.

2)    Мерекенің белгілері.

3)    Хэллоуин қазақ жерінде.

 ІІІ. Қорытынды бөлім.

       1.Хэллоуинның ұлтымызға берер зияны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ағылшындар мәдениетіне шолу.

    Англия – көп ғасырлар бойы сақталған ескі, таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге бай ел. Англия Ұлыбритания 83%-ын құрайды.  927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады. Ал Англия астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала болып саналады. Англия — қазіргі көптеген жаһанды нәрселердің шыққан жері. Олардың ішінде ағылшын тілі, Англикан шіркеуі,Парламент негіздері. Ол Өндірістік революциясының отаны болып саналады.

    Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі қоғамдық ортада қарым-қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.

     Ағылшындықтар салты бойынша қарым-қатынас жасап отырған адамның ойын бөлмеу, сөйлесіп отырған адам сөзіне құрметпен қарау керек. Ағылшындықтардан «мүмкін», «маған солай секілді», «мен ойлаймын...» деген сөздерді сөйлесу барысында жиі естиміз. Бұл-сыпайлықтың белгісі.

    Ағылшындықтар адамдарды жасының үлкендігіне қарап құрметтеп қана қоймайды. Сонымен бірге адамдардың сезімінің жоғарылығына қарап құрметтейді. Ағылшындар бірін-бірі ұнатып жатса некелесуге асықпай-ақ жай ғана бірге өмір сүріп көреді. Егер осы аралықта бірін-бірі жете танып, түсінісіп жатса некелерін уақыты келгенде қидырады. Ал түсініспеушіліктер болып жатса екіге бөлініп кете береді. Мұның нәтижесі ажырасып кетуден, сәтсіз отбасы атанудан сақтанатындығы екен.

                                              Негізгі бөлім

Ағылшындардың салт-дәстүрлері.

    Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың ең танымал киімі-ауылдық жерлерде жаз мезгілінде билейтін моррис атты би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты.   

    Ағылшындықтар «Ескі-демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой-күдікті, жаңа технология-сенімсіз» деп есептейді. Ағылшындықтардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған.

Ағылшындардың ұлттық мерекелері.

Рождество.

    Ағылшындардың ерекше мерекесі – Рождество мерекесі. Ағылшындардың салттары бойынша, Рождество кезінде үй ішін әдемі бұйымдармен безендіреді. Ескі дәстүр бойынша үйдің барлық терезелеріне шырағдан қойылады, сондықтан бұл түн «шырағдан түні» деп те аталады.        

 

 

    Ұлыбританияда «Рождество – әкеден» сыйлық сұрауға болады. Яғни өзінің арман еткен затын, болмаса өзінің не тілейтінін хатқа жазып, оны тасқа байлайды да лақтырып жібереді. Ескі діни-сенімдер бойынша, ол хатты Рождество-әкенің өзі алып, қалағанын береді екен. Бұл мереке уақытында ағылшындықтар бір-біріне, бірдей бағаға сыйлық сыйлауына болады. Жеребе тастау арқылы бір адам есімін суырып алады да сол адамға арнайы сыйлық жасауға кіріседі. Рождество алдында өзін сыйлайтын әрбір адам барынша барлық жақындарына, таныстарына ашық хат арқылы ол адамға не тілейтіндігін жазып сыйлайды екен. Ағылшындықтар үшін Рождество мерекесі  «отбасы мерекесі» деп есептелінеді. Сол күні басқа үйге қонаққа баруға болмайды, бірақ басқа отбасылармен бірігіп, жаңа жылды мейрамханада қарсы алуларына да болады екен.

Ұлыбританиядағы «Аналар мерекесі»

    Ұлыбритания еліндегі аналар мерекесі дәстүрлі 8 наурыз мейрамы іспетті. Ағылшындар бұл күнді «Mother's Day» немесе «Mothering Sunday» деп атайды.

Бұл мерекенің атап өту өткен ғасырларда басталған-ды. Сол заманда кәмелет жасқа толмаған балалар үйлерінен жырақта болып, қара жұмыс істеген. Алған еңбекақыларын үйлеріне жіберіп отырған. Жылына бір рет олар үйлеріне барып, ата-аналарымен кездесетін. Үйге барған кезде балалар аналары мен әжелеріне базарлық әкеліп, гүл шоқтарын сыйлайтын. Бүгінде мереке күні балалар аналарына гүл сыйлап, оған ерекше құрмет көрсетеді.

17 ғасырдың басында Англия елінде ауыз бекіту айының төртінші жексенбісінде «Ана жексенбісін» тойлау дәстүрі бастау алды. Бұл күн Англия халқының аналарының төл мерекесі. Әу бастан діни мереке саналған бұл күн уақыт өте келе заманауи мейрамдардың біріне айналды.

 

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/a5f8ebb395e0.jpg

Жексенбілік мереке күні барлық жандар жұмыстан босатылып, бұл күнді аналарымен бірге өткізеді. Әйелдер қауымы демалып, ер-азаматтар үйдің барлық жұмысын атқарады. Симнель (simnel cake) тортын пісіріп, оны марципаннан жасалған 12 кішкентай шарлармен безендіреді. 12 кішкентай шар - жұлдыз жорамалдың 12  белгісінің нышаны. Торт атауы «simila» деп аталатын майда тартылған ұн атауынан шыққан.

Мереке күннің ақшамында отағасы жарының көңілін аулап, оны қымбат мейрамханаға апарады. Ал балалар болса, аналарына гүл шоқтарымен қатар, қолдан жасалған ашық хаттар мен өзге кәдесыйларды тарту етеді.

Бұл күні міндетті түрде аналарға хабарласып, мерекемен құттықтау қажет. Үйінен жырақта жүрген балалар аналарына пошта арқылы базарлық жіберіп, телефон арқылы байланысқа шығып, құттықтайды.

 

 

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/1289806746_j0422744.jpg

Жексенбілік мереке күні Ұлыбритания халқының көңіл-күйі көтеріңкі болады.Лондон қаласының көшелері мен алаңдарында мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

 

 

 

Хэллоуинның шығу тарихы

    Бұл мейрам қайдан шыққан және қандай ерекшелігі бар? Бұл үшін мыңдаған жылдарға шегініс жасау керек. Христиандық дәуірге дейін кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ Францияның аумағында кельттер өмір сүрген. Кельттердің жыл санауы қыс және жаз болып екі бөліктен тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары құдайы деп санайтын.
     Тура 31 қазан күні (әрине біздің жыл санауымыз бойынша) кельттер өздерінің Самхэйн деп аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайтын. Бұл мейрам күзгі өнімді

жинау науқанының аяқталғанын және ескі жылдың аяқталуы мен жаңа жылдың басталуын білдіретіндіктен ерекше мәнге ие еді. 
Сонымен бірге Самхэйн – қыстың басталуын білдіретін. Кельттер пұтқа табынушылар болған, олар да өлімнен кейін де өмірдің болатынына сенетін. Кельттердің аңыздары бойынша Самхэйн өмір сүретін ақ дала өте әдемі болады-мыс. Аңызға сенетін болсақ, осы түні Самхэйн өткен шақ пен болашаққа есік ашады екен. Көптеген салттар және дәстүрлер Самхэйнмен байланыстырылған. Осы күні Ирландияның Тару атты бас қаласында барлық жауынгерлер жиналып, той жасайтын, ол күні-түні тойланатын болған. Самхэйн күні адамдар кейінірек друидтер (кельт халқының абыздары) берген қасиетті оттармен қайтадан жағу үшін, өз үйлеріндегі оттарды өшіріп қоятын. Бұл күн мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік иелері біздің әлемімізге өте алатын. Сондықтан да кельттер әруақтар сияқты киініп алып, арғы беттен келетін тылсым күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып тамақ сұрап жүретін болған. Самхэйн мейрамында әртүрлі бал ашулар өткізілетін. Мысалыға, жастар қосақталып отырып, ұзын пішіндісі – еркек, ал дөңгелектеу келгені әйел деп есептеп, шырмауық жапырақтарын жанып жатқан отқа лақтыратын болған. Алаудың екпініндегі жапырақтар бір-біріне жабысатын болса тойға, ал егер екі жаққа ұшып кетсе айрылысуға деп есептеген. Бал ашу кезінде көбінесе жаңғақты қолданған. Қыздар өз сүйіктілерінің адалдығына көз жеткізу үшін, жанып жатқан оттың жанындағы торларға аттары жазылғн екі жаңғақты қоятын болған. Сонда жаңғақтар бірдей жанып кетсе бәрі жақсы, ал егер олар жанбай, жан-жаққа ұшып кетсе – бұл жігіттің бейкүнәлігінің дәлелі деп саналған. 
    Біздің дәуіріміздің І ғасырында римдіктер кельттерді жаулап алған. Бірақ мейрамдарын тойлауға тиым салмаған – ол Помон (өсімдіктердің әйел құдайы) күнімен тура келген. Уақыт өте Самхэйн сіңісіп кеткен.
Британия мен Ирландияның христиандануы жергілікті халықтың пұтқа табынушылар мейрамдарынан бас тартуына алып келді. Бірақ та Самхэйн ұмытылмады.

                                             http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/eb/No_Hallowe%27en_without_Jack-o%27-Lantern.jpg/250px-No_Hallowe%27en_without_Jack-o%27-Lantern.jpg

                                            Джек шамдарымен сәндеу үрдісі, 1919 жыл


    ІХ ғасырда ІІІ Папа Григорий барлық әулиелер күнін тойлауды 13 мамырдан 1 қарашаға ауыстырды. Сол кездерде бұл күнді жыл бойына өз мейрамдары болмаған әулиелерге бағыштаған. Мереке қарсаңындағы күн (31 қазан) ескі ағылшын тілінде All Hallows Even немесе All Hallows Eve («барлық әулиелер кеші») деп аталған. Кейінірек атаулар Hallowe'en немесе Halloween деп өзгертілген.Пұтқа табынушылар мен христиандардың мейрамдарының тойлануы бір уақытта тура келуі, пұтқа табынушылар мейрамының сақталып, кельттердің жын-шайтандары христиандарға өтті. Орта ғасыр және Жаңа уақыт дәуірінде Хэллоуин жындар ойнағының уақытына айналды. Ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан қорқынышты шамдар жасау дәстүрі Хэллоуинмен тығыз байланысты. Аңызға сенсек мұндай шамдарды қуақы және сараң ирландиялық ұста Джек ойлап тапқан екен. Ол осы шамдар арқылы шайтанды екі рет алдап, одан өз өміріне қастандық жасамайтыны туралы уәдесін алған-мыс. Бірақ та ұста күнәлары үшін жұмаққа жіберілмеген, және де ол шоқ болып жанған көмірді, жел тиіп өшіп қалмауы үшін бос асқабаққа салып, өз жолын жарық ете отырып, Ақырзаман келгенше Жер бетін кезіп жүруі керек болған. Осыдан келіп шамның — Jack-o-lanterns атауы пайда болған.
    Қазіргі сипаттағы Хэллоуин тек ХІХ ғасырда ғана пайда болған. Еуропадан АҚШ-қа көшкен эммигранттар осы мейрамды алып келгеннен кейін, тек өткен ғасырдың 1920 жылы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында алғаш рет ресми тойланды. Хэллоуинде ағаштарды өртеу, шамдарды сындыру секілді ұсақ бұзақылықтар сәнге айнала бастады. 1950 жылдардан бастап Хэллоуин коммерциялық тұрғыдан пайда әкеле бастады. Костюмдер, әшекейлер, ашықхаттар және басқа да заттар өте жоғары сұраныстарға ие бола бастады. Содан бері Хэллоуин америкалық тинэйджерлердің сүйікті мейрамдарына айналды.
    Кешегі күнге дейін тек қана АҚШ пен Канадада тойланып келген Хэллоуин Еуропа мен басқа да құрлықтардың көптеген елдеріне қанат жая бастапты. Сонымен қатар соңғы жылдары біздің елімізде де тойлануы байқалып жатыр. Түнгі клубтар маскарадтар мен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қыруар пайдаға кенеліп жатқан көрінеді. Тіптен кейбір мектептер мен оқу орындарында студенттер мен оқушылардың бастамасы бойынша да тойланып жатады екен (әрине, қарны тоқтар оқитын мектептерде). 
    Бірақ та, бұл мейрамның танымалдығы өсуіне қарамастан, солтүстіктегі көршіміз Ресейдің Мәскеу патриархаты мен Ресей мүфтилерінің Кеңесі «Хэллоуин – Ресейге жат мейрам» деп санауда. 2005 жылы Мәскеу қаласының билігі бұл мейрамды тойлауға қарсы болған. Бірақ тиым да салған жоқ. Сонда да мектептерде тойламауды өтінген.    
                          

Хэллоуин мерекесінің белгілері.

      Хэллоуин (өте қорқынышты) – ағылшындардың сүйікті мейрамы. Хэллоуин – қазан айының соңғы күні өткізілетін Валентин күні. Ұлыбританияда Рождестводан кейінгі тұрған, халық жаппай тойлайтын мереке. Көп жылдар бойы Ирландия мен Шотландия дін қызметкерлері осы мерекені тойлатқан. Мерекенің басты белгісі – мұрны, көзі, аузы ойылған асқабақ.

                                       http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//webmandry.com/images/stories/2013/09/947/2.jpg&mb=imgdb_preview_1657

Бұл мереке түнде өткізіледі, себебі ағылшындардың ойынша сол түні шайтандар мен перілер келеді деп сенген. Қорыққандықтан өздері де әртүрлі киімдерге киініп, бет-ауыздарын бояп, перілер мен шайтандарды алдап соғуға тырысады. Алғашында бұл мереке балалар арасында өткізілетін. Уақыт өте үлкендер де мерекеге қызығып қатыса бастады. Мысалы, Лондонда үлкен-кішісі көшеде өткізілетін парадтарға қатысады. Барлығы жын-перілер, мыстандар, сиқыршылардың киімін киіп қолдарына асқабақ ұстайды. Және бұл парад таң атқанға дейін жалғасады. Англияда бұл күнге таяу уақыттары конфеттер және де карнавалдық киімдер сатылымға шығады, мұндағы ең көп тұтынушы европалық отбасылар болып табылады.

                                       http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//artdanceclub.ru/images/custom/IMG_7889.1_tn.jpg&mb=imgdb_preview_332

Хэллоуин қазақ жерінде.

    Биыл 2014 жыл алаштың азат атанғанына – 23 жыл. Алайда осы күнге дейін ұлттық рух, тәуелсіз сана толық қалыптаспағаны ащы да болса шындық. Бір қызығы, осы олқылықты орнын толтырмақ болып, өзімізден бұрын өзгелер қимылдап жүргендей. Яғни, пайда болған біздегі рухани бос кеңістікке біреу дінін, біреу тілін өткізгісі келіп әрекет етуде. Ал енді біреулер той десе қу басы домалайтын қазақтың әлсіз тұсын дөп басып, мерекелерімен еліктіруде. Мақсат – мейрам арқылы мемлекетте өз идеологиясын жүргізіп, сонысына халықты бас идірмек. Сондай мейрамдарың бірі – Әулие Валентин, яғни ғашықтар күні еді. Әупірімдеп жүріп, Валентиннің қазақша нұсқасын табамыз деп, 15 сәуірде «ұлттық махаббат мейрамы» еткен болдық. Бірақ санадан біржола өшірудің жолы әлі табылған жоқ. Келмеске кеткен кеңестің мейрамы – 23 ақпанның да әлі күнге арамызда айтылып жүруі осы олқылықтың бір көрінісі.
    Біздің елімізде тұрғын үйлердің сыртын, көшедегі көліктерді, аялдамаларды және әртүрлі жарнамаларды қирататын, бояп кететін, бүлдіретін бұзақыларға бұл мейрам таптырмас қызық болып отыр. Алдыңғы жылы осы мейрамды тойлаушылар Алматы қаласы, Алмагүл ықшам ауданындағы тоғыз қабатты үйдің кіре берісіне машинаның ескі доңғалағын өртеп тастап кеткен болатын. Келіп жеткен өрт сөндірушілер домофонды ажыратамын дегенше біраз уақыт өтіп, тұрғындар түтінге тұншығып қалған-тұғын.Орталық демалыс саябағында да біраз бұзақылар сондағы демалушылардың мазасын алған жағдайлар болған.

 

 

 

 

                                               Қорытынды
              

                              Хэллоуинның ұлтымызға берер зияны.

      Еліміздің экономикалық өркендеуін көре алмайтын, халықтардың тату-тәтті өмірін бұзуды көксейтін кейбір тоғышарлар, мейрамға қатысты іс-шаралар өткізетін көңіл көтеру орындарының бастықтары мен осы мейрамдарға қажетті заттарды сататын саудагерлер үшін өте үлкен табыс көзі болып отырған жайы бар.Айталық, бір ғана Валентинка немесе құбыжық суреті салынған ашықхаттың ең арзаны 50-100 теңге шамасында.Ал енді түнгі клубқа кіру құны дәрежесіне қарай 2000 теңгеден басталады.
    Еліміздің ертеңі болатын жастарымыздың көпшілігі имандылыққа бет бұрып намаз оқып (дәстүрлі ислам, Ханафи мазхабын ұстаушылар), арақ-шарап ішуден, нашақорлықтан бас тартып салауатты өмірге бейімделіп келе жатқанда әлгіндей арамыздағы жын-шайтандар іріткі салып әкетпесіне кім кепіл?
    Сондықтан да мұндай жат мейрамдарды тойлауға заңмен қатаң тиым салынуы керек деп ойлаймын. Халқымыздың дәстүрлі мейрамы – Наурыз бен мұсылмандардың мейрамдары – Рамазан айт, Құрбан айт секілді жақсы мерекелерді тойлауға ықылас білдірмейтіндер, өзгенің қаңсығын таңсық көрмесе екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Пайдаланған әдебиет:

 

1.     http://www.kkaobolashak.kz/index.php/kz/basty/12-kaz-novost/236-khellouin

2.     http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D1%8D%D0%BB%D0%BB%D0%BE%D1%83%D0%B8%D0%BD

3.     http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82:%D2%B0%D0%BB%D1%8B%

4.     http://www.topreferat.kz/load/referattar/geografija/lybritanija_referat/8-1-0-2166

5.     http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B%D0%B1%D1%80%

6.     http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D0%B3%D0%BB%D0

7.     http://magistr.kz/referat/show/21199/49/1

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа «Хэллоуин мерекесі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

научная работа ученицы 11 класса Куанышкызы Назымгуль на тему "Хэллоуин  мерекесі" (" Празднование Хэллоуина") на казахском языке. на работе предоставлены материалы о культуре Англии, об истории возникновения праздника , о традиции празднования Хэллоуина,а также таких праздников, как Рождество и День Матери, о главном символе Хэллоуина - тыквы. ученица попыталась доказать, что празднование Хэллоуина на казахской земле не соответствует традициям и быту казахского народа, какой вред приносит он казахской земле и  новому поколению. данная научная работа была оценена и заняла призовое место на районном конкурсе научных работ.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 944 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 868
    • DOCX 146.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утаршиева Гульзада Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18690
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 830 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 841 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 383 человека