Инфоурок География Другие методич. материалыҒылыми жоба баяндама, тақырыбы: «Қар шыңының құдіретті жануары».

Ғылыми жоба баяндама, тақырыбы: «Қар шыңының құдіретті жануары».

Скачать материал

 

                 Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы орта мектеп

 

 

 

                Баяндама

 

Тақырыбы: «Қар шыңының құдіретті жануары».

Орындаған :  Калембекова Арна - №33 жалпы орта мектептің 9 – сынып оқушысы.

Ғылыми жетекшісі: Молдағұлов Ғ.С. –география пәнінің мұғалімі

 

 

 

                                      Семей -2015 ж.

 

 

 

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: «Қар шыңының құдіретті жануары»

Мақсаты.

Шығыс Қазақстан аймағындағы жан-жануарлардың ішінде осы өлкелерді мекен етіп, мұзды кеудесіне төсенген аңның бірі Қар барысының қоршаған ортадағы өзіндік ерекшеліктерін анықтап тұжырымдамалар жасау.

Міндеті.

Жаратылысы ерекше, аңдардың ішінде географиялық тарихы әлі толық зерттеліп бітпеген биік шың тағысы –  Барыстыңтаралу аймағын көрсетіп және тәрбиелік мәнін түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар.

І.  Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІ.1. Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағы.

ІІ.2. Қар барысы туралы ерекше мәліметтер.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

V.  Қосымша материалдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.1. Қар барысының Шығыс Қазақстан жеріндегі тіршілік ету аймағы.

Қар барысы Шығыс Қазақстан облысының әлі толық зерттеле қоймаған жыртқыш аңдарының бірі. Алайда ол жәй қарапайым аңның біріне жатпайды. Көптеген халықтардыңтүсінігінде Барыс – қасиетті, тотемдік аңның қатарында. «Биік шыңның құдіреті», «Күміс теңбіл ғажайып», «Тау иесі» - деп халық барысты зор құрметпен атайды. Тәуелсіз еліміздің тұғыры болған тарихи ескерткішіміз «Алтын адам», ал онымен  бірге қанатын жайып тұрған барысты халқымыз қадір тұтады. Қазіргі кезде өткізіліп жатқан еңбек және спорттық жарыстардың қадіріне айналған осы аңға құрмет ерекше болуда.

ХХ ғасырдың ортасында Ораталық Азия аймағында «Тұран тигрі» мен» Азиялық гепарды» жойылып кетті. Міне осындай жағдайды қазіргі кезде Қар барысыда күтіп тұр. Осыдан болар оның Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілгені тегін емес.[2,7]

Шығыс Қазақстанда қар барысы Белуха қатпарлығында (4506 м) және Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сауыр, Тарбағатай жоталарында кездеседі. Барыстың негізгі тобы Бұқтырма, Қара – Қаба, Арасан – Қаба өзені, Катон-Қарағай ұлттық паркі мен Марқакөл қорығы маңындағы таулардан да байқалған. Қар барысы Шығыс Қазақстандағы ең сирек кездесетін аңдар қатарына жататындықтан, олардың жалпы саны ғалымдар мен Алтай қорықшыларының мәліметіндегі есебі бойынша 20-25-тен аспайды. Барыстың тіршілік етіп жүрген ортасы Белуха тау жотасы Орталық Алтайда , ал оның көп бөлігі Ресейде жатыр. Негізінде зерттеуші ғалымдардың пайымдауына қарағанда ( Ю.Зинченконың аймақтық зертеу экспедициясының мәліметіне қарағанда) қар барысының жүретін бағыты тау текелер мен арқарлардың ареалына байланысты өзгеріп отырады делінген[4].Алайда бұл сөзді Марқакөл және Қатон-Қарағай қорықшылары да растайды. Үнемі қорықшылардың тікелей бақылауларының нәтижесіне сүйенсек, онда осы алынған мәліметтер ғылыми зерттеулермен сәйкес келеді деу әбден мүмкін. Қазақстанның Алтай бөлігіне көршілес жатқан Ресей, Монғолия, Қытай жерлерінде барыстар көбейіп және бір тектілік өзіндік генетикалық тармақты жұп құрды. Міне осыған байланысты дүние жүзілік статистикалық мәліметтен мынаны байқауға болады:

Берілген кестеден Барыстардың мекен ету аймағы Ресей, Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан мен Бирма жерінде ауқымды болғандықтан болар, олардыңбағыты тау текелер мен арқарлардың ареалына сәйкес келіп отырады.  Дж. Шеллер, Федосенко, Е.Кошкарев, Зверев М., С. Мустафинт.б. келтірген

 

 

мәліметтерінен барыстардың өмір сүрудегі ареалының орташа көрсеткішін байқаймыз. Осы түз тағысын сақтап қалуда ғалымдар мен табиғатты қорғауға бағытталған дүние жүзілік ұйымдар бақылау жұмыстарын жүргізуде. Алайда адамдардың пайда табуды көздеген пиғылдарынан барыстың саны кемуде.

 

 

Мемлекет

Ілбістің таралу аймағы (ареалы) км.кв.

    Орташа саны

Зерттеме негізі

       Ауғанстан

        50000

          200-500

Дж. Шеллер, Федосенко, Е.Кошкарев, Зверев М.,

С. Мустафин

т.б. ғалым зертеулердің нәтижесі бойынша

       Бирма (Мьянма)

10000

          40-50

       Бутан

15000

          200-250

       Қытай

110000

          2000-2500

       Үндістан

75000

          400-500

       Қырғызстан

105000

          300-700

       Монғолия

103000

          500-1200

Непал

30000

 350-500

Пәкістан

80000

 250-400

Қазақстан

50000

 100-180

Ресей

130000

 150-200

Тәжікстан

100000

 200-500

Өзбекстан

50000

 30-50

Барлығы:

        1843000

 4640-6950

 

 

Қар барысының сандық өзгерсін Қытай елінің зерттеушілері:«аңды рұқсатсыз адамдардың аулауынан және барысқа қажетті азық қорының таусылуынан» дейді. Ал кейбір жерлерде жергілікті халық шөппен қоректенетін суырлар мен басқада кеміргіштерді «мал азығы азайып кетуін, мал басын сақтап қалу үшін шөппен қоректенетін тышқандарды  дәрілеуі (фосфорлы цинкпен т.б. химиялық заттармен улауы)  тышқандардың санының азайып кетуіне себеп болған. Сонымен адамдар өздеріне азық ету үшін тауешкіні, арқарды т.б. заңсыз жолмен аулауы да осыған себеп болған. Қытай елінің мәліметі бойынша 1958-1983 жылдар аралығында бір ауданынан Батыс Германияға 100-200тоннаға дейін, яғни 20 кг. салмақпен өлшегенде  жылына аңшылар 5000 -100000 дейін арқарды атып, оның  етін экспортқа жөнелтіп отырған.[Зверьев М.] Бұндай жағдайлар көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан т.б.

 

 

биік таулы аймақтағы елдерде байқалған. Міне осыған байланысты барыстың саны көбеюдің орнына керісінше кеми бастаған.

 Зерттеуші ғалымдардың мәліметі негізінде Қазақстанда 50000 км.кв. территорияда шамамен 100-180-дейін барыстың өмір сүретіндігі анықталған. Шығыс Қазақстандағы Алтайдың Қазақстандық бөлігінен, Сарымсақты, Тарбағатай, Қалба, Сауыр таулары орналасқан - 1800 км. кв. аймақтан барыстардың тіршілік ету сандық құрамын ғалымдарымыз зерттеген. Мысалы 1999 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өлкесін «Әлемдік табиғат қоры» атты ғылыми-зерттеу институтыныңғалымдары - Р. Байдәулетов, Ю. Зинченко барыстың популяциясын  анықтаған.Оңтүстік Алтай, Сауыр, Сарымсақты, Тарбағатай аймақтарын зерттеп, ғалымдарымыз барыстың ареалы туралы мына нәтижеге қол жеткізген. [2.7]

 

Ғалымдардың зертеу нәтижесінде:

 

Зерттеу аймағы

               Ареалы

Анықталған барыс саны:

Сарымсақты жотасы

           6000 км кв

        3

Оңтүтік Алтай

 9000 км кв.

        10

Тарбағатай жотасы

           3000 км кв.

        3

 

Қазіргі кезде барыстың таралу аймағы Қазақстан көлемінде зерттелуде, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы және Семей аймағындағы Тарбағатай жотасыда зерттелуде. Өйткені осындай зерттемелер арқылы барыстың таралуындағы сандық көрсеткіштерді нақтылап, оны қорғауға алу туралы  іс- шараларды жүргізу белгіленуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ.2. Қар барысы туралы ерекше мәліметтер.

 

 Барысты әр халық әртүрлі атайды мысалы Қазақстан мен Қырғызстанда бұл жануарды «Барыс» деп атаса, Татарстанда – «Ақ Барыс», көне моңғолдар –«Ілбіс»,Тувалықтар «Ілбіш» деп атайды екен. Ал әдебиет классигі Шыңғыс Айтматов оларды «Жаабарс», яғни «жылдам, жебенің оғындай» - деп айтқан

болатын.[1]Бұл ірі мысық тұқымдастардың денесі леопардқа келеді. Оның құйрығының түбінен тұмсығына дейін 110-130 см (39-51 дюйм), ал құйрығының ұзындығы 90-110 см (31-39 дюйм). Сонда оның құйрығы денесімен бірдей деуге болады. Мамық жүнді барыстың құрығыдамамықты болады және жартастан-жартасқа немесе өзінің жемтігіне қарай секірген кезде тепе-теңдікті сақтап қалуда және оны бағыттауда үлкен роль атқарады. Барыстың еркегінің орташа салмағы 35-75кг. (55-165 фут), ал ұрғашысының салмағы аз әрі жеңіл болады. Барыс бір орнында тұрып секірген кезде 12-15 метрге дейінгі жерге жетеді. Оны зерттеуші ғалымдардың көбі растайды және олардың айтуынша қар барысы адаммен бетпе-бет кездескен кезде алдымен жолдан ығысып аулақтау жерге барып, барлап қарап тұратын көрінеді. Негізінде Барыс өте сақ және адамды алдымен көріп бақылап, оның ешбір қауіпсіздігіне көзі жеткізгенше одан көз жазбай тұрады. Атақты, тарихшы, археолог ғалымның бірі Бекен Нұрмұхамбетов жұмыс сапарының бірінде жартастың басынан өзіне қарап тұрған жас барысты көрген. Ол да оған қараған, алайда оған Қар барысы тиіспей,қайта біршама жерге дейінсыртынан бақылап шығарып салған.

Алтай өлкесіндегі халықтың арасынан барыспен ұшырасқандардың айтуларына қарағанда, ол өздігінен ешбір жанға тиіспейтін көрінеді. Жалпы ғылыми зерттемелердегі мәліметтерге қарағанда осы мысық тұқымдас аңдар: жолбарыс, леопард тіпті сілеусіннің өзі адам баласына өте қауіпті көрінеді, ал қар барысы болса ондай емес.Барыс қаншалықты күшті болсада өздігінен ешбір жанға тиіспейді, тек жауынан қорғануда ғана әрекеттер жасайды. Оның тағы бір ерекшелі терісіндегі жүні, мамық жәнеөте қалың. Зерттеушілердің жазба еңбектеріненбарыстың терісі ақ аюдікіндей,  күміс түсті , ал бет жағында қара қошқыл сепкіл қара дақтары қар сызықтарына ұқсас келеді. Барысқа биік шыңның арктикалық климаты мен күшті суығы ешқандай әсер етпейді. Ол тіпті мұздықтың үстінде немесе мұз қатқан суық жалпақ тастың үстінде еш кәперсіз тәулік бойы жата береді. Қар барысын ағылшындар әдебиетінде «Қар леопарды» деп атайды, өткені оның сыртқы пішіні ұқсас болуына байланысты болса керек.  Алайда биологиялық және географиялық ілімнен бізге белгілі,

леопард барлық жанды тіршілік үшін өте қауіпті жыртқыш. Осы мәліметтерді негізге ала отырып барыс туралы мынандай ой-пікір жинақтауға болады.

 

Надпись:     Байқағыш, сезімтал, талғампаз
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жоғарыда көрсетілген сызбадан өзіне тән мінез – құлқын байқауға болады.

Қар барысы көбіне жалғыз жүреді, тек щағылысқан кезде ғана бірге болатын көінеді. Зоолог ғалым Б.П. Завацкийдің айтуына қарағанда шағылысу мерзімі қаңтар айының ортасынан наурыз айының басына дейін созылады. Осы кезде үй мысығына тән қаты және ащы дыбыстар шығаратын көрінеді.[3]

Қалыпты жай жүрісінде қар барысының жасаған қадамы 15-20 см., Тіпті кейде қадамының ұзындығы ақырын жүргенде 40-50 см. болса, ал жылдам жүргенде 60-90 см. дейін болады. Жеделдетіп желіп жүгіргенде жерге түскен ізі тура түлкінің ізіне ұқсас келеді. Жүктілік мерзімі 90-105 күнге созылады және екі көжекті дүниеге әкеледі. Олардың көжегінің көзі жабық күйінде туады және 9 күннен кейін ғана көзін ашады. Екі жыл сегіз айға дейін өсіп жетілгенше анасының жанында болады, ал онан соң жас Барыс өздігінен жеке тіршілік ете бастайды. Барыс көбінесе тау ешкі, арқарға шабуыл жасап, оларды өзіне азық етеді. Ғалымдардың жазба еңбектеріне қарағанда Қар барысын «Тау ешкінің бақташысы» деп атайды. Өткені тау ешкі қалай қарай ауып жайылса, оны аңдып барыс ізіне түсіп арттарынан қалмай жүріп отырады. Азығы азайған кезде Қар барысы  елік, қоян  ұстап  аулайды,  құстардан –дуадақ. ұлар, құр, шіл т.б. аулап жейді. Үй жануарларына да шабуыл жасайтын көрінеді, алайда мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, себебі маңында өмір сүріп жатқан аңдардың саны жоспарсыз аңшылық әрекеттерден азаюына байланысты,  азық таба алмай ашыққан барыстар осындай кезде ғана осылай істеуге  мәжбүр болады. Оның өзінде барыстар адам баласына ешқандай зиянын тигізбейді, тек қана өзіне қажетті мөлшерде азықтанады. [3,5]

 

 

Барысқа жүргізілген зерттеме нәтижесін кесте түрінде көрсету:

Жүріс қадамы (см.)

Қадамының ұзындығы

(см.)

Шапшаң жүргенде қадамының ұзындығы

 (см.)

Ізі ұқсас

Жүктілік мерзімі

(күн)

Көжегінің саны

Көжегінің туғаннан кейін көзін ашуы (күн)

Көжегінің өсіп-жетілуі

 26-20

    40-20

   60-90

түлкіге

  90-105

        2

      9

2 жыл 8 ай

 

Жоғарыдағы көрсеткіштердің негізінде барысты санының азаюына байланысты дүниежүзі және Қазақстан бойынша қорғауға алып «Қызыл кітапқа» енгізді. Сонымен бірге осы аңды қорғауда оның зоопаркке қарауға алу мақсатында жүргізілген іс-шаралары көбінесе сәтсіздікпен аяқталуда. Себебі.барыс түз тағысының ішінде еркіндік және бостандықты сүгіш аңдар қатарында. Сонымен бірге өз қалауы болмаса ештемеге көне қоймайтын аң екендігі анықталған. Бұл туралы көптеген қорықшылар, аңшылар мен саябақ, телеарна қызметкерлерініңжариялаған жаңалықтарынан естіп білдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Қорыта келгенде барыс Шығыс Қазақстанның Алтай тау жоталары мен Семей аймағындағы Тарбағатай жотасында өмір сүретін, өте сирек кездесетін аң түріне жатады. Барыстың жалпы саны Шығыс Қазақстан бойынша орта есеппен 20-25-ке дейін болса, ал осы саланы зерттеуші ғалымдарымыздың айтуына қарағанда 1970 жылдары Тарбағатай өңірінен бір-екеуі ғана кездескен. Кейде тіпті оны кездестірудің өзі өте қиынға соғатын көрінеді. Ю.Зинченконың мәліметі бойынша барыстардың таралу аймағы таутекелердің ареалымен тұспа-тұс келеді. Алтай, Сауыр-Тарбағатай таулары Ресей, Қытай, Монғолия жерімен шекаралас болғандықтан жаңа деректер нәтижелері (Ю.Зинченко) барыстың осы аймақтағы жалпы саны орта есеппен 40-50 – ді ғана құрайтындығын айтады. 2000 жылдың басында зоология ғалымдарының Алтай өлкесіне жүргізген зертеулерінің нәтижесінде (Мемлекеттік зоология ғылым акдемиясынан- Р.Байдаулетов, Ю.Зинченко)1800 шаршы шақырымда Оңтүстік Алтайда 10 барысты, оның 2-еуі еркек 3-еуі ұрғашы болғандығын және 4 көжегін анықтаған., Сонымен бірге осы зерттеу барысында ғалымдар Сарымсақты жотасынан жас ерекшеліктері белгісіз екі жұп Барысты есепке алған және Тарбағатай жотасынан 1 еркек 2 ұрғашы барысты анықтаған. Барысты Қалба жотасындағы Маңырақ биігіненде байқағандарын қорықшылар  тілге тиек етіп айтқандарын естіген болатынмын. Өйткені Маңырақ биігіндегі жазыққа тауешкілер мен арқарлар төлдеп, оны өсіріп өрбіту үшін  шоғырланатын болған.[3,5, 10,11]

Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1980 жылғы басылымында біздің елімізде жалпы Барыстың саны 180-200 деп мәлімет берсе, ал 1990 жылығы мәлімет бойынша 100-150 деп жарияланды. Ғалымдардың жазба еңбектеріне қарағанда Қар барысын «Тау ешкінің бақташысы» деп атауынан тектен тек емес, өйткені тауешкі (тұяқты сүтқоректілер) қалай қарай ауып жайылса, оны аңдып барыс ізіне түсіп арттарынан қалмай жүреді. Азығы азайған кезде немесе тау теке мен арқарлардан көз жазып қалған кездерінде  Қар барысы  елік, қоян  ұстап  аулайды,  құстардан –дуадақ. ұлар, құр, шіл т.б. аулап жейді.[7,8,9] Адамдардың қоршаған ортадағы жоспарсыз аңшылық әрекеттері мен климаттың қатал құбылыстары салдарынан аңдардың санының азаюы жағдайы салдарынан олар қиындыққа тап болып жатады. Осыған қарағанда Барыстың өмір сүретін аймағының өзі олардың тіршілік етуіне көп жағдайда қолайсыздық тудырады деген пікірдемін.

 

 

 

 

Надпись: Климаттың қатал өзгерістері
Надпись: Тұрақсыз миграция
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Себебі Қазақстан бойынша Барыстар 50000 км шаршы шақырым аумақжерде өмір сүрсе, оның өзінде кейде олар үшін қауіп тудырады. Көбінесе адамдардың заңсыз әрекеттері мен қыс кезінде азықтың тапшылығы көбіне қиындықтарға ұшырап жатады. Осының арты барыстардың санының тікелей азаюына алып келеді.Сондықтан өте сирек, адам баласына қауіп қатер әкелмейтін осы аңның түрін ел болып қорғауға алу бүгінгі күннің басты проблема болуы тиісті деп ойлаймын. Ғалымдарымыз:«Барыстың мінез құлқы мен тіршілік ортасы әліде зерттеліп біткен жоқ» деген пікірде. Осындай қолайсыз жағдайларды ойлай отырып бүгінгі күні барыстардың санын көбейту мақсатында, оларды жойылып кетуден қорғап қалу үшінең алдымен миграциясын тұрақтандыруды ұсынамын. Ал ол үшін жоспарсыз аңшылық әрекеттерді қадағалауға алу қажет. Сонымен бірге климаттың тұрақсыздығына байланысты барыстарды азықтандыру әректтерін қолға алу тиіспіз.Сонымен бірге барысты зертеу жұмысын әліде жалғастыру керек деген пікірдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1.     Айтматов Ч. «Тау сеңінің құлауы» Санк-Петербург, 2006

2.     Зверев М. «Қар барысы» Алматы. Қайнар, 1998

3.     Завацкий Б. «Современное распространение и численность снежного барса» // Редкие наземные позвоночные Сибири – Новосибирск: Наука, 1988

4.     Зинченко Ю. «Қар барысының Алтай аймағында көбею жағдайы» журнал «Табиғат», 2006. бет 24-28

5.     Казенас В.Л. «Опасные животные Казахстана» Научно-популярная издания. Алматыкітап,2007. стр 97-108

6.     Кошкарев Е. «Қазақстандағы және Қырғызстандағы қар барысы», Бишкек, 2001

7.     Қайым Қ. т.б. «Жануартану» Алматы. Рауан, 1992. 243-246 бет

8.     Ковшарь А.Ф. «Қазақстанның Қызыл кітабы» Алматыкітап, 2012. 80-95 бет.

9.     Логинов О. Логинова И. «Қар барысы» Өскемен қаласы, 20009

10. Н. Баяндин «Саяхатшылар ізімен» Алматы. Қазақстан баспасы, 1966

11. Покровский В.С. «Қар барысы. Биік шыңның құдіреті» Мәскеу. Орман шаруашылығы, 2002

 

V.  Қосымша материалдар.

1. Мұстафин С. «Барыс жеңілуді білмейді» газет Алматы. «Жеті күн», 20.06.2003. 3 бет.

2. Думан Анаш «Қар барысы» Егемен Қазақстан 14.01.2015

3. Слайд: «Шың қарының құдіретті жануары»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба баяндама, тақырыбы: «Қар шыңының құдіретті жануары»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2020 485
    • DOCX 239.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Цыганкова Регина Данисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Цыганкова Регина Данисовна
    Цыганкова Регина Данисовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66901
    • Всего материалов: 208

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 725 человек

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 438 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе